Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет40/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49

79 
 
 
етуі, әдістемелік бірлестіктер, озық тәжірибелі мектептер қызметтеріне қатысуы тиіс. 
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: Педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік 
білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. 
 
      біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты маман:
 
      біліктілігі орта деңгейлі екінші санатты ұйымдастырушы педагогке қойылатын 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: тәрбие жұмысын талдау әдістерін меңгеруі, балалар 
мен жасөспірімдерді, оларға дифференцияланған тәсілдерді ескере отырып тәрбиелеу 
әдістемесін өзбетінше білуі, жұмыста озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс.
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік 
білімі және ұйымдастырушы педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 
 
      біліктілігі орта деңгейлі жоғары санатты маман:
 
       біліктілігі орта деңгейлі бірінші санатты педагогке қойылатын талаптарға жауап 
беруі, сонымен қатар: жаңа педагогикалық технологиялар, нысаналы бағдарламалар әзірлеуі, 
оларды сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды жүргізуі, білім беру саласындағы өзекті 
проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік етуі, өз жұмысында 
оқыту мен тәрбиелеудің озық педагогикалық тәжірибесін және инновациялық технологияларын 
пайдалануы тиіс. 
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: Педагогикалық бейіннің техникалық және кәсіптік 
білімі және педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
 
 
   Әлеуметтік педагог 
 
      Лауазымдық міндеттері: Жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық 
ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмірлік жағдайын, зерделейді, білім алушылардың 
мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалдық жағдайын, мінез-құлық 
ауытқуларын анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді. Баланың жеке 
және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін, міндеттерін, нысандарын, әлеуметтік-
педагогикалық жұмыс әдістерін анықтайды, білім алушы балалардың жеке құқығы мен 
еркіндігін іске асырудағы әлеуметтік қорғау мен көмек бойынша шаралар қабылдайды. Білім 
алушылар, балалар және мекемелер, отбасылар, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтер, 
ведомстволар мен әкімшілік органдар мамандары арасында делдал болады. Білім беру 
ұйымдарында білім алушыларды тәрбиелеу, білім беру, дамыту мен әлеуметтік қорғау бойынша 
және қоғамдағы өмірге жеке тұлғаны бейімдеуді қамтамасыз ететін тұрғылықты жері бойынша 
шаралар кешенін жүзеге асырады. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек 
балаларды патронатқа алу, тұрғын үймен, жәрдемақымен, зейнетақымен, мүліктік және 
мүліктік емес құқықтармен қамту бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Сабақтан тыс уақытта 
білім алушылардың талантын, ойлау және дене мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасайды. 
Әлеуметтік ортада ізгілікті, адамгершілікті, дұрыс қарым-қатынасты қалыптастыруға ықпал 
етеді. Бала мен мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және әлеуметтік қызметтер арасындағы 
байланысты қамтамасыз етеді. Мұғалімдермен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен 
өзара әрекеттеседі. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын 
сақтауды қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдарындағы білім беретін оқу бағдарламаларын 
әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
 
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексін, «Неке 
(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі, Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары 
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы 
құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және 
білім беру мәселелері жөніндегі басқа да нормативтік құқықтық актілерді, әлеуметтік 


80 
 
 
саясат, жалпы және әлеуметтік педагогика, педагогикалық, әлеуметтік, жасерекшелік және 
балалар писхологиясы негіздерін, валеология және әлеуметтік гигиена негіздерін, 
әлеуметтік-педагогикалық және диагностикалау әдістерін, тәрбие жұмысы әдістемесін, 
педагогикалық ғылымды дамытудың, әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарды талдау және 
бағдарламалаудың негізгі бағыттарын, еңбек туралы заңнамалар негізі, еңбекті қорғау және 
техника қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін сақтау нормалары мен ережелерін, санитарлық 
ережелер мен нормаларды.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар:
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман: жоғары педагогикалық білімі 
немесе бейіні бойынша жоғары білімі. 
 
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік 
талаптары: 
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ әлеуметтік педагогке қойылатын жалпы 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар озық тәжірибені зерделеуі, оны практикада 
қолдануы, оқу-тәрбие жұмыстарын талдау дағдыларының болуы, білім беру ұйымдарының 
әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына қатысуы тиіс.
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және әлеуметтік 
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе бейіні бойынша жоғары білімі және 
әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын барлық 
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар тәрбиелеу жұмыстарын талдау әдістерін меңгеруі, 
шығармашылық семинарларға жетекшілік ете білуі, озық тәжірибені қолдануы тиіс.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және әлеуметтік 
педагог лауазымындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 4 жыл немесе бейін бойынша 
жоғары білімі және әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: 
 
       біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты әлеуметтік педагогке қойылатын 
жалпы талаптарға жауап беруі, сонымен қатар ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстар 
әдістерін меңгеруі, жаңа әлеуметтік-педагогикалық бағдарламалар, педагогикалық 
технологияларды әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізе білуі, 
әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтардың 
жұмысына жетекшілік ете білуі тиіс. 
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі және әлеуметтік 
педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе бейін бойынша жоғары білімі және 
әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 6 жыл.
 
 
   Музыка жетекшісі 
 
      Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 
тәрбиеленушілердің музыкалық тәрбиесін және эстетикалық дамуын жүзеге асырады. Музыкалық 
аспапта орындау техникасын кәсіби шеберлікпен меңгереді. Музыкалық және басқа да мәдени-
бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді; балалармен дербес жұмыстар 
жүргізеді, музыкалық жағынан дарынды балаларды анықтайды.
 
       Дене тәрбиесі сабақтарына, спорттық шараларды ұйымдастыруға қатысады. Балалармен 
ойын жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады, әртүрлі музыкалық-дидактикалық ойындарды 
өткізеді. Педагогикалық кеңестерді дайындауға, әдістемелік бірлестіктердің жұмысына 
қатысады. Балалармен жұмыс істеу практикасына озық тәжірибелерді енгізеді. 
 
      Ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды музыкалық тәрбиелеу мәселелері бойынша 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау