тигізетіні белгілі. Сондықтан білім беру қоғамдық проблемаларға мән
беріп, басқа элементтердің дамуына ықпал етуге қабілетгі және міндетті.
Әсіресе, білім берудің қоғамның рухани негізі ретіндегі тәрбиелік қызметі
құнды. Бұл жерде біз білім беру - тек қана білім, білік, дағды
қалыптастырады деген стереотиптен арылмай, ол өз міндетін, қызметін
атқармайтынын түсінуіміз қажет. Оқыту көп жағдайда дайын,
жүйеленген, сандык білім береді. «Адамзаттың сапальгқ ерекшеліктерін,
яғни руханилығьга» қалыптастыру көзі болатын рухани тәрбие үшін
білімнің мәнін, мағынасын, қүндылығын және кәсіби маңыздылығын ашу
керек. Жаңа көзқарас болу үшін оның сол тұлға үшін мағынасы
барлығына көзін жеткізу керек. Барлығы адамның субьектілі
санасындағы жаңа идеялардан, қоршаған әлемінен, тәрбиеден
басталатьшын түсіну қажет. Тәрбиені ең алдымен әр адамның, ұрпақтын,
үлттың, мемлекеттің, ғасырдың менталитетін сыйлаудан, үлттық
ерекшеліктерді, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарды ескере отырып,
менталитетгің қүрылымдық компоненттері интеллект пен ойлауды
дамытудан, қалыптастырудан бастау керек сияқты». Тәрбие сапасы - ол
адамның өзі, оның әрекеті, адамдық болмысы және менталитеті. Томас
Генри Гексли «Өмірдің басты мәні - тану емес, әрекеттену» деген. Ал,
М.И.Махмутов «Егер локальдық және әлемдік қақтығыстар болса, бүл
адамдардың және халықтың ментальдық сәйкессіздігінен» деп жазады.
«Менталитет - бүл үғым, адамның қоғамдык және әлеуметгік-
психологиялық даму деңгейін, оның танымдык және тәртіп алгоритмін
керсететін ұғым. Менталитет деген сөздің, бізге Батыс елдерден
келгендігі белгілі. Мәселен француздар «тепіаһіе», ағылшындар
«тепіаіііу», немістер «тепіаіііаі» дейді, бірақ түбірі бір, негізінде
латын тілінен алынған. Олардың пікіріне сүйенсек, бұл ұғым жеке
адамдардың, не топтардың «ақыл» сапасы мен сананың қабілетін, күшін,
ақылдың бастауын, мазмұнын, құрылымын, ойлау түрін, бағытын, сондай-
ақ мүмкіндігін бейнелеп, олардың басқа физикалық қүбьшыстардан
ерекшелігін ажыратып береді. Айталық, менталитет — мидың салмағына,
көлеміне, оның ішіндегі түрлі иірім-жолдарына жатпайтын, одан тыс,
тікелей туындамайтын интеллектік қүбылыс. Шетел сөздігінде
«менталитет» — сезімдік және рухани ойлау тәсілі, жеке адамдардың
немесе топтың рухани хал-жағдайы деп пайымдалған. Мәселен,
М.С.Орынбеков «Основные универсалии поркского менталитета» деген
мақаласында: «Менталитет — это коллективно формируемый в обществе
строй мышления и поведения, который присутствует у всех его членов и
проявляется на индивидуальном уровне» — деп жазады.
Менталитет атауын Батыста 1856 жьшдары Р.Эмерсон қолдана
бастаған. Кейін ол атау XX ғасырдағы гуманистикада М.Пруст, Леви
Брюль.Ж-Лефевр, И.Мейерсон, Л.Февр. Ж.Ле Тофф. Ж.Дюби
51
еңбектерінен орын алады. Солармен қатар бастауын XX ғасырдан алған
проблеманың зерттеушілері ретінде Батыс пен Шығыс ғалымдары:
Г.Лебон, Г.Тард. В.Вундт, Л.В.Бирко, Д.Дэвидсон, С.Хантингтон,
Э.Агацци, А.Аверьянов, И.Г.Дубов, А.Я.Гуревич, Л.Н.Гумилев,
Б.С.Гершунский, Ж.В.Ковалевская және В.В.Манекин, Л.П.Репина,
А.И.Куприянов, А.И.Марцинковская, Г.Д.Гачев, А.С.Панарин,
М.Қозыбаев, С.Сатыбалдин, Қ.Жарықбаев, С.Қ.Қалиев, К.Қожахметова,
М.Қойгелдиев, Қ.Салғарин, САқатай, А.Сейдімбек, Қ.Жүкеш,
Б.Байлярова, С.Нүрмүратов, Т.Омарбеков т.б. менталитет мәселесінің
мәні мен маңызына жүртшьшықтың назарын аударып, өріс алуына езіндік
үлес қосып келеді. Менталитет пән аралық категория, демек оны зерттеу
әдіснамасы да жүйелі пән аралық әдістерді қолдануға бағытталуы тиіс.
Қазіргі қазақ менталитегінің қалыптасу мен даму ерекшеліктерінің
зертгелуіне тоқталатын болсақ, бүл мәселе әлеуметгік-философиялық
түрғьщан әлі толық зерттеліп болмаған, философ-ғальгмдардьщ көз қырьгаа
еңді ілініп келе жатқан мәселелердің бірі. Қазақ философтарьшың ішіңде үлтгық
менталитет мәселесін алғашқы көтерген ғалым-философтар: Ж.М.Абдильдин,
Д.Кішібеков, А.Х.Қасымжанов, Ә.Н.Нысанбаев, Ғ.Е.Есім, М.С.Орынбеков,
А.Қ.Қасабек, Ж.Ж.Молдабеков, М.Ш.Хасанов, Ж.Алтаев, Ә.Қалмырзаев,
С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов, Қ.Ш.Нүрланова, І.Е.Ерғалиев, С.Е.Нүрмүратов
т.б. Егер, ХІХ-ХХ ғ.басында жарық көрген еңбектерде «менталитет»
атауы сирек қолданылған болса, кейінгі зерттеулер менталитет ұғымының
ғьшыми аппаратын жасауға, теориясын негіздеуге талпыньш, проблеманы
психологиялық, тарихи, философиялық, мәдени, саяси, экономикалық,
педагогикалық аспектілерде қарастырған. Менталитет проблемасын
арнайы зерттеген профессор Д.Кішібеков: «Менталитетті -
адамдардьщ нақтылы ісінен, өмір сүру тәсілінен, ойлау жүйесінен
бөліп қарауға болмайды. Ол — тек солар арқылы бейнеленетін,
түсінуге болатын қүбылыс. Олардан менталитетті жеке-дара бөліп
алып қарастыру мүмкін емес» деп атап көрсетеді. Өзінің бет-бейнесі,
ерекшелігі айқындалмаған халықтың тарихта болуы мүмкін емес. Әр
үлттың өзіндік менталитеті бар. Бүл көрініс сол үлтгаң жеке адамдары
арқылы байқалып, жалпы сол үлтқа, халыққа тән қасиетгі бейнелейді.
Қазақ менталитетін зерттеудің өзекті мәселелерінің қатарына, оның
этномәдени архетиптерін талдауды жатқызуға болады. К.Г.Юнг өз
еңбектерінде архетипті психологиялық түрғьщан талдай отырып, оның
үрпақтан-үрпаққа бейсаналық жолмен жетіп отыратынын және адам
психикасының қүрылымдық элементі екенін айтқан. Этномәдени
архетипте - үлттың бет-бейнесі, қадір-қасиеті, басқалардан өзіндік
ерекшелігі, жалпы ұлттың рухани болмысының көріністері бар. Қазақ
менталитетінің базистік архетиптеріне мыналарды жатқызуға болады:
төзімділік, ақ жарқын ашықтық, ешқашанда тарылмау, бөгдені
52
Достарыңызбен бөлісу: |