Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет3/31
Дата29.01.2018
өлшемі0,83 Mb.
#7985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

      Лауазымдық міндеттері: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

стандартына сәйкес музыкалық тәрбиелеу мен эстетикалық дамуды жүзеге асырады. Музыка

аспаптарында ойнаудың техникасын шебер меңгерген. Музыка бойынша сабақтарды, балалар мерекелерін

және басқа да мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді, музыкаға әуес дарынды

балаларды анықтайды, балалармен жеке жұмыстар жүргізеді.

      Балалармен ойын әрекеттерін ұйымдастыруға қатысады, түрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды

өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына қатысады.

Балалармен жұмыс істеудің озық тәжірибелерін енгізеді. Балаларды музыка бойынша тәрбиелеу

мәселелері жөнінде ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңестер береді. Компьютерлік сауаттылықты,

ақпараттық-коммуникациялық құзыретті меңгерген болуы тиіс. 

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының

Конституциясын

Еңбек 


, Қазақстан Республикасының "

", "


кодексін

Білім туралы

Қазақстан Республикасындағы бала

", "


", "

құқықтары туралы

Қазақстан Республикасындағы тіл туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

" заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да

туралы


нормативтік құқықтық актілерді, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің жалпыға міндетті

мемлекеттік стандартын, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясын,

жас ерекшеліктер физиологиясы мен гигиенасын, балалардың жеке даму ерекшеліктерін, әртүрлі

жастағы балалардың музыканы қабылдау мүмкіндіктері және моторикасын, жан дүниесін, балалар

репертуарының музыкалық шығармаларын білуі, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін, музыкалық

аспаптарда шебер ойнауды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін, еңбек

заңнамаларының негізін, еңбекті қорғаудың, техникалық қауіпсіздіктің, өртке қарсы қорғаныстың

нормасы мен ережесін, санитарлық ережелер мен нормаларды.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары, кәсіптік-техникалық, орта білімнен кейінгі

(музыкалық, педагогикалық) білім.

      Санаттар бойынша біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық)

білім;

      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары кәсіптік (музыкалық,



педагогикалық) білімінің болуы және мектепке дейінгі ұйымның музыкалық жетекшісі лауазымындағы

жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс;

      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты музыка жетекшісіне қойылатын барлық

талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу

мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық

қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді

араласуы тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік (музыкалық, педагогикалық) білімі болуы,

музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі 4 жылдан кем болмауы тиіс.

      Біліктілігі жоғарғы деңгейдегі жоғарғы санатты маман: 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық

талаптарға жауап беруге, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес

музыкалық оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық

дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе жоғары (музыкалық) білімі,

музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта,

кәсіптік орта) білім.

      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:

      музыкалық жетекшіге қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта,

музыкалық) білім және МДҰ-ның музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

      Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: 

      біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы музыкалық жетекшіге қойылатын барлық




талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектепке дейінгі жастағы балаларды музыкалық тәрбиелеу

мен оқытудың қазіргі заманғы әртүрлі әдістерін, мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық

қабілетін дамыту диагностикасының элементтерін меңгеруі, баланың даму ортасын өзгертуге белсенді

араласуы тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ

музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

      біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: 

      біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты музыкалық жетекшіге қойылатын барлық

талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларды қазіргі заманға сәйкес

музыкалық тәрбиелеу мен оқытудың шығармашылық ізденісін жүзеге асыруы, балаларды музыкалық

дамытудың өзіндік ерекше әдісі болуы тиіс.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: техникалық және кәсіптік білімінің болуы және МДҰ

музыкалық жетекшісі лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының тәрбиешісі

      Лауазымдық міндеттері. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді:

тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту

жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады,

пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық,

қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді.

      Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды. Дамуында ауытқу

байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды;

жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және

топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды.

Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды.

Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына

жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту

арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі

шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді. 

      Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу

жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын

зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

      Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына

жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік

сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан Республикасының

Конституциясын

Еңбек 


, Қазақстан Республикасының 

кодексін



«Білім туралы»

«Қазақстан Республикасындағы тілдер

,  

 Заңдарын және басқа да нормативтік құқықтық



туралы»

«Жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

актілерін, білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық

актілерді, жеке санитария мен гигиенаны, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогика

негіздерін, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша әдістемелік құжаттарды, алғашқы

медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғаудың және қауіпсіздік техникасын,

санитариялық ережелерді.

      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік

педагогикалық білім.

      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар: 

      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білім;

      біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: техникалық және кәсіптік педагогикалық

білім;

      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:



      мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымының тәрбиешісіне қойылатын талаптарға жауап


жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау