Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 241,98 Kb.
Pdf просмотр
бет21/31
Дата03.01.2020
өлшемі241,98 Kb.
#25829
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31

      Лауазымдық міндеттері: Қосымша бiлiм беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық

қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Үйірме, секция, студия, клуб және басқа да балалар

бірлестіктерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің құрамын жинақтайды, оларды оқу

мерзiмiнде сақтау шараларын қолданады. Балаларға арналған қосымша білім берудің білім беретін

оқу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақтың жоспары мен бағдарламаларын

жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді. 

      Психофизиологиялық тұрғыдан алғанда жұмыстың нысандарын, құралдарын және әдістерінің

педагогикалық негізделген таңдауын қамтамасыз етеді. Балалардың шығармашылық қабілеттерін

анықтап, тұлғаның адамгершілік рухани дамуына, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) тұрақты

кәсіби қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етеді. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке

қызметін, зерттеушілік жұмысын ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды

қосады, оқу практикасына байланысты жүзеге асырады. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің

жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды. Іскерлікті меңгеруді, шығармашылық қызметтің

тәжірибесін, компьютерлік технологияларды қолдана отырып, танымдық қызығушылықты дамытуды ескере

отырып, оқытудың тиімділігін бағалайды. Қалыпты кәсіби қызығушылығы мен бейімін қалыптастыруға

ықпал етеді, дарынды және талантты білім алушыларды (тәрбиеленушілерді), оның ішінде

мүмкіншіліктері шектеулі балаларды дамытуды қолдайды. Балалардың жаппай білім беру іс-шараларына

қатысуын (конкурстар, көрмелер, слеттер, конференциялар, олимпиадалар және т.б.) ұйымдастырады.

Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің демалыс уақытын ұйымдастыруға қатысады. Оқу сабақтарын

жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын

сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Ата аналары мен

олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі. Әдістемелік

бірлестіктер мен басқа да әдістемелік жұмыс нысандарына қатысады. Өзінің кәсіби біліктілігін

жүйелі арттырады.

      Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

 мен Еңбек 

, «Неке

Конституциясын



кодексін

(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан

Кодексін


Республикасының 



«Білім туралы»

"Қазақстан Республикасының тілдер туралы"

"Қазақстан

 



Республикасындағы бала құқықтары туралы"

"Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" «Кәмелетке

толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы»

Заңдары және бiлiм беру қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

Қазақстан Республикасының бiлiм беруді дамытудағы басым бағыттарын, дидактиканың қағидаттарын,

педагогика және жас ерекшеліктері психологиясының негiздерiн, бiлiм беру процесін әдiстемелiк

қамтамасыз ету қағидаттарын, тәрбие жұмысын, тиімді, сараланған, дамытуды оқытудың, құзыреттілік

тәсілдерін іске асырудың сенімділік, өз ұстанымын дәлелдеудің, әртүрлі жастағы білім

алушылармен, тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен, оларды ауыстыратын тұлғалармен,

жұмыстағы әріптестермен байланыс жасау әдістемесін, жанжал жағдайларының себептерін сараптау

технологияларын, педагогикалық технологиялар диагностикасын, дербес компьютермен, электронды

пошта және браузерлермен, мультимедиалық жабдықтармен жұмыс істеу негіздерін, білім беру

ұйымдарының ішкі тәртіп ережелерін, еңбек және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін.

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: 

      біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ маман: үйірме, секция, студия және өзге де балалар

бірлестігінің бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орта деңгейлі санаты жоқ маман: педагогикалық бейіннің немесе үйірме, секция,

студия және өзге де балалар бірлестігінің бейініне сәйкес техникалық және кәсіптік бiлiм, жұмыс

өтіліне талап қойылмайды;

      Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік талаптары: 

      біліктілігі жоғары деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ

педагогқа қойылатын жалпы талаптарға жауап беруі, зерттеу, эксперименттік жұмыстары дағдаларын

меңгеруі, жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмыстарды жүргізе білуі, өңірлік (қалалық)

көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың жеңімпаз балалары ұжымын басқаруы тиіс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: үйірме, секция, студия және өзге де балалар бірлестігінің

бейініне сәйкес жоғары педагогикалық бiлiмі немесе тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және

педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;



      біліктілігі жоғары деңгейлі бiрiншi санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі екінші

санатты педагогқа қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар зерттеу, эксперименттік жұмыстар

әдістерін меңгеруі, облыстық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың,

жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, педагогикалық басылымдарда әдiстемелiк

жарияланымдардың болуы тиіс.

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: тиісті бейіні мен балалар бірлестігі бойынша жоғары

педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 

      біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші

санатты қосымша білім беру педагогына қойылатын талаптарға сай болуы, сонымен қатар:

халықаралық, республикалық конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың балалар

ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы, авторлық әдістемелік әзірлемелер болуы тиіс.

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiмі және педагогикалық жұмыс

өтілі кемінде 5 жыл немесе балалар бірлестігінің тиісті бейіні бойынша жоғары бiлiмі және

педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

      біліктілігі орта деңгейлі екiншi санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі санатсыз

педагогке қойылатын талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс дағдаларын меңгеруі,

жаңа әдістемелерді сынау бойынша жұмысты жүргізе білуі, өңірлік (қалалық) көрмелердің,

олимпиадалардың, жарыстардың балалар ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік бiлiмі

және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша техникалық және кәсіптік

бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл;

      біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты

педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, зерттеу, эксперименттік жұмыс әдістерін

меңгеруі, облыстық көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы

тиіс. 

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік



бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе тиісті бейіні бойынша техникалық және

кәсіптік білімі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

      біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман: біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты

педагогқа қойылатын жалпы талаптарға сай болуы, сонымен қатар халықаралық, республикалық

конкурстардың, көрмелердің, олимпиадалардың, жарыстардың ұжымдық жеңімпаздарын басқаруы тиіс.

      Бiлiктiлiкке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік

бiлiмі және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе техникалық және кәсіптік бiлiмі және

педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.



Ұйымдастырушы педагог

      Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымы білім алушыларының жас ерекшелігі мен

психологиялық ерекшелігін, мүдделерін және қажеттілігін зерделейді және тұрғылықты жері бойынша

оларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Жеке тұлғаның талантын, ойлау және дене даму

ерекшеліктерін дамытуға, жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Клубтардың, үйірмелердің,

секциялардың, әуесқой бірлестіктердің жұмыстарын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен

қызметтерін ұйымдастырады. Мына бағыттардың біріне жетекшілік етеді: ғылыми-техникалық,

көркемдік-шығармашылық, спорттық-туристік және тағы да басқа.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу үшін баланың

құқықтарын іске асыруға ықпал етеді. Кештерді, мерекелерді, саяхаттарды, экскурсияларды,

балалардың каникулдық демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың бос уақыт, демалыс, ойын-сауық

саласындағы маңызды әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды. Балалардың мәдени-бұқаралық

іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады. Іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен

денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етеді.

      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 

 мен Еңбек 

, «Неке

Конституциясын



кодексін

(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 

, Қазақстан

кодексін


Республикасының 



«Білім туралы»

«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»

«Қазақстан



жүктеу 241,98 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау