Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет37/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49

73 
 
 
«Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-
педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық 
бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдары және басқа да 
нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарты және арнайы педагогика, арнайы психология, 
педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, еңбек туралы заңнама негіздерін, қаржы-
шаруашылық қызметі, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігін, өртке қарсы күрес нормалары 
мен ережелерді, санитарлық ережелер мен нормаларды.
 
       Арнайы білім беру ұйымының мұғаліміне қойылатын талаптар: «Дефектология» 
мамандығы бойынша жоғары педагогикалық білімі бар. Арнайы білім беру ұйымының еңбек, 
музыка, түзету ырғағы, бейімдік дене шынықтыру мұғалімінің оқыту пәні бойынша жоғары 
немесе техникалық және кәсіптік білімі болуы тиіс. 
 
       Тиісті санатты алу үшін міндеттерді анықтай отырып қойылатын біліктілік 
талаптары: 
 
      біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты маман:
 
       Біліктілігі жоғары деңгейлі санаты жоқ мұғалімге қойылатын талаптарға жауап 
беруі, сабақ берудің әдістерін құрастыруы, оқу процесінде түзету жұмыстарын жүзеге 
асыруы, белсенді оқытудың әдістері мен нысандарын пайдалануы, білім алушылармен 
диагностикалық жұмысты ұйымдастыра білуі, оқу-тәрбиелеу, түзету-дамыту процестерінде 
тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етуі, шығармашылық топтардың, әдістемелік 
бірлестіктердің, білім беру мекемелері шеңберіндегі озық тәжірибелі мектептің жұмысына 
белсенді қатысуы тиіс. 
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білімі 
және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 
       біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты маман: 
 
       Біліктілігі жоғары деңгейлі екінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап 
беруі, сонымен қатар пән бойынша оқу-әдістемелік, түзету-дамыту жұмыстарын талдау 
әдістерін меңгере білуі, оқытудың жеке бағдарламасын жасауы және іске асыруы, 
шығармашылық семинарлар, шығармашылық топ жұмыстарына жетекшілік ете білуі, өз жұмысында 
озық педагогикалық тәжірибелерді пайдалануы тиіс. 
 
       Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары білімі 
және мұғалім лауазымында жұмыс өтілі кемінде 4 жыл. 
 
      біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санатты маман:
 
       Біліктілігі жоғары деңгейлі бірінші санатты мұғалімге қойылатын талаптарға жауап 
беруі, сонымен қатар жаңа оқу-әдістемелік және дидактикалық материалдарды, педагогикалық 
технологияларды, оқу және тәрбие әдістемесін әзірлей білуі, оларды сынақтан өткізу 
жұмыстарын жүргізе білуі; өз пәні бойынша эксперименттік тапсырманы құруы, арнайы білім 
беру саласындағы өзекті проблемаларды әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарға жетекшілік 
жасауы, арнайы білім беру саласындағы проблемалар бойынша педагогикалық басылымдарда 
жарияланымдардың болуы тиіс. 
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: «Дефектология» мамандығы бойынша жоғары 
педагогикалық білімі және мұғалім лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
 
 
   Қосымша бiлiм беру 
 
   Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымының директоры 
 
      Лауазымдық міндеттері: Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарын ұйымның 
Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Мәдени-демалыс 
қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім 


74 
 
 
беретін, коммуникативті қызметтерді көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысы мен 
өзара әрекетін ұйымдастырады. 
 
       Басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды. Шағын 
аудандарды дамытудың әлеуметтік-педагогикалық бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді 
ұйымдастырады. Білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде 
ұйымның білім алушыларының және қызметкерлерінің өмір қауіпсіздігі мен денсаулығына 
қажетті жағдай жасайды. Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. 
 
      Білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша алыс және жақын шетелдер балаларына 
арналған қосымша білім беру ұйымымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша 
шараларды жүзеге асырады, заманауи ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және 
дамытады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының 
қаржы-шаруашылық қызметін басқаруды жүзеге асырады. Білім алушылар контингентін 
қалыптастырады. Педагогикалық қызметкерлер мен әдістемелік бірлестіктер жұмысын 
үйлестіреді, қамқоршылық кеңес пен қоғамдық ұйымдар, оның ішінде балалар ұйымдары 
қызметіне ықпал етеді.
 
      Есепті, оқу-материалдық базаларды сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық 
режим, еңбекті сақтау және техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтауды қамтамасыз етеді. 
Педагогикалық кадрлар мен қосалқы персоналдарды іріктеу және орналастыруды жүзеге 
асырады, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
 
      Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың ата-аналарымен (оларды 
алмастырушы тұлғалармен) жұмысты үйлестіреді. Есептілікті дайындау және қажетті ұсынысты 
қамтамасыз етеді. Барлық органдарда ұйымның мүддесін қорғайды және Қазақстан 
Республикасы заңнамаларында тыйым салынбаған өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
 
      Бiлуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан 
Республикасының Еңбек кодексі, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан 
Республикасының кодексі, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан 
Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары 
туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы 
құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу туралы» Заңдарын және 
білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін анықтайтын басқа да нормативтік құқықтық 
актілерді, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жұмысының бейіні және оның 
ерекшеліктерін, жасөспірім және жеткіншек жастағы психологияның жас ерекшеліктерін, 
әртүрлі әлеуметтік ортадағы психология, әлеуметтану және жұмыс ерекшелігін, жалпы және 
отбасы педагогикасының негіздерін, экстремальді жағдайларды анықтау әдістерін, 
жасөспірімдер мен жастар үшін консультациялар жүргізу әдістерін, қиын жасөспірімдермен 
және жастармен жұмысты ұйымдастыру, педагогика, педагогикалық психологияны, 
педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін, экономика, қаржы-шаруашылық қызметі, 
еңбек туралы заңнамаларын, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өртке қарсы күрес 
нормалары мен ережелерін, санитарлық ережелер мен нормаларды.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі немесе тиісті бейін 
бойынша жоғары білімі, білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл 
немесе басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
 
 
   Балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымы 
директорының орынбасары 
 
      Лауазымдық міндеттері: Педагогикалық ұжым қызметінің ағымдық және перспективті 
жоспарларын ұйымдастырады. Педагогикалық қызметкерлердің білім беретін оқу жоспарлар мен 
бағдарламаларды орындау, сондай-ақ қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу 
бойынша жұмыстарын үйлестіреді. Ұйымдардағы білім беру және тәрбиелеу процестерінің 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау