95
жұмыс өтілі кемінде 7 (жеті) жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі
екінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын
талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік жұмыс дағдыларына ие болуы, білім беру процесінің өзекті
проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтар жұмысына қатысуы тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, БА жүйесіндегі жұмыс
өтілі кемінде 9 (тоғыз) жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: біліктілігі жоғары деңгейдегі
бірінші санатты БАИ әдіскеріне қойылатын талаптарға жауап беруі, сонымен қатар: ғылыми-
зерттеу және тәжірибелік жұмыс әдістерін меңгеруі; білім беру процесінің өзекті
проблемаларын әзірлеу бойынша шығармашылық топтарға жетекшілік етуі:
алдыңғы қатарлы
білім беру технологиялары бойынша ақпарат таратуы, жарияланған әдістемелік
материалдарының болуы, мемлекеттік тілді білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, БА жүйесіндегі жұмыс
өтілі кемінде 10 (он) жыл және жарияланған әдістемелік материалдары болуы керек.
Деңгейлік бағдарламалар орталығының басшысы
Лауазымдық міндеттері: Орталықтың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Тренерлер арасында функционалды міндеттерді бөледі. Орталық қызметін ұйымдастырады, оның
даму
перспективаларын айқындайды, Орталық алдына қойылған функциялар мен міндеттерді
шешудің жолдарын тандайды. Біліктілікті арттыру курстарының өткізілуін үйлестіреді,
тренерлер жұмыстарының нәтижелігін саралайды, есептіліктің уақытылы жасалуын
қамтамасыз
етеді, қазіргі нормаларға сай құжаттама жүргізеді. Деңгейлік бағдарламалардың оқу
процесін нормативтік құжаттар талабына сәйкес ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша БАИ
қызметіне қатысады. Тренерлердің оқу қызметінің нормаларын
жоспарлауын және орындауын
бақылауды жүзеге асырады. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік
бағдарламаларына қатысты саралық есептер мен сұрақтар бойынша ақпараттық анықтамалар
әзірлейді. Курсаралық кезеңде сертификатталған педагогтерге консультациялық көмек
көрсетеді. Тренерлердің оқу жүктемесі мен аудиторлық қорды ұтымды қолдануы бойынша
ұсынымдамалар, бағдарламалар мен оқу-тақырыптық жоспарлар әзірлеу жұмысын ұйымдастырады.
Деңгейлік бағдарламаларына қажетті оқу
құжаттамасын әзірлеу, оқу процесін ішкі
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес ұйымдастыру бойынша филиал қызметіне қатысады.
Педагогтер біліктілігін арттыру курстарының деңгейлік бағдарламары бойынша оқу процесін
ұйымдастыруға қатысты Басқарма бұйрықтары мен шешімдерін орындауды қамтамасыз етеді.
Орталықтың жабдықтарға, материалдарға және Орталыққа жүктелеген міндеттер мен
функцияларды орындауға қажетті басқа да ресурстарға мұқтаждығын айқындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беру мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін және нормативтік құжаттарды.
Филиал қызметін айқындайтын нормативтік актілерді. Кембридж университетімен бірге
дайындалған «НЗМ» ДББҰ-ның оқу бағдарламасының жеті модулінің тұжырымдамалық идеяларын.
Ересектерді оқытудың заманауи формалары мен әдістерін. Қазақстан
Республикасының еңбек
заңнамасының негіздерін. Еңбек қорғау
нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы
және өртке қарсы күрес ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, тренер сертификаты
және оқытушы ретінде жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл.
Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
96
Лауазымдық міндеттері: Деңгейлік бағдарлама бойынша біліктілікті арттыру курстарын
тиісті деңгейде өткізу. Тындаушылармен бекітілген кесте бойынша дәріс өткізу. Деңгейлік
бағдарламалар курстарының талабына сай оқу-тақырыптық жоспар мен курс бағдарламасын
әзірлеу. Тыңдаушылардың сабаққа қатысуын тұрақты түрде бақылау. Куратор функциясын
жүзеге асыру. Қажетті оқу құжаттарын (журналдар, табельдер, кесте және т.б.) ресімдеу.
Өзінің қызметі туралы басшылыққа қажетті ақпарат беру.
Ақпараттық брошюра, мақала
дайындау. Семинар, көрме, конференцияларға қатысу. Тындаушыларға портфолионы дайындау
және біліктілік емтиханын тапсыру бойынша консультация беру. Біліктілік емтихан
нәтижелеріне сараптама жүргізу. Оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдану. WOIP-технологияны қолдана отырып, бейнеконференция арқылы
біліктілікті арттыру денгейлік курстарының он-лайн кезеңін өткізу кезінде жеке
консультациялар жүргізу. Тыңдаушылардың аудиториялардағы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз
ету. Тренер жұмысын реттейтін Ішкі тәртіп ережелерін және филиал құжаттарын сақтау.
Филиал іс-шараларына, оның ішінде орталықтың отырыстарына, өз қызметінің барлық түрлерін
жоспарлауға және атқарылған жұмыс туралы есеп беруге қатысу. Сертификатталған
мұғалімдердің кейінгі кәсіби қызметіне мониторинг жүргізу. Тыңдаушыларға демалыс іс-
шараларын ұйымдастыру. Курсаралық кезеңде бекітілген базалық (тірек) және басқа
мектептерде: мастер-кластар өткізу; топтық консультациялар жүргізу; мұғалімдердің
коучингін және тәлімгерлігін жүзеге асыру; басшылықтың басқа да тапсырмаларын орындау.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының заңдарын, білім беру мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен шешімдерін және нормативтік құжаттарды.
Филиал қызметін айқындайтын нормативтік актілерді. Кембридж университетімен бірге
дайындалған «НЗМ» ДББҰ-ның оқу бағдарламасының жеті модулінің тұжырымдамалық идеяларын.
Ересектерді оқытудың заманауи формалары мен әдістерін. Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасының негіздерін. Еңбек қорғау нормалары мен ережелерін, қауіпсіздік техникасы
және өртке қарсы күрес ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, білім беру
саласындағы жұмыс өтілі кемінде 1 (бір) жыл, біліктілікті арттыру курстарының тренері
сертификатының болуы.
Кафедра меңгерушісі
Лауазымдық міндеттері: Кафедраның даму стратегиясын жасайды, сыртқы байланыстарды
нығайтады және дамытады.
Тыңдаушыларды курстық даярлау сапасының кафедраішілік жүйесін әзірлейді. Оқытудың
педагогикалық әдістері мен құралдарын, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
дағдыларын меңгереді. Профессорлық-оқытушылық құрамды оқытуды ұйымдастырады. Оқу,
ғылыми, әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша кафедра отырыстарын өткізеді.
Кафедра жұмысын жоспарлайды, кафедра оқытушыларының жеке жұмыс жоспарларын
бекітеді. Кафедра оқытушылары арасындағы педагогикалық жүктеме мен лауазымдық
міндеттерді бөлуді жүзеге асырады, олардың уақытылы және сапалы орындалуына
бақылау
жасайды.
Кафедрада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады. Аяқталған ғылыми-
зерттеу жұмыстары мен оларды енгізу мүмкіндіктерінің нәтижелерін талқылауды
ұйымдастырады. Қол жеткізілген ғылыми нәтижелерді жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Оқу және оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді. Көрнекі
құралдар мен кафедраның оқу-әдістемелік материалдарының дайындалуын ұйымдастырады және
тікелей өзі қатысады.
Кафедрадағы оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларының сапасы мен орындалуына бақылау
жасайды. Кафедраның педагогикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Кафедра