Педагог мамандьіғьіна кіріспе



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет13/36
Дата29.01.2018
өлшемі2,8 Kb.
#7992
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36

асыруға, өзара сыйласымдықтың орнығуына, бір-бірінің көңіл-күйін 
сезінуге, карама-қайшылықтардың алдын-алуға, өзара тұлғалық қарым-
катынас орнатуға септігін тигізеді. 
Қарым-катынастың маңызды функциясының бірі - интерактивті 
функция (өазара іс-өрекетті үйымдастыру және ретгеу), басқа сөзбен 
айтканда, тәрбиеленупнлердің іс-әрекетін басқару. 
Алдын-ала ойластырған қарым-қатьгаас сабақтағы әр түрлі әрекеттер, 
жаттығулар (спорттық дайындықтың сәтгілігі), сыныптаң тыс 
әрекеттердің шығармашылығьгаың тиімділігін айқындайды, өзара 
әрекеттің жағымды нәтижесін қамтамасыз етеді. 
Өзара әрекет - іс-әрекеттің жалпы мақсатын іске асыратын әрекет. 
Өзара әрекет процесінде қызығушылық, көңіл қоюшылық, келісімділік, 
жанашырлық, мүғалім мен оқушының біріккен әрекеті көрініс табады, 
бірақ, бүл мүмкін, егер, қарым-қатынас іс-әрекеттің әрбір компонентінен 
етсе. 
Ең алдымен, қарым-қатынас іс-әрекетті жүзеге асыруға жағдай 
туғызады, яғни, бірігіп әрекет етуге екі жакты бірдей камтамасыз етеді, 
дайындайды. Мүнда педагог іс-әрекеттің мақсатын үсынбайды, неге 
тәрбиеленуші бүл іс-әрекетке енуі керектігін бірден түсіндірмейді, ал, 
олармен бірге мақсатты айқындайды. Оның тәрбиеленушіге түсінікті 
және іштей қабылдай алуларын қамтамасыз етуге талпынады. 
Қарым-қатынас іс-әрекетті үйьгмдастыруда да маңызы зор. Өйткені, 
оқушыларға жүмыстың дайын түрі мен әдісін үсынғаннан гөрі оларды 
шығармашылық ізденіс арқылы педагогтар мен тәрбиеленушілердің 
біріккен маңызды әрекетіне баулу маңызды. Бүл эмоционалдық 
атмосфера, дүрыс түсінісушілік қарым-қатынасты туғызады. Сонымен, 
қарым-қатынас іс-әрекетті аяқтаған кезде де маңызды. Яғни, сабақтың 
саяхат, дайындықтарының соңьшда қорьгганды шығару кезінде маңызды. 
Өзара әрекет процесінде «біз» деген сезімді қалыптастыру; педагог пен 
оқушының эмоционалдық бірлігін: яғни, «мәтінге талдау жасаңдар» 
дегеннен гөрі «біз бүгін мәтінді талдаумен шүғылданамыз» немесе 
«ойланындар» дегенше «бірге ойланайық» қарым-қатынасын 
қалыптастыру маңызды. 
Өзара әрекет процесінде өзара түсіну, әсіресе, өзара қарым-қатынас 
орнайды. 
Ақпараттық, перцептивтік, интерактивтік қарым-қатынастар 
педагогикалық іс-әрекетте өзара байланысқан. Педагог тәрбиеленушілерді 
таниды, әрі өзара біріккен іс-әрекет арқылы жүзеге асатын комуникация 
қарым-қатынае жасаушылардың өзара түсінісушілігінсіз мүмкін емес. 
Яғни, бүл функцияларды жүзеге асыру, көп жағдайда, педагогтың 
адамгершілік-эстетикалық қаиетімен анықталады - гуманизм, тұлғаға 
оңтайлы жақындау, өзіндік болмысын мойындау. 
39 


Педагогикалық іс-әреқеттің тиімділігі қарым-қатынас стилі және 
тәрбиеленушілерге жетекшілік ету стиліне байланысты болады. «Карым-
қатынас стилі деген не?». Бұл сүраққа жауап беру үшін «стиль» үғымын 
түсінуге талпынайық. 
Стиль - әдістер мен тәсілдердің жиынтығы, ол адамдардың езін-өзі 
үстау манеріне тән. 
Н.Бодалева стилге мынадай анықтама береді: «Стиль - әрекет етудің 
жеке өзіндік манерасы». 
Педагогтың балалармен қарым-қатынас жасау стилі - әлеуметгік және 
адамгершілік категория. Осыған орай, ВА.Кан-Калик былай деп жазған: 
«Қарым-қатынас стилі деп педагог пен оқушының әлеуметтік-
психологиялық өзара әрекетінің жеке жөне типологиялық ерекшелігін 
түсінеміз». 
Педагогикалық қарым-қатынас пен педагогтың жетекшілік стилінің 
ерекшеліктері, бір жағынан, педагогтың даралығына, құзіреттілігіне, 
коммуникативті мәдениеттілігіне, тәрбиеленушілерге эмоционалды-
адамгершілік карым-қатынасына, кәсіби іс-әрекетіне шығармашылықпен 
қарауына байланысты болса, екінші жағынан, тәрбиеленушілердің жас 
ерекшеліктеріне, жынысына, тәрбиелілігі мен білімділіген, оқу 
үжымының ерекшеліктеріне байланысты. 
Педагоггьщ қарым-қатынас стилдері: 
1. Педагопъщ жоғары кәсібюгігі негізіндегі қарым-қатьшас. Бүл 
педагопың жалпы педагогикалық іс-әрекетке қарым-қатынасы. Мүндай 
педагогты «студенттер ізінен қалмайды (за ним студенты по пятам 
ходят)» дейді. Сонымен қатар, жоғары оқу орны мүндай қарым-қатынас 
жалпы кәсіби қызығушьшығьга ынталандырады, яғни, біріккен 
қызығушылық, біріккен шығармангылық қабілеттерін дамьггады. Бұл 
стиль үшін ең бастысы - педагогтың қүзіретгілігі мен адамгершілік 
қасиеттерінің ең жоғары деңгейдегі бірлігі. 
2. Достық негіздегі қарьш-қатьшас - ортақ бір іске деген 
қызығушылықтан туатын қарым-қатынас. Педагог жетекші, жолдас, оқу іс 
-әрекетіне қатысушы роль атқарады. Бірақ, бүл жерде «панибратство» 
тым жақындасып кетуден аулақ болу керек, субардинация ұстау керек. 
Әсіресе, бұл жас педагопарға қатысты, тіл табыса алмау жағдайында 
болмауы үшін жас педагогтар балалармен тым жақындасып кетеді. 
3. Ара қашықтық қарым-қатынас (общение - дистанция) 
педагогикалық қарым-қатынастың ең кең тараған түріне жатады. 
Жұмысына жаңа кіріскен педагог бұл стилді өзін-өзі тану, өзін-өзі 
қалыптастыру үшін оқушылар ортасында қоладанады. Ара қашықтық 
болу керек, өйткені, педагог пен тәрбиеленуші әр түрлі әлеуметтік 
көзқарас ұстайды. Неғұрлым тәрбиеленуші педагогтың ролін дұрыс 
түсінсе, соғұрлым ара қашықтықты үстай алады. Ал, педагог үшін ара 
40 


кашыктыкты сақтау шеберлігін дұрыс меңгере алуы қажет. Сонымен 
қатар, педагогикалық стилдердің жағымсыз жақтары да бар: 
4. Қорқыту қарьш-қатынасы, гумандық емес, қатал тәртіп, қорқыту, 
сөзін жүргізу, сөзсіз бағынуды талап етеді. Бұл - біріккен педагогикалық 
іс-әрекет бола алмайды. 
5. Қылжақтау (заигрывание) қарым-қатынасы - жас мұғалімдерге 
қатысты тәрбиеленушіге ұнау үшін, өтірік арзан бедел жинау үшін 
пайдаланады. Өйткені, олардың кәсіби педагогикалық тәжірибесі 
жетіспейді, коммуникативті мәдениеті төмен мұғалімдер пайдаланады. 
6. Тан-тамашалық (превосходство) қарым-қатынасы педагогтың 
тәрбиеленушілер алдында өзіне мақтаныш сезіммен қарап, оқушылардың 
бар екенін ұмытып, өзінің олармен қарым-қатынасына кеңіл қоймай, 
мүлде сырт қалатын педагог. 
Соңғы кездерде шетелдерде педагогтың типологиялық кәсіби 
көзқарасын көрсететін қарым-қатьгаас стилдерінің жіктемесі берілген. 
М.Таленнің пікірі бойынша мынадай жіктемеден тұрады: 
1- Модель - «Сократ». Мұғалім оқушьшар арасында пікірталас 
тудыруды жақсы көреді; оқушыларды соган тартады. Мұның жағымсыз 
жагы - оқу процесінде жүйелілік болмайды, жекелік (индивидуализм) 
басым болады. Жағымды жағы - оқушылар өз көзқарасын қорғауды 
үйренеді. 
2- Модель - «Топтық дискуссия жетекшісі». Оку-тәрбие процесінде 
ауызбіршілік, келісу, проблеманы бірігіп дұрыс шеше білуге үйретеді. 
3- Модель - «Шебер». Мүғалім еліктеуге тұратын үлгі ретінде сөзсіз 
көшіріп алатын түлға регінде көрінеді. 
4- Модель - «Генерал» - қос мағыналықтан аулақ, өте талап қоюшы, 
айтқанын қатал түрде орыңцататын, әрқашан өзінің айтқаны ғана дүрыс. 
Ал, оқушы - әскерге жаңа алынған солдат сияқты барлық бұйрықтарды 
сөзсіз орындайды. ПедагогикалЫк практикада осы стиль кеңінен тараған 
десек, артық айтпағандық болар еді. 
5- Модель - «Менеджер». Мүғалім шешуді керек ететін есепті әрбір 
оқушымен талқылайды, сапалы бақылау мен соңғы нөтижені бағалайды-
6- Модель - «Тренер-жатгықтырушы». Мүнда оқушылар 1 команданың 
ойыншылары сияқты. Әрбір команда мүшесі даралық емес, бәрі бірігіп 
көпшілік болуы басты нәрсе. Мүғалім топтық күшке дем беруші ретінде 
болады. Оған соңғы нәтиже, жеңіс керек. 
7- Модель - «Гид». «Жүре алатьга энциклопедия» ролін атқарады. Кез 
келген сүрақтарға алдын-ала жауабы әзір, сүрақтарды да алдын-ала біліп 
алған. Бүл - қызықсыз. 
41 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау