Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі,
жоғары педагогикалық білімі, «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша
техникалық және кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі,
жоғары педагогикалық білімі, «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша
техникалық және кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.
біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман: «Қазақ (орыс, шет тілі) тілі» мамандығы
бойынша техникалық және кәсіптік педагогикалық білім;
біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман:
«Қазақ (орыс, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік
білімі және мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман:
«Қазақ (орсы, шет тілі) тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік
білімі және мектепке дейінгі білім беру ұйымында қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғаліміне
қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балаларға тілді оқытудың
инновациялық әдістерін қолдана білуі тиіс сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымында
қазақ (орыс, шет тілі) тілі мұғалімі лауазымындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес.
Дене шынықтыру (жүзу бойынша) нұсқаушы
Лауазымдық міндеттері: балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді.
Денсаулық сақтау функциясы қызметін атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың
ұсынымдарын ескере отырып, дене шынықтыру бойынша оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады.
Дене тәрбиесінен инновациялық технологиялық және оқытудың отандық және шетелдік
ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа
бағыттарын оқып білумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.
Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына
жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерді
жақсы біледі және ақпараттық коммуникацияны меңгерген.
Дене шынықтыру-салауатты ортаны дамытуға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық
ұжымымен бірге, сондай-ақ, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен түрлі спорттық және
сауықтыру іс-шараларын жүзеге асырады. Іс-шараларды ұйымдастыру кезінде санитариялық-гигиеналық
талаптардың сақталуын қадағалайды. Арнайы медициналық топқа жатқызылған балалармен қосымша
сабақтар өткізеді.
Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының есептілігі бойынша белгіленген құжаттарды
жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, ҚР Еңбек
, Қазақстан
Конституциясын
кодексін
Республикасының
,
,
Заңдары
«Білім туралы»
«ҚР бала құқықтары»
«Жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық
актілерді, дефектология негіздерін және тиісті әдістемелерді (кемтар балалармен жұмыс істеу
барысында), санитария және гигиена негіздерін, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогикасын,
алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін,
санитариялық ережелерді.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман:
«Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша жоғары немесе кәсіптік білім; біліктілігі орта
деңгейдегі санаты жоқ маман: «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: мектепке дейінгі ұйымының дене
тәрбиесі нұсқаушысына қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар дене тәрбиесіне оқытудың
қазіргі заманғы әдістерімен оқыту.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Дене тәрбиесі» мамандығы жоғары педагогикалық немесе
кәсіптік білімінің болуы және дене тәрбиесі нұсқаушысы қызметінде кем дегенде 2 жылдан астам
жұмыс өтілі болуы тиіс.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты дене тәрбиесі бойынша нұсқаушыға қойылатын
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қабілеттерін
дамыту диагностикасының элементтерін білуі және салауатты ортаны қалыптастыруға қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары біліктілік деңгейінің талаптарына сай болуы, «Дене
тәрбиесі» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе кәсіптік білімі және жұмыс өтілі кемінде
3 жыл болуы тиіс.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маманға қойылатын талаптарға жауап беруі
керек, сонымен қатар: өзінің шығармашылық іс тәжірибесі, ізденістері мен мектеп жасына дейінгі
балалардың дене тәрбиесі бойынша өзіндік ерекше әдістері болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары біліктілік деңгейінің талаптарына сай болуы керек,
«Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық немесе кәсіптік білімі және жұмыс өтілі
кемінде 5 жыл болуы тиіс.
Біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты маман: мектеп жасына дейінгі ұйымның дене
тәрбиесі нұсқаушысына қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша техникалық және
кәсіптік педагогикалық білімі және мектепке дейінгі ұйымның дене тәрбиесі нұсқаулығы
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы тиіс.
Біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі екінші
санатты дене тәрбиесі бойынша нұсқаушыға қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар мектеп
жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманғы әдістерін, сонымен қатар: мектеп
жасына дейінгі балалардың физикалық қабілеттерін дамыту диагностикасының элементтерін білуі және
салауатты ортаны қалыптастыруға қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша техникалық және
кәсіптік педагогикалық білімі және дене тәрбиесі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілінің 3 жыл
болуы тиіс;
біліктілігі орта деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейдегі бірінші
санатты дене тәрбиесі маманына қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар өзінің шығармашылық
іс тәжірибесі, ізденістері мен мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі бойынша өзіндік
ерекше әдістері болуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша техникалық және
кәсіптік педагогикалық білімі және дене тәрбиесі нұсқаушысы лауазымындағы жұмыс өтілінің 5 жыл
болуы тиіс.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының дефектолог мұғалімі,
логопед мұғалімі
Лауазымдық міндеттері: Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейді. Тәрбиеленушілерге
психикалық, физикалық және физиологиялық бұзылуларын анықтау үшін зерттеу жүргізеді және олардың
құрылымы мен байқалу деңгейін анықтайды. Тәрбиешілермен және басқа да мамандармен тығыз
қарым-қатынаста бола отырып, тәрбиеленушілермен топта және жеке жұмыс істеп, бұзылған
функцияларын қалпына келтіріп, баланың әлеуметтік ортаға қалыптасуына көмек береді.
Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін педагог мамандарға, ата-аналарға немесе
олардың орнына қараушы адамдарға арнайы әдістерді қолдануда кеңес беріп, көмек берудің жолдарын
қарастырады.