Пән бағдарламасының (syllabus) титулдық парағы



жүктеу 2,33 Mb.
бет14/20
Дата10.02.2018
өлшемі2,33 Mb.
#9226
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

113n

0

0

32n

0

0

0




1017n

2 Желілік жоспарлау негізінде өндірісті ұйымдастыру

Желілік график шақталған уақыт параметрлі бағыт пен шеңберден құралған модель тәрізді. Оны тұрғызудың негізінде «жұмыс» және «оқиға» ұғымдары жатыр.

Жұмыс – бұл уақыт пен материалдық шығын талап ететін және белгілі бір жетістікке әкелетін өндірістік процесс.

Оқиға – бұл келесі бір жұмыстың басталуы үшін бір немесе бірнеше қажетті және жеткілікті жұмыстардың аяқталу дәлелі (фактісі).

Бастапқы оқиға осы жұмыстың басын анықтайды және өткен жұмыстар үшін соңғысы болып саналады.

Соңғы оқиға осы жұмыстың соңын анықтайды және келесі жұмыс үшін басы болып саналады.

Шығыс оқиғасы – қарастырылып отырған желілік график шеңберінде өткен жұмыстары жоқ оқиға.

Аяқтаушы оқиға - қарастырылып отырған желілік график шеңберінде келесі жұмыстары жоқ оқиға.

Желілік модельдер оқиғаға және жұмысқа бағытталуы мүмкін. Жұмысқа бағытталған модельдер анағұрлым кең тарады. Сонымен қатар оқиға шеңбермен, ал жұмыстар – оларды байланыстырушы тұтас стрелкалармен белгіленеді.

Үзік сызықты стрелкалар нөлдік ұзақтығы бар фиктивті жұмысты білдіреді және кешенде жұмыстардың өзара байланысын дұрыс көрсету үшін ғана қолданылады.

Жол – желілік графиктегі жұмыстардың үздіксіз реттілігі. Жолдың ұзындығын оны құраушы жұмыстар ұзақтығының сомасымен анықтайды.

Толық жол – желілік графиктің шығыстық оқиғасынан аяқтаушысына дейінгі жол.

Аумалы жол – барлық ықтимал толық жолдардың ішінде ең үлкен ұзақтықты толық жол. Оның ұзындығы желілік график бойынша жұмыстарды атқару мерзімін анықтайды.

Аумалы жұмыстар – бұл аумалы жолдарда жатқан жұмыстар.

Жұмыс атқаруда технологиялық реттілік ескере отырып құрылған желілік модель келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:



  • бір ғана шығыс және бір ғана аяқтаушы оқиғасы болуы тиіс;

  • әрбір жұмыстың немесе технологиялық байланыстың бастапқы оқиғасында аяқтаушысына қарағанда кішірек нөмір болуы тиіс;

  • желілік модельде стрелкалар бағытын солдан оңға қарай қолдану керек;

  • модель формасы қарапайым, артық қиылыстарсыз болуы тиіс, жұмыстың көбін горизонтальды сызықтармен берген жөн;

  • бір оқиға екі немесе одан да көп аяқталушы оқиғалардың басы болса, онда параллельді жұмыстарды орындау кезінде фиктивті жұмыстар және қосымша оқиғалар енгізіледі.

  • модельді тұрғызу кезінде «тығырықтар» мен «циклдердің» пайда болуынан аулақ болу керек

  • Тығырық – бұл одан бірде-бір жұмыс (аяқтаушыдан басқа) шықпайтын оқиға, немесе оған бірде-бір жұмыс кірмейтін қандай да бір оқиға (шығыстан басқа).

  • Цикл өзі шыққан оқиғаға қайта оралу жұмыстар тізбегі ретінде сипатталады.

Өндірісті жоспарлау мен басқарудың желілік жүйесін пайдаланудың негізгі мақсаты атқарылатын жұмыстарды уақыт пен кеңістік бойынша рационалды байланыспен қамтамасыз ететін жоспар мен өндірісті ұйымдастыру оптимальді нұсқасын жасау, ресурстарды анағұрлым жақсы пайдалану, сонымен қатар осы жоспарды жүзеге асыру процесін тиімді басқару.

Өнеркәсіптік өндірісте желілік модельдеудің нысандары ретінде жеке анағұрлым күрделі механизмдер, бұйымдар немесе машиналар немесе олардың топтарын құру бойынша жұмыс кешендері ерекшеленуі мүмкін.

Желілік график негізінде жұмысты ұйымдастыруды нақты мысалмен қарастырамыз.


    1. Желілік модельдеуді қолдана отырып механикалық-құрастыру өндірісін ұйымдастырудың уақытша параметрлерін есептеу.

Тапсырма

Белгілі бір механизмді дайындау үшін ұзақтығы сағат бойынша сипатталатын келесі жұмыстарды атқару қажет:




-

-

-



-

-

-



-

-


А торабының детальдарын дайындауды темір соғатын-престік өңдеу

В торабы детальдарын дайындауды штамптау

А торабы детальдарын дайындауды механикалық өңдеу

В торабы детальдарын дайындауды механикалық өңдеу

А торабын үлкейте құрастыру

В торабын үлкейте құрастыру

А торабын реттеу

Механизмді құрастыру және соңғы реттеу



- 3n
- n

- 15n


- 2n

- 2n


- 12n

- n


- n

Жұмысты аяқтаудың нормативтік мерзімі 20n сағатқа тең.

Жұмысты атқарудың технологиялық реттілігін есепке ала отырып механикалық-құрастыру өндірісін ұйымдастырудың желілік моделін тұрғызу. Алынған желілік модельдің негізінде графикалық әдіс арқылы қарастырылып отырған жұмыс кешенінің уақытша параметрлерін есептеу және оны атқарудың желілік желілік графигін құру. Егер жұмысты аяқтау мерзімі сәйкес келмесе желілік графикті оптимизациялауды өткізу керек.
Есептеу мысалы

Жұмысты атқарудың технологиялық реттілігін есепке ала отырып желілік модельді тұрғызамыз. (2.1 сурет). Бұл модельдің 1 оқиғасы шығыс оқиғасы, 1-2, 1-3 жұмыстары – шығыс оқиғасынан шығатын желілік модельдің шығыс жұмыстары. 8 оқиғасы – модельді аяқтау оқиғасы. 7-8 жұмысы аяқтаушы жұмыстар, олар атқарылғанда осы желіде сипатталатын жұмыстардың толық кешенінің аяқталуына жетеді.

2-3 тәуелділігі – ұйымдастырушылық, ол бір мезгілде 1-2 және 1-3 жұмыстары аяқталуы мен екі торап детальдарының механикалық өңдеуі басталуы болғанын қажеттігін көрсетеді. 6-7 тәуелділігі -технологиялық. Ол 7-8 жұмыстарын бастау үшін А торабының реттелуін аяқтау қажеттігін көрсетеді.

3-4 және 2-5 жұмыстары үшін 1-3 және 1-2 жұмыстары (2-3 тәелділігі арқылы) – бұдан бұрынғы. Олардың орындалуы 3-4 және 2-5 жұмыстары бастаулының тікелей алғышарты болып табылады. Оның басталуының бір шарттарының бірі 4-7 және 5-7 жұмыстарының аяқталуымен қатар 5-6 жұмыстарының атқарылуы (6-7 тәуелділігі арқылы).

Қарастырылып отырған жұмыс кешенінің уақытша параметрлерін есептеу және желілік график тұрғызу белгілі бір реттілікпен жүзеге асады. n=11 үшін есептеу мысалы берілген.

Бірінші кезекте TPi и Tni барлық оқиғалары басталуының ерте және кеш мерзімдерін есептеп шығарамыз:



  • желілік графикте (2.2 сурет) оқиғаны білдіретін әрбір шеңберде үш секторды оқиғаның нөмірі мен есептеп шығарған нәтижелерді енгізу үшін ерекшелейміз. Графиктің жұмысты білдіретін стрелкалары үстінде тапсырманың нұсқасы ескеріле отырып есептеліп шығарылған жұмыс ұзақтығының сандық мәндерін белгілейміз;

  • TPi = T1 шығыс оқиғасы, яғни бастаудың берілген мерзімі үшін қабылдаймыз; 2.2 суретінде T1 = 0 деп қабылданған, ол шығыс оқиғасының сол жақ секторында жазылған;

  • Шығыс оқиғасынан шығатын барлық жұмыстарды таңба салып белгілейміз; (біздің жағдайда бұл 1-2 және 1-3 жұмыстары);

  • Барлық оған кіретін жұмыстар белгіленген j оқиғасын табамыз, ал T табылған жоқ (біздің жағдайда бұл 2 оқиға);

  • T -ды мына формула бойынша есептейміз:

,

жүктеу 2,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау