Педагог мамандьіғьіна кіріспе



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет16/36
Дата29.01.2018
өлшемі2,8 Kb.
#7992
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36

Жаксы шебер мүғалім окушылармен өзара карым-қатынасты бір 
деңгейде қалыптастыра алады. А.С.Макаренко: «Өзара қарым-катынас 
куанышты болуға тиісті. Ол шығармашылық өрлеуді, батылдықты, 
сергектікті керек етеді» - деді. Өз жүмысының сипатына байланысты 
мүғалім ұйымдастырушы, жетекші, насихатшы болуы керек. Ол үшін 
үйымдастырушылық қабілет, сергектік, ақжарқын, жігерлі, өзінің қайрат-
жігерімен, өмірге деген көзқарасымен жүртты еліктіріп, өзінің соңынан 
ерте білетін мүғалімге еліктеп, оларға әрдайым жақын жүреді. 
«Коллективтегі қатынас, стиль, сыңай» деген еңбегінде 
А.С.Макаренко бьшай деп айтады: «Балалармен сөйлескен кезде, мүғалім 
жадырап, жымиып түруға тиіс, ал бұл күлкісі жасанды болмай, сезімге 
толы жүмсақ күлкі болуы керек. Мүғалім быржиып-тыржимай, ренішті, 
мүңлы кейпін байқатпай жүруі керек. Егер мұғалім жайсыз нәрсеге 
ұшырап жүрсе, ауырып жүрсе, мүның бәрін ол оқушыларға сездірмеуге 
тиісті. Мұғалім өзінің сезімін ұстай білу керек, әр уақытта өзін токтата 
біліп, қайғыны қайратқа жеңгізу» керектігін ескертеді. Ол: «Бақытсыз 
адамды көрсең-ақ болады, өмірдің бүкіл қуанышынан айырыласың, 
тіршілігіңді уландырасың. 
Сондықтан егер сен өзіңді бақытсыз сезінсең, бірінші адамгершілік 
парызың, бүл женінде ешкім ештеңе білмеуге тиіс. Жымиьш күлуге өз 
бойыңнан күш тап, бақытсыздыққа жиіркеніп қарайтындай күш тап. 
Бақытсыздық атаулының бәрі әрдайым әсіреленіп тұрады, оны әрдайым 
жеңуге болады»,- деп түсіндіреді.  ¥лы үстаздың бүл кеңесінің жас 
мүғалімдер үшін, олардың оқытушьшықққа қалыптасуы үшін қажет. 
Мұғалім сахнадағы актер сияқты, әрқашан көрермен оқушылардьщ көз 
алдында жүреді, ал оқушының көзі байқағыш келеді. А.С.Макаренко 
мұғалімнің сыртқы кейпіне де ерекше тоқталады. Ол: «Мен 
оқьггушылардың сыртқы кейпіне де назар аудардым. 
Сыртқы келбет адамның өмірінде зор маңыз алады. Лас, салдыр-салақ 
адам өзінің жүріс-тұрысын қадағалап жүреді деп ойлау қиын» - деген 
болатын. Ол сонымен бірге мүғалімнің өз киіміне назар аударып жүру 
керектігін, қалай болса солай киінген мүғалімді сабаққа кіргізбей қоятын 
едім» - деді. Мүғалім әр уақытта тап-таза, жинақы, таранып, аяқ киімінің 
таза болуын қадағалап, тырнағын алып жүру керектігін ескертті. Бұл 
арадағы басты нәрсе - әр уақытта оқьпушы екендігін ұмытпау, тым ашық, 
бажырайған киімдермен оқушыларды алаңдатпау, оларды жаман талғамға 
баулымау, косметиканы шеқген тыс баттитып, қолданбау керектігін де 
ескертеді. Әрбір мұғалім тек эстетикалық жагынан көрікті болуға тиіс, 
сыртқы бейнесімен оқушыларға ұнап тұруы тиіс» - деген болатын. 
«Жеке әрекет педагогикасы» деген еңбегінде: «Әрине, педагогтардың 
бәрі бірдей әдемі болғаны жөн болар еді немесе педагогикалық ұжымда 
міндетті тұрде, ең болмаса, бір әдемі жас жігіт немесе жас педагог әйел 
48 


болуға тиіс. Олар балаларды эстетика, әсемдікке еліктіруге тиіс»,- деп 
есептеді. Әрине, бұдан тек әдемі мұғалімдер ғана оқушыларға ұнауы 
мұмкін деген мағына тумайды. 
Мұғалім окушьшарды сөзімен, істеген іс әрекетімен, сыртқы 
келбетімен де тәрбиелейді. Мұғалім барлық жағынан оқушыларға өнеге, 
үлгі болуға тиісті. Жас мұғалімнің педагогикалык шеберлікті меңгеруінің 
жолдары мен кұралдары, міне, осылар. Педагогикалық әдістер мен 
тәсілдерді игерудің алуан түрлі жолдары бар. Шеберлікті меңгерудің ең 
тиімді жолы - шебер мұғалімдердің жұмыстағы озат тәжірбиесін, 
педагогикалық еңбектің технологиясын зерттеп үйрену. Осындай 
жағдайда ғана оқушының тұлғалық болмысы қалыптасып, егеменді 
еліміздің ертеңіне лайықты ұлы мен қызы болатындығына кәміл сенеміз! 
Педагогикалық еңбек аясындағы өзіндік күндылықтардың ажырамас 
бөлігі болып табылатын моралдық бағдарланудың ерекшеліктері бар. 
Оның бірі - педагогтың көп әрекеттерін сырттан ешкім бақылай алмайды, 
көбінесе, олар өздерінің іс-әрекетіне ездері ғана бағалаушы бола алады. 
Сондықтан ұстаздың моралдық барометрі - педагогикалық парыздьшьгқ. 
Я.А.Коменский «Закон хорошо организованной школы» деген еңбегінде 
«бала тәрбиесін әрқашан білімсізге сеніп тапсыруға болмайды, 
адамгершілік құлығы жағынан жаман кісіге, тіпті де сеніп тапсыруға 
болмайды, тақуалық қүлығы мен ары күдікті кісіге сеніп тапсыруға әсте 
болмайдьі» деген. 
Мұғалім еңбегінің өзіндік ерекшелігі - оның нәтижелері кейінгі 
уақытқа ысырылып тасталғандай бірден көріне қоймайды. 
В.А.Сухомлинский «Жер жыртушы, тұқым себуші, астық басушы егіс 
даласында өсірілген бидай масағымен және бір уыс дәнге бірнеше айдан 
кейін қуанып мәз болады ... - мұғалім өз жасампаздығының жемісін көру 
үшін жылдар бойы еңбек ету керек болады» деген. Педагогикалық 
қателердің, біліксіз педагогикалық ықпалдардың жазасын баланың өзі 
(кейде бірнеше жылдан кейін ересек болған кезінде) және оньщ 
жақьшдары көріп жатады. Мұғалім окушы тұлғасын қалыптастырушы 
делінеді. Бүл үрдістің күрделілігі тәрбиеленушінің үнемі өзгеріп 
түратындығына байланысты. 
Мұғалім қызметінің тағы бір ерекшелігі - қолында нәтиже өлшеуіші 
жоқ. Оның ең басты жүмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында 
туындайтын қарым-қатынасты басқару. Мүғалім көптеген нақты жағдайда 
қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, 
ал, бұл - ете күрделі іс-әрекет. 
Педагогикалық сананың әлеуметгік жағдайларға, әлеуметтік 
тапсырысқа, әкімшілік-басқарушылық үстанымдардың өзіндік 
бағдарларына сүйенуі, білім берудегі әдеп жүйесін құрастыруға өзінің 
ықпалын тигізеді. Педагогтың кәсіптік санасының өзгеруіне, әдеп 
49 


жүйелерін сүранысқа сәйкес қүрауына мәжбүр ететін сана-сезімінің 
қозғауы олардың деонтологиялық дайындығына, әлеуметтік сүраныстың 
ықпалына байланысты. 
Осыған орай, мүғалім еңбегінің әлеуметтік қүндылығына көңіл 
аударайық. Бүгінгі күн талаптарына сай жалпы білім беретін мектептердің 
барлық түрлерінде білім беру мен тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны 
оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыру, гумандандыру бағытына 
негізделуі қажет. Атап айтқанда, мектеп оқушылары әлемдік және 
отандық мәдениетгің ортақ мәселелерін бағдарлай білуге, ең құнды 
адамдық қасиеттерге, үлттық сана-сезімге ие болуға, демократиялық және 
жаңа әлеуметгік-мәдени ортада өмір сүрудің жаңа ережелерін үйренуге, 
мәдени тілдік кажеттілікті бағалауға мән берілуі керек. Осы мақсатта 
мектептегі барлық пәндерге арналған мемлекетгік базалық жаңа оқу 
бағдарламалары мен окулықтар, әдістемелік нүсқаулар қабылданып, 
мектеп тәжірибесіне енгізілуімен бірге мүғалім тұлгасының сапасына 
деген талап өседі. 
Осы ынта бағытында «Қазақстан Республикасында орта білім беруді 
дамыту » тұжырымдамасы (1997), Қазақстан Республикасыньщ «Білім 
туралы Заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Білім беру 
ұйымдарындағы тәрбие берудің» кешенді бағдарламасы (2000) т.б. 
қабылданған. 
Қазіргі қоғамдағы жаңа әлеуметтік - экономикалық өзгерістер, 
ондағы бәсекелестіктің арта түсуі, өркениеттің постиндустриялық кезеңге 
өтуі білім беру саласының алдына іргелі міндеттер жүктеп, жаңа білім 
кеңістігіне өтудің қажеттілігін қойып отыр. Қазақстан ғылымы мен білім 
беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан 
кешіруде. Білім берудің жоғары қүндылығы және оның иерархиялық 
басты мақсаты - тұлғаның және қоғамның жаңа менталитетін 
қалыптастыру. Академик К.М.Арынғазин «Педагогикальщ лексиконға 
әлемдік тарихты ғана емес, білім беру саласын алға жыпжытатын 
«менталитет», «ментальдық» және оның қүрылымдық компоненттері 
«интеллект» пен «ойлау» үғымдары тек кейінгі жылдары ғана енуде. 
Егер, біз қоғамның жауапкершілігі жоғары, тәрбиелі түлғаларын 
даярлағымыз келсе, бүл үгымдардың білім беру жүйесіне енуі, қазіргі 
білім беру жүйесінің және педагогиканың жетекші идеясы болуы тиіс. 
Менталитет, ментальдық рухани субстанция болып табьшады»- деп атап 
көрсетеді. 
Білім берудің глобальды ерекше әлеуметгік құбылыс ретінде 
қоғамнан және әлемдік кеңістіктен тыс түрмауы орынды да. Бір жағынан 
бел ортасында адам түратын, адамның өзі қүрған үштік жүйе білім беру, 
қоғам және ғылым - біртүтас жүйе. Сонымен катар бұл жүйемен 
байланысты кез-келген глобальдық проблема білім беруге де өз әсерін 
50 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау