Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет1/31
Дата29.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#7985
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31


"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының

үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім

және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу

туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 512 бұйрығы.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 қаңтарда № 9106 тіркелді

      


:

БҰЙЫРАМЫН

      1. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік

біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 

 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

бұйрығына

тізілімінде № 5750 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 190 (1613), 2009 жылғы 25

желтоқсандағы № 196 (1), 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 10 (1632) «Заң газеті» газетінде

жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың

лауазымдарының үлгілік біліктілік 

:

сипаттамаларында



      «Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми-педагогикалық

қызметкерлері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары» деген 

:

2-бөлімде



      «Жоғары оқу орны басшысының орынбасары (проректор)» деген 

:

кіші бөлімде



      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      «Біліктілікке қойылатын талаптар: оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, халықаралық, инновациялық,

стратегиялық жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу

орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ-да немесе шетелдің

жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым

мамандықтар бойынша оқуды аяқтау қорытындылары бойынша берілген магистр академиялық дәрежесі,

кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшылық лауазымдағы еңбек өтілі болуы немесе «Назарбаев

Университеті» ДБҰ-да және/немесе шетелдің жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі

республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар (магистратура немесе PhD докторантура)

бойынша оқуын аяқтаған жағдайда кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;»; 

      «Профессор» деген 

 он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

кіші бөлімнің

      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,

ғылыми дәрежесі, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағы және ғылыми-педагогикалық

қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік

органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан

Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7

жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент

қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс.»;

      «Кафедра меңгерушісі» деген 

:

кіші бөлімде



      «Кафедра меңгерушісі» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      «Кафедра меңгерушісі (Әскери кафедра бастығы)»;

      жиырмасыншы бөлік жаңа редакцияда жазылсын:

      «Біліктілікке қойылатын талаптар: әскери кафедра бастығының жоғары (немесе жоғары оқу

орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі және/немесе полковник әскери атағы, педагогикалық

қызметкерлер лауазымдарында немесе әскери бөлім командирінің орынбасары және одан жоғары

басшылық құрамда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.»;

      «Доцент» деген 

:

кіші бөлімде



      «Доцент» деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      «Қауымдастырылған профессор (доцент)»;




      он жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,

ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құқық

қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс саласындағы мемлекеттік

органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарында басшы

лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі

кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс»;

      «Аға оқытушы» деген 

 он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

кіші бөлімнің

      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі,

ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы лауазымында

кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл

және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.»;

      «Оқытушы (ассистент)» деген 

 оныншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

кіші бөлімнің

      «Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 3

жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі.»;

      «4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

жүйесінің, интернаттық және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға

теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы» деген 

 мынадай редакцияда

бөлім


жазылсын:

      «4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

жүйесінің, интернаттық және қосымша білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға

теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының біліктілік сипаттамасы



Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының

басшысы (меңгерушісі)

      Лауазымдық міндеттері: нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту және

тәрбие ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген

тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативті, авторлық), қосымша мектепке дейінгі білім

беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады. Мектепке

дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру

бағдарламаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді, оқу-тәрбие процесі барысында білім беру

ұйымдарының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қажетті

жағдайлар жасайды.

      Білім беру ұйымын басқару құрылымын анықтайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік

және басқа да мәселелерді шешеді. Тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, оларды

әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық педагогикалық ұйымдар мен әдістемелік

бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді. Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау мен нығайту,

тамақтандыру және балаларға дәрігерлік қызмет көрсету үшін ұйымды қажетті жағдайлармен

қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада

белгіленген тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардан түскен қаражат пен оның жұмсалуы

туралы есеп береді. Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді,

санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің

сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен)

өзара байланысты жүзеге асырады. Педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеу мен

орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың

кәсіби шеберліктерін арттыруға жағдай жасайды. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді

аттестаттаудан өткізеді. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыретті

меңгерген болуы тиіс.

      Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқа да ұйымдарға

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымын танытады. МДҰ-ның қызметі туралы қажетті есеп




жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау