Сабақ жоспары Бөлім: 1 Ғасырлар даналығы



жүктеу 77,64 Mb.
Дата04.01.2022
өлшемі77,64 Mb.
#36111
түріСабақ
Айтбаева Анипа 3 сын (1)


Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Бөлім:1

Ғасырлар даналығы

Педагогтің аты-жөні

Айтбаева Анипа Беккулиевна

Күні:

08.09.2021 ж

Сынып: 3 А

Қатысушылардың саны: 13

Қатыспағандардың саны:

Сабақтың тақырыбы №2

Жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгереміз

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары



  • адамдарға назар аударуды және құрмет көрсетуді, өзін-өзі құрметтеуді, жақындарына, туыстарына қамқорлық жасауды біледі.




Құндылық:

Ақиқат


Қасиеттер:

шыншылдық,кішіпейілділік, жауапкершілік

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға үйлесімді өмір сүрудің маңыздылығын түсіндіру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:


    1. Білімділік: Оқушыларды адалдықпен өмір сүруге үйрете отырып, шыншылдық қасиеті туралы түсінік беру;

    2. Дамытушылық: Оқушыларды шынайы қарым-қатынас жасау арқылы кішіпейілділік қасиетін дамыту;

    3. Тәрбиелік: Оқушыларды шыншылдыққа, кішіпейілділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.





Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

1.Жағымды көңіл күй

(1-3 мин)



5 «Т» ережесі

  • Тәртіп

  • Талап

  • Тыныштық

  • Тазалық

  • Татулық



Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)

немесе

1..................2

Балалар ережені естеріне түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, сабақты татулықпен өткізу туралы біледі

Оқушылар дұрыс тыныс алуға зейін қоя отырып, жақсы қасиеттерді есте сақтайды.



Плакат


Үнтаспа, музыка



2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)

(3-5 мин)



Оқулықтың 8 –бетіндегі 2-тапсырма Ыбырай Алтынсарин «Әдеп» әңгімесі

Мәтінді оқып, адамның әдепті істерін тізбелеп дәптерлеріне жазу.

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді.

Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:



  • Тақсыр, осыншама жұрттың үстінен қараған әкімсіз , осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз?- деп айтты дейді.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім – білім үйренбеген мұжық сонша иіліп әдептілігін көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып қалайын ба?- деді дейді.

Сұрақтар:

  1. Ы.Алтынсарин кім?

  2. Әкімнің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңыздар?

  3. Бас әкім мен мұжықтың кішіпейілділігі олардың қандай іс-әрекеті арқылы көрінеді?

  4. Әдептілік дегеніміз не?

  5. Өз бойларыңдағы кішіпейілділік қасиетті қалай көрсетіп жүрсіздер? Мысал келтір.

Оқушылар оқулықтан оқып келген Ыбырай Алтынсариннің «Әдеп» әңгімесі бойынша түсініктерін айтады. Сұрақтарға жауап береді.

  1. Ыбырай Алтынсарин – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ақын- жазушы, қоғам қайраткері.

  2. Әкімнің бойында кішіпейілділік, өзге адамды сыйлай білуді байқауға болады.

  3. Әдептілік дегеніміз – өзін кез-келген ортада дұрыс ұстай білу.

3 сынып «Өзін –өзі тану» оқулығы, оқушы дәптері, стикерлер

72бет.

https://kk.wikipedia.org/wiki/

(1841-1889)





  1. Жағымды ой-пікір (дәйексөз (әңгімелеу)

(2-3 мин)


Шындық – ақиқатты түсіндіруші

Бауыржан Момышұлы

(1910-1982 ж)

Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Дәйексөзді алдымен мұғалім оқиды.



Талдау сұрақтары:

  1. Шындық дегеніміз не?

  2. Ақиқат дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Ақиқат құндылығы бар адамдарда қандай қасиеттер болуы керек?

  4. Өзіңіз шындықты әрдайым айтасыз ба?

  5. Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын құптай отырып, бағыттау және түзету жұмыстарын жүргізеді.

Мұғалім: Түйін. Ақиқатқа ұмтылу әркімнің өз шындығын түзеуге әсер етеді де, шыншылдық қасиеті артады. Сондықтан әрбір іс пен сөздің ақиқат екенін аңғару үшін асығыс шешім қабылдауға болмайды. Себебі, үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Егер шындық адам жүрегін жаралайтын болса, онда үндемеген дұрыс.

  1. Ұл балалар дәйексөзді қайталап оқиды.

  2. Қыз балалар дәйексөзді қайталап оқиды.

Оқушылар дәйексөздің мәнін түсінеді. Сұрақтарға жауап бере отырып ойын жеткізеді. Дәйексөзді дәптерге жазып алады.

1.Шындық ол әр адамның өз ақиқаты.

2.Ақиқат –ол бұлтартпас шындық.

3. Ақиқат құндылығы бар адамдарда шыншылдық, кішіпейілділік, жауапкершілік болу керек?



https://newsroom.kz/nrnewsqaz1525303.html

http://bm.kaznpu.kz/kz/b1/





4. Мұғалім сыйы. Оқиға айту

(5-7 мин)





Бала Абай

     Бұл Шыңғыс бөктеріне үш-төрт ауыл қоныпты. Бұлар «Құнанбай ауылы» деп аталады. Абай ауыл ортасындағы ақ үйлердің қасында қарап тұрған екі шешесі Ұлжан мен Айғызға жеткенше асықты. Аттан түсе салысымен шешесіне беттей берсе, Ұлжан : «Әуелі әкеңмен амандас»,- деп Құнанбайды меңзейді. Сосын Абай әкесі және қасында тұрған кісілерге барып, сәлемін береді. Онымен бірге Байтас пен Жұмабай да келіп сәлемдеседі. Әкесі Абайдан: «Молда болдың ба? Бойың қоса білімің өсті ме?»,- деді. Сонан соң шешесіне баруын меңзеп, өзі батыстан келе жатқан төрт-бес салт аттыға қарап тұрып қалады. Абайды шеше-жеңгелері сүйіп, Телғара деп еркелете түседі. Абай бәрімен амандасып болып, бәрінен де көп сағынған Зере әжесінің құшағына енеді. Кеш түсіп, Абай әжесіне арнап өлеңдер айта бастап еді. Біршама уақыт өткен соң Құнанбай баласын шақыртып алады...

Сұрақтар:


  1. Абай Құнанбаев кім?

  2. Абай Құнанбаев бойындағы кішіпейілділік қасиетінің қалыптасуына себепкер адамдар кімдер деп ойлайсыздар?

  3. Абай Құнанбаев туралы тағы қандай мәлімет білесіздер?

  4. Ақын шығармаларының маңызы қандай?

  5. Оқушылар өздеріңіз шыншылдық, кішіпейілділік қасиеттерді кімнен үйренесіздер?

Оқушылар бейнетаспадан мәтінді тыңдайды, талқылау сұрақтарына жауап беріп, өз пікірлерін білдіреді.
1.Абай Құнанбаев ұстаз, ақын, ағартушы, философ, аудармашы, композитор.

2. Абайдың бойындағы кішіпейілділік қасиеттің қалыптасуына бұл жерде анасы мен әжесінің ықпалын байқауға болады.

3.Абай Құнанбаев өлеңдері жастарды білімге, адамгершілікке тәрбиелейді.

4. Ақынның өлеңдері жастарды шыншылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді.



Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/proza/19737/

5. Шығармашылық жұмыс (5-7 мин)



Топтық жұмыс.

1 – тапсырма.

Бүгінгі сабақтағы қасиеттердің мәнін оқушылар есте сақтап , түсініктерін кеңейту үшін , берілген адамгершілік қасиеттерге сипаттама жазуды тапсырады.



Шыншылдық – адами құнды қасиет, шындықты айту, алдамау, растау қабілеті.

Кішіпейілділік – ізгілік пен әдептіліктің , құрмет пен сыйластықтың белгісі.

Жауапкершілік – адамға өзіне тапсырылған міндетті орындап, жүзеге асыруына байланысты байқалатын адамгершілік қасиет.

Оқушылар топ бойынша

1 топ. Шыншылдық,

2 топ. Кішіпейілділік

3 топ. Жауапкершілк қасиеттеріне сипаттама жазады, дәлелдемелер келтіреді


https://kk.wikipedia.org/wiki/

6. Жобалау қызметі


-

-

-

7. Үй тапсырмасы (2-3 мин)

1. Шыншылдық туралы нақыл сөздер жазып келу.

2 .14 бет «Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы туралы» аңызды оқып келу.



Оқушылар ізденіп шыншылдық туралы нақыл сөздер жазады.

Оқушылар берілген мәтінді оқиды Берілген сұрақтарға жауап беруге дайындалады



3- сынып «Өзін –өзі тану» оқулығы, 14 бет


8. Топпен ән айту

(2-3 мин)


«Дос болайық бәріміз»

Сөзін жазған:Х.Талғаров

Әнін жазған:И.Нүсіпбаев


  1. Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз,

Ілгері жүріңдер,

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті

Еңбекті сүйіңдер!

Қайырмасы: 

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз!

2 . Қайраттанып , қарышта ,

     Озып  шыққан  жарыста

     Батыл  бас, жас  ұлан!

     Самға, биік, алысқа ,

     Жұлдыздарға , ғарышқа ,

     Бойда  күш  тасыған.



Қайырмасы:

Оқушылар әнді қосылып айтады, алған әсерлерімен бөліседі.

http://ustazdar.kz/adebiet/olender/2685-dos-bolayy-brmz.html
https://www.youtube.com/watch?v=u17finA04JQ

9. Сабақтың қортынды сәті

2-3 мин

Оқушылар , бүгінгі сабақта айтылған құндылық пен қасиеттерін есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтаймыз. Іштеріңізден «Мен шынайылық, кішіпейілділік, жауапкершілік қасиеттерін әрқашан ұстанамын» деп қайталап айтыңыздар.

Мұғалім: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халық бекер айтпаған. Барлық ата –ана баласының жақсы шыншыл, кішіпейіл, жауапкершілігі мол болып өскендігін қалайды, мақтаныш етеді. Жақсы адам болу үшін – шынайы, кішіпейіл болумен қатар, өзіне тапсырылған істі жауапкершілікпен атқара білу керек екендігін есте сақтаңыздар.


Оқушылар іштерінен «Мен шынайылық, кішіпейілділік, жауапкершілік қасиеттерін әрқашан ұстанамын»деп қайталап айтады.




жүктеу 77,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау