8. Өзіндік жұмыстың тапсырмалары
Әрбір тақырып бойынша СӨЖ үшін тапсырмалар монографияларды, оқулықтарды, ақпараттың басқа көздерін қарастыра отырып, төменде көрсетілген барлық сұрақтарды әзірлеуді және рефераттарды жазуды ескереді.
1 Өндірісті ұйымдастыру негіздері
1.1 тақырып. Курстың пәні мен міндеті
«Өндірісті ұйымдасытру» курсының пәніне, міндеттеріне және құрылымына анықтама беру. Осы пәнді меңгерудің мақсаты. Нарықтық қатынас қалыптасу жағдайындағы шаруашылық нысаны ретінде кәсіпорын рөлі және оның орыны. Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның даму тарихы және шаруашылық іс-әрекеттерді жүзеге асырудың қазіргі заманғы ұйымдастырушылық-құқықтық формалары.
1.2 тақырып. Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
Кәсіпорынның және цехтың өндірістік құрылымы. Негізгі, көмекші өндірістер және қызмет көрсетуші шаруашылықтар. Өздерінің мамандандыру деңгейлеріне байланысты кәсіпорындардың өндірістік құрылымдарының ұлғайтылған типтері. Қазіргі заманғы кәсіпорындардың мамандануының негізгі бағыттары.
1.3 тақырып. Өндірістік үрдіс және уақыт бойынша оны ұйымдастыру
Қазіргі заманғы өндірістік процестерді ұйымдастыру және құрылымы. Өндірістік процестердің рационалды ұйымдасуының негізгі принциптері. Өндірістік цикл және оның құрылымы. Өндірістік процестердің құрылымы мен ұзақтығын анықтайтын операциялық циклдер үйлесімділігінің негізгі түрлері. Күрделі процестің өндірістік циклі, оның құрылымы және оптимизациялау бойынша өткізілетін шаралар.
1.4 тақырып. Өндірісті ұйымдастыру түрлері мен нысандары
Өндірістің негізгі типтері және олардың жіктелу негізін қалаған факторлар. Жеке, сериялық және көпшілік өндірістік процестердің ұйымдасу ерекшеліктері. Ағымдық өндірісті ұйымдастыру: жалпы сипаттама және әралуандық; Үздіксіз-ағымдық және үздік-ағымдық (тура) өндірістік сызықтарды ұйымтастырудың ерекшеліктері. Сериялық өндірісте ағымдық сызықтарды ұйымдастырудың ерекшеліктері. Ағымдық өндірісті автоматтандыру.
1.5 тақырып. Өндірісті ғылыми-техникалық тұрғыдан дайындауды ұйымдастыруды жетілдіру
Өндірістің техникалық дайындық құрылымы және ұйымдастыру. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі сатылары. Өнертапқыштық, рационализаторлық және патендік-лицензиялық жұмыстарды ұйымдастыру. ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) экономикалық тиімділігі. Өндірістің конструкторлық және технологиялық дайындығының негізгі сатылары мен міндеттері.
1.6 тақырып. Кәсіпорынның инновациялық қызметін ұйымдастыру негіздері
Инновацияның және жаңалықтардың мазмұны, топтамасы және код беру. Ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру. Өндірістің ұйымдастыру-техникалық деңгейін талдау және болжау. Инновациялар және жаңалықтар «қоржынын» қалыптастыру. Өндірісті ұйымдастыру-технологиялық дайындау. Инновациялық қызметтің тиімділігі.
1.7 тақырып. Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру
Өнім сапасы және оның негізгі көрсеткіштері. Өнім сапасы көрсеткіштерін анықтайтын негізгі әдістер. Өнім сапасын басқарудағы стандарттау жүйелері. Өнімді халықаралық, мемлекеттік, салалық және заводтық аттестациялау. Техникалық бақылаудың негізгі міндеттері, нысандары, функциялары және атқарушылары. Техникалық бақылаудың түрлері мен әдістері.
1.8 тақырып. Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану
ҚР Президентінің «Стратегия-2050» халыққа Жолдауындағы Қазақстан ресурстарын бағалау. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласында кәсіпорындардың негізгі міндеттері. ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы, табиғи ресурстарды рационалды пайдалануға байланысты құқықтар мен экономикалық жауапкершіліктер жайында. ҚР «ҚР экологиялық сараптама туралы» Заңы.
2 Өндірістік инфрақұрылымды ұйымдастыру негіздері
2.1 тақырып. Өндірістік инфрақұрылымның мазмұны мен міндеттері
«Өндірістік инфрақұрылым» ұғымы. Өндірістің техникалық жұмыс істеуінің мазмұны мен мәні. Қазіргі заманғы өндірістің техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастырудың және жетілдірудің негізгі талаптары мен принциптері.
2.2 тақырып. Кәсіпорынның құрал-сайман шаруашылығын ұйымдастыру
Қазіргі заманғы кәсіпорындардың құрал-саймандық шаруашылығын ұйымдастыру және негізгі міндеттері. Құрал-саймандық шаруашылықтың жалпызаводтық және цехтік бөлімшелері. Өндірісті жабдықтауды жоспарлау. Құрал-саймандар шығынын анықтаудың негізгі әдістері. Цехтің және кәсіпорынның айналым қорының құрылымын жоспарлау. Цехтерде құрал-саймандық шаруашылықты ұйымдастыру.
2.3 тақырып. Кәсіпорынның жөндеу шаруашылығын ұйымдастыру
Жөндеу жұмыстарын рационалды ұйымдастыру. Кәсіпорындарда жөндеу жұмыстары шаруашылығын рационалды ұйымдастырудың негізгі міндеті. Қазіргі заманғы кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары шаруашылығының құрамы мен функциялары. Құрал-жабдықтардың жоспарлы-ескертпелі жөндеу жұмыстары жүйесі. Техникалық қызметтердің және жоспарлы, яғни ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу жұмыстары. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және дайындау.
2.4 тақырып. Кәсіпорынның энергетикалық шаруашылығын ұйымдастыру
Қазіргі заманғы кәсіпорындарда энергетикалық шаруашылықты ұйымдастырудың негізгі міндеттері мен құрылымы. Кәсіпорында энергетикалық ресурстардың негізгі түрлерімен қамтамасыз етудің әртүрлі нұсқалары. Кәсіпорындардың энергетикалық шаруашылығының жалпызаводтық және цехтік бөлімдері. Өнеркәсіптік кәсіпорынның энергетикалық шығыны құрылымы және энергетикалық шаруашылықты жетілдірудің негізгі бағыттары.
2.5 тақырып. Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Қазіргі заманғы кәсіпорындарда көліктік шаруашылықты рационалды ұйымдастыру. Көліктік процестердің өтуіне қарай көліктік құралдарды жіктеу. «Жүкайналым» және «жүк ағымы» ұғымдары. Цехаралық тасымалды ұйымдастыру кезінде көліктердің қозғалыс маршруттарының негізгі жүйелері. Көліктік шаруашылықты техникалық-экономикалық, күнтізбелік жоспарлау және оның диспетчерлік жұмыстары.
2.6 тақырып. Қойма шаруашылығын ұйымдастыру
Қазіргі заманғы кәсіпорындардың қоймалық шаруашылығының негізгі міндеттері. Функционалдық бағыттары мен материалдық құндылықтарды сақтау жағдайларына байланысты қоймаларды жіктеу. Көліктік-қоймалық шаруашылықты жетілдірудің негізгі бағыттары.
2.7 тақырып. Жаңа техниканы игеру жұмыстарын ұйымдастыру
Жаңа техниканың тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру. Жаңа техниканы өндірістік игеруде өндірісті дайындауды ұйымдастыру. Жаңа техника өндірісін игеру сатысында техника-экономикалық көрсеткіштердің өзгеру динамикасы. Жаңа техника өндірісін игеру және дайындауда уақыт факторының экономикалық мәні. Жаңа техника өндірісін дайындау және игеруді жеделдету тиімділігі. Жаңа техниканы дайындау және игеру үрдістерін жоспарлау және басқару.
Оқу бағдарламасының аса күрделі сұрақтары
1 Өндірісті ұйымдастыру туралы ғылымның даму тарихы және шаруашылық іс-әрекеттерді жүзеге асырудың қазіргі заманғы ұйымдастырушылық-құқықтық формалары;
2 Техникалық бақылаудың негізгі міндеттері, нысандары, функциялары және атқарушылары;
3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның энергетикалық шығыны құрылымы және энергетикалық шаруашылықты жетілдірудің негізгі бағыттары.
9. СӨЖМ кеңесінің кестесі (СӨЖМ СӨЖ-дің 25% құрайды)
Ағымдағы семестрге барлық сұрақтар бойынша кеңес ОСӨЖ кестесіне сәйкес жүргізіледі.
10. Білім алушының білімін тексеру кестесі
Практикалық сабақтар және СӨЖМ 0-100 балмен бағаланады.
Пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны
|
Ұсынылатын әдебиет
|
Орындау ұзақтығы
|
Бақылау түрі
|
Тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
Қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану
|
[1-6]
|
2 жұма
|
реферат
|
3-ші жұма
|
2
|
Межелік бақылау
|
Тақырып 1-8
|
|
|
тест
|
4-ші жұма
|
3
|
Реферат
|
Жаңа техниканы игеру жұмыстарын ұйымдастыру
|
[1-6]
|
3 жұма
|
реферат
|
8-ші жұма
|
4
|
Межелік бақылау
|
Тақырып 9-15
|
|
|
тест
|
9-ші жұма
| 11. Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері
Пәнді меңгеру барлық өткен материалды қамтитын тест түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберілудің міндетті шарты болып бағдарламада барлық көрсетілген тапсырмадарды орындау табылады.
Әрбір тапсырма 0-100 балмен бағаланады.
Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтарда барлық орындалған тапсырмалардың (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, СӨЖ бойынша тапсырмалар, практика бойынша тапсырмалар және басқалары, межелік бақылау) орташа арифметикалық бағасымен есептелінеді.
Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын (барлық зертханалық жұмыстарды, СӨЖ бойынша тапсырмалар мен жұмыстарды орындау және тапсыру) орындаған, курстық жобаны (жұмысты) қорғағаны үшін оң баға алған және жіберу рейтингін жинаған (50 балдан кем емес) студенттер жіберіледі.
Әр пән бойынша (пәннің қорытынды бақылау түрі мемлекеттік емтихан болса да) студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бағамен (Қ) анықталады. Қорытынды баға ЖР және ҚБ (емтихан, дифференциалды сынақ немесе курстық жұмыс/ жоба) салмақтық үлестер негізінде есептеледі (СҮЖР және СҮҚБ).
Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Үлес салмақтар жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 көп емес және ҚБ үшін 0,3 кем емес болуы керек.
КЖб/КЖ комиссия алдында қорғалады. Баға жетекшінің пікірін ескере отырып, көрсеткен біліміне сәйкес қойылады.
Пән бойынша жіберу рейтингі де, қорытынды бақылау да оң бағаланған жағдайда ғана қорытынды баға есептеледі. Дәлелсіз себеппен қорытынды бақылауға келмеген жағдайда, «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңеріледі. Пәннен емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні айтылады, егер емтихан жазбаша түрде түстен кейін жүргізілсе, онда келесі күні айтылады.
Қорытынды бағаны есептеудің дұрыстығы үшін межелік бақалауда (рейтингте) және қорытынды емтиханда білім алушының білімі пайыздарда 0-ден 100 % дейін бағаланады.
Межелік бақылаудың бағасы ағымдағы бағалар мен межелік бақылаудың бағасынан есептелінеді.
Пән бойынша студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімдері, икемділіктері, машықтары және құзыреттері көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:
Әріптік жүйедегі баға
|
Балдың сандық баламасы
|
Пайыздық мазмұны
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
A
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,0
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,0
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
12. Оқытушының талаптары, саясат пен тәртіптер
Жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың ең соңғы мерзімі – емтихандық сессияның басына дейін 3 күнге дейін.
Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыпты қайталау және өткен материалдарды қарау міндетті. Оқу материалдарын меңгеру дәрежесі тестпен немесе жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз өткізілуі мүмкін.
Оқытушының бақылауымен орындалатын студенттің өздік жұмысы (СӨЖМ) кезінде келесі төрт негізгі функциялар ескеріледі.
Бірінші – оқу пәні бойынша бекіту сабақтары кезінде алынған ақпаратты студенттермен белсенді қабылдауды жүзеге асыруды ұйғарады.
Екінші функция студенттер өз бетінше оқытушы ұсынымдары негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиеттерді оқиды, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды орындайды және т.б. ескереді. Берілген кезеңде студенттерден жұмыс әдістерін білу, өз қиыншылықтарын түсіну, өзін ұйымдастыру мен өзін ұстай білушілік талап етіледі.
Студенттердің үшінші функциясы қиындық туындататын жағдайларды талдау мен жүйелеуден, оқу материалдарын түсіну мен меңгеруде қиындықтар себептерін анықтаудан, басқа оқу әрекеттерін орындаудан тұрады. Студенттер шешілмейтін қиындықтарды оқытушыға сұрақтар жүйесі түрінде (оларды реттейді, рәсімдейді) қояды, бұл сұрақтарға жауаптардың өз нұсқасын береді.
Студенттердің төртінші функциясы оқытушыға сәйкес түсіндірулер, кеңестер, көмектер үшін жолығудан тұрады.
13. Әдебиеттер тізімі
Негізгі
Омарова Г. Т. Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті: студенттерге бақылау жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық – Павлодар: Кереку – 2010, 16 б.
Жұмамбаев С. Өндірістік менеджмент: оқу құралы, 2009 – 228 б.
Экономика және өндірісті ұйымдастыру: оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2010 – 185б.
Қосымша
4 Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы:оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 367 б.
5 Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2008. – 791 б.
6 Үмбетәлиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік: оқулық. - Алматы: Экономика, 2009. – 464 б.
Достарыңызбен бөлісу: |