Мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының
талаптарына сай алуан түрлі әдістерді, формаларды пайдалана отырып тұлғаның жалпы мәдениетінің
дамуына әсер етеді. Арнайы оқыту бағдарламаларын ұйымдастырады.
Жүйелі түрде өзінің біліктілігін арттырады. Әртүрлі әдістемелік шараларға қатысады.
Қажетті құжаттарды жүргізеді. Компьютерді, ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікті меңгеруі
тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның дұрыс толерантты қарым-қатынасын насихаттау бойынша
ағарту қызметін жүргізеді.
Техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қорғану және еңбекті қорғау нормалары мен ережелерін
орындайды. Білім беру процесінде балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауды қамтамасыз
етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, ҚР Еңбек
, «Білім
Конституциясын
кодексін
туралы» ҚР
,
, «
заңы
«Бала құқықтары туралы конвенция»
Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы
»,
,
«Қазақстан Республикасы Жемқорлыққа қарсы күрес»
«Кемтар балаларды әлеуметтік және
,
медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»
«Қазақстан Республикасындағы баланың
ҚР Заңдарын және білім берудің болашағы мен бағыттарын айқындайтын Қазақстан
құқықтары туралы»
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, балалар үшін өмірінің қиын жағдайларында арнайы
әлеуметтік қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттарын, жас ерекшеліктерін және арнайы
педагогика мен психологияны, дефектологияның анатомиялық-физиологиялық және емдік негіздерін,
кәсіби және тәжірибелік қызметтер мәселелері бойынша құжаттамалық-әдістемелік әдебиеттерді,
дамуында кемшілігі бар тәрбиеленушілермен жұмыс бойынша бағдарламалық-әдістемелік әдебиеттерді,
дефектологиялық ғылымның жаңа жетістіктерін, еңбекті қорғау, техникалық қәуіпсіздік және өртке
қарсы қорғану нормаларын мен ережелері және санитариялық қағидаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектолог» мамандығы, «Логопед» мамандануы бойынша
жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология», «Логопедия» мамандығы бойынша қосымша білімі
бар жоғары педагогикалық білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: «Дефектология», мамандығы бойынша жоғары
педагогикалық білім немесе «Дефектология», мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары
педагогикалық білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты
жоқ дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен
қатар: оқытудың жаңа әдістерін сынақтан өткізу бойынша жұмыс жүргізуді, озат тәжірибені білу,
оны тәжірибеде пайдалану, тәрбиеленушілердің жалпы тұлғалық мәдениетін қалыптастыруда мониторинг
және талдау жасаудың дағдыларын, олардың әлеуметтілігін білу, білім беру ұйымының әдістемелік
бірлестігінің жұмысына қатысу.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша
жоғары педагогикалық білім несесе «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша
қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, дефектолог мұғалім (логопед мұғалім)
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші
санатты дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен
қатар: тәрбиеленушілерді оқыту барысында дамуында ауытқуы бар балаларды барынша түзетуге
бағытталған әдістерді талдай білуі, шығармашылық семинарларды басқара білуі, озат педагогикалық
тәжірибені енгізуді, дефектологияның қазіргі заманғы әдістерін меңгеруі, оларды қолдану құқығын
беретін сертификатының болуы, білім беру ұйымының әдістемелік бірлестігінің жұмысына қатысу,
өзінің кәсіби құзыреттілігі аясында теориялық және тәжірибелік білімді меңгеруі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары педагогикалық
білім немесе «Дефектология» мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім және
дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші
санатты дефектолог мұғалімге, логопед мұғалімге қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен
қатар: ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмыстардың әдістерін меңгеруі, жаңа бағдарламаларды
әзірлеуі және оны сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізуі, арнайы педагогиканың өзекті мәселелерін
әзірлеу бойынша шығармашылық топқа жетекшілік ету, өзінің кәсіби құзыреттілігі аясында теориялық
және тәжірибелік білімді меңгеруі.
Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша
жоғары педагогикалық білім немесе «Дефектология» мамандығы «Логопедия» мамандануы бойынша
қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім және дефектолог мұғалім (логопед мұғалім)
лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болған жағдайда
дефектолог мұғалім (логопед мұғалім) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагог-психологы
Лауазымдық міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және әлеуметтік
жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау
Конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Білім беруді ұйымдастырудың
әлеуметтік саласының үйлесімділігіне себін тигізеді және әлеуметтік бейімделе алмаушылық
туындауы профилактикасы бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырады.
Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды
және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша
шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын
тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді.
Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді.
Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларды
бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың
тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды.
Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім
беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады,
балалардың өмірдегі әртүрлі жағдайларда бағдарлануға дайындығын дамытуға көмектеседі. Мектеп
жасына дейінгі шығармашылық жағынан дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың
дамуына көмектеседі.
Педагогикалық, әдістемелік кеңестер жұмыстарына, ата-аналар жиналысы, сауықтыру, тәрбиелеу
және білім беру ұйымының жұмыс жоспарында қарастырылған басқа да шараларға қатысады.
Компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігі бар. Өзінің кәсіби деңгейін
арттырады. Тәрбие-білім беру процесінде балалардың өмірін, денсаулығы мен құқықтарын қорғауды
қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы
қорғаныс техникасын сақтайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының
, ҚР Еңбек
, ҚР
Конституциясын
кодексін
«Білім
,
туралы»
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы"
,
,
«Қазақстан Республикасы тіл туралы»
"Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы"
,
«Қазақстан Республикасы жемқорлыққа қарсы күрес туралы»
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы»
Заңдарын және білім беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерді, жалпы психологияны, педагогикалық психология және жалпы педагогиканы, тұлғалық
психология мен дифференциалдық психологияны, балалар мен жас ерекшеліктер психологиясын,
әлеуметтік психология, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология,
психосоматиканы, дефектология, психотерапия, психодиагностика, психологиялық кеңес және
психопрофилактика негіздерін, қарым-қатынас жасау әдістерін, әлеуметтік-психологиялық
тренингтердің әдістерін, белсенді оқыту әдістерін, жеке және топтық кәсіби консультация берудің
қазіргі заманғы әдістерін, баланың қалыпты және аномальді дамуын диагностикалау және түзетуді,
еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғану нормалары мен ережелерін және
санитариялық қағидаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білім.
Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтау арқылы біліктілікке қойылатын талаптар:
біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық
білім.