Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет3/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49


 
 
үйлестіреді. Оқытушылардың оқу жүктемелерін бақылайды және реттейді. Қабылдаған 
шешімдеріне, материалдық құндылықтардың сақталуына және тиімді жұмсалуына толық жауапты 
бола отырып, жоғары оқу орнының әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық 
қызметтерінің жекелеген бағыттарына басшылық етеді. Өзіне тапсырылған барлық құрылымдық 
бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді әрекетін ұйымдастырады. Жоғары білікті мамандар 
дайындау мақсатындағы оқу орны қызметінің, жоғары білім беру саласындағы соңғы 
жетістіктерді ескере отырып, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы деңгейінің 
сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етеді. 
 
       Өзіне тапсырылған қызметтер шеңберінде жоғары оқу орнының бюджет, мемлекеттік 
бюджеттен тыс қорлардың, жеткізушілердің, тапсырыс берушілердің, несие берушілердің 
алдындағы барлық міндеттемелерді орындауын; жаңа техникалар мен технологияларды қолдану 
саласындағы жаңа жетістіктер, білім беру саласындағы отандық және шет елдік жетістіктер, 
еңбекті ұйымдастыру және басқарудың белсенді түрлерін қолдану, шығындарды жұмсаудың 
негізгі нормалары, жоғары оқу орнының материалдық, техникалық ресурстарын тиімді 
пайдалану негізінде жоғары оқу орнын басқаруды ұйымдастырады. 
 
       Сеніп тапсырылған құрылымды білікті мамандармен қамтамасыз ету, қызметкерлердің 
біліктілігін ұдайы арттыру жөнінде шаралар қабылдайды. Кәсіби білімді қолдану және 
дамыту, тәжірибе алмасу, жағымды және қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, еңбекті қорғау мен 
техника қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді. 
 
       Басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің дұрыс үйлестірілуін, жоғары 
оқу орны қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырудағы материалдық және моральдық 
ынталандыру қағидаттарын қолдануды, әрбір жұмыскерге оған тапсырылған іс пен оның 
нәтижесіне деген материалдық қызығушылығы мен жауаптылығы қағидатын қолдануды, жалпы 
еңбек нәтижесін қамтамасыз етеді. 
 
       Мекеме ұжымымен (жұмыскерлердің өкілдерімен) бірге әлеуметтік әріптестік 
қағидаттары негізінде ұжымдық шартты дайындайды, оған қол қояды және орындайды, еңбек 
және өндіріс тәртібін сақтайды, еңбекке ынталандыруды, бастаманы және жоғары оқу орны 
қызметкерлерінің белсенділігін дамытуға ықпал етеді. 
 
       Сенімхаты болған жағдайда оған берілген құқықтар шегінде жоғары оқу орнының 
қаржылық, экономикалық, өндірістік-шаруашылық мәселелерін шешеді, жоғары оқу орны 
қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді басқа лауазымдық тұлғаларға – құрылымдық 
бөлімшелердің басшыларына, сонымен бірге қызметтік және әкімшілік құрылымдық 
бөлімшелеріне тапсырады. Құрылымды және штат кестесін өзгертуге байланысты ұсыныстар 
береді. Өзіне тапсырылған құрылымдық бөлімшелердің қызметінің заңдылығын бақылауды, оның 
шаруашылық-экономикалық байланыстарын жүзеге асыруды, қаржыны басқаруда құқықтық 
құралдарды пайдалануды, шарт және қаржы тәртібін, әлеуметтік еңбек қатынастарын 
нығайтуды қамтамасыз етеді. 
 
       Жоғары оқу орнының білім беру қызметін қолдау және аясын кеңейту мақсатында білім 
беру саласындағы инновациялық технологияларды енгізуді және қолдануды қамтамасыз етеді. 
Сенімхаты немесе желілік нормативтік актісі болған жағдайда жоғары оқу орнының мүліктік 
мүдделерін сотта, сот алқаларында қорғайды. Мемлекеттік құпияның қорғалуына және 
сақталуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыруға, жағдай жасауға, жалпы жоғары оқу орнының 
қызметіне тікелей жауапты. Жыл сайын тиісті құрылымдық бөлімшелер қызметінің нәтижелері 
туралы есеп дайындайды. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын,  Қазақстан 
Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым 
туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл 
туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы", «Мемлекеттік 
сатып алу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасында білім 
беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және жоғары оқу орнының білім беру, ғылыми, 



 
 
өндірістік-шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін басқа да нормативтік 
құқықтық актілерді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау 
саласындағы әдістемелік материалдарды, жоғары оқу орны саласының техникалық және ғылыми 
дамуының болашағын, жоғары оқу орнының кадрлық ресурстарын, жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру (қосымша білім беру) саласындағы шетелдік білім беру 
мекемелерінің ғылыми жетістіктері мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерін, еңбек заңнамаларын, 
еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын.
 
      Біліктілікке қойылатын талаптар: оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, халықаралық, 
инновациялық, стратегиялық жұмыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлар үшін: 
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі немесе «Назарбаев 
Университеті» ДБҰ-да немесе шетелдің жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау 
жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтау 
қорытындылары бойынша берілген магистр академиялық дәрежесі, кемінде 5 жыл білім беру 
ұйымдарында басшылық лауазымдағы еңбек өтілі болуы немесе «Назарбаев Университеті» ДБҰ-
да және/немесе шетелдің жоғары оқу орнында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі 
республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар (магистратура немесе PhD 
докторантура) бойынша оқуын аяқтаған жағдайда кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы тиіс;
 
      Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) 
білім, ғылыми дәреже немесе магистр академиялық дәрежесі, тәрбие жұмысы бойынша кемінде 
3 жыл еңбек өтілінің болуы тиіс;
 
      әкімшілік-шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасар үшін: жоғары (немесе жоғары оқу 
орнынан кейінгі) білім, жетекшілік ететін мәселелері бойынша кемінде 3 жыл еңбек 
өтілінің болуы тиіс.
 
      Білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы 
сертификатының (куәлігінің) болуы.
 
 
   Факультет деканы 
 
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
 
 
         Лауазымдық міндеттері: Факультеттің даму стратегиясын әзірлейді, жұмыс 
берушілермен, білімді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды дамытады. Факультеттегі 
мамандар дайындау бағыттары бойынша білім беру қызметінің нарығын зерделейді. 
Факультеттегі оқу, тәрбие, ғылыми жұмыстарға басшылық жасайды. Кәсіптік білім беру 
бағдарламаларының, оқу жоспарларының, пәндердің оқу бағдарламаларының жасалуына және 
практикада қолданылуына байланысты жұмыстарды басқарады. Оқу-тәрбие үрдісінің ғылыми-
әдістемелік және оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастырады. 
Факультет ішінде мамандар дайындау сапасының жүйесін жасайды. 
 
       Кафедра меңгерушілеріне, ұжымға, факультет студенттеріне әкімшілік басшылықты 
жүзеге асырады. 
 
       Мыналарды: 
 
       жұмыс оқу бағдарламаларын және пәндердің силлабустерін; 
 
       элективтік пәндердің каталогін; 
 
       студенттердің жеке оқу жоспарларын бекітеді. 
 
       Кәсіби бағдар беру, факультетке жұмысқа қабылдау жұмыстарын ұйымдастырып, 
жүргізеді. 
 
       Студенттерді кәсіби дайындауға басшылықты жүзеге асырады. 
 
       Оқу сабақтарының, емтихандардың, сынақтардың кестелерін жасауды ұйымдастырады 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау