Мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің дамуы
Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Ақжар орта мектебінің
мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Канкулова Тураш Утегеновна
Алғашқы қоғамдық құрылыс тұсындағы адамзат тарихының өте ерте кезеңдерінде балаларды өмірге даярлаудың негізгі тәсілі аң аулау мен еңбек құралдарын бейнелейтін қарапайым ойнашықтармен ойнау, ересектердің іс-әрекеттіріне еліктеу болды. Моральдық тәрбие беудің құралы өмірдің түрлі жай-жағдайларында жаңа ұрпақтарға мінез-құлық ережелері мен нормаларын беріп отырған фольклор(ертегі, аңыз, мақалдар мен мәтелдер) болды.
Антикалық Грецияда мектепке дейінгі жастағы балаларды семьяда тәрбиелеу жөніндегі идеяларды қамтыған педагогикалық теорияның нышандары пайда болды. Тәрбие берудің өзінің мақсаттары мен құралдары жағынан елеулі түрде ерекшеленген спарталық және афиналық жүйесі көбірек белгілі болады. Спартада, әскери құл иеленуші мемлекетте, олар болашақ әскери азаматтар тәрбиелеу міндеттерімен белгіленіп отырды. Қоғамдық мораль балаларды жас шағынан ер жүрек, шыныққан, ішер тамақ, киер киім таңдамайтын, жылап-сықтау,жасу дегенді білмейтін етіп тәрбиелеуді ұсынды. Балалардың болашақта дені сау болуына тырысушылық,қыз балалар мен бой жеткен қыздардың дене тәрбиесіне көңіл бөлумен байланысты болды.
Афиныда құл иеленушілердің балалары уақытты негізінен үйдің әйелдер тұратын бөлігінде өткізіп отыр. Олар спартандарға қарағанда неғұрлым биязы тәрбие алды. Асыраушының қолынан бала педагогтың (бұл екі сөз – «пайдос» - бала және «аго» - қолынан жетектеймін дегенннен шыққан) қолына беріледі,олар көбіне дене еңбегіне жарамсыз құлдар болып келетін.
Спартандық және афинылық жүйелер үшін олардың арасында айырмашылықтар болса да, құлдар мен дене еңбегіне жиіркене қарауды тәрбиелеу, білім алуға азат адамдардың монополиясы ретінде қарау ортақ болды.
Педагогикалық тоерия негіздерінің қалыптасуында Ежелгі Грецияның аса көрнекті философтары Платон мен Аристотель көзқарастарының ерекше маңызы болды.
Платон (б.э.д 427-347 жылдар) тәрбие мен оқыту мәні, қоғамдық құрылым мен тәрбиенің қатынасы сияқты аса маңызды педагогикалық ұғымдардың анықтамасын берген кісі. Ол азат азамат балаларын ерте бастан тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесі туралы идеяны ұсынды. Платон ойынды тәрбие берудің маңызды құралы деп қарады, балаларды тәрбиелеумен шұғылданатын адамдарға қойылатын негізгі талаптарды айқындап берді.
Аристотель (б.э.д 384-322 жылдар)жеке адамның дене, ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесін қамтитын үйлесімді даму идеясын тұжырымдады. Ол тәрбиенің табиғи дарындылығына үлкен мән берді. Аристотель мектепке дейінгі кезеңді жеке адамның қалыптасуындағы ерекше және маңызды шақ деп бөліп қарады. Бұл кезеңде,оның пікірі бойынша, алуан түрлі ойындармен қатар ақыл-ойды дамытатын әңгімелер пайдаланылуға тиіс, ал балаларды бес жасынан бастап мақсатты түрде мектепке даярлау керек.
Мектепке дейінгі тәрбие теориясы негіздерінің қалыптасуында рим педагогы Марк Фабий Квинтилиан (42-118) жазған «Шешенді тәрбиелеу туралы» арнаулы педагогтық трактат – педагогика тарихында тұңғыш маңызды роль атқарды. Квинтилиан балалардың бойында ең әуелгі – бастапқы түсініктердің қалыптастыруына қоршаған ортаның әсер ету маңызын атап көрсетті және мол заман қоғамының азғындыратын зиянды әсері болатынын көрсетті.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу туралы айта отырып, Квинтилиан ата-аналарға, асыраушыға және педагогқа сөз тастайды. Асыраушыдан, дені сау болудан басқа, биік адамгершілік,жақсы да дұрыс тіл білу талап етіледі. Педагогты таңдау - өте күрделі іс, өйткені бала одан әлем туралы білім және мораль нормалары жөнінде түсініктер алады.
Квинтилиан мектепке дейін балалармен жүйелі сабақ жүргізу мүмкіндігі бар деп есептеді. Алайда соның өзінде берілетін білім ауқымды кең болмауға тиіс, оны беру методикасы «бала сүйіп үлгермеген оқудың жек көріп кетпеуі үшін» балалардың қуанышты көңіл күйін,ынтызарын туғызуы керек.
Феодализм кезеңінде балалар тәрбиесіне католик діні орасан зор ықпал етті, ол әр адамның бойында күнәһарлік нышан болды деп пайымдады. Шіркеу іліміне сәйкес, бұл күнәһарлықты жер бетіндегі өмірді ана дүние өміріне көшудің даярлық кезеңіне айналдыру арқылы ғана жеңуге болады. Болашақ жұмақ игілігіне ие болу үшін адам шіркеу парыздарына толық бағынып, құдайдан үнемі қорқып, құлдық етіп, өмір сүруі тиіс. Кішкентайынан бастап балалардың тентектік жасауға, жер бетінде ойын-сауыққа бөленуге , көңіл көтеруге әуестенуге деген ынтасын басып тастап отыру керек және қатаң шаралар, оның ішінде ұрып-соғу жазасын, қолдану арқылы мұндай қылықтарды тыю керек. Католик шіркеуі пұтқа табынушылар жасаған антикалық мәдениетке қарсы болды.
XIV-XVI ғасырларда,Қайта өрлеу дәуірінде қоғамдық ой-пікір адамға жаңадан үн қатып, гуманистікке,антика цивилизациясын-мәдениетін,өнерін,ғылымын-қайта өркендетуге шақырлы. Балаға деген көзқарас та өзгерді,гуманистер оны шадыман өмір сүруге,денесін өсіп жетілдіруге,ойын ойнауға,ақыл-ой іс-әрекеттерін жасауға провасы бар жан иесі ретінде қарайды. Бірақ Қайта өрлеу дәуірі,гумаизмінің аристократиялық сипаты болды, қоғамның тек артықшылықтағы бөлігі балаларының мүдделерін қорғады,ал халық балалары шіркеудің қанауында тәрбиелене берді.
Бірінші социолит-утопистер Томас Мордың (1478-1535) «Утопия» және Томмазо Кампанелланың (1568-1639) «Күн қаласы» деген еңбегінде жоқшылықтан,таптық теңсіздіктен,қанаудан азат қоғамдағы жетілген адам туралы армандар өз бейнесін тапты. Т.Мор мен Т. Кампанелла сипаттаған керемет мемлекеттерде мектеп жасына дейінгі барлық балаларға қоғамдық тәрбие беру енгізілген. Олардың дене дамуына үлкен көңіл бөлінеді, оқыту көрнекілікті кең қолданатын ойындар арқылы жүргізіледі.
Ғылыми педагогиканы дамытуды бастаған ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670) мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беруге үлкен көңіл бөлді. Коменский католик дініне және феодалдық езгіге қарсы шыққан, Чехияның халық бұқарасын біріктірген Чех ағайындыларының діни қауымында болды. Ол дінге сенетін адам еді, бірақ оның дүниеге көзқарасында стихиялық материализм элеметтері де болды. Ол шіркеудің адам күнәһарлығы туралы ойларын жоққа шығарды. Табиғи жан иесі ретінде адам үнемі дамуда болады деп есептеді. Коменский тәрбие арқасында «қай баланы болса да адам етіп шығаруға болады» деп атап көрсетті.
Табиғи дарындылық принциптерін негізге ала отырып, оны табиғат пен адам даму заңдарының жан-жақтылығы, жалпыға бірдей ортақтығы деп түсінген Коменский жас кезеңдерін талдады. Адам дамуы кезеңдерін (балалық, есейгендік, жігіттік, сақалық) сипаттай отырып, ол солардың ішіндегі 6 жылға созылатын біріншісіне ерекше көңіл бөлді. Коменскийдің ойынша дене шапшаң өсіп, сезім органдары жедел дамыған бұл кезеңде кішкентай балалар педагогикалық қабілеті бар, өз тәрбиеленушілерін сүйетін дана аналар басқаратын ана мектептерінде, семьяда тәрбиеленуге тиіс. Коменскийдің мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру туралы «Ана мектебі » деген арнаулы еңбегі мектепке дейінгі тәрбие жөнінде дүние жүзінде бірінші программа және құрал болды. Коменский балалардың денсаулығына және дене дамуына мұқият қамқорлық жасауға шақырды. Ол әйелдің жүкті кезіндегі өмір салты туралы бірқатар маңызды да бағалы нұсқаулар берді, жаңа туған сәбиді бағып-қағу жөнінде, оның тамағы мен киім-кешегі,режим және т.б.туралы халық тәжірибесі мен өз заманындағы медицинаға сүйенетін ұсыныстар жасады. Балалардың , деп жазды Коменский, денесі өсіп дамуы үшін жағдай жасауға тиіс. Балалардың жүгіруіне орынсыз шек қойәмау керек, қайта керісінше, олардың басын тік ұстау, отыру, бір нәрсені ұстау, алу, майыстыру, ию, жинау, жинастыр және т.б.дағдыларын дамытып отыр қажет. Осы және басқа дағдыларды, ісакерлікті игеру тек қана ойын түрінде асырылуға тиіс, ал ойын – балаларды дамытудың негізгі құралы.
Коменский адамгершілік нормаларын игеру діни тәрбиемен тығыз байланысты, бірақ оның мақсаты құдайға құлшылық етуге даярлық болмауға тиіс, ал адамның адамгершілік бейнесі қоғамның нақты жағдайлары мен қажеттеріне сәйкес болуға тиіс деп есептеді. Коменсийдің іс-әрекет етуге талаптанушылық, еңбек сүйгіштік, шыншылдық, мұнтаздай таза жүргізушілік, сыпайылық және сол сияқты басқа қасиеттерді тәрбиелеу жөніндегі ұсыныстары да бағалы болды.
Коменский орынды да ақылға қонымды тәртіп принципін жариялады, балаларға жеке бастың үлгісімен, байыпты ұстаздық етумен,ақыл-кеңес берумен, ұялтумен, сөгумен ықпал етуді ұсынды. Ұрып-соғу жазасын тек шектен шыққан жағдайда ғана қолдану мүмкін деп есептеді ол.
Коменский адамгершілік тәрбиесін еңбек тәрбиесімен тығыз байланыстырды,еңбек тәрбиесі белгілі бір жасқа лайықты еңбек дағдыларының қалыптасуын ғана емес, сонымен бірге еңбекті сүюге және еңбекке әдеттенуге тәрбиелеуді көздейді.
Коменский мектепке дейінгі балалық шақты мектепте онан әрі жүйелі оқытудың даярлық кезеңі ретінде қарады. Ол ана мектебі балалардың нақты түсініктерді жинақтауына себепкер болуға тиіс деп есептеді және қоршаған дүние жөнінде мектеп жасына дейінгі бала игеруге тиісті қарапайым білімдердің неғұрлым кең шеңберін егжей-тегжейлі белгілеп берді. Мәселен, жеті жасқа қарай бала жаратылыстану саласында от, ауа, су және жер, жаңбыр, мұз, қорғасын, темір және т.б. дегендердің не екенін білуге тиіс, күнді, айды, жұлдыздарды айырып,күннің қашан ұзақ және қашан қысқа болатынын білуге тиіс. Математика саласында балаға 20-ға дейін санауды үйренуге, тақ және жұп сандарды білуге, 7-нің 5-тен, ал 15-тің 13-тен көп екенін білуге «ұзын», «қысқа», «кең», «тар» деген ұғымдарды игеруге, негізгі шеңбер,шаршы, крест фигуралаын,ұзындық пен көлемнің негізгі адым, қарсы, сүйем, тұтас, жарты, ширек өлшемдерін білуге тиіс.Географиялық танулар қала, деревня, егіс, бау деген екенін түсінуге,өз селосының немесе қаласының атын білуді қамтуға тиіс.Сонымен бірге жыл мерзімдерін білуге, «сағат», «күн», «апта», «ай», «жыл» деген терминдерді түсінуге тиісті.
Аналарға балалардың есі мен ойын дамытуға кеңес бере отырып, Коменский оларды тарих, экономика, саясат бастауларымен, қоғамдық қатынастармен түсінікті формада таныстыруды ұсынды. Ол баланың есіне ықпал етіп қоймай, сонымен бірге ең бастысы қоршаған дүниенің құбылыстарын ақыл-ойға сала қабылдап, ұғыну сезімін дамыту керек деп кеңес берді.
Коменскийдің көптеген қағидалары- дене тәрбиесі туралы тіл иен ойлау қабілетін дамыту туралы адамгершілік қастеттерін тәрбиелеу туралы дүние жүзілік педагогиканы дамвту ісіне қосылған маңызды үлес болды.Я.А.Коменскиийдің бұдан үш жарым ғасыр бұрын дерлік жазылған «Ана мектебі» атты көрнекті еңбегі мектепке дейінгі тәрбие теориясын жасаудағы бірінші және тамаша талаптанушылық болды,ол кішкентай балалардыцң жас ерекшеліктеріне қарай оармен ұйымдастырылған жұмыс жүргізуге негіз қалады.
Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға Швейцарияның аса көрнекті педагог-деиократы Генрих Песталоциий (1746-1827) үлкен үлес қосты.Ол феодалдық қоғамдық қатынастардың қирау және капитализмге көшу дәуірінде өмір сүрді, халықтың қатты қайыршылануын және бұрынғы маралдық норамалардың ыдырауын көзімен көрді.Халықтың жағдайы жақсаруын армандай отырып,Песталоциий бұған дұрыс тәрбиелеу және жалпыға бірдуй білім беру нәтижесінде қол жетуі мүмкін деп есептеді.Оның көзқарасының утопмялылығы: білім берудің өзі халық бұқарасының жақсы өмір сүруіне кепілдік береді деген бұлдыр сенімінде болды.
Әрбір балаға әуел бастан оның бойына дамуға бейім келетін қасиеттердің нышаны тән деп есептеді Песталоций.Табиғи дарындылық приципін басшылыққа ала отырып, ол педагогтан балалардың жас мүмкіндіктерімен және ерекшеліктерімен санасуды талап етті. Песталоций оқыту процесін балалардың психологиялық даму заңдылықтарын есепке ала отырыып, ол оқыту процесінде бөлшектерден бүтінге, жақыннан алысқа,қарапайымнан күрделіге бірте-бірте көшуді, соның өзінде үздіксіздік пен дәйектілікті сақтауды ұсынды.
Песталоции тәрбие жүйесінің алдына барлық балалардың дене, еңбек, адамгершілік,ақыл-ой жағынан үйлесімді даму міндетін қойды. Ол бала үшін неғұрлым тән табиғи қозғалыстарға негізделген «элементарлық гимнастика» жүйесін ұсынды, «іскерлік әліппесі» деген қызықты идеяны алға тартты, одан әрі ол, «индустриялық гимнастика» болып дамуы тиіс еді.Бұл гимнастика,оның пікірі бойынша,балаларды еңбек іс-әрекетіне, оның ішінде өндірісте еңбек етуге даярлайды.
Песталоцци жүйесінде адамгершілік тәрбиесі, айналадағы адамдарға сүйіспеншілікпен қарау сезімін дамыту жетекші орын алады. Адамгершілік тәрбиесінің құралдары, біріншіден, айналадағы ең жақын ортадан балалардың алған мейірбандық,сүйіспеншілік көзқарасын адамдардың, құбылыстардың, заттардың неғұрлым кең шеңберіне және,екіншіден, педагогтардың көмегімен жинақталған балалардың жеке өздерінің тәжірибесін (бір қылықтан баланың өз бетінше безінуі және басқалардың мүддесі үшін бірдеңені құрбан етуі,қандайда болсын күш жұмсауы т.б.) тарату болып табылады.Адамгершілік сипатындағы қылықтарында жаттығудың осы тәрізді тәжірибе жасау негізінде бала жеке басының мүддесінен өз еркімен бас тартуға үйренеді, басқаларға көмектестім деген сана сезімнен ләззат алады.
Ақыл-ой тәрбиесі саласында Песталоццидің педагогика тарихындағы мәнін анықтап берген оның маңызды екі қағидасы бар.Біріншісі, оқыту процесінде көрнекілікті барынша кең қолдану қажеттігін дәлелдеу және насихаттау болды. Пестолоцци танымның басталар сәті сезімдік қабылдау деп есептелді және балалардың бойында бақылау мәдениетін қалыптастыру қажеттігін талап етті. Сан, форма, сөз барлық заттар үшін тән және қарапайым элементтер болып табылады, сондықтан баланы ең әуелі санауға, өлшеуге және сөйлеуге үйрету керек болады. Пестолоцци балаларға ана тілін, есепті және өлшемді ең алғаш оқыту методикасын талдап жасады, кез-келген шаруа әйел оны өз балаларымен сабақ өткізуде пайдалана алатындай етіп оңайлатты. Оның ұсынған дидактикалық материалдары кейінен кең таралды.
Песталотццидің өзге бір қағидасы дамыта отырып оқыту туралы идея болды, яғни оқу процесінің құрылымы мынадай болуға тиіс: тек мәліметтердің жинақталуына апарып қана қоймай, сонымен бірге балалар қабілетінің дамуынада апарады, оларды болашақта өздігінен қызмет етуге даярлайды. Бұл идея орасан жемісті болып шықты және көптеген педагогтардың еңбегінде онан әрі дамытыла түсті.
Петалоцци басты да таңдаулы тәрбиеші ана деп есептеді. Семьялық бастапқы тәрбиеге орасан зор маңыз бере келіп, оның дұрыс бағыт алуына қамқорлық ете отырып,ол «Аналар кітабы,немесе Балаларды бақылауға және сөйлеуге қалай үйрету жөнінде аналарға арналған басшылық»атты арнаулы құралды құрастыруға белсенді қатысты. Кітап материалдары баланың қоршаған орта жөніндегі түсінілген кеңейту және тәртіпке келтіру жағынан анаға көмек көрсетуге тиіс болды.
Песталоццидің қоғамдық-саяси көзқарастарының бүкіл тар шеңберлігі және утопиялығы бола тұрса да оның халыққа деген асқан сүйіспеешілігі, ағартушылық қызметі және оның ұсынған идеялары дүние жүзілік педагогикалық ой-пікірдің дамуына үлкен әскер әсер етті.
XIX ғасырдың екінші жартысында - XX ғасырдың басында Европада неміс педагогы Фридрих Фребельдің (1782-1852) мектепке дейінгі тәрбие теориясы кең таралды.
Фребель «балалар бақшасы» деген терминді енгізді, мұның өзі бүкіл дүние жүзінде жаппай қабылдады. Мектепке дейінгі мекеменің бұлай аталуынан, сондай-ақ тәрбиеші әйелді Фребель «баулаушы»деп атағандығынан оның балаларға деген сүйіспеншілігі, мақсатты педагогикалық ықпалдың маңызы жоғары баға бергені айқын көрсетілді.
Фребель дидактикалық ойындар мен алуан түрлі сабақтардың жүйесін құруды бастады,оларды жүргізу жөніндегі методикалық нұсқауларға талдау жасады. Ол балалармен олардың жасына сәйкес жұмыс жүргізудің алуан тәсілдеріне талдау жасай отырып, мектепке дейінгі тәрбие практикасын едәуір байытты. Фребель сәби және мектепке дейінгі балалардың тілін қалыптыстыру кезеңдерін егжей-тегжейлі көрсетті және затпен таныстырудан бұрын оның атын білу қажеттігін талап етті. Балалардың түрлі матералдармен істейтін жұмысы жөнінде Фребельдің ұсыныстарында көп құндылық болды.
Достарыңызбен бөлісу: |