Дәріс мазмұны:
Логотерапияның негізгі ұғымдары
Логотерпияның техникалары
Логотерапияның негізін салушы (грек сөзі «logos» - сөз, terapeia – күтім, емдеу) В.Франкл болып табылады.
Бұл бағытта адамның тіршілік ету мәні қарастырылып, осы мәнді іздеу жүзеге асырылады.Франклдың көзқарасына сәйкес адамның өмір мәнін іздеуге және жүзеге асыруға ұмтылысы барлық адамға тән туғаннан пайда болатын мотивациялық тенденция және тұлғаның дамуы мен мінез-құлқының негізгі қозғаушысы болып табылады.Франкл «мәнге ұмтылысты» «рахат алуға деген ұмтылысқа» қарама-қарсы деп есептеген: «Адамға теңдік жағдайы, тыныштық емес, керісінше соған тұрарлық қандай да бір мақсат үшін күрес қажет».Алайда өмір мәнін жүзеге асыруға деген адами ұмтылыс фрустрацияға әкеліп, бұл экзистенциалды фрустрация неврозға әкелуі мүмкін.В.Франкл адамды өмір бойы өз руханилығын жаңартатын жасаушы деп есептеген.Адамның әрекетін ол 3 типке бөлді:
Рухани тұлғаны жасауға мүмкіндік беретін.
Руханилықты жоюшы.
Руханилыққа қатысы бойынша немқұрайлы.
Адам өз әрекеттері үшін жауапты.Жауапкершіліктен бас тарту кейін адам құнын төлейтін әрекеттер болып табылады.Адам әрдайым өз әрекеттерін таңдауда, шешім қабылдауда еркін, бірақ тек жаңарушы әрекетті таңдауда өмір мәнін жүзеге асырады.Жаңарушы әрекеттер шығармашылықтың құндылығын, уайым және қарым-қатынасты іздеуге бағытталған.Әрбір адам үшін бұл құндылықтар танымал, нақты және қайталанбас, сондықтан адам өмір мәнін іздеуде өзін және өзінің тұлғалығын жүзеге асыратын аймақты іздейді және табады.Егер адамда өмір мәнін жоғалту жағдайы пайда болса, В.Франкл адамға өз тұлғалығының бірегейлігі мен қайталанбастығын ұғынуға және сезінуге ұсыныс береді.Өзі өмір сүретін әлемді және қоршаған адамның құндылығын, өзін-өзі бағалауды иелене отырып адам өзіне-өзі сенімділікке, өз толымдығына, керектігіне, яғни өмір сүру мәніне қол жеткізеді.Қандай жағдайда болмасын адамның өмірі мәнін жоғалтпайды - өмір мәні әрдайым табылуы мүмкін.
В.Франклдың тұлғалық тұрғысының негізінде 3 негізгі ұғым жатыр: «еріктің еркіндігі», «мәнге деген ерік» және «өмірдің мәні».В.Франкл бойынша өмір мәні туралы сұрақ қазіргі қалыпты адам үшін табиғи.Адамның оны иеленуге ұмтылмауы, оған жетелеуші жолдарды көрмеуі мәнсіздік сезімі, өмірдің пайдасыздығы секілді психологиялық қиындықтың және негативті уайымның негізгі себебі болып табылады.Негізгі кедергі адамның өз-өзіне орталықтануы, өзінен, басқа адамнан және мәннен шыға алмауы болып табылады.
В.Франкл бойынша мән өмірдің әрбір ретінде, сонымен қатар қайғыда да объективті болады.Психолог бұл мәнді адамға бере алмайды, өйткені әркімде ол өздік.Бірақ психолог клиентке оны ұғынуға көмектесе алады.Өмір мәнін жоғалту күшті психозақымдық жағдайларда жүзеге асады: жақын адамның қайтыс болуы, соғыс әрекетіне қатысу және т.б.
Логотерапияның міндеті адамға өмір мәнін табуға көмектесу болып табылады.Өмірдің бірегейлі мәні (немесе дәл сол қызметті атқаратын жалпылама құндылықтар) 3 сфераның біреуінде табылуы мүмкін:
шығармашылықта;
эмоционалды қайғыруда;
адам өзгерте алмайтын жағдайларды саналы қабылдауда.
Құндылықтар – қоғам өмірінлегі жағдайларды жалпылау нәтижесі болып табылатын мәндік әмбебаптар.Құндылықтардың үш тобының ішінен – шығармашылық, қайғыру және қарым-қатынас – приоритет шығармашылық құндылықтарына жатады.Қайғыру құндылықтарында Франкл махаббатты жоғары мәндік потенциалы бар уайым ретінде көрсетеді.
В.Франклдың концепциясындағы орталық жауапкершілік мәселесі болып табылады.Адам өзіндік мәнді таңдауда тәуелсіз, бірақ оны таба отырып өзінің бірегейлі мәнділігін жүзеге асыру үшін жауапты.Еркіндік қажеттілік алдында көрініс табады.
Франкл өз шегінен шығуды өзіндік трансценденция ұғымымен түсіндіріп, өзіндік өзектендіруді өзіндік трансценденция сәттерінің бірі деп есептейді.Өздік трансценденция және өздік оқшауға қабілеттілік – логотерапиядағы орталық ұғымдар.
Франкл қорқыныштың патологиялық реакцияларын игеру механизмін келесідей сипаттайды: адамда қандай да бір құбылыс алдында қорқыныш пайда болады (жүрек талмасы, инфаркт, онкоаурулар); күту реакциялары – бұл құбылыс және жағдай келеді деген қорқыныш.Қорқынышты, қысым шеңберін үдететін күтілетін жағдайдың жеке белгілері пайда болуы мүмкін: жағдайды күту қорқынышы тікелей жағдаймен байланысты қауіптенуге қарағанда күшті бола түседі.Адам өз қорқынышына шынайылылықтан (өмірден) қашу арқылы жауап береді.Франкл қалыптасқан жағдайда өзін-өзі оқшаулауды қолдануды ұсынады.Өзін-өзі оқшаулауға деген анық қабілеттілік әзілде көрінеді.Әзіл неден болса қашықтауға және өзін, жағдаятты бақылауға мүмкіндік береді.Қорқыныш қауіп төндіретін жағдаяттан қашуға мүмкіндік беретін биологиялық реакция.Егер адам өзбетімен жағдаяттарды белсенді іздесе, онда қорқыныштан «айнала» әрекет етуге үйренеді және қорқыныш бірте-бірте жоғалады.Бұдан логотерапияның негізгі бағыттары шығады:
Егер адамның өмірі мәнсіз болса, ол қалыпты өмір сүре алмайды және өмірінің мәні мен мақсатын таппайынша тыныштығынан айырылады.
Өмір мәні адамға тереңнен берілмейді, ұсынылмайды және байланбайды.Ол оны өзбетімен табуы керек.
Техникалары
Адамдарға өз мәселесін шешуге көмектесуде Франкл 2 негізгі әдісті ұсынады:
дерефлексия әдісі;
парадоксалды интенция әдісі.
1. Дерефлексия әдісі артық өзін-өзі бақылауды жоюға, өзін-өзі қазбалау деп аталатын жеке қиындықтарды ойлауға негізделген.Зерттеудің көрсетуінше, қазіргі жастар кемшіліктерге қарағанда өздерінде кемшілік бар деген ойдан жапа шегеді.
2. Парадоксалды интенция әдісінде психолог клиентті өзі қашуға тырысатынына бағыттауды болжайды.Мұнда әзілдің әр түрлі құбылыстары белсенді қолданылады.Франкл экстремалды жағдаяттағы еркіндік формасын батыр әрекетке ұқсастырғандай әзілді еркіндік формасы ретінде қарастырады.В.Франклдың қорытынды шоғырландырылған лагерь ретіндегі өз тәжірибесі оның позициясының дұрыстығын дәлелдейді.Ол адами емес жағдайларда адам болып қалып, жағдайлар алдында көтерілуге мүмкін екеніне көз жеткізді.Бұл үшін өмір мәнін сақтау керек.Ол өз тәжірибесін «Психолог в концлагере» атты кітабында сипаттады (1946).Концлагерлерінде жоғары деңгейде өмір сүруге, шешуді және жүзеге асыруды күтетін міндеттері бар адамдар қабілетті болды.Франклды Освенцияға алып кеткендеоның жариялауға дайын жазбасын тәркілеп, «осы жазбаны жазуға деген терең ұмтылыс лагерлік өмірдің қатаңдығын қайтадан көтеруге көмектесті».Парадоксалды интенция әдісі қорқынышты түзету жұмыстарында қолданылады.Мысалы, егер адам жабық бөлмеден қорықса, оған осындай бөлмеде өзін-өзі мәжбүрлеп болуға ұсынылады.Ұзақ болу нәтижесінде қорқыныш жоғалып, адамның өз-өзіне сенімділігі артып, бұрын қашқақтағандарынан қорқуды қояды.
Логотерапияда келесідей тәсілдер де қолданылады: өмірді персоналды ұғыну, «сократтық диалог».
3. Өмірді персоналды ұғыну.Бұл тәсіл өмір мәнін жоғалтқан адамға оның басқа адамға керектігін, өмірдің олсыз өз мәнін жоғалтатынын айтуға, көрсетуге негізделген.Ересек баласынан айырылған әйел үшін өмір мәні немерелерін тәрбиелеу болып табылады.Онкоаурудың нәтижесінде баласынан айырылған әйел қайырымдылық қорын ұйымдастырып, өмірдің мәнін осындай жағдайларға тап болған басқа аналарға көмектесу арқылы табады.Осылай, адам өз өмірінің мәнін басқаларға, жақын адамдарына керектігін ұғыну арқылы табады.Бұл, ең болмағанда, бір адамға оның қайталанбастығын, өзінің бірегейлігін түсінуге, мәнінен айырылған өмірдің мәнділігін қайтаруға негізделген тәсілдердің бірі.Адам өмір мәнін шығармашылықтан, басқа адамдарға істеген жақсылығынан, шындықты іздеуінен, басқа адаммен қарым-қатынастан табуы мүмкін.Ең бастысы, ол осы істері мен әрекет түрлеріне қанағаттануы керек.Франкл бойынша мәселе адамның қандай жағдайға тап болуында емес, оның өз жағдайына қалай қарайтығында.
4. «Сократтық диалог».Бұл тәсілдің міндеті – клиентті бірлестікке тарту және оның сана аймағын кеңейту.»Сократтық диалог» - жүру барысында клиенттің ретсіз, қарсылықты және дәлелсіз талқылаулары түзетілетін психолог пен клиент арасындағы интеллектуалды жекпе-жек.Бірте-бірте психолог клиентті жоспарланған тұжырымға әкеледі.Бұл үрдістің негізінде тәсілдің ядросын құраушы логикалық дәлел жатыр.Әңгімелесу барысында психологсұрақтарды клиент максималды саны бойынша жағымды жауап беретіндей құрастырады.Осылай, клиент бұрын қабылданбаған, түсініксіз немесе белгісіз болған талқылауларды қабылдауға келеді.
№ 14 дәріс
Тақырып: Психотерапиялық жұмыстардың мақсат-міндеттері, негізгі принциптері.
Дәріс мазмұны:
Психотерапиялық жұмыстың принциптері.
Диагностика мен коррекция бірлігі принципі.
Дамудың қалыптылығы принципі.
«Жоғарыдан төменге қарай» принципі.
«Төменнен жоғары қарай» принципі.
Психикалық іс-әрекеттің даму жүйелілігі принципі.
Түзетудің іс-әрекеттік принципі.
1. Диагностика мен коррекция бірлігі принципі практикалық психолог іс-әрекетінің негізгі түрі ретінде психологиялық көмек көрсету үрдісінің тұтастығын көрсетеді. Д.Б.Эльконин, И.В.Дубровина еңбектерінде кең қаралған бұл принцип барлық түзету жұмыстарының негізін қалаушы брлып табылады, өйткені түзету жұмысының 90% нәтижелілігі жүргізілген диагностикалық жұмыстардың тереңдігіне, нақтылығына жәе кешенділігіне тәуелді.
Аталған принцип екі аспектіде жүзеге асады:
Біріншіден, түзету жұмысы жүзеге асар алдында нақты кешенді диагностикалық зерттеу кезеңдері өту керек, осылардың негізінде алғашқы қорытынды жасалып, түзету-дамыту жұмыстарының мақсат-міндеттері құрылады. Нәтижелі түзету жұмысы алдын ала жүргізілген нақты психологиялық тексерудің негізінде құрылады. Сонымен қатар, «ең дәл, терең диагностикалық мәлімет алдын ала жүйелі жоспарланған психологиялық-педагогикалық түзету шаралары болмаса мәнсіз болып табылады» (Д.Б.Эльконин, 1989).
Екіншіден, Психологтың түзету-дамыту іс-әрекетінің жүзеге асуы түзету жұмысындағы тұлға, мінез-құлықтық және іс-әрекет өзгерістерінің динамикасын, клиенттің эмоционалды жағдайы, оның сезімдері мен уайымдарының динамикасын үнемі бақылауды талап етеді. Мұндай бақылау бағдарламаның міндеттеріне қажет түзетулерді енгізуге, клиентке психологиялық әсер ету құралдары мен әдістерін дер кезінде толықтыруға және өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен, түзетудің тиімділігін бақылау динамикасының барысы, өз кезегінде түзету жұмысының тұтас үрдістерін жарып шығатын және психологқа қажет ақпараттар мен кері байланысты еретін диагностикалық шаралардың жүзеге асуы талап етеді.
2. Даму қалыптылығының принципі. Даму қалыптылығы деп онтогенездік дамудың жастық кезеңдеріндегі жастың бірін-бірі ауыстыру реттілігі ретінде түсінуге болады.
«Психологиялық жас» ұғымын Л.С.Выготский енгізген болатын. Бұл «белгілі бір жас кезеңінде негізінен баланың санасын, қоршаған ортаға қатынасын, оның сыртқы және ішкі өмірін, сол кезеңге тән даму барысын анықтайтын тұлға құрылымының жаңа типі, оның іс-әрекеті, психикалық және әлеуметтік өзгерістері» (Л.С.Выготский 1984, 248 бет).
Сонымен баланың даму деңгейін жастық нормаға сәйкестенуін бағалау және түзетудің мақсаттарын құрастыру кезінде келесі сипаттамаларды ескеру қажет:
Дамудың әлеуметтік жағдайының ерекшелігі (мысалы, білім беру немесе тәрбиелеу мекемелерінің түрінің, балалардың құрдастарымен, ересектермен және т.б. қарым-қатынас ортасының өзеруі);
Жастық дамудың осы кезеңінде психологиялық жаңалықтың
қалыптасу деңгейі;
3. Баланың жетекші іс-әрекетінің даму деңгейі, оны үйлесімдеу.
«Жастық норма» ұғымынан басқа психологқа «жеке норма» ұғымымен кездесуге тура келеді. Бұл ұғым дамудың жастық нормасы аймағында әр клиенттің даралығын және өзбетті даму жолдарын ескере отырып, нақты клиент үшін дамуды тиімдендіру бағдарламасын белілеуге мүмкіндік беред.
«Жоғарыдан төменге қарай» түзету принципі. Л.С.Выготский ұсынған бұл принцип түзету жұмысының бағыттарын көрсетеді. Психологтың назарында дамудың ертеңгі күні болады, ал түзету іс-әрекетінің негізгі мазмұны клиент үшін «жақын даму зонасын» жасау (Л:С:Выготскийде бұндай клиент рөлінде балалар жүрді) болып табылады. Бұл принцип бойынша түзету басымдылық сипатына ие және психологиялық жаңа бейнелерді өз кезегінде құрылуына көзделген психологиялық іс-әрекет ретінде құрылады.
«Төменнен жоғары қарай» түзету принципі. Түзету жұмысының мазмұны ретінде бүл принциптің жүзеге асуы кезінде бұрынан бар психологиялық қабілеттерді жаттықтырлады. Бұл принципті негізінен мінез-құлықтық тұрғыны жақтаушылар жүзеге асырды. Олардың түсінігіндеі мінез-құлықты түзету әлеуметтік жағымсыз мінез-құлықты тежеу және әлеуметтік жағымсыз мінез-құлықты бекіту мақсатында бұрынан бар мінез-құлық шаблондарын нығайту ретінде құрылады.
Психологиялық іс-әрекеттің жүйелі даму принципі. Бұл принципке түзету жұмысында алдын алу және дамыту міндеттерін ескеру қажеттілігін көрсетеді. Осы міндеттердің жүйелілігі тұлғаның әр түрлі жақтарының өзара байланысын және олардың дамуының біркелкілігін көрсетеді. Түзету-дамыту іс-әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтау кезінде тек бүгінгі күнде ғана өзекті мәселелермен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар, дамудың жақын күндегі болжамын ескеру керек. Түзету жұмысының стратегияларын анықтау кезінде дамудың жүйелілік принципі «жоғарыдан тқмен қарай» түзету принципімен тығыз байланыста екені анықталады.
Түзетудің іс-әрекеттік принциі. Бұл принцип коррекциялық күштің түсетін пәнін, мақсатқа жету үшін әдістер мен құралдарды таңдауды, түзету жұмысының жүргізілу ебін, қойылған мақсаттың жүзеге асу тәсілдері мен жолын анықтайды.
Түзетудің іс-әрекеттік принципі: біріншіден, коррекциялық күш негізделген пән анықталады, екіншіден, бағытталудың жалпы тәсілдерін қалыптастыру жолымен іс-әрекеттің сәйкес түрін ұйымдастыру арқылы түзету жұмысының тәсілдерін шығарады.
Психокоррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Психокоррекциялық шаралар дамудағы ауытқушылықты түзетуге бағытталған. Осыған байланысты өзекті сұрақтардың бірнешеуі пада болады:
Дамудағы ауытқушылық деп нені түсінуге болады?
Психологиялық түзетуді жүзеге асыру үшін көрсеткіш қандай болу керек?
Түзетудің міндеттерін мақсатты анықтауына жауапкершілікті алатын және шешім қабылдайтын кім?
Рейсейлік психологияда түзету жұмысының мақсаты балалардың психикалық даму заңдылықтарын ересектермен серіктестікті жүзеге асырудағы белсенді іс-әрекет үрдісі ретінде түсінумен анықталады. Осының негізінде түзету мақсаттарын құруда 3 негізгі бағыт пен саланы бөліп көрсетуге болады:
Дамудың әлеуметтік жағдайын тиімдендіру.
Бала іс-әрекетінің түрлерін дамыту.
Жастық-психологиялық жаңа түзілістерді қалыптастыру.
Шетел психологиясында бала дамуындағы қиындықтардың себебін я тұлғаның ішкі құрылымының бұзылысымен (З.Фрейд, м.Клайн және т.б.), я дефицитарлы немес бұрмаланған ортада немес осы екі көзқарасты біріктіруде қарастырады. Ал бұдан әсер ету мақсаты психодинамикалық күштердің үйлесімділігі және тұлға тұтастығын қалпына келтіру ретінде немесе баланың жаңа мінез-құлқының формаларына үйрену және ортаның өзгеріп, баюы есебімен баланың мінез-құлқын өзгерту ретінде түсіндіріледі.
Түзету жұмысының техникасы мен әдістерін таңдау, оның жетістігін бағалау критерийлерін анықтау соңында оның мақсаттары анықталады.
Түзетудің мақсаттарын нақтылау кезінде келесі ережелерді басшылыққа алу қажет:
Түзету жұмысының мақсаттары позитивті формада құрылу керек.
Түзету жұмысының мақсаты шынайы және түзету жұмысының ұзақтығына, клиенттің жаңа позитивті тәжірибені және түзету сабақтарында игерілген әрекет тәсілдерін шынайы өмірлік қатынастың тәжірибесіне ауыстыру мүмкіндігіне сәйкес болу керек.
Түзету жұмыстарының жалпы мақсаттарын құрастыру кезінде тұлға дамуының алыс және жақын перспективасын ескеру, түзету бағдарламасының аяғына қарай клиенттің интеллектуалдық және тұлғалық дамуының нақты көрсеткіштерімен қатар, клиенттің ары қарайғы даму кезеңінде іс-әрекет және қарым-қатынас ерекшелігі осы көрсеткіштердің көріну мүмкіндігін жоспарлау қажет.
Түзету жұмысының нәтижесі ұзақ уақыт аралығында көрінетінін ескеру керек: түзету жұмысының үрдісінде; оның аяқталар сәтінде; жарты жылдан кейін клиенттің түзету жұмысының жағымды нәтижесін жоғалтуы немесе нығайтуы туралы нақты айтуға болады.
№ 15 дәріс
Тақырып: Мінез-құлықтық терапия
Достарыңызбен бөлісу: |