пальма ағашының жапырақтарынан қатты сопақша доп жасауға үйренеді,
кішкене аяқтарымен кокос пальмасына шығып, жемісін пышақпен қиып
алады. Жаңбырда қалай «қалқан» жасау керек екендігін, т.б. үйренеді. ¥л
балалар аң аулайды, ересектер ісіне араласады, т.б.
М.Мид XX ғ-ң өркениетгіпедагогикасымен самоандық педагогиканы
байланыстыра отырьт, самаондық педагогиканың кәсіби емес,
мамандандырылмаған педагогика деп есептейді.
Олай болса, ертеден-ақ үл бала мен қыз балаларды оқытып
тәрбиелеген. Бірак, біз мүнда осының бәрін үйрететін маманды, адамды
кермейміз. Ұжым болып тәрбиелейді. «Самаондық бала жүмыста болсын,
ойында болсын, әрбір өзінің қадамын тайпаның өмірімен
байланыстырадьі» деп жазады. Олай болса, сол кездің өзінде
мамандандырылған оқыту мен тәрбиені қажетсінген. Өзінің ісін жақсы
білетін, қыр-сырын түсіндіре алатын адамдар пайда бола бастады. Өзінің
білгенін келесі адамдарға үйрете бастаған. Міне, сондықтан да
оқытушылық - оқушылық, оқытушы және оқушы феномені пайда болады.
Мүғалімнің тәжірибесі, білімі, даналығы оқушыға беріліп отырылған.
Педагогикалық іс-әрекеттің тууы, оның кәсібилігі, арнайы білімдер
мен бшіктіліктерді меңгеруі сауаттылық, жазу пайда болуымен
байланысты. Ауызша берілген тәрбие жазу арқылы бекітілген. Осыған
орай, мүғалім-шебермен (учитель-мастер) қатар практикалық әрекет пен
рухани тәжірибенің қүпияларымен таныстыратын мүғалім тұлғасы пайда
болды, педагогикалық іс-әрекет пайда болды. Педагогикалық іс-әрекетпен
шүғылданатын адам қоғамдағы ерекше орны бар тұлғаға айналды.
Ұжымдық оқыту, төрбиелеу жоғала бастады.
Жазудың пайда болуы мен дамуы мұғалімнен ерекше білім мен
дайындықты қажет ете бастады.
Кәсіп, мамандық - арнайы дайындықты қажетсінетін еңбек іс-әрекеті.
Сондықтан, педагогикалық іс-әрекет - әрі кәсіби, әрі кәсіби емес болып
бөлінеді.
Мамандық деп жеке тұлғаньщ шұғылданатын негізгі еңбек түрі мен
қызметін айтады. Педагогикалық мамандық жер бетіндегі алғашқы
мамандықтардың бірі.
Таным тарихында іс-әрекет үғымы екі түрлі мәнде, біріншіден,
дүниеге көзқарастық ұстанымы ретінде, екіншіден, әр түрлі әлеуметтік
ғылымдарға негіз болған постулат мәнінде қолданылып келеді. XX
ғасырда әлеуметгік өмір формалары мен мәдени қүндылықтардың пайда
болуынъщ негізі, қайнар көзі іс-әрекет деп қарайтын үстанымы бірқатар
әлеуметгік ғылымдардың қальпггасып дамуына негіз болды. Күнделікті
өмірде „іс-әрекет" сөзі - еңбек, іс деген қарапайым ұғымды білдіреді. Ал
ғылымда адамның болмысымен байланысты қарастырьшады, онымен
ғылымның бірнеше салалары: философия, психология, тарих,
6
мәдениеттану, педагогика және т.с.с. шұғылданады. Іс-әрекет
проблемасы, көбінесе, гуманитарлық пәндерде (психологияда,
философияда, әлеуметтануда) зерттелген, онда іс-әрекеттің түрлерін
анықтауға бірдей негіз болмаған: бір жіктеуде - ол оқу, еңбек, ойын;
екіншісінде - таным, еңбек, қарым-қатынас; ал әлеуметтанушылардың
еңбектерінде - еңбек, саяси, керкеменер, ғылыми іс-әрекет және т.б.
Іс-әрекетке әр түрлі анықтамалар беріледі. Іс-әрекеттің
философиялық анықтамасында ол: «...айналадағы дүниеге адамның
ерекше адамгершілік түрдегі қарым-қатынасы» деп көрсегіледі. Қазақ
совет энциклопедиясында: «Іс-әрекет - айналадағы дүниеге, қоршаған
ортаға белсенді ықпал етіп, оны белгілі мақсатқа сай өзгертудің тек
адамға гана тән формасы. Іс-әрекетгің мазмүны мен нәтижесі, бүкіл
адамзат коғамының тарихи қалыптасуы мен дамуы арқасында жүзеге
асып отырған табиғаттағы өзгерістер мен өркениет, материалдық
игіліктер дүниесі, адамзаттың бүкіл мәдениеті мен рухани қазынасы»
делінген. Педагогикалық энциклопедияда: «Іс-әрекет адамдардың
қоғамдық-тарихи болмысының ерекше түрі, олардың табиғи және
әлеуметтік шындықты бағытты түрде өзгертуі» - деп, аныктама берілген.
Кез-келген іс-әрекеттің сыртқы және ішкі мағынасы болады,
сондықтан іс-әрекетті психологиялық-педагогикалық зерттеудің міндеті,
оның әдіснамалық жүйесін ашу, яғни адамды өз іс-әрекетінің әр түрлі
деңгейі, санасы мен қабілетіне қаншалықты әсер ететіндігін көрсету.
Қандай да болмасын, іс-әрекеттің мақсаты, қүрал-жабдығы, нәтижесі
және оның орындалу процесі болады. Сондықтан да оған тән ерекше
қасиет ол әр уақытта саналы түрде жүзеге асырьшады. Іс-әрекет -
қоғамдық прогрестің нақтылы қозғаушы күші және қоғамның өмір
сүруінің негізгі, қажетті жағдайы.
Әрбір жүмыста өз ісін жетік меңгерген шебері болады. Бүл іс-
әрекетгің көсіби түрі, яғни кәсіби іс-әрекет. Кәсіби іс-әрекеттің алуан
түрлері бар. Кәсіби іс-әрекет осы кәсіпке байланысты функцияларды
орындау үшін қажетті білім, білік, дағды жүйесін меңгеруді талап етеді.
Іс-әрекеттің жоғары нәтижелеріне жету үшін және жоғары кәсіби
деңгейге қол жеткізу үшін теориялық және практикалық білім алу
арқылы, өз бетімен білімін көтеру және терендету арқылы адам бүл білім
мен білікгі меңгереді.
Кәсіби іс-әрекеттің бір түрі педагогикалық іс-әрекет, оньщ мазмүны
оқьпу, тәрбиелеу, білім беру, дамыту. «Кәсіби іс-әрекет» ұғымының
ауқымы «педагогикалық іс-әрекет» ұғымынан гөрі кеңірек, өйткені,
мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті осы проблеманы зерттеген мамандардың
пійрінше: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, әлеуметтік-мәдени, психотерапевтік,
қатысымдық және т.с.с. функционалдық элементтерден тұрады.
Педагогикалық теорияда кәсіби педагогикалык іс-әрекетті сипаттауға
екі көзқарас тұрғысынан қарайды: профессиографиялық және
эргологиялық.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің мынадай белгілері бар:
- іс-әрекетпен қажетті арнайы білім мен білікті меңгерген арнайы
адам шұғылданады;
- іс-әрекетті жүзеге асырудың анықталған түрлері бар: сынып, сабақ;
- іс-әрекет белгілі бір мақсатты кездейді: балаға белгілі бір білім
жүйесін беру, белгілі білім мен білікті қалыптастыру; білімдегі
кемшіліктерді жою; тәрбиелеу; баланың кабілетін, ьгатасын, ойын,
зейінін және т.с.с дамыту;
- іс-әрекет мақсаты көбінесе оқытудың, тәрбиелеудің мазмүнын
анықтайды;
- бала бұл іс-әрекетгің ерекше, салауатты сипатын түсінуде ұстазбен
ерекше қарым-қатьшаста болады;
- іс-әрекеттің нәтижелерін, әсіресе, окьггу жөнінде, тексеріп көруге
болады; оның корытындысы - мұғалім оқытқан баланың білімі мен білік
деңгейі;
- нағыз мұғалім өзінің іс-әрекетін балаға білім беруде уақытын
шектемейді.
Енді педагогикалық іс-әрекет ұғымын қарастырайық. «Педагогикалық
іс-әрекет, - Л.А.Беляеваның пікірінше, - «педагогикалық шындық
болмысының тәсілі. Педагогикалық іс-әрекеттен тыс тәрбие туралы да,
педагогикалық шындықтың басқа қүбылыстары туралы да айтуға
болады».
Педагогикалық іс-әрекеттің пәні (нысаны) - өзіндік белсенділігі басқа
адам, сондықтан іс-әрекет субъектілердің өзара әсері жағдайында жүзеге
асады. Егер іс-әрекетке екі немесе одан да көп субъект: мұғалім және
оқушы, оқьггушы және студент, мұғалім және сынып, оқушы жөне топ,
мұғалім және педагогикалық ұжым және т.с.с, яғни педагогикалық іс-
әрекет көпсубъектілі немесе субъекті аралық сипатга болады. Субъект -
іс-әрекетті жасайтын адам, объект - іс-әрекеттің бағытталуы.
Педагогтің іс-әрекет объектісі - оқушының (студентгің) іс-әрекеті.
Педагогикалық іс-әрекетті бейнелеуге, қүрастыруға, бағдарлауға және
басқаруға болады. Бүл тәсілдердің әрқайсысы мұғалімнің белгілі бір іс-
қимылының негізі болады.
Педагргикалық іс-әрекет аясында мүғалім оқушымен қарым-қатынас
процесінде ғылым әлемін байланыстырушы рөлін атқарады. Ендеше
мұғалім білім мазмүнын бере отырып, үжымдық субъектілердің іс-
әрекетін жеке субъектілердің жеке іс-әрекетіне айналдьфу процесін
ұйымдастырады, сөйтіп жеке түлғаның қалыптасуы мен дамуын
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |