Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы



жүктеу 0,66 Mb.
бет4/5
Дата21.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#23188
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 5. Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі

1 Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуін талдау. Халықаралық сауданың классикалық теорияларының кемшіліктері.

2 Елдің ішкі бағалары және әлемдік бағалар арасындағы айырмашылық және халықаралық саудадан түсетін табыстардың қалыптасуы.
Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

o Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

• Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

• Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

• Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.

• Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Классикалық теорияларының кемшіліктері.

- Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

- Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:

- Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.

- Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлеміде жоғары деңгейде болады.

Тұтынушы - бұл жеке тұтынуына немесе жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар сатып алатын және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын азамат. Тұтынушылардың негізгі құқықтары:

- негізгі мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, яғни өмір сүруді қамтамасыз етуге бағытталған тауарлар мен қызметтерге; тамаққа, қиімге, баспанаға, денсаулық сақтауға, білім алуға, санитарлық жағдайға арналған құқығы;

- адам денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін тауарлардан, өндірістік процестер мен қызметтерден қорғануға арналған қауіпсіздік құқығы;

- өзің сатып алып отырған тауар туралы мәлімет алуға: тауар жақсы ма, қандай қасиеттері бар, сапа сертификатының мерзімі өтіп кеткен жоқ па, ол кіммен берілген, тауар сатушы кімнің өкілдігін білдіріп отыр және тауар құжаттары туралы мәлімет алуға құқығы;

- монополиялы тауарға оның бағасының көңілге қонымды екеніне кепіл алуға, қаңты бір сомада сатылып отырған алуан түрлі тауарларды таңдауға құқығы;

- өзінің мүдделерін ескеруге және үкіметтік қоғамдық ұйымдарға тұтыну құқығын секеруге, ұсыныстар беруге, тыңдатуға құқығы;

- сапасыз тауарлар немесе қанағаттанарлықсыз қызмет көрсетілгенде шығынның орнын өндіріп алуға құқғы;

- тұтынушыға тауарлардың сапасын ажыратуға мүмкіндік беретін білімдер мен ілімдер алуға деген тұтыну біліміне құқығы.

Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]


Тақырып 6. Халықаралық сауданың баламалы теориялары

Классикалық теориялардың шектеулілігі. Әлемдік нарықтағы жетілмеген бәсеке және халықаралық сауданың, жаңа моделдерін құрудың, қажеттілігі.

Масштаб эффектісі негізіндегі сауда. Масштаб экономикасының моделі. Масштабтың сыртқы эффектісі. Масштабтың ішкі эффектісі және жетілмеген бәсекенің туындауы.

Масштаб эффектісі – бұл ұзақ мерзім кезеңінде өндіріс процесінде пайда болатын жағдай - өндірістің күш – қуаты өсуі арқылы орташа шығындардың азаюы мен ресурстар тиімділігінің арту көрінісі. Өндіріс масштабы үш жағдай түрінде болады: 1) Жағымды (оң) эффект – ұзақ мерзімде өнім көлемі өскен сайын орташа жалпы шығындар азаяды; 2) Тұрақты эффект – ұзақ мерзімде орта жалпы шығындар өнім көлемі мен байланыста болмайды; 3) Жағымсыз эффект – ұзақ мерзімде өнім көлемі өскен сайын орта жалпы шығындар да өседі.

Масштаб эффектісінің теориясы (economy- of- scale theory)- өндіріс факторларымен бірдей қамтамасыздандырылған елдер масштаб эффектісі байқалатын өндіріске маманданғанда сыртқа саудадан ұтады (өндіріс көлемі өсуі кезінде өнім бірлігіне шығындардың азаюы).

Халықаралық сауданың альтернативтік теориялары мыналарды қамтиды:

1) Ауқым нәтижесі немесе төмендеуші шығындар теориясы.

2) Тауардың өмірлік цикл теориясы.

3) Техникалық үзіліс теориясы.

4) Ұқсастықты қалау теориясы

5) Сала ішілік сауда теориясы.

Ауқым нәтижесі қызметімен байланысты теория өндіріс шығынының төмендеуіне және еңбек қабілетінің жоғарлауына мүмкіндік туғызады, өндіріс төлемінің өсуі жүреді, ел тар ішкі нарыққа кездеседі, ішкі нарықта бөлінбеген артықшылық пайда болады, яғни сыртқы нарыққа шығу қажеттілігі туады. Өндіріс көлемінің өсуі → тар ішкі нарық → артықшылық → сыртқы нарыққа шығу.

Альтернативтік (баламалы) теорияның негізгі танымал теориясы 1966 ж. американдық ғалымдар Раймонд Вернон, Кин Дельберг, Уэльстер ойлап тапқан тауардың өмірлік цикл болып табылады. Бұл теорияға сәйкес әр бір жаңа өнімді өндіру оны нарыққа енгізу, кеңею, кемелдену және қартаю тәрізді кезеңді қамтитын циклден өтеді. Бұл теория неліктен тауарды экспортшы ел өндіруден бас тартып, ол тауарды импорттайтындығын түсіндіруге маүмкіндік береді. Бұл теория бойынша тауарлар өзінің дамуында 4 кезеңнен өтеді:

1. Тауардың пайда болуы. Тауар бірнеше елдің біреуінде ғана пайда болады. Жаңа өнімді ішкі нарық үшін өндіре бастаған циклдің бірінші кезеңінде оған деген сұраныс өте көп емес. Мұндай сұраныс тауарды сатып алу туралы шешім қабылдайды. Оның бағасына ерекше мән бермейтін табысы жоғары адамдарға ұсынады.

2. Өнімнің кеңеюі кезеңінде (тауардың өсуі) ішкі нарықтағы сұраныс жедел өсіп, өнім көпшілікке танымал бола бастайды. Ел тауарды экспорттай бастайды. Себебі, ол шыққан елінде де, шет елде де сұранысқа ие.

3. Кемелдену кезінде ішкі нарық көлемі жоғары деңгейге жетеді. Өндірістік технология толық стандарттады. Бұл біліктілігі төмен жұмыс күшін пайдалануға өндіріс шығынының бағаны төмендетуге тауарлар пайда болған елдің ішкі нарығына ене бастаған жаңа фирманың тауарлар өндірісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

4. Тауардың құлдырауы. Циклдің соңғы кезінде өнім қартаяды. Оны өндіру қысқара бастайды. Бағаны бұдан әрі төмендету, кемелдену кезіндегі сияқты сұраныстың өсуіне әкелмейді. Көп жағдайларда бұл кезеңде тауардың орнын басатын жаңа тауарлар пайда болады.

3. Өндіріс факторына бірдей елдің арасындағы сауданың дамуы елдердің бірінде техникалық өзгерістер арқылы пайда болған делінеді. Егер елдер техникалық прогресте әр түрлі сатыда болса және бұл қатынастар тұрақты болса, онда бұл елдерде келесі сауда қатынастары орнайды: дамыған елден дамушы елге тауарлар ағымы жүреді. Заңдылығында ескі тауарлар экспорттарды, тауарлар жетекші елде айналасынан шығып қалған тауарлар түрлері.

4. Ұқсастықты қалау теориясы нақты елде өндірілетін тауарлар жинағы және ассортиментті бұл ел тұрғынына қажет тауарлар тізімімен сәйкес келмейді. Елдер негізінен экономикалық деңгейі жағынан жақын елдермен сауда жасайды. Ел тек бірнеше тауарлар түрін өндіруге маманданады, қалғанын ол басқа елдерден импорттайды. Егер ел деңгейі бойынша төмен болса, онда оның экспорттайтын тауардың кең ассортименті болмайды.

5. Сала ішілік сауда. Елден бір тауар түрін экспорттады және импорттады. Сондықтан өнімнің бір бірімен теңесуі орын алады.

Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 7. Сыртқы сауда саясаты және оның құралдары

1 Мемлекеттің халықаралық саудадағы ролі. Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және түрлері.

2Үкіметтің халықаралық сауда саласындағы негізгі міндеті.

3 Протекционизм: мәні және формалары. Сауда саясатының құралдары: тарифтік және бейтарифтік.


Мемлекеттің халықаралық саудадағы рөлі.Әр түрлі елдер жалпы әлемдік экономикада жалпы және оның жекелеген тауар рыноктарында әр түрлі орын алады. Халықаралық сауданың әр бір қатысушысы өз мүдделерін қорғау мақсатында қандай да бір іс-әрекет атқаруға тырысады, яғни осы салада белгілі бір саясат жүргізеді. Халықаралық сауда саласында саясаттың негізгі екі түрі бар:

  • халықаралық сауда саясаты;

  • сыртқы сауда саясаты;

Халықаралық сауда саясаты - халықаралық сауда саласында жалпылама қабылданған саясат. Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) жүргізеді және ол әлем елдерінің көпшілігі тарапынан қолдау тауып отыр. Мұндай саясатқа халықаралық сауданы ырықтандыру жатады.

Сыртқы сауда саясаты атауымен мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынасына бағытталған іс-әрекеті түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

- осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен


әдісін өзгерту;

- экспорт пен импорт көлемдерін өзгерту;

- елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету (шикізат, энергия
және т.б.);

- экспорт пен импорт бағаларының арақатынасын өзгерту.

Кейбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы халықаралық еңбек бөлінісіне кіру дәрежесі мен әдісін өзгерту. Басқа мақсаттар одан гөрі аз мерзімде жүзеге асырылуы мүмкін, мысалға экспорт пен импорт көлемін өзгерту.

Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:

- еркін сауда саясаты;

- протекционизм.

Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші ролін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.

Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі, өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп, бір-біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.

Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде, еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.

Протекционизм: мәні және формалары. Протекционизм - отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті жоққа шығарылады, өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жарамдылығы әр түрлі, осыған байланысты дамуы жағынан артта қалып отырған елдер үшін рыноктық күштердің еркін іс-әрекеті пайдасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына әкелуі мүмкін.

Протекционизм елде белгілі бір салалардың дамуына көмекте-седі. Аграрлы елдерде протекционизм көбінесе индустриализацияның қажетті шарты болады. Одан басқа, протекционизм жұмыссыздықтың азаюына әсер етеді. Бірақ бұл саясатты ұзақ мерзім бойына пайдалану экономиканың тоқырауына әкеледі, өйткені шетелдік бәсеке болмаса, жергілікті кәсіпкерлердің техникалық деңгейі мен өндіріс тиімділігін жоғарылатуға ынтасы төмендейді.

Өзінің төтенше формасында протекционизм экономикалық автаркия түрінде болады, яғни ел импортты тек өз елінде шығаруға мүмкін болмайтын тауарлармен ғана шектейді. Экспорт болса, импортты қамтамасыз ету деңгейінде ғана рұқсат етіледі.

Протекционизм дамушы елдерде ғана емес, өндірісі дамыған елдерде шиеленіскен бәсекелестік жағдайында ұлттық тауар өндірушілерін қорғау үшін пайдаланылуда.

Мемлекет шаруашылық субъектілеріне кеңестер беруі және қандай да бір іс-әрекетке ынталандыруы мүмкін.

Мемлекеттің сыртқы саудадағы өтімді құралдары әр түрлі тыйым салу, мысалға бір өнімнің экспорты мен импортына және бір елге қатысты тыйым салу болып табылады.

Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты немесе көп жақты келісімдер жүйесі кіреді. Бірақ нарықтық қатынастар даму жағдайында сыртқы сауданың пайдасын ұлғайту және азайтуға әсер ету құралдарын пайдалану арқылы, мемлекет шаруашылық субъектілерін мемлекет саясатының мақсаттарына сәйкес шешім қабылдауына мәжбүр еткізеді. Осы құралдарға тарифтік (tariffs) және тарифтік емес шектеулер (non tariffs barriers) кіреді.

3.Сауда саясатының сипаты және халықаралық сауданы реттеудің кедендік әдістері. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер саналады.

Кедендік тариф - бұл баж салықтары қойылымының жүйеленген тізімі. Кедендік баж салығы деп мемлекеттік шекараны өту кезінде тауарлардың импорты мен экспортына салынатын салығы түсініледі.

Импорттық салықтар механизмінің кіші ел экономикасына іс-әрекетін қарастырайық. Қазақстанда қандай да бір тауардың мысалға мақта өндірісі мен тұтынуы жүзеге асырылады дейік. суретте 5 түзуі мақтаның ұсынысын, Д түзуі - сұранысты, ал Ро - ішкі рыноктың бағасын (тепе-теңдік баға) білдіреді. Осы баға кезінде өндірілген және тұтынылған мақта мөлшері О0-ге тең болады. Бұл жағдай автар-киялық экономикада пайда болуы мүмкін.


Сурет 1


Қазақстан өзінің кедендік шекараларын мақтаның әлемдік бағасы Рw-қа тең кезінде ашты деп бол-жамдайық. Бұл баға ішкі бағадан төмен болғандықтан, ішкі бағалар төмендеп, мақта өндірісі (Q0 -ден Q1-ге дейін төмендеп, тұтыну Q0-ден Q2-дейін өседі. Тұтыну өсімі импорт есебінен жүзеге асып, оның көлемі (О2-Q1) тең болады.

Ұлттық мақта өндірушілерінің мүддесін қорғап, Қазақстан үкіметі импорттын баж салығын (т) енгізеді. Қазақстан әлемдік бағаға әсер ете алмайтын кіші ел болсын. Мақтаға Рt- ге тең жаңа баға қалыптасып, Т=Рtw болады. Осының нәтижесінде ішкі өндіріс көлемі Q1 ден Q3 -ке дейін өседі. Осы жағдай шетелдік өнімге импорттық баға салығын салу салдарынан шетел тауарларына (біздің мысалымызда мақта) бағасының өсуімен түсіндіріледі. Ұлттық өндірушілер сорты мен сана мінездемелері ұқсас өнімді сатқандықтан, өз өніміне бағаны көтеруді тиімді деп санайды. Әрине бұл баға көтерілу деңгейі импорт тауарлар бағасының деңгейіне сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ біздің мысалымызда ол бағалардың сәйкес келуін болжамдайық. Осыған байланысты Рw бағасымен мақтаны өндіру мен сатуды тиімсіз деп санаған кейбір өндірушілер, жаңа жағдайларда өнімдік өзіне тиімді жаңа Рt бағасы бойынша нарықта сатуды жүзеге асыра бастайды.

Мақтаға бағалардың өсуіне байланысты Қазақстанда тұтыну Q2 ден Q4 төмендеп, ол өз кезегінде импорттың азаюына әкеледі. Біріншіден, ішкі өндіріс көлемі ұлғаяды. Ол, ұсыныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Екіншіден, ішкі тұтыну көлемі қысқарады. Қысқару көлемі, сұраныстың ішкі қисығының иілуіне (эластичность) байланысты әсері әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан импорттық баж салығын енгізу, әр түрлі тауарлар үшін әр түрлі нәтижелерге әкелуі мүмкін.

4. Сыртқы сауданы реттеудің бейтарифтік әдістерінің негізгі түрлері. Тарифтік емес кедергілер үш топқа бөлінеді:



  1. белгілі бір отандық өндіріс салаларын қорғауға бағытталған импортты тікелей шектеу шаралары: квоталар, лицензиялар, орнын
    толтыру (компенсационные) алымдары, импорттық депозиттер,
    және демпингке қарсы және орнын толтыру (компенсационные)
    баж салықтары;

  1. тікелей сыртқы сауданы шектеуге бағытталмаған, бірақ сондай нәтижеге әкелетін әкімшілдік шаралар: кедендік құжаттарды
    дайындау, техникалық және санитарлық стандарттар мен
    нормалар, тауарды орау мен таңбалауға қойылатын талаптар
    т.б.сияқты.

  1. Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған; бірақ сол
    нәтижеге әкелетін басқадай шаралар:

Квоталар мен лицензиялар. Квота (контингент) деп - белгілі бір кезеңде импорттық немесе экспорттық тауарға құнын немесе мөлшерін шектеуді түсінеміз. О-ге тең квота қойылған жағдайда, импортқа немесе экспортқа тыйым салыну, басқаша айтқанда эмбарго орын алады. Квота импорт пен экспорт мүмкіндіктерінен жоғары деңгейде де қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда квота шектеу емес, тауардың қозғалысын бақылау әдісі болып табылады.

Импортқа квота енгізудің елдің әл-ауқатына тигізетін әсері мен салдары импорттық баж салығын енгізумен ұқсас болады.

Экспорттық квоталар өте сирек қолданылады. Ол тек осы өнім бойынша елде жетіспеушілік кезінде және саяси мақсаттарда (дискриминациялық сипатта) қолданылады. Импорттық квоталар ұлттық өндірісті шет ел бәсекелестерінен қорғау, жұмыссыздықты қысқарту, төлем балансын жақсарту, тауар қозғалысын бақылау үшін қолданылады.

Квотаның бір түрі болып экспортты ерікті шектеу келісімі табы-лады. Көбінесе ол дағдарыстағы салалар өніміне байланысты қолданылады.

Квотаның басқа бір түрі тарифтік квоталар деп аталады. Қойылған квоталар көлемінде тауарлар импорты баж салығынсыз жүзеге асырылып, осы көлемнен асқан импортқа жоғары салықтар салынады. Мысалға, АҚШ-та осындай шаралар арқылы сүт, балық, картоп, және мотоциклдің кейбір түрлерінің импорты реттеледі.

Квоталар көбінесе лицензия негізінде бөлініп, осы жағдайда ол экспорт пен импортқа рұқсат болып табылады.

Басқадай тарифтік емес шектеулер. Мемлекет валютаны пайдалану әдісін (мемлекетке валютаны сатуға мәжбүр ету және т.с.с.) анықтауға валютамен төлеуге рұқсат алуға міндеттеуі сияқты валюталық шектеулер орнатуы мүмкін. Оның салдары мөлшерін шектеу кезіндегідей болады. Одан "айналып өтудің" әдісі клирингтік келісімдер, қарама-қарсы сауда болып табылады.

Сыртқы сауданы шектеуде басқа да тарифтік емес шектеулер қолданылуы мүмкін. Мысалға: сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия, жергілікті шикізатты пайдалану талаптары, экспорттаушыларға салық жеңілдіктерін беру және т.б.

Экспорттық субсидия дегенімізде мемлекеттің кәсіпорындардың экспортын ынталандыру мен олардың өнімдерінің шет ел рыноктарында бәсекелестігін жоғарылатуға, басқаша айтқанда пайда мөлшеріне әсер етпестен экспорт бағаларын төмендетуге мүмкіндік беру жолдарын түсінеміз. Ол көмек көбінесе ақшалай формада болады.

Қазақстандағы кедендік-тарифтік реттеу мынандай құқықтык,-нормативті құжаттарға негізделген: 1991 жылдың 24 желтоқсанындағы ҚР "Кедендік тариф пен баж салығы туралы" заңы; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР кедендік іс туралы" заңы; 1999 жылдың 13 шілдесіндегі "ҚР-ғы демпинге қарсы шаралар туралы" заңы; 1994 жылдың 14 көкегіндегі "Жүк түсіру алдындағы инспекция бойынша келісімі"; 1999 жылдың 16 шілдесіндегі "ҚР-ғы субсидиялар мен шығынды өтеу шаралары туралы" заңы. ,

Кедендік баж салығы қойылымдарының жүйеленген жиналымы ретіндегі кедендік тариф, тауарларды кодтау мен жазудың қалыпты жүйесіне қатысты кедендік істің нормалары мен принциптерінде құрылған. Қазақстан ТМД елдері үшін әрекет ететін сыртқы экономикалық іс-әрекеттің тауарлы номенклатурасын пайдаланып, ол іс жүзінде қалыпты жүйеге сәйкес келеді.

Әдебиеттер: [1-3, 7, 9]
Тақырып 8. Капиталдың халықаралық қозғалысы және халықаралық несиелеу

1 Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы.

2 Капиталдың халықаралық қозғалысының формалары. Кәсіпкерлік және қарыз капиталы. Тікелей және портфельдік инвестициялар.

3 Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы.


Капиталдың халықаралық қозғалысының қазіргі кездегі масштабтары және динамикасы.Халықаралық капиталдар қозғалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады.

Халықаралық капиталдар рыногы қазіргі заманда әлемдік экономиканың іс-әрекетінде, халықаралық шаруашылық байланыстарын дамытуда анықтаушы элемент болып табылады.

Капитал қозғалысы халықаралық тауар саудасының субституты болып табылатындықтан, оның негізінде де тауар экспорт-тындағыдай себептер жатыр. Олар:


  • рынокты кеңейту;

  • жоғары пайда алу;

  • шет ел ресурстарын сатып алу;

  • саяси мақсаттар.

Бірақ бұл мақсаттар әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Өйткені капиталды шетке шығаруды ынталандыратын өзіндік себептері де бар. Олар:

  • технологиялық артықшылық. Компанияның сату көлемінде
    ҚЗТКЖ (НИОКР) -ға шығындар деңгейі жоғары болған сайын, оның
    капитал экспорты да жоғары болады.

  • жоғары маманданған жұмысшы күшіі. Еңбекті төлеу деңгейінін
    жоғарылығы компанияны капиталды экспорттауға итермелейді.

  • халықаралық маркетингте жинақталған тәжірибе мен
    жарнамадағы басымдылықтар

  • өндіріс көлемдерінде үнемдеу. Сату көлемдерін ұлғайту
    қажеттілігі компанияларды сыртқы рыноктарға шығуға итермелейді.

  • компаниялар көлемі, Көлемі неғұрлым ірі болса, капитал
    шығару деңгейі соғұрлым жоғары болады.

  • белгілі бір тауар өндірісінің шоғырлану дәрежесі мен ел ішіндегі
    бәсекенің күшеюі.

  • арзан өндіріс факторларын пайдалану мүмкіндігі.

  • транспорттық шығындардың азаюы.

  • сауда кедергілерін айналып өту.

  • жергілікті рынок ерекшеліктерін жақсы білу.

Капитал миграциясынын еларалык формаларынын топтастырылуы.

Капитал экспорты, оның белгілі әрекет етуінің принциптеріне сәйкес, әр түрлі формаларда жүзеге асырылады.



Өзінің мазмұны мен формасы бойынша шет елдік капитал салымдары әр түрлі болуы мүмкін.

Олардың, шығу көздері бойынша мемлекеттік және жекеменшік капиталға бөлу қабылданған.

Мемлекеттік капитал салымдарын кейде халықаралық аренада ресми деп те атайды. Ол мемлекеттік бюджеттен немесе халықаралық ұйымдар шешімдері бойынша шет елдерге бағытталған немесе шет елдерден қабылданатын қаржылар.

Түрлері бойынша - бұл мемлекеттік қарыздар, несиелер, гранттар (сыйлар), көмек болып бөлінеді. Олардың қозғалысы үкіметаралық келісімдер арқылы шешіледі. Бұған халықаралық ұйымдардың (мысалға ХВҚ (МВФ) несиелері мен басқадай қаржылары жатады. Бірақ қандай жағдайда да бұл салық төлеушілердің ақшалары болып табылады.

Мемлекеттік капитал көбінесе қарыз түрінде шығарылады. Бірақ басқа қарыз капиталдары сияқты елде артық капиталдың болуынан емес, мемлекеттік бюджетте артық қаржылар жоқ, ол саяси сипатта болып, қарыз берушілерге пайызды алу арқылы жоғары табысты қамтамасыз етеді.



Жекеменшік капитал - бұл мемлекеттік емес көздерден алынып, жеке тұлғалардың шет елге орналастырылатын немесе шет елден қабылданатын қаржылары.

Бұған инвестициялар, сауда несиелері, банкаралық несиелеу кіреді. Олар тікелей мемлекеттік бюджетпен байланысты болмаса да, олардың қозғалысын үкімет қадағалап, өз уәкілдігі шеңберінде бақылап, реттей алады. Тәжірибеде мемлекеттік қаржыларды жеке-меншік инвестицияларға айналдырудың көп түрлі амалы бар.

Мерзімі бойынша шет ел капитал салымдары: кысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзак мерзімді болып бөлінеді. Соңғыларына 5 жылдан асатын салымдар кіреді. Бұл топқа ең маңызды капитал салымдары жатады. Өйткені ұзақ мерзімді капитал салымдарына кәсіпкерлік капиталдың тікелей және портфелді инвестициялары (көбінесе жеке меншік), қарыз капиталы (мемлекеттік және жеке меншік несиелер) кіреді.

Пайдалану мақсаты бойынша шет елдік салымдар кәсіпкерлік және қарыз болып бөлінеді.

Соңғылары қаржыларды пайыз түріндегі пайда алу мақсатында қарыз беру болып табылады. Бұл сферада мемлекеттік және жеке меншік көздерінен шыққан капиталдар әрекет етеді.



Кәсіпкерлік инвестициялар тікелей немесе жанама түрде өндіріске салынып, дивиденд түрінде пайда алудың қандай да бір бөлігін анықтау құқымен байланысты болады.

3.Тікелей инвестициялардың себептері және құрамы. Мақсатына байланысты кәсіпкерлік капитал салымдар тікелей және портфельді болып бөлінеді. Алғашқылары, ұзақ мерзімдегі мүддеге байланысты болып, меншік құқығы мен басқарудағы құқықтарына ие болуын қамтамасыз етеді. Көбінесе Шет елге дайын өнім өндіру үшін шетелдік инвестициялар түрінде өндіріс факторларының халықаралық ауысуы жүзеге асырылуда. Шетелдік инвестициялар шетелде меншікке иелену мен өз еліне қарағанда жоғарырақ пайда алу мақсатымен жүзеге асырылады. Капиталды шетке шығару арқылы елдер арасында тығыз экономикалық байланыстар қалыптасады. Сөйтіп, фирмалар үшін, экономикалық тұрғысынан қарастырғанда, бұл:

- өзі үшін қалыпты рынокты қамтамасыз ету немесе үшінші

елдер рыногына шығудың бастамасы;

- әр түрлі секторлары жекелеген елдерде орналасқан өзіндік ішкі рынокты құру;

- аймақтық және халықаралық деңгейдегі мемлекеттік

қатынастарға өзінің мүддесін қосу;

Тікелей инвестициялардың капиталды қабылдаушы елдегі негізгі түрлері болып;

- шет елде кәсіпорындар, оның ішінде филиалдар мен (тәуелді)

кәсіпорындарды құру;

- контаркт негізінде бірлескен кәсіпорындарды құру;

- табиғи ресурстарды бірлесіп өндіру;

- елдің кәсіпорындарын сатып алу немесе жаулап алу (захват)

болып табылады.

Тікелей инвестициялар әлемдік рынокта халықаралық корпорациялардың үстемдігінің негізін құрайды. Олар, оған шетелдік кәсіпорынды толық иеленуіне немесе акционерлік капиталдың инвестор тарапынан толық бақылауына мүмкіндік беретін бөлігін иемденуге қамтамасыз етеді. Бұл жағдай көбінесе шетелдік инвесторда компанияның акционерлік капиталының 25-нен аз емес бөлігі болғанда жүзеге асады. АҚШ, ГФР, Жапония статистикасы бойынша, тікелей инвестицияларға, акционерлік капиталдың 10 жоғары болып, кәсіпорынды бақылауға мүмкіндік беретін инвестицияларды жатқызады. П.Х.Линдерт пікірі бойынша, тікелей және портфельді инвестициялардағы айырмашылык,... ең алдымен бақылау мәселесінде.

Тікелей инвестициялар дегенде, компанияның акцияларының 10 және одан көп пайызына шетелдік бақылау немесе кәсіпорынды басқарудағы "тиімді дауысын" түсінеміз. Кейбіреулері үшін бұл тек меншікпен, акционерлік капиталдағы бөлігімен байланысты. Оны мына жолдармен жүзеге асыруға болады:

1) шет елде акциялар сатып алу;

2) пайданы қайта инвестициялау;

3) ішкі фирмалық қарыз беру мен қарыздану.

Одан басқа да әр түрлі акционерлік емес түрлері бар. Оған: субконтрактар, басқару келісімдері, франчайзинг, лицензиялар, келісім-шарттар, өнімді бөлісу және тағы басқалар кіреді. Шет елдік тікелей инвестициялардың әдістері мен түрлері түсінігі кеңею процесі, глобалды мәні бар мәселелерді туындатып, оны шешу үшін жаңа тәсілдер мен шешімдерді қажет ететінін мойындауымыз қажет.


Тақырып 9. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы

1 Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері. Миграция. Эммиграция. Миграциялық сальдо. Жұмысшы күші теориясының қазіргі кездегі масштабтары мен бағыттары. Қазіргі кездегі жұмысшы күшін тартудың орталықтары.

2 Миграцияның экономикалық эффектілері. Жұмысшы күшін экспорттаушы және импорттаушы елдердің табыстары мен шығындары. «Ақыл-ойдың ағылып кетуі» мәселесі.


Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері. Еңбек миграциясы - адамзаттың өмір сүруі сияқты көне құбылыс. Тарихымыздың басында әскери жаулау сипатында болған халықтардың көшіп-қонуы байқалған. Миграция тарихы адамдардың жаппай көшуінің әр түрлі түрлерін енгізді. Алғашқы қауымдық құрылыста бос жерлерге көшіп-қону, ең алдымен, өмір сүруге қажетті заттарды табу, оның ішінде мал бағу, аңшылыққа негізделген еді. Жер өңдеудің дамуы да адамдарды құнарлы, ауылшаруашылыққа жарамды жерлерді іздестіруге мәжбүр еткен.

Кұл иеленушілік және феодалдық құрылыс кезінде территориялық қозғалыстар шектелген ауқымда болды. Ол өндірушінің жеке тәуелді болуына байланысты болды. Соған қарамастан, құлдар еңбегі мен құлдар саудасы, мысалға Америкаға құлдық плантациялық шаруашылық үшін жеткілікті жұмыс күшін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Капиталистік құрылысқа дейін кеңістіктегі еңбек мобильдігі әр түрлі формалар - отарлау, құл саудасы - арқылы жүзеге асырылды.



Капитализм жағдайында халықтың территориялық орын ауыстыру сипаты күрт өзгерді. Жұмысты іздеуге байланысты көшіп-қонудың жаңа түрі пайда болды. Капитализм мен нарықтық экономиканың осы жағдайларында экономикалық мәжбүрлікке негізделген жұмысшы күші миграциясы халықаралық деңгейге шығады,

Территориялық мобильдіктің күшеюі бір жағынан жұмысшының өндіріс құралдарынан бөлініп, заңды еріктілігіне негізделген жұмысшы күшінің тауарға айналуы болса, екінші жағынан капитал қорлану процесі жұмысшы күші қозғалысының объективті себебі болды. Сөйтіп, капитализм кезіндегі өндіргіш күштердің өсуі мен дамуы жұмысшы күшінің миграциясын күшейтуді меңзейді. Капитализм дамуымен миграциялық процестегі жұмысшы күші миграциясы, басқаша айтқанда еңбек миграциясы кең өріс алды.

Капитализм дамуының әр сатысында еңбек миграциясы ұғымына өзіндік түсінік болған.

1880 жылға дейін Батыс Еуропа, Англия, Германия және Швецияның бір бөлігінде ескі имиграция деп аталатын миграция басым болды. Осы кезеңде ірі машина индустриясы дамуына байланысты ағымдағы халықтың тығыздығы, әсіресе аграрлық халық тығыздығы басым болды. Сөйтіп миграциялық ағымдар АҚШ-қа, Австралияға, Канадаға бағытталды.

Жаңа миграция кезеңі американдық өндірістің артта қалған Шығыс және Оңтүстік Еуропадан, Австро-Венгрия, Италия және Россиядан жұмысшыларды әкелуінен басталды.

Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы әлемдік шаруашылық байланыстар күрт өзгеріп, ғылыми-техникалық прогресс күш ала бастап, еңбек күші рыногының интернационализациясы жұмысшы күшінің миграция процесіне елеулі өзгерістер әкелді.



Сөйтіп. енбек миграииясы - бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындарға байланысты қозғалысы.

Халық миграциясының басты функциясы әр түрлі елдердегі, аудандардағы және елді мекендердегі жұмысшы күшінің түрлі мамандану мен бағытталуының, ұсынысы мен сұранысының сандық және сапалық сәйкестігін қамтамасыз ету болып табылады.

Миграцияны ішкі және сыртқы миграцияға бөледі.

Халықаралық миграцияға иммиграция, эмиграция, рэмиграция, білімділердің кетуі, миграциялық сальдо ұғымдары тән.

Иммиграция - жұмысшы күшінің басқа елге, жұмысқа немесе оқуға белгілі мерзімге орналасу мақсатымен келуі немесе жұмысшылар импорты.

Эмиграция – жұмысшы күшінің экспорты, басқаша айтқанда шетелде жұмыс орындарын алу мақсатымен елден кетуі.

Реэмиграция - эмигранттардың Отанына тұрғылықты өмір сүру үшін қайтып келуі (оралмандар).



"Милардың ағымы" -жоғары білімді мамандардың халықаралық қозғалысы.

Миграциялық сальдо - кетіп қалған және келген мигранттар арасындағы айырма. Егер эмиграция иммиграциядан көп болса, миграциялық сальдо теріс болып, елден жұмысшы күшінің кетуі байқалады. Ал егер эмиграция иммиграциядан аз болса, миграциялық сальдо оң болып, елге жұмысшы күшінің келуі байқалады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның төмендегідей түрлері бар:


  1. Қайтпайтын -тұрғылықты мекендеуге бағытталған миграция.Миграцияның бұл түрі белгілі бір жағдайларда АҚШ, Канада,

  2. Австралия, Германия, Израильде рұқсат етілген.

  3. Маусымдық - қабылдаушы елде бір жылдан кем уақытқа төлемді жұмыс табу үшін келген, уақытша немесе маусымдықмигранттар болып табылады.

  4. Маятникті мигранттарды "фронтальерлер" деп атайды. Жұмысшы-фронтальер-мигранттар күн сайын көрші мемлекетте жұмыс істеу үшін шекарадан өтеді.

  5. Амалсыз миграция. Амалсыз миграция экономикалық емес себептерден болса да, ол эмиграция мен иммиграция елдерінің дамуына әсер ететін еңбек ресурстарының қайта бөлінуіне әкеледі.

Мигранттардың заңды статусы бойынша, халықаралық миграция Ресми және заңсыз болып бөлінеді.

Заңсыз мигранттар - елге жұмыс іздеу барысында, заңды (жеке шақырулар, турист ретіне) немесе заңсыз негіздерде келіп, жұмысқа орналасқан адамдар. Рұқсатсыз орналасқандар заңсыз деп саналады.

Халықаралық миграцияға бірқатар заңдылықтар тән:



  1. Миграция процесінде басты орынды еңбек миграциясы
    алады. Мемлекетаралық миграцияда, қазіргі еңбек күші рыногында
    еңбек детерминантасы басты болып табылады.

  2. Халықаралық миграция қоғамның әлеуметтік-экономикалық
    өмірінде күнделікті құбылыс болды. Бұл процесс қалыпты түрде
    дамуда. Әлемдік миграция айналымына көптеген елдердің
    жұмысшылары қатысуда. Сондықтан капитал, тауар рыноктарымен
    бірге халықаралық еңбек күші рыногы пайда болып, оның негізгі
    қозғаушы күші еңбек миграциясының процесі болды.

  3. Заңсыз миграцияның кең ұлғаюы байқалуда

  4. Мигранттар арасында жоғары маманданғандардың үлесі өсуде.

Еңбек рыногынсыз әлемдік экономикалық жүйенің толық іс-әрекет етуі мүмкін емес. Бұл жүйенің қозғаушы және өзгертуші күштерінің бірі болып еңбек күші миграциясы табылады. Әлемдік еңбек күші рыногы шетел жұмысшы күшіне ұсыныс пен сұраныс механизмі жұмыс істеген жағдайда пайда болады. Сонымен қатар, ұсыныс пен сұраныс абстрактылы емес, жұмысшы күшінің оның пайдалану жеріне қозғалысының нақтылығы арқылы жүзеге асырылады.

Енбек күші рыногының үш типі болады: жергілікті (аймақтық), ұлттық және халықаралық, жергілікті (аймақтық) еңбек рыногына мыналар тән:

- Енбек ресурстарының бір бөлігінің шетелге кетуі жергілікті деңгейде өте қатты білінеді. Ол жекелеген кәсіптік-мамандық топтар, салалар, территорияда білініп, енбек ресурстарының құрылымдык тапшылығының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Иммиграция жаңа жұмыс орындарын жасақтауға көмектеседі.

Миграцияның оң және теріс әсері ұлттық еңбек рыногында жақсы байқалады:


  1. Еңбек күші миграциясы жергілікті еңбек рыноктарындағы шиеленісті жоя алады.

  2. Сыртқы еңбек миграциясы еңбек күшінің сапалық құрылымының өзгеруіне әсер етеді.

  3. Миграция маманданған және маманданбаған жұмысшы күші тапшылығын жоюдың көзі ретінде табылады. Ұлттық еңбек рыногының тиімді дамуы тек еңбек күшінің еларалық қозғалысының еркіндік жағдайында болуы мүмкін;

4. Жоғары білікті мамандардың шетелге "ауып кетуі".
Халықаралық еңбек рыногында:

  1. Миграция ұсыныс пен сұраныс механизмінің тәсілі ретінде көрінеді.

  2. Миграция жергілікті рыноктарды мамандық, кәсіп, мамандық
    деңгейі бойынша қамтамасыз етеді.

  3. Ол ұлттық рыноктарда жұмысшы күші санын реттеу функция-
    сын атқарады.

Халықаралық еңбек рыноктарын зерттеу барысында қазіргі уақытта еңбек қатынастарының негізгі модельдері айқындалғаны белгілі болды. Ол модельдерге еуропалық (құрлықтық), англосаксондық, қытайлық, скандинавтік, жапондық және тағы басқалары жатады.

Жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу. Кез келген елдің миграциялық заңы екі негізгі бөлікке белінеді: миграциялық және эмиграциялық.



Донор ел - бұл жұмысшы күшінің белсенді экспорты бар мемлекет. Миграциялық сальдосы теріс болады.

Реципиент ел - жұмысшы күшінің белсенді ағымы келіп, оның импорты байқалатын мемлекет. Миграциялық сальдо оң болып табылады.

Донор елдердің қатарына дамушы елдер, ал реципиент-елдерге жоғары дамыған елдер тобының кіруі жалпы әлемдік тенденция болып табылады.

Қазіргі экономикалық әдебиетте еңбек миграциясының түрлі елдердің экономикасына әсер етуінің нәтижелері белсенді түрде зерттелуде. Ел экономикасына экспорт-импорттың әсерін ашатын теориялар аса көп қызығушылық тудыруда. Донор елдің экономикасында миграция нәтижесі бірден көрінбейді, әсіресе теріс жақтары біраз мерзімнен кейін байқалады, ал реципиент -елдің нәтижелері, керісінше, бірден көріне бастайды.
Тақырып 10. Технологиялардың халықаралық айырбасы

1 Технологияның халықаралық қозғалысы. Технологиялық жоқшылықтардың динамикалық модельдері.

2 Технологиялардың халықаралық айырбасының механизмдері. Технологияларды қорғаудың құқықтық формалары.
1. Әрбір нақты жағдайда технология әр түрліше түсіндіріледі.

Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, технологиялық бағыттар және басқалар) және заттанбаған формадағы (әр түрлі тектегі технологиялық құжаттама, білім, тәжірибе, ноу-хау және басқалар) интеллектуалдық қызмет нәтижелері әлемдік технологиялар нарығының объектілері болып табылады.

Мемелекеттер, университеттер, фирмалар, пайда әкелмейтін ұыймдар, қорлар және жеке тұлғалар – ғалымдар мен мамандар әлемдік технологиялар нарығының субъектілері болып саналады.

Технология өздігінен тауар болып саналмайды, ол белгілі бір жағдайда сатылғанда ғана тауарға, өнімге айналады.

Идеядан бастап нарыққа дейінгі технологияның өтетін жолы өте ұзақ.

Идеяны коммерциялаудың шынайы мүмкіндігі сезініп, сараптау жүргізіліп, оны пайдалану аясы айқындалғанда, технология сонда ғана тауарға айналады.

Технология-тауар патенттер түрінде, өндірістік тәжірибеге, «ноу-хауға», жабдықтардың аппаратуралардың, сондай-ақ өндірістің, технологиялық процестердің (оның ішінде химиялық, биотехнологиялық және т.б.) тәсілдері ретінде тар шеңберде түсетін технологиялардың тәжірибелік немесе өнекәсіптік үлгілеріне ие бола алады.

Технологияралды беру үш негізгі канал бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:

1. Фирмаішілік – трансұлттық компаниялардың (ТНК) шетелдегі фирмаларына технология берілуі (лицензиялармен әлемдік сауда жасау фирмаішілік айырбасқа әкеледі);

2. Фирма аралық – лицензиялық, кооперациялық, басқарушылық және шетел фирмаларымен өзге ұзақ мерзілік келісімдер бойынша технология берілуі;

3. Сыртқы сауда каналдары – машиналарды, жабдықтарды және өзге өнеркәсіп өнімдермен экспорттық жеткізулермен бірге.

Технологияларды беру коммерциялық және коммерциялық емес негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Ғылыми-техникалық жарияланымдар, жеке байланыстар арқылы зерттеу нәтижелерімен алмасу, ғылыми-зерттеу және өнеркәсіпорындарына сапарлар, өндірістік-техникалық жетістіктермен және ұзақ мерзімдік бағдарламалар бойынша өзара тәжірибемен танысу, технологияларды берудің коммерциялық емес формаларына жатады.

Патент қабілетті емес ақпараттар беру – іргелі (фундаменталді) НИОКР, іскерлік ойындар, ғылыми жаңалық ашу, патенттелмеген өнертапшылық, негізінен коммерциялық емес формада жүзеге асырылады

Ақпараттар берудің негізгі коммерциялық формалары болып мыналар саналады:



  • материалданған түрде технологияларды сату – станоктар, агрегаттар, автоматты және электронды жабдықтар, технологиялық желілер және т.б.

  • шетел инвестициялары, өнеркәсіпті қайта жаңарту;

  • патенттер сату;

  • паттенттелген өнеркәсіп меншігін барлық түрлеріне лицензиялар сату:

  • өнеркәсіп меншігінің патенттелмеген түрлеріне «ноу-хау», құпия өндіріс, технологиялық тәжірибеге берілетін жабдыққа және техникаға, жолдама құжаттарға, нұсқаулықтарға, сұлбаларға, техникалық карталарға, сондай-ақ мамандарды оқытуға, сарапшыға кеңесші болып жол бастап жүруге лицензиялар сату;

  • НИОКР-ді бірге жүргізу, ғылыми-өндірістік бірлему (кооперация);

  • Инжиниринг.

Коммерциялық формада технологияларды беру, патенттелген ақпараттан тысқары, тараптар орындауға міндетті бірқатар өзге ережелер мен талаптар болуы мүмкін лицензиялық келісімдер ресімделеді немесе жолданады.

Технологиялық нарықтық өмірі кезеңінде ұсыныс, бәсеке және сұраныс тез өседі. Ұқсас тауарларды, сонымен бірге өзге сауда маркасын ұсынатын ұқсатқыштардың (имитаторлардың) улкен саны пайда болады.

Патенттің экономикалық мазмұны мемлекеттердің өз аумағынан белгілі бір уақыт ішінде (негізінде, 15-20 жыл шегінде) ашқан жаңалықты пайдалану үшін жаңалық ашушыға (өнертапқышқа) монополиялық (айрықша) құқық беруден тұрады.

Бұл монополиялық құқық патенттің көрсетілген қолдану уақыты шеңберінде тек патент иесі ғана аталмыш жаңалықты жүзеге асыра отырып, тауарларды жасап, қолданып және сата алады немесе осы өнімді өндірудің белгілі бір әдістері мен тәсілдерін пайдалана алады.

Тәжірибеде жаңа технологияларды еңгізуші жетекші өндіруші фирмалар өздерінің жаңа технологияларын бір мезгілде шамамен 25-тей бәсекелес елдерде, яғни негізгі өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде патенттейді.

Кәсіпорындардың үлкен санының ішінде озық технологияларды тез таратуға деген қажеттілік, тек оның иесінің ғана емес, сонымен бірге өзге компаниялардың патентінің қолданылу мерзімі ішінде ашылған жаңалықта көп қайтара пайдалану қажеттілігін айқындайды. Сондықтан да әлемдік тәжірибеде, патент иесі (лицензиар) ашылған жаңалыққа өзінің меншік атағын сақтай отырып, жаңалықты пайдалануға сатып алушыға (лицензиатқа) құқық беретін лицензия сияқты технологиялардың берілу формасы кең түрде қолданылады.

Патенттік заңдар – айрықша монополиялық құқықты тек патент иелеріне ғана емес, сонымен бірге тауар белгілері, өнерәсіптік үлгілер, фирмалық (сапалық) атауы және т.б. сол сияқты өнеркәсіп меншігінің өзге түрлерінің иелеріне де береді. Ал өнер және әдебиет туындыларына қатысты айтар болсақ, одна оны авторлық құқық қорғайды.

Өнеркәсіп меншігі атағы (титулы) (өнертапшылықтыққа патенттер және өнеркәсіп үлгілері, тауар белгілерін тіркеу туралы сертификаттар) авторлық құқықтармен бірге интеллектуалдық меншік жүйксін құрайды.

Әр түрлі елдердің құқықтық жүйелері технологияға меншік құқығын қорғаудың әр түрлі мерзімдерін – шамамен 10-нан 20 жылға дейін, орта мерзім ретінде 15 жылды қарастырады. “Өмірлік циклден” өту үшін бұл мерзім бойынша жектілікті болып саналады.

Жоғарғы технология басым түрде өнеркәсібі дамыған елдер арасында сұранысқа ие. Ал орташа немесе төмен технологиялар өнеркәсібі дамыған елдер үшін жоғары технология сияқты құндылыққа ие емес, яғни олар үшін тауар бола алмайды. Алайда, жаңа индустриалды елдер (ЖИЕ) нарықтары үшін олар “жаңа технологиялар” болуы мүмкін. Соңғы онжылдықтарда ЖИЕ нарығы, өнеркәсібі дамыған елдермен технологиялық айырбас жасауға белсенді түрде қатысуда. Сондықтанда өнеркәсібі дамыған елдер алатын пайданы көбейте отырып, технологиялардың “өмірлік циклін” уақыт жағынан және кеңестік бойынша созуға мүмкіндік алады.



Сауда және даму жөніндегі – ЮНКТАД БҰҰ конференциясы әзірлеген “Технологияларды беру саласындағы тәртіп кодексі” бұл қатынастарды маңызды нормативтік, халықаралық құжат болып саналады. Оның негізгі мақсаты – олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне қатыссыз түрде барлық мемлекеттер үшін теңдей мүмкіндіктер жағдайында, технологиялардың халықаралық берілуін ұдғайтуға көмектесу болып саналады.
Тақырып 11 Халықаралық экономикалық интерация Халықаралық интеграцияның алғышарттары және мақсаттары. Интеграцияны бағалаудың принциптері. Интеграцияның динамикалық эффектілері. Сауданың ауытқу эффектісі. «екіншісі жақсырақ» теориясы.
Қазіргі Экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен "integer" - толық) - экономикалық тұлғалардын бірігуі, олардың өзара әрекеттесуінін тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық-шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік-технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара "кедергілерді" жою бағыттарында айқын көрінеді.

Көптеген экономистер мемлекеттер интеграциясының мынадай алғышарттарын бөліп көрсетеді:

  • интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен
    нарықтық дәрежесінің бірегейлігі. Мемлекетаралық интеграция,
    көпшілік жағдайда, индустриалды мемлекеттер арасында немесе
    дамушы елдер арасында қалыптасуда. Тіптен, индустриалды
    дамыған елдер және дамушы елдер шеңберінде интеграциялық
    процестер бірегей экономикалық даму деңгейінде тұрған елдер
    арасында жедел жүргізілуде. Дамушы және индустриалды елдер
    арасындағы интеграциялық типті бірлестіктерді дамыту фактілері
    кездесуі өте сирек және өмірде бар болғанымен, жанадан дамып
    келеді. Сондықтан, олардың тиімділігі туралы айту, қорытынды жасау
    әлі де болса ертерек. Шаруашылық механизмдерінің бастапқы
    сәйкессіздігінен ол елдер серіктестік туралы әр түрлі өтпелі келісім-
    шарттардан, сауда-жеңілдіктерінен және т.б. бастайды. Олардың
    іс-әрекет мерзімі ұзақ мерзімге созылып, нашар дамыған елдерде
    жетілген нарық механизмі қалыптасқанша созылады;

  • елдердің жағрапиялық жақындығы, көп жағдайда, ортақ
    шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байла-
    ныстарының болуы. Әлемдегі көпшілік интеграциялық бірлестіктер
    жағрапиялық жақын орналасқан бір континенттегі көршілес
    елдерден басталған, тіптен бір тілде сөйлейтін және ортақ
    транспорт коммуникациялары бар елдер. Интеграциялық бірлес-
    тікке ұмтылған бастапқы елдер тобына - интеграциялық өзекке -
    біртіндеп басқа көрші мемлекеттер де кіре бастайды;

  • экономикалық интеграция экономикалық және басқа да
    жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық. даму және
    қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселе-
    лердің бірлігі. Экономикалық интеграция бірігетін мемлекеттер
    алдында тұрған нақтылай мәселелерді шешуге бағытталған. Сол
    себепті, негізгі міндеті нарықтық экономиканың негіздерін құру
    болып табылатын жеке елдер нарық жоғары дамыған, жалпы ортақ
    валютаға өткелі отырған елдермен интеграциялана алмайды. Сол
    сияқты, халқын су мен азық-түлікпен қамтамасыз ету өзекті
    мәселеге айналған елдер халықаралық капитал қозғалысының
    еркіндігін басты назарда ұстайтын елдермен интеграциялық
    құрылымға бара алмайды;

  • Демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің
    белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетуі (экономикалық өсудің
    қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі және т.б.) көбіне басқа елдерге психологиялык, әсер береді, себебі олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда. Мысалы, демонстрациялық эффектіні бұрынғы рубль аумағындағы елдердің тіпті іс жүзінде оған ешқандай көзге ілерлік макроэкономикалық алғышарттардың жоқтығына қарамастан, ЕО-на мүше болуға ұмтылыстарынан байқауға болады;

- "домино эффектісі". Осы және басқа региондағы көптеген елдер интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық қайта бағыт-бағдарға байланысты шарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз байқап көреді. Бұл интеграция маңындағы елдердің саудаларының жиі қысқаруына әкеледі. Олардың кейбіреулерінің интеграцияға маңызды назары болмаса да, оның сыртында шеттеп қалып қалмас үшін өзінің интеграциялық процестерге қызығушылық тілегін білдіреді. Мысалы, көптеген Латынамерикалық елдердің тез арада Мексикамен сауда туралы келісімдерін жасай бастауы оның Солтүстік Америка еркін сауда аймағы - НАФТА-ға кіруімен түсіндіріледі.

Қазіргі халықаралық экономиканың пайда болуы мен дамуындағы сансыз көп интеграциялық бірлестіктер өздерінің алдарына ұқсас мақсаттар қояды.

Масштабтың экономикалық басымдылығын пайдалану. Масштаб экономикасы теориясының негізі, нарықтық көлемдерді кеңейтуді, трансакциондык. шығындарды қысқарту және басқадай басымдылықты қамтамасыз ету. Бұл, өз кезегінде, үлкен нарықтарға көбірек назар аударатын тікелей шетел инвестицияларын тартуға мүмкіндік береді, себебі олардың сұранысын қанағаттандыра алатын дербес өнеркәсіпті құру мәні пайда болады. Регионалды масштабтарды ұлғайту мақсаты көбіне Орталық Америка және Африка интеграциялық топтарында айқын көрінеді.

Қолайлы сыртқы экономикалық ортаны құру. Көптеген интеграциялық бірлестіктердің басты мақсаты саяси, әскери, әлеуметтік, мәдениеттік және басқадай экономикалық емес облыстардағы қатысушы елдердің ынтымақтастығы және өзара түсінушілігін нығайту болып табылады. Жағрапиялық орналасуы жағынан бір-біріне жақын және даму барысында ұқсас мәселелердің бар болуы, өзара экономикалық міндеттермен нығайтылған, кершілес елдермен жақсы қатынастын қалыптасуы - маңызды саяси приоритет болып табылады. Оңтүстік -шығыс Азия және жақын Шығыс елдері интеграциялық бірлестіктерді құра отырып, алдарына дәл осы мақсатты нақты қойды.

Сауда саясаты мақсатын шешу. Аймақтық интеграция ВТО-ға мүше болуға ұмтылған елдердің көпжақты сауда келіссөздерінде позициясын нығайтуының әдісі ретінде қарастырылады. Елдердің регионалды блок атынан келісімді сөз сөйлеп-орындауы сауда саясаты облысында басымдырақ және тілекке сәйкес салдарға жетуге мүмкүншілік береді деген көзқарас қалыптасқан. Сонымен бірге, жан-жақты сауда келіссөздеріне қарағанда, регионалды блоктар өзара сауда үшін тұрақты және алдын ала болжамды ортаны құруға мүмкүндік береді. Солтүстік және Латын Америкасы,) Оңтүстік-Шығыс Азия интеграциялық бірлестіктерінде коллективтік күшеюге көпжақты сауда келіссөз шеңберінде ерекше үміт жүктейді.

Экономиканың құрылымдық қайта қүрылуына көмектесу. Нарықтық экономиканы құрушы немесе терең экономикалық реформаларды іске асырушы елдердің нарықтық дамудың жоғарырақ деңгейіндегі елдердің регионалды сауда келісіміне қосылуы нарықтық тәжірибенің берілуінің маңызды каналы таңдап алған нарықтық курстың өзгермейтін кепілі ретінде қарастырылады. Дамуы жоғарырақ елдер көрші елдерді интеграциялық процестерге қоса отырып, онда нарықтық реформасының тезделуіне және толық әрі сыйымды нарықтың құрылуына қызығушылықпен қарайды. Осындай мақсаттарды көздеп көптеген батыс еуропалық мемлекеттер ЕО-на әр түрлі формада қосылуда.

Ұлттық өнеркәсіптің жас салаларын қолдау. Интеграциялық бірлестіктер үшінші елдерге қарсы дискриминациялық шараларды қарастырмайды, себебі ол жергілікті өндірушілерді қолдау жолы ретінде кеңірек регионалдық нарықтың пайда болуын қамтамасыз етеді. Осындай протекционистік көңіл-күй Латын Америкасы және Африка елдерінде СахараданОңтшүстікке, әсіресе 60-70 жылдары басым болды.

Дамыған және дамушы елдердің интеграциялық бірлестіктері. Әр түрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері, идеологиясы, анықтамалары мен аттарының белектігіне қарамастан, олардың кейбір жалпы белгілері мен заңдылықтарын бөліп Қарастыруға болады. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интегра-цияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі (1-ші кесте).



Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы Кадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. "Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін. Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге карағанда қолайлырақ режим ұсынады. Белгілі дәрежеде бұл ГАТТ/ВТО-да қалыптасқан кедендік одақ құру мақсатымен қол қойылған уақытша келісімдердегі ең қолайлы жағдай принциптерінен ауытқу болып табылады. Әр елдің ұлттық кедендік тарифтерінің сақталуына негізделген преференциалдық келісімдер интеграциялық процестің алғашқы қадамы емес, тек оған дайындық кезеңі деп қарасты-рылуы қажет, себебі ол тек дамыған формаларында ғана сол процеске айналады. Преференциалдық келісімдерді басқару үшін мемелекетаралық органдар құрылмайды.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылык. өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолданылады. Еркін сауда аумағы мүше-елдердің бірінде орналасқан кішігірім мемлекет аралық секретариатпен басқарылуы мүмкін, бірақ көбіне аталған секретариатсызақ аумақ дамуының негізгі параметрлерін тиісті ведомстволар басшыларының мезгілді қеңестерінде келісу арқылы жұмыс атқарады.

Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифты енгізу және бірыңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады. Кедендік одақ тауарлар мен қызметтердің ішкі интеграциялық алымсыз саудасын және олардың аймақтағы 1-ші кесте қозғалысының толық еркіндігін көздейді. Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекет аралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап (қажет) етеді. Көбіне олар тұрақты қызмет ететін мемлекетаралық секретариатқа негізделген тиісті ведомстволарды басқаратын министрлердің мезгілді кеңесі түрінде өтеді.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі - ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының - капитал және жұмыс күші - қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бірынғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан, сырткы саясатты мемлекетаралық үйлестірудің анағұрлым жоғарғы деңгейін талап етеді. Бұндай үйлестіру тұрақты қызмет ететін секретариатқа негізделген қатысушы мемлекеттердің ел басшылары мен үкіметтерінің мезгілді кеңесулерінде (әдетте кылына 1-2 рет), қаржы министрліктерінің, орталық банктердің және басқа да экономикалық ведомстволардың басшыларының жиірек кездесуі кезінде іске асырылады. ЕО-та бұл мемлекет және үкімет басшылары Европалық Кеңесі, ЕО-тын министрлер Кеңесі кәне ЕО-ың секретариаты.
Тақырып 12. Халықаралық валюталық-қаржылық жүйе

Халықаралық экономиканың валюталы-қаржылық жүйесі. Валюта түсінігі және оның түрлері. Валютаның конвертациялылығы.



Әлемдік валюта жүйесінің эвалюциясы. Алтын стандарт. Генуя конференциясы. Алтындевиздік стандарт. Бреттон-Вудс конференциясы. Ямайка конференциясы.
Валюта бағамынын қозғалысына орталық банк шетел валютасын сату мен сатып алу арқылы жүргізілетін валюта интервенцияларымен әсер етеді. Айналымнан ұлттық валютаны шығару арқылы орталық банк елдің төлем балансы дефициті кезінде бағамды жоғарылатуға (құлдырауын тежеуге) мүмкіндігі бар. Керісінше, шетел валютасын сатып алу арқылы, ол ақша массасын ұлғайтуын төлем балансы оң сальдосы кезінде ұлттық ақша бірлігінің бағамын төмендетеді Сонымен бірге ұлттық валюта қалқымалы валюталық бағам кезінде төлем балансының жағдайына байланыссыз алыпсатарлық факторларға өте әсерлі болады. Оның бағамын және сыртқы экономикалық тепе-тендікті қолдап отыру еркін айналымдағы валюта қорларының зор көлемі болуын қажет етеді. Бағамға интервенция арқылы әсер ету бағытты болғанымен, қысқа мерзімді сипатта болады. Негізінен валюталық интервенцияның мақсаты ұлттық валютаның бағамының валюта рыногындағы жағдайын мемлекеттегі экономикалық жағдайына сәйкестендіріп, оның төмендеп, не жоғарылап кетуін болдырмау. Сонымен қатар валюталық интервенцияның тиімді болуы, оның әсерінің ұлттық валюта бағамының өзгеру тенденциямен сәйкес бағытталған кезде болады. Одан басқа сыртқы рыноктардағы валюта интервенциялары іші резервтерінің көлеміне тікелей әсер етіп, сол арқылы айналымдағы ақша мөлшеріне әсер етеді. Бірақ бір ақша-несие саясатын ішкі нарықта жүргізу мен сыртқы валюта рыноктарындағы экономиканың белсенділікті бөлу мүмкіндігі бар. Бұл әдіс стерилизация деген атауға ие болып, сыртқы рыноктағы шетел валютасында көрсетілген активтердің әрбір сатылуын, ел ішінде бағалы қағаздын ашық рыногында сондай көлемде сатып алумен қатар жүргізіледі. Және, керісінше сыртқы рыноктағы әрбір сатып алу ішкі рыноктағы сондай көлемде сатумен жүреді.

Бекітілген валюта бағамы кезінде төлем балансы көлеміне не әсер етеді? Төлем балансына әсер етуді екі бөлікке бөлуге болады: сауда балансына әсер ету мен капитал қозғалысы бойынша балансқа әсер ету. Сауда балансы немесе экспорт пен импорт айырмасы; ұлттық өнім шығарумен теріс байланыста, ал валюта бағамына оң байланыста болады. Сонымен қатар, ол шетел сұранысының тәуелсіз өзгерістерге байланысты, мысалға шетел автомобильдерін сатып алудан жергілікті автомобильдерді сатып алуға көшуі сияқты өзгеруі мүмкін. Төлем балансының қаржылық бөлігі ең алдымен пайыз қойылымына (ел ішінде және сыртқы) тәуелді болады. Жоғары пайыз қойылымы шетелден капиталды тартады, бірақ ол қарқынды инфляция әсерінен номиналды пайыз өсуі емес, нақты пайыздар өсуімен сипатталуы тиіс. Түйсік негізінде оңай түсінілетін, жоғары пайыз қойылымы біздің елге шетел капиталын тартып, төлем балансының.оң сальдосын береді деген тұжырым рас, бірақ ол қысқа мерзімде (пайыз көтерілгеннен кейін бір жыл немесе одан аз мерзім) әрекет етеді. Ұзақ мерзімде бұл механизм жұмыс істемей, тіпті кері бағытта екі себептен әрекет ете бастайды:

Алдымен жоғары пайыз мөлшері, шетелден қарыздарды инвесторлардың елімізде қарыз формасында сақтаған өз активтер корларын қайта құрғанша тартады. Бірақ ол қайта құру процесі біткенде оның ағымы саябырлай бастайды.

Егер пайыз қойылымын жоғарылату қысқа мерзімде шетелден капиталдарды тарту мен төлем балансын жақсартуды жүзеге асырса, одан кейін бұл жоғарылату кері нәтижелерге алып келеді. Оның себебі қарапайым - алынған қарыздар қайтарылуы тиіс. Егер жоғары пайыз қойылым бүгін бізге қарыз берсе, ертең оны пайыздармен қаайтару керек, Біз жоғары пайыздарды капиталдар (қарыздарды) тартуды пайдалану туралы, қарыздардың негізгі сомасы ғана емес, оған жоғары пайыздарды төлеуге көңіл бөлмей айта алмаймыз.

Осы себептерге байланысты пайыз қойылымын жоғарылату елдің төлем балансын жақсартады деген тұжырым тек қысқа мерзімде ғана рас болады. Сондықтан осы пайымдауларды пайдалану, экономикалық саясат алдында тез арада дағдарыстың алдын алу мақсатында ғана қолданылуымүмкін. Өйткені ұзақ мерзімде жоғары пайыз мөлшері жалпы төлем балансына кері әсер ететіні белгісіз.



Мысалға, Корей Республикасының жүргізген валюта-несие саясатының тиімділігі шетел несиелерінің тартуының қолайлы тәртібінде жатыр. Бұл ішкі және сыртқы нарықтағы ұсынылатын несиелер арасындағы пайыз қойылымдарындағы айырмасымен түсіндіріледі. Көрсете кететін жағдай, Корей Республикасының Үкіметі мен Орталық банкі тартылған қарыздарды реформалаудың бастапқы сатыларында өте тиімді пайдалана білді. Одан кейін шетел капитал салымдарының тиімділігі күрт төмендеп кетті, оның себебін бақылау жоқтығымен түсіндірілді. Бұл тәжірибе Қазақстан үшін өте пайдалы. Дамуды ынталандыруда шетел қарыздарын алу кездерінің болуы өте маңызды, бірақ мәселе оны пайдалануда, бақылау ұйымдастыруда болып отыр. Бұл мәселе қазіргі уақытта өте маңызды болуда, өйткені несиелеудің ішкі және сырты нарықтағы пайыз қойылымдары арасындағы айырмашылық кәсіпорындарды ішкі рынокта қарыз алуға ынталандырмайды.

Корея Республикасының Орталық банкі валюта бағамын реттеу мәселесіне айырықша көңіл бөлді. Кореялық волютаның долларға қатысты ақылды девальвациясы корей тауар өндірушілерінің сыртқы рыноктарда бәсеке қабілеттілігінің жоғарылауына ықпал етті. Өкінішке орай, біз оны Қазақстанның Ұлттық банкі туралы айта алмаймыз. Бірақ девальвацияның тек қысқа мерзімде ғана тиімді болатынын ешқашан естен шығармау керек. Әйтпесе ол төлем балансындағы бұрмалау мен елдің сыртқы экономикалық орнының нашарлауына әкеледі.

Тақырып 13. Валюталық бағам және оны реттеу

Валюталық бағам және оның түрлері. Валюталық бағамды катировкалау түсінігі және оның түрлері. Валюталық бағамның есептік түрлері. Көптүрлі валюталық тәжірибе. Валюталық бағамның гибридті түрлері.


Қандайда болмасын экономикалық жүйенің, экономикалық
түпкіт мақсаты-бағалар тұрақтылығын, экономикалық өсу мен толық
жұмыстылықты қамтамасыз ету. Бұл жағдайда
айырбас валюта бағамы мен оның мүмкін өзгерістері айналымдағы
мөлшерінің және баға деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қатар, экономикалық саясаттың маңызды аралық мақсаты
болып табылады.
Бірақ валюта бағамы өзгерісі экономиканың
барлық салалары мен секторына біркелкі әсер етпейді. Ұлттық күшеюге экспортқа жұмыс істеп жатқан салалардың импорт өнімдерімен бәсекелесу мүмкіндіктерін азайтады. Сонымен қатар ұлттық валюта құнының өсуінің кері әсерлерімен шектелмейді, өйткені одан импорттық шикізатпен жұмыс істейтін өндіріс салалары тұрады. Ал ұлттық валюта құнының азаюы кезінде ұтушы мен ұтылушылар орны ауысады. Соған қарамастан, импортерлер мен экспортерлер өз экономикалық іс-әрекетінің жоспарлаудың тұрақты негіздерін қамтамасыз ету үшін болжамды өзгермелі валюта бағамдарымен жұмыс істеуге ұмтылады.

Валюта бағамдарының өзгерісінің экономика секторына әсерінен басқа, валютаның төмендеуі немесе жоғарылауы макроэкономикалық деңгейде маңызды әсерлерді тудырады. Экспорттық операциялар мемлекеттің жалпы шығындар деңгейін жоғарлатады. Таза экспорт шығындардың бір бөлігі болғандықтан, өгерісі мультипликативті әсер арқылы ұлттық табыстың өзгерісіне әкеледі; Бұл өз кезегінде, экономикада жалпылама сұранысты өзгертіп, өндіріс, жұмыстылық пен бағаның нақты көлемінің деңгейіне әсер етеді; Таза экспорт ұлғаю салдарынан валюта құнының құнсыздануы ел экономикасына экспонсионистік әсерін берді. Ал валюта құнының қымбаттауы экономикада іскерлік іс-әрекеттің төмендеуіне әкеледі. Одан басқа валюта бағамының өзгерісі экономиканы ұсыныс дағдарыс жағдайына келтіреді. Валюта бағамдары импортталатын өндіріс факторларының деңгейіне қатты әсер етіп, тұтыну тауарларының бағасына әсер тигізеді. Сонымен бірге валюта бағамның өзгерісі ішкі нарықта бәсекелестіктің шиеленісуі салдарынан импортталатын өндіріс факторлар бағасына жанама әсер береді.

Осыған байланысты валюта бағамына түзету қажеттілігін көрсететін көрсеткіштерді анықтау маңызды болып табылады.

Түзету кажеттілігін көрсететін кәрсеткіштер. Сауданың аз бағалық икемділігі кезінде тепе-теңдікті бұзатын сыртқы факторлар әсерінің орнын толтыруы, валюта бағамдарының өте үлкен өзгерістерін қажет етеді. Валюта бағамының ауытқуларының ұлғаюы капитал ағымына кері әсерін беруі мүмкін. Өйткені шетел инвесторлары, иілмелі валюта бағамының, осы мемлекеттің қатал ақша-несие саясатын ұстану мүмкіндігіне кері әсерін беруіне байланысты мазасыздану жағдайында болады.

Сөйтіп төлем балансының, әсіресе ағымдағы операциялар балансын теңестірілуінің негізгі міндеті - валюта бағамына жүктеледі. Ол тауарлар мен қызмет көрсетулерге сұранысты көрсетіп, ішкі (ΔP) және сыртқы (ΔSP**) нарықтағы тауарлар бағасымен анықталады. Бұл жерде сыртқы нарықтағы бағалар спот-курсты (ағымдағы) пайдаланып ішкі нарықтың бағаларына келтірілуі тиіс. Ағымдағы есеп пен шетел және ішкі рыноктардағы салыстырмалы бағалар арасындағы функционалды тәуелділік (SP*) /(Р) ретінде көрсетіліп, тура пропорционалды болады. Егер (SР*)/(Р) жоғарыласа, ағымдағы есеп балансы да өседі.

Ағымдағы операциялар есебіне әсер ететін тағы бір фактор, ел ішінде (Ү*) және шетелде (Ү*) жасалатын ұлттық табыс болып табылады. Ел ішінде жасалатын ұлттық табыс тауарлар мен қызмет көрсету импорты арқылы ағымдағы есепке әсер етеді. Ал импорттың өсуі тұтынудың жоғарылауына әкеледі. Импорт тұтынудың бір бөлігі болғандықтан, импорт табыспен бірге жоғарылап, ағымдағы есептің азаюына әкеледі. Сол себептен Ү* мен ішкі ағымдағы есептің арасындағы қатынас оң болады. Басқаша айтқанда Ү* өсуі шетелдіктердің импортының өсуіне әкеледі (немесе ұлттық экспорт өсуіне) және ағымдағы еееп балансының өсуіне әкеледі. Сөйтіп ағымдағы есеппен көрсетілген өзгермелер арасындағы функционалды байланыстылықты былайша көрсетуге болады:

САВ = САВ (SР*/(Р, Ү, Ү*)

Капиталды есеп те кейбір өзгермелерге тәуелді. Оның қатарына: мемлекет ішіндегі және оның шекараларынан тыс салыстырмалы пайыздық қойылымдар жатады. Ішкі пайыздық қойылым мен капиталды есеп арасындағы функционалды тәуелділік тура пропорционалды болады. Басқаша айтқанда ел ішіндегі пайыз қойылымының өсуі шетел капиталын тартып, халықаралық қорлар ағымының келуін қамтамасыз етеді. Соған сәйкес капиталды есеп пен шетелдегі пайыздың қойылымы (R*) арасындағы байланыстылық кері пропорционалды. R* өсуі мемлекеттен инвестициялық қорлардың кетуіне әкеледі. Ең соңында капитал есебі айырбас бағамына (е) тәуелді. Пайыздық қойылым, айырбас бағамы мен капиталды есеп арасындағы тәуелділік былай көрсетіледі.

КА =КА (г, г*, е)

Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сәйкес, капиталды және ағымдағы есепке әр түрлі валюта бағамының тәртіптері қалай әсер ететінін көрейік.

Бекітілген валюта бағамы жағдайындағы реттеу. Бұл жағдайда жеке меншік сектор тауарлар мен активтердің кез келген көлемін тұрақты айырбас бағамымен сатып, не сатып алуы мүмкін. Егер шетел валютасына сұраныстың өсуі болса, орталық банк оның дефицитімен кезігеді. Ол шетел валютасының қымбаттануына әкеледі, ал бұл бекітілген айырбас бағамы жағдайына тиімсіз. Егер шетел валютасының ұсынысы көп болса, орталық банк оны сатып алып, өз қорларын толықтырып, осы әрекет арқылы шетел валютасының қажетсіз құнсыздануын болдырмайды. Сөйтіп валюталық нарықтағы орталық банктің баға реттеу мен интервенциялар сәйкестіліктің мөлшерлік әдістері болып, шетел валютасына бекітілген бағаларды ұстауға мүмкіндік береді.

ΔRFX = CАВ (SР*)/(Р, Ү, Ү*) + КА (г, г*, е) (3)



7) теңдігіне сәйкее, егер орталық банк импортты жабу үшін өз қорларын пайдаланса, ол ағымдар есеп дефицитіне пара-пар болады. Төлем балансының сауда балансынан басқа барлық есептері теңестірілген деп болжамдайық. Сауда балансында импорт экспорттан 100 млн. АҚШ долларына асады. Осының салдарынан мемлекет экспорттан асқан мөлшерін орталық банк корларын пайдаланып төлеуі тиіс.

Бірақ орталық банк ішкі пайыз қойылымын сыртқы қойылымға сәйкес өзгерте алады. Елде ағымдағы есеп дефициті бар және орталық банк өз алтын валюталық қорларын шығындағысы келмейді деп болжам жасайық. Сондықтан тепе-теңдікке капиталды есепті ұлғайту арқылы жету үшін, қысқа мерзімде ішкі пайыз қойылымын r шетелдегі r* сәйкес ұлғайтуды қажет етеді. Сөйтіп ішкі салымдардың жоғары табыстылығы ағымдағы операциялары есебінің дефицитін қаржыландырып, орталық банкке өз алтын валюталық қорларын пайдалану қажеттілігі болмай қалады.

Иілмелі валюта бағамы жағдайындағы реттеу. Иілмелі валюта бағамы кезінде орталық банк валюта нарығында интервенцияларын жүзеге асырмайды. Көбінесе шетел валютасына сұраныстың өзгеруі валюта бағымының ауытқуына байланысты болып, ол өз кезегінде ағымдағы және капиталды есептерге әсер етеді.

Валюталардың еркін жүзуі төмендегідей нәтижелерге әкеледі деп есептеледі:

O = ΔRFX = CAB (SP* /(P, Y, Y*) + KA (r, r*,e) (4)

Төменде көрсетілетін мысалдар ағымдағы және капиталды есептер теңсіздігінің валюта бағамына қалай әсер ететін түсінуге көмектеседі.

АҚШ ағымдағы есеп бойынша 100 миллион. АҚШ доллоры көлемінде дифициті болып, бірақ орталық банк оны валюта нарығындағы интервенция арқылы жабуды қаламайды деп болжам жасайық.. Бұл жерде капиталды есеп те артық мөлшер болуы мүмкін және оны осы дефицитті жабуға пайдаланылады. Енді 100 милл. доллор АҚШ резиденттерінен шет ел азаматтарына бағытталады. Мысалға, АҚШ төлемдерді долларды жасап, 100 милл. доллор шетелдіктердің банк есеп – шоттарына аударылады. Егер валюта бағамы бекітілген болмаса, дәстүрлі төлем балансының тұрғысынан АҚШ доллорын бағасы төмендеуі керек.

1997 жылы Ұлыбритания Гонконгты бақылауды Қытайға берді. Осы уақыттағы саяси белгісіздігі нәтижесінде Гонконг инвесторларын көбісі өз қаражаттарын Канадаға салуға ынталы болды. Сөйтіп Канада он капитал ағымы байқалып, ол Канаданың төлем балансының капиталды есебінің артық мөлшеріне әкеледі. Канада да бекітілген валюта болған жағдайда, бұл ресми алтын валюталық қорлардың ұлғайуына әкелер еді. Ал иілмелі валюта бағамы жағдайында, бұл артық мөлшер Канада доллорының қымбаттануына әкелер еді.

Төлем балансының теориясына сәйкес бағалар табыс және пайыз қойылымдағы өзгерістер валюта бағамына әсер етеді.

Одан мынандай қорытынды жасауға болады.



  • ішкі нарықтағы бағалардың өсуі экспорттың азаюына әкелгендіктен, ол өз кезегінде ұлттық валютаға сұраныстың азаюы, оның құнсыздануына әкеледі.

  • Ұлттық табыстың өсуі ұлттық валютаның құнсыздануына, импортқа деген сұраныс ұлғаюына байланысты, шетел валютасына сұраныстың өсуіне әсер етеді.


Тақырып 14. Халықаралық қаржылық нарықтар

Халықаралық қаржы нарығының құрылымы. Валюталардың халықаралық нарығы. Валюталық нарықтың қатысушылары. Валюталық нарықтың функциялары. Валюталық нарықтың түрлері. Валюталар саудасының түрлері. Халықаралық саудадағы валюталық тәуекелдіктер.


Халықаралық қаржы нарығының құрылымы. Әдетте валюта нарығы спот мәмілелеріне және де валюта дериваттарына бөлінеді – тікелей форварттар, своптар, фьючерстер, опциондар.

Спот мәмілелері – екі жұмыс күні ішінде жай стандартты келісімшарт негізінде екі валютамен есептесу.

Фьючерс – валютаға деген стандартталған форварттық келісімшарттар, олардың саудасы биржада өтеді.

Форварт – нақты тауар жөніндегі биржалық мәміле, бұл орайда, белгілі бір мерзім өткеннен кейін жеткізіп беруге міндеттенеді. Осы уақыт ішінде тауардың белгіленген бағасы өзгеруі мүмкін болғандықтан, форварт мәмілесінің бағасы спот мәмілесі бағасының ықтимал серпінін ескеретін түзетулер енгізіле отырып белгіленеді.

Опциондар – мезгілдік биржа мәмілелеріне енгізілетін шарт, ол бойынша тараптардың біріне мәміленің бірін бірі жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бірін таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы беріледі.

Географиялық валюта нарығы қатты шоғырланған. Үш қалада (Лондон, Нью-Йорк және Токиода) валюта саудасының 55% өтеді, және де Лондонда 30%. Осы үш қаладағы валюта айналымы күніне 161- тан 464 млрд. долл дейін құрайды. Келесі топқа Сингапур, Гонконг, Цюрих және Франкфурт кіреді. Олардың күнсайынғы айналымы 76-105 млрд. долл. тең.

Валюталық нарықта техникалық мәмілелер сауда жүргізуші жақтармен тікелей немесе банктер, телефон, телефакс көмегімен жүргізіледі.

Арбитраж — бір нарықта валютаның немесе басқада активтердің сатып алуын, оның басқа нарықта дер кезде сатылуын және сату мен сатып алу бағалары айырмашылығы негізінде пайданы алуды қарастыратын операция.

Қорғалмаған пайыздық арбитраж — тәуекелдерді хеджирлеу механизмін пайдаланбай инвестицияларды жүзеге асыру үшін спот нарығында валютаны сатып алу.

Қарыз міндеттемелерінің халықаралық нарықтары. Халықаралық қарыз нарығында қарыз міндеттемелері айналысқа түседі, олар қарыз алушыдан қарызды қарыз берушіге алып беру құқығын дәлелдейді. Бұл қарыз міндеттемелері алуан түрлі болуы мүмкін. өтеу мерзімі бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, қарыздар типі бойынша – мемлекеттік, мемлекетпен кепілденген, және жеке, қарыз түрі бойынша – ресми және жеке қарыз. Ресми қарыз міндеттемелер халықаралық ұйымдар алдындағы және екі жақты міндеттемелер болып бөлінеді. Жеке қарыз міндеттемелері коммерциялық банктерге, облигацияларға, басқада қарыз болып бөлінеді.

Ұзақ мерзімді келесі түрлерге бөлінеді: мемлекеттік борыш, кепілденген мемлекеттік борыш, жеке кепілденбеген борыш.

Халықаралық қаржы ұйымдардың несиелеу механизмі мынандай болады:


  1. Осы ұйым мүшелерін несиелеу;

  2. Осы ұйымдардың жұмыс топтары несиелеу алдында мемлекеттің экономикалық-саяси жағдайымен танысу мақсатында елге
    келеді. Қарыз алушы мемлекет өкілдерімен бірге, макроэкономикалық тұрақтандыру мен дамуға көмектесетін жобаларды несиелеу бағдарламаларын жасақтайды. Несиелеу мерзімі ішінде
    осы ұйымның жұмыс топтары қарыз алушы мемлекеттін бағдарламаларды орындауын бақылау мақсатында тұрақты қатынайды;

  3. Берілетін несие транштарға бөлініп, олар бағдарлама мен
    несие шарттары, несие келісіміне сәйкес орындалған жағдайда
    ғ
    ана беріледі;

  4. Қарыз алушы мемлекет нақты жобаларды ұсынып, оларды
    халықаралық ұйымдар қолдайтын болса, оған қарыз қаржылары бөлінеді;

  5. Несие қаржылары қарыз алушы мемлекеттің орталық банкінің
    есеп шотына немесе АА категориясынан төмен емес алдыңғы
    қатарлы шетел банктерінің арнайы есеп шоттарына аударылып,
    жобаны жүзеге асыру қаржылары сол жерден алынады.

Халықаралық қаржы ұйымдарының пайыздық қойылымы әр түрлі. Әлемдік қайта құру мен даму банкі стандартты "квалификациялық қарыз алу сомасы" қойылымын, ЕҚҚжДБ - LIBOR, ХВК, - арнайы қарыз құқығының (SDR) пайызымен анықталатын стандартты қойылымын пайдаланады.

Несие беру кезінде халықаралық ұйымдар ел мойнындағы бар борышты, мемлекет бюджетінің дефициті мен макроэкономикалық көрсеткіштерді есепке ала отырып, несиені өтеу мүмкіндігіне өте қатты көңіл бөледі.

Әлемдік тәжірибені талдау кезінде, сыртқы борышты әлем шаруашылығы мен мемлекет даму нәтижелерімен, даму бағыттары мен барлык, факторлармен байланыстыра қарастыру қажет. Өйткені елдер басқа мемлекеттер ғана емес, халықаралық ұйымдар алдында міндеттемелері бар екенін ұмытпау қажет. Әрине көптеген елдердің қиыншылықтармен кезігуі сыртқы қарыздардың қажетті пайданы қамтамасыз ететін жобаларға салынбауынан болды. Оған көптеген дәлелдер бар, мысалы 70-жылдары алынған қарыздардың басым бөлігі жинак, коэффициенті төмен кезді бастан өткеру үшін, капиталды шетке шығаруды қаржыландыру мен сол кезде нарық бағаларында тиімділігі өте төмен жобаларды қаржыландыру үшін қолданылды. Тіпті қаржылар басынан бастап тиімді орналастырылғанына қарамастан, жоспарланбаған пайыз қойылымы мен сыртқы сауда жағдайының келеңсіз өзгерісіне байланысты, нақты пайда нормасын жеткіліксіз еткен болатын. Бұл жағдайларда кептеген дамушы елдердің сыртқы борыштары ұлғайып, оны өтеу үшін алынатын пайдасы жеткіліксіз болды.

Сыртқы қарыз бойынша әдебиеттерде мұнайды экспорттаушы елдердің ЖІӨ-де тұтыну нормаларын жоғарылатып, ал мұнай импортер елдері төмендеткенде әлемдік қарыз дағдарысы болмас еді деп к,арастырылған. Бірақ мұнай экспортер елдері экспорттан ұлғайып жатқан түсімдер шеңберінде тұтынуын жоғарылата, ал мұнай импортерлері ағымдағы операциялар есебінің дефицитін болдырмау үшін тұтынуын шектей алмады.



Мұнай өндіруші елдердің ағымдағы операциялар есебіндегі артық қаржылар нәтижесінде коммерциялық банктерді қаржыландырды. Банктер болса, осындай мол қорларды алғаннан кейін, оған пайыз төлейтін болғандықтан, тиімді орналастыратын тұтынушылар іздеді. Оларды сауда дефициті бар мұнай импортер елдерден тапты. Бұл шешім әркайсысына ыңғайлы болды: мұнай өндіруші елдер қысқа мерзімді салымдар жасап, одан пайыз көлемінде пайда алып отырды, ал мұнайды импорттаушы елдер мұнай импортын қаржыландырудың уақытша көздерін тапты.

Соңғы 15 жыл ішінде пайда болған қарыз мәселелері батыс елдерінің қаржы-несие саясаттарының тұрақты факторы болды. Оның шешілуін жеңілдету үшін екі клуб құрылды: қарыз беруші мемлекеттерді біріктіретін Париж клубы және 600 батыс елдерінің коммерциялық банктері мүше болып табылатын Лондон клубы. Қарыз міндеттемелері көп болған жекелеген мемлекеттердің қарыз құрылымын қайта қарау, мерзімін өзгерту мен кейде бір бөлігін немесе толықтай көшіру тәжірибесі күнделікті іске айналды. Бірақ кешірімді сомалар көлемі салыстырмалы түрде үлкен емес, ал Батысқа қарызданудың өсуі әлі шешімін тапқан жок,.



Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, міндеттемелерді орындамаудың кең етек жайылуын болдырмау қажеттігі аталады. Өйткені бұл ірі қарыз берген несиелеуші-банктерді қаржы тұрақтылығы мен халықаралық төлем механизмінің дұрыс әрекет етуіне қауіп төндіруі мүмкін. Қалыптасқан жағдайларда Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) ерекше орын берілді. ХВҚ жүргізілген шараларда маңызды орын алып, тікелей өзі немесе басқа ұйымдар мен коммерциялық банктердің келісілген несиелерді беруді үйлестіруді жүргізді.

Қаржы қиындықтары мол, борышы үлкен дамушы елдер 1982-1985 жылдар аралығында төлем балансының ағымдағы есеп дефицитін күрт азайтуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл шаралар, 1983 жылы мен 1984 жылғы қолайлы халықаралық қаржы жағдайымен қосарланып, төлем балансының сыртқы дефицитінің күрт азаюына әкелді. Бірақ бұл азаю импорт пен капитал салымдарын күрт азайту есебінен ғана жасалды, ал ел экономикасының дамуы мен төлем қабілеттілігіне кері әсерін тигізді. Сондықтан осы әдіс арқылы экономикалык, жағдайын күрт жақсарту көп ел үшін қиын болып, жеке меншік несиелеушілердің жаңадан қарыз беретініне үміттенуге болмайтыны түсінікті болды.

ХВҚ-ның экономикалық тұрақтандырудың күшті бағдарламаларын қолдаудың негізгі құралы болып, құрылымдық қайта құруды кең ауқымда қаржыландыру (ЕСАФ) болуда. ЕСАФ 1987 жылы Атқарушы кеңес шешімімен құрылып, 1994 жылдың ақпан айында ол кеңейтіліп, ірілендірілді. Қазірде ЕСАФ ХВҚ төлем балансындағы қиыншылықтары тұрақты, төмен табысты мүше-елдерге қаржылай көмек (жеңілдіктері бар несиелер түрінде) көрсетудің негізгі механизмі болуда.

ЕСАФ шеңберіндегі қаржылар түбегейлі орта мерзімді құрылымдық қайта құру бағдарламаларды қолдау мақсатында ұсынылады. ЕСАФ шеңберіндегі тұрақтандыру шаралары үш жылдың ішінде төлем баланс жағдайын тұрақтандырып, экономикалық өсуді ынталандырады деп болжануда.

Сонымен қатар, қарыз мәселесін жоюдың негізгі құралдарына: қарыз міндеттемелерін акцияға айырбастау, қарызды сатып алу, қарызды қайта ұйымдастырумен қайта қаржыландыру кіреді. Әрбір мемлекет өзіне тиімді деп санаған әдістерді қолданады.

Қарызды қайта қарастыру операцияларының мәні бар қарыз міндеттемелерін ұлттық, немесе шетел валютасындағы жаңа қарыз міндеттемелеріне ауыстыру болып табылады. Ескі және жаңа міндеттемелер шарттары бір-бірінен қатты өзгешеленуі мүмкін. Мысалға, жаңа қарыздың номиналды құны ескі міндеттемелердің номиналды құнының дисконтын көрсетуі мүмкін немесе номиналды к.ұны өзгеріссіз қалып, келісімді пайыз қойылымы ескі міндеттемелерге қарағанда жоғары немесе төмен болуы мүмкін. 1980 жылмен 1997 жыл аралығында 50 мемлекет осындай қайта қарастыруға байланысты 250 келісім жасаған.

Бұл әдістің кемшілігі - мемлекеттің жағдайын қысқа мерзімде ғана жеңілдеткенімен, ұзартылған кезеңде қосымша пайыз төлеу есебінен жалпы нәтижелік қарыз көлемін ұлғайтады.

Мемлекет өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда борышты өтеу шарттарын жеңілдету қажеттігі туындайды және ол негізінен қарыздың құрылымын қайта қарау жолымен жүзеге асырылады.

Қарыз құрылымын қайта қарау тек қысқа мерзімде ғана тұрақтандырушы фактор болып, стратегиялық жоспарда дағдарыс жағдайын өзгерте алмайды. Оны өзгерту үшін, макроэкономикалық тұрақтандыру қатал шаралармен қатар жүзеге асырылуы керек.

Қарыз құрылымын қайта қараудағы Париж клубының әлемдік тәжірибесі қызығушылықтудыратыны сөзсіз. Ол борыш құрылымын қайта қарастыруды қарыздар мемлекет экономикасының жағдайына байланысты жүргізуге мүмкіндік береді. Борыштың құрылымын қайта қарау механизм түрлеріне:



  • төлемді кейінге қалдыру (каникул) механизмі;

  • борышты жою механизмі;

  • борыштың төлеу мерзімін ұзарту механизмі;

  • жеңілдікті пайыз қойылымдарын қолдану;

  • қарыздар мемлекетті төлем қабілетті деңгейге жеткізу үшін
    қосымша несиелеу жатады.

Қарыздар мемлекеттерде туындайтын мәселелер бірдей - өзінің сыртқы міндеттемелерін есептеу қиындықтары, өз позициясын бағалау мен сыртқы нарықтағы бағалар динамикасын көп жылдарға болжау қиындықтары. Ал бағаның ауытқулары сыртқы борышты өтеу мәселелерін ұлғайтады (дұрыс басқару кезінде - қысқартады). Мысалға 1986-1988 жылдары Кеңес Одағының сыртқы борышының өсуіндегі негізгі себеп - қосымша қарыз алу емес, доллардың бағамының басқа валюталарға қатысты өзгеруінен болды.

Сөйтіп, сыртқы қарыз алу ұлттық экономикалық қауіпсіздікке әсер ететін ең бір күшті қауіп екені түсінікті.


Тақырып 15. Төлем балансы

Төлем балансы түсінігі. Төлем балансының құрылымы.

Ағымдағы операциялар шоты. Сауда балансы және тауарлар мен қызметтер балансы. Ағымдық трансферттер.

Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты.


Төлем балансы түсінігі. Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) анықтамасы бойынша, төлем балансы дегеніміз белгілі бір уақыт мерзімінде бір елді әлемнің басқа елдерімен арасында болған сыртқы экономикалык операциялар бойынша жүйеленген жалпы мәліметтері көрсетілетін статистикалық тізімдемесі. Төлем балансы резидент еместерге берілген төлемдерді ғана емес, олардан келген түсімдерді де тіркейді.

Төлем балансының құрылуы мен бағалануы Халықаралық валюта Қорының әдістемесі (төлем балансын құру бойынша нұскау, ХВК 5-басылымы 1993 ж.) негізінде стандартталған есептеу ережелері мен анықтауларына сәйкес жүзеге асырылады.

Төлем балансын құру мен анықтамаларының негізгі ережелеріне:



  • резидент пен резидент еместер арасындағы операцияларды
    есепке алу;

  • операцияларды екі жақты жазу жұйесімен есепке алу;

  • қорлар көлемін емес, ағымдарды ғана көрсету;

  • әр түрлі валюталарда көрсетілген операциялар мен төлем
    сомаларының құндық көлемін біркелкі есептік көрсеткішке келтіру;

  • операцияларды түрлері мен экономикалық секторлар бойынша
    тіркеу.

Резидент және резидент еместер. Төлем балансын құруда сыртқы экономикалық операцияларды ішкі шаруашылык. операциялардан айыру қажеттігінен резидент ұғымы үлкен маңызға ие болады.

Сыртқы экономикалық операцияларды нақты ұйымдар, компаниялар немесе жеке тұлғалар жасайтындықтан, олар халықаралық экономикалық қатынастар тұрғысынан қарағанда не елдің резиденті, не резиденті емес есебінде саналады. ХВҚ-ың ұсыныстарында "Мемлекеттің экономикасы басқа территорияға қарағанда осы территориямен тығыз байланысқан шаруашылықтардың жиынтығы. Осы елдің төлем балансы, егер көрсетілген шаруашылықтар елдің резиденті болып саналса, олардың басқа елдермен операцияларын көрсетеді. Ал егер олар резидентдеп есептелмесе, олардың осы елмен операцияларын көрсетеді".

Резиденттерді анықтауда түрлі елдердің өзіндік ерекшеліктері
бар. Мысалға: АҚШ-та резиденттерге осы елде тұрақты өмір сүріп
жатқан азаматтар, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компания-
лар жатқызылады. Ал шет елде тұрып жатқан американ азаматта-
рының (мемлекет қызметкерлерінен басқа) АҚШ резиденттеріне
жатқызылуы, олардың шет елде болу мерзіміне байланысты.
Американ корпорацияларының шет елдегі еншілес кәсіпорындары, филиалдары АҚШ үшін шетел фирмалары ретінде саналады.

Алманияда төлем балансы тұрғысынан резиденттерге шаруашылық мүдделерінің ортасы осы елде орналасқан, ұлттық нышаына қарамай, жеке және құқықтық тұлғалар жатқызылады. Осыған байланысты ГФР резиденттеріне ел азаматтары ғана емес, сол елде іс-әрекетін жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер де жатады.

Қазақстанда резиденттер қатарына:



  • Қазақстан Республикасында тұрғылықты мекен-жайы бар,
    сонымен бірге шетелде уақытша немесе шетелде мемлекеттік
    қызметте жүрген жеке тұлғалар кіреді;

  • Қазақстан заңдарына сәйкес құрылған құқықтық тұлғалар,
    олардың республикада және шет елде орналасқан филиалдары
    мен өкілдіктері резидент болып саналады:

  • Республикадан тыс орналасқан Қазақстанның диплома-
    тиялық, сауда және басқадай ресми өкілдіктері кіреді;

  • Валюталық заң тұрғысынан жоғарыда көрсетілгендерден
    басқа барлық құқықтық не жеке тұлғалар, Қазақстанда немесе
    шет елдерде орналасқанына қарамастан, біздің елдің резиденті
    болып саналмайды.

Резидент еместерге кіретіндер:

  • елге келген туристер, кеме мен ұшақтардың экипаж мүшелері,
    маусымдық жұмысшылар, т.б. және шекаралас облыстарда тұрып
    жатқан шетел жүмысшылары (өйткені олар тұрақты мекен-жайына
    байланысты сол елдердің резиденттері болып саналады).

  • дипломаттар, консульдік өкілдіктер және мерзіміне қарамастан
    шетелде жүрген әскери қызметкерлер.

Қазіргі заман жағдайларында резиденттік мәселе күрделене түскенін атап кету қажет. Ол әлемдік шаруашылықтағы капитал интерұлттануы, трансүлттық корпорациялар іс-әрекетінің кең ауқымдылығы, еңбек күші миграциясының қарқындылығы мен сол сияқты процестерге байланысты.

Егер де төлем балансы резидент пен резидент еместер арасындағы барлық мәмілелерін тіркейтін болса, экономикалық мәмілелер ұғымына түсінік беру маңызды. Экономикалық әдебиеттерде экономикалық мәмілелер деп бір ел резидентінен басқа ел резидентіне активтерге қүқық меншігінің өтуі немесе экономикалық қызмет көрсетудің, тауарға құқықтық меншігінін өзгерісін көрсететін кез келген құндық айырбасы аталады (Линдерт Г.Х. Экономика мирохозяйственных связей). 5 мағынада кез келген экономикалық мәмілелер әрқашанда жақты болғандықтан, олар төлем балансында екі жақты жазу пісі бойынша есептеу жүйесіне сәйкес көрсетіледі. Осы елдің ұрғысынан қарағанда мәмілелердің бұл жақтары дебеттік және кредиттік баптарға бөлінеді. Көп жағдайларда кредит операциялары оң белгісімен, ал дебеттіктер теріс белгісімен жазылады.

Төлем балансында "+" және "-" белгілерінін пайдаланылуы.




Операциялар

Кредит

Дебет

1. Ағымды есеп




Тауарлар мен қызмет көрсетулер

Тауарлармен қызмет көрсетулер экспорты

Тауарлар мен қызмет көрсетулер импорты

Табыс

Резидент еместерден түскен төлемдер

Резидент еместерге жіберілген төлемдер

Ағымдағы трансферттер

Резидент еместерден түскен төлемдер

Резидент еместерге төленген төлемдер

2. Капитал, қаржы және қорлармен жасалатын операциялар есебі

Капиталдар трансферті

Резидент еместерден түскен төлемдер

Резидент еместерге төленген төлемдер

Қаржы активтері мен міндеттемелері-мен жүргізілетін операциялар

Қаржы ағымының келуі (резидент еместер алдында міндеттемелердің ұлғаюы немесе резидент еместерге талаптардың азаюы)

Қаржы ағымының кетуі (резидент еместерге талаптардың ұлғаюы немесе резидент еместер алдында міндеттемелердің азаюы)

Кредит - бұл құндардың кетіп, осы елге оның орнын толтыратын Құндардың келуі немесе төлемдер түсуі тиіс. Ал дебет -құндардың келуі және ол үшін ел резиденттері төлемдерді жүзеге асыруы тиіс екені белгілі.

Капитал және қаржы құралдарымен байланысқан операциялар шоты. Енді капиталдар мен операциялар және қаржы операциялар есебін қарастырайық. Ол негізгі екі категориядан: капиталды және қаржылык есептерден тұрады. Капиталды есепке капиталды трансферт пен өндірістік емес, бейқаржылық активтер операциялар енеді. Өз кезегінде қаржы есебі халықаралық инвестициялық жағдайды өзгертетін барлық операциялардан тұрады.

Капиталды есептің негізгі құрамдас бөлігі болатын капиталды трансферттерге мүлікке, негізі қорларға меншік құқығын қайтарымсыз беру мен борыштарды кешіру кіреді.

Ақшалай қаржылардың қайтарымсыз берілуі капиталды трансфертке жатқызылуы ҮШІН, ол қаражат негізгі қорлар мен капиталды құрылысқа бағытталған жағдайда ғана саналады.

Қаржы есебі төмендегідей функционалды категорияларға бөлінеді:

Тікелей инвестициялар - негізінен капитал ағымдарының бағытталуымен топтастырылады: резиденттердің шетелге инвести-циялары мен резидент еместердің ішкі экономикаға инвестициялары. Ол акционерлік капиталға, қайта инвестицияланатын табыстарға және капиталдың басқа түрлеріне бөлінеді. Тікелей инвестициялар көлемі капитал салымдарын жүзеге асыру МҮМКІНдіктерінің тиімділігі мен экономикалық өсу қарқындылығының болашағы бар болуына байланысты. Капитал салымдарын тартуды ынталандыру жағдайын қалыптастыру ҮШІН нақты құқықтық негіздердің болуымен қатар, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін, сенімділігі мол мемлекеттік саясаттың болуы қажет.

Тікелей инвестициялар тауар, жылжымайтын МҮЛІК пен қаржы ресурстар түрінде болуы МҮМКІН. Төлем балансында тікелей инвестициялар - шетелдегі экономикалық мәні бар активтергө тікелей инвестициялар (резиденттердің басқа ел экономикасына инвестициялар) және резидент еместер алдында экономикалық міндеттеме сипатындағы ұлттық экономикаға тікелей инвестициялар (осы экономикаға резидент еместердің инвестициялары) болып бөлінеді.

Портфельді инвестицияларға ұзақ мерзімді қарыз міндеттемелері мен акциялар, сонымен қатар туынды қаржы құралдарымен байланысты операциялар кіреді. Оның ішіне валюталық және пайыздық своптар да кіреді. Қазақстан Республикасында 6ҮЛ категорияға корпоративтік бағалы қағаздарға жасалған инвестициялар кіріп, оның ішінде үлесі 10 пайыздан төмен болған акциялар көлемі мен мемлекеттік қарыздың бағалы қағаздары енеді. Қарыздық бағалы қағаздарға мерзімі бір жылдан астам облигациялар мен айналымдағы вексельдер, ақша нарығының құралдары мен қаржылық туындылар кіреді.

Баскадай инвестицияларға сауда несиелері, мемлекеттік және жекеше қарыздар, валюта мен депозиттер, басқадай активтер мен міндеттемелер, оның ішінде тауар мен қызмет көрсету шарттары бойынша дебиторлық және кредиторлық қарыздар да кіреді.

Резервтік активтер - мемлекеттін сыртқы операцияларын талдаудағы төлем балансынын маңызды бөлігі болып табылады. Төлем балансының стандартты есептерінде, олар қорларды көрсететін статистикалық көрсеткіштер ретінде емес, жалпы сыртқы активтердің өзгерісін көрсетіп, оның төлем балансының қажеттігіне пайдалана алатындығын меңзейді. Халықаралық резервтер Ұлттық банк операция жүргізетін мемлекеттің сыртқы активтерінен құралады. Олар төлем балансының дефицитін қаржыландыру, валюта бағамын реттеу мен ұлттық валюта тұрақтылығын қолдау ҮШІН валюта нарығында интервенциялар жүргізуге пайдаланыла алады. Резервтік активтерге шетел валюталары (қолма-қол ақша, депозиттер мен бағалы қағаздар), монетарлық алтын, ХВҚ арнайы қарыз құқығы мен ХВҚ-дағы резервтік позиция мен басқадай талаптар кіреді. Төлем балансында алтын қорларының орталық банк пен халықаралық қаржы ұйымдарының алтынды сату-сатып алу операциялар нәтижесіндегі өзгерістерді көрсету қабылданған.

Резервтік активтер ретінде әрекет ету ҮШІН, оған сәйкес келетін баптар ақша-несие реттеу мекемелерінің тиімді бақылауында болуы тиіс. Өйткені олар осы қүралдарды пайдалану арқылы төлем балансының дефицитін тікелей, немесе теріс сальдосын жанама реттеу, мысалға шетел валюта нарығында интервенция жолымен резервтік активтерде және резервтік міндеттемелерде өзгеріс енгізу мақсатында қолдана алу қажет.

Төменде төлем балансының стандартты топтастырылуының құрылымы берілген.

Шет ел валютасының ресми резервтерінің өзгерісі. Резервті активтер қаржылық шоттың басқа баптарына қарағанда, мемлекеттің тікелей бақылауында болады және онымен экономикалық саясаттың мақсаттарына жету үшін пайдаланылуы мүмкін.

Резервті активтер — елдің халықаралық жоғары өтімді активтері, олар үкімет немесе ақша өкіметінің бақылауында болады және қай кезде болсада төлем балансының тапшылығын қаржыландыруға және ұлттық валюта бағамын реттеуге қолданылуы мүмкін.

Атап кету керек, резервті активтер төлем балансын қорғаудың екінші құралы болып табылады. Ағымдағы операциялардың елеулі тепе-теңсіз жағдайы кезінде, яғни тауарлар мен қызметтер импортын төлеуге қаражаттардың жетіспеушілігі кезінде үкімет қосымша сыртқы несиелерді тартуға барады. Тек осы шараларды қолдану ешқандай нәтиже бермеген кезде, үкімет сырты шоттарды төлеуде резервті активтерді пайдаланады.

Төлем балансы шеңберінде көрсетілетін резервті активтер тек нақты қолдағы бар активтерді қамтиды. Жалпы алғанда, өзгерісі төлем балансында «сызықтың астында» көрсетілетін, резервті активтер келесі активтер сомасынан құралады: монетарлық алтын, қарыз алудың ерекше құқы, валюта активтері, басқада міндеттемелер, айрық қаржыландыру.



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау