Дәріс № 10
Қысқы жылыжайларда қияр дақылын өсіру
Жылыжай топырағын алғашқы дайындағанда әрбір шаршы метріне 20-30 кг толық шірімеген көң еңгізеді. Көңді шашқаннан кейін топырақты қайтадан жыртады, терең қопсытады және агрохимиялық талдауға алады. Агрохимиялық талдауға сәйкес, негізгі өңдеу кезінде минералды тыңайтқыштар енгізіледі.
Қысқы-көктемгі айналымда ерте мерзімде отырғызғанда көшеттерді қос ізді таспалы 80+60x35-40 см (1 м2 3-4 өсімдік), ал кешірек отырғызғанда бір ізді - 80x50 см немесе 100x3 5см (1 м2-2-3 өсімдік) сұлбасымен жүргізеді. Блокты жылыжайларда қос ізді таспа 100+60x35-50 см сұлбасы дұрыс. Партенокарпты сұрыптарды ертерек мерзімде 160x45 см сұлбасымен орналастырады, кешірек болса - 160x50 см.
Жазғы-күзгі айналымда қысқы-көктемгімен салыстырғанда, сиректеу отырғызған дұрыс. Себебі жеміс салу кезеңі жарықтануы нашарлайтын мерзімге келеді. Блокты жылыжайларда өсімдік қатарын ұзын бойымен келтіреді.
Қияр өнімі көшетті отырғызу мерзіміне көбірек тәуелді болып келеді,мысалы тәжірибеде бақылау барысында көшетті тұрақты орнына 5 қаңтарда отырғызғанда бір шаршы метрден 15.0 кг өнім, 10 қаңтарда - 14,6 және 20 қаңтарда отырғызғанда 12.1 кг өнім жиналған.
7-сурет. Жіпті аспаға байлау тәсілдері: 1-жылжымалы ілмек; 2-түйіндеп байлау; 3-қатты байлау
.
8-сурет. Гүлдеуі аналық түртекті қияр өсімдігін қалыптастыру сұлбасы. (С.Ф.Ващенко бойынша Московский тепличный буданы)
Көшетті отырғызғаннан 3-4 тәулік өткен соң өсімдікті көлденең аспаға байлайды. Өсімдіктер біркелкі жарықтануы үшін оларды кезектестіріп, оң және сол жақтағы тартылған сымға байлай-ды (6-сурет).
Өсімдіктерді тік-аспа тәсілімен қалыптастырады ,мысалы Клин сортотипінің өсімдігін негізгі өркенді 8-9 жапырақтан кейін шырпиды, сосын арасына 2-3 жапырақ жіберіп тағы да шырпиды. өсімдік аспаға жеткеннен кейін негізгі өркенді одан асыра тастайды, содан кейін ол өз еркімен өседі. Бүйірлік өркендерді, өркенінде 2 жеміс қалдырып, жемістің үстінен шырпиды. Қысқа жемісті сұрыптар мен будандардың өсімдіктерін басқаша қалыптастырады: негізгі өркенді аспаға жетісімен, ал бүйірліктерін Клин сортотипінің сұрыптарындай шырпиды.
Партенокарптық сұрыптар мен будандардың өсімдіктерін бас-қаша қалыптастырады. Негізгі өркенді аспаға дейін шырпымай-ды, бүйірлік өркендерін төменнен 50-80 см биіктікке алып тас-тайды («жарықтандыру»), қалғандарын алдымен 1 жапырақ пен 1 жеміске, одан жоғарырақтарын аспадан жоғары 2-3 жапырақ пен жеміске, одан жоғарырақтарын аспадан жоғары 2-3 жапырағына және жемістердің салмағымен құламас үшін үшын байлай-ды. Жоғарғы 2-3 жемісін сымнан асыра орналастырып, 50 см кейін шырпиды. Отырғызғаннан кейін алғашқы 2 айда өсімдікті өте мұқият қалыптастырады (2-сурет). исімдікке түсетін ең жоғары салмақ - 70 жеміс (30-35 кг).
Ұзақ өсіріп, өсімдіктің төменгі бөлігінде жапырақ қалмағанда өсімдікті жасарту үсынылады: желінің жапырақсыз бөлігін дымқыл жерге жаяды, қосалқы тамырлар пайда болғаннан кейін 2 см қалың топырақпен жабады. Сабақтың жоғарығы ұшын тағы да байлайды. Партенокарптық сұрыптар үшін жасартудың қажеті жоқ.
Өсімдікті күтіп-баптау үшін қозғалмалы, жылжитын және жылжымайтын ПСП-1,4 платформа - басқышты қолданады. Платформа алға және артқа жылжи алады.
Жылыжайларда қиярды топырақтың агрохимиялық талдау негізіне сүйеніп үстеп қоректендіреді. Қияр 1 кг жеміс қалыптастыру үшін 1,4 азот, 0,9 фосфор, 2,8 калий, 1,2 кальций және 0,2 г маг-ний пайдаланды. Өсімдікті көмірқышқыл газымен үстеп қоректендіру өте пайдалы.
Жылыжайдағы температураны шуақты күндері 20-28°С, бұлыңғыр күндері 20-22°С маңында ұстайды. Жеміс байланғанша түнде 17-18°С, жеміс байланғанда - 20-22°С. Топырақ температурасы 20-22°С, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 75-85°С. Қиярды қыста және ерте көктемде, әдетте, таң сәріде жылытылған сумен (23-24°С) суарады. өсімдікті қыста және көктемде өсіргенде қажет суару саны мен су шығыны 1-кестеде келтірілген.
7 - кесте. Суару саны және су шығыны
Көрсеткіш
|
Ай
|
|
|
I
|
II
|
III
|
IV
|
V
|
VI
|
VII
|
VIII
|
IX
|
X
|
XI
|
XII
|
Суару саны
|
3
|
6
|
8
|
10
|
12
|
15
|
15
|
12
|
6
|
4
|
2
|
2
|
1м2су шығыны, л
|
7
|
7
|
10
|
10
|
12
|
12
|
13
|
12
|
12
|
10
|
9
|
8
|
Бақылау сұрақтары:
1. Қысқы жылыжайда қияр дақылын өсіру ерекшеліктері
2. Қияр дақылының жылыжайда өсірілетін сорттарына жалпы сипаттама.
3. Қиярды суару саны
Достарыңызбен бөлісу: |