17
Оқу процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
Педагог қызметкерлерге авторлық
бағдарламаларын, оқулықтарын, оқу-әдістемелік
әдебиеттерін әзірлеуде жәрдем көрсетеді, облыстық (қалалық) білім басқармаларының
әдістемелік кабинеттерінің, баспалармен ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыс жөнінде
жинақтарды, нұсқаулықтарды және басқа да басылымдарды дайындау жөніндегі жұмысты
ұйымдастырады. Оқу және тәрбие процестерін жетілдіруді, оқытудың
жаңа технологияларын
әзірлеу және енгізуді, педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттау
жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оқу-әдістемелік базаның есебін,
сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады.
Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың жай-күйін ұйымдастырады және талдайды,
эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін қорытындылайды. Оқытудың инновациялық әдістерін
зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді.
Оқу кабинеттерді, зертханаларды, шеберханаларды қазіргі жабдықтармен, көрнекі
құралдармен және оқудың техникалық құралдарымен жарақтау, кітапханаларды оқу әдістемелік
және
көркем әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен толықтыру жөніндегі жұмыстарды
қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда жәрдем көрсетеді. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік
кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуді, білім алушылардың ғылыми қоғамдары
жұмыстарын ұйымдастырады. Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік
және өртке қарсы
ережелер мен нормаларының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Ғылыми және оқу-
әдістемелік қызмет нәтижелері туралы есеп береді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін ,
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Ғылым
туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл
туралы" заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың
білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;
педагогика және психология
негіздерін, ғылым мен техника жетістіктерін; озық педагогтік
тәжірибені меңгеру және
шығармашылықта пайдалану; басқарудың инновациялық әдістерін;
экономика, құқық негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника
қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, оқу орнының бейініне сәйкес
ұйымда басшы лауазымда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін Қазақстан Республикасының
заңнамасына, білім беру ұйымының жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге
сәйкес басқарады.
Білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыруды, оқу жұмысын ұйымдастыру
жөнінде жоспарларды әзірлеуді жүзеге асырады.
Білім беру ұйымдары жұмысының ағымдағы және стратегиялық жоспарлауын
ұйымдастырады, оқу жоспарлары мен оқыту, үлгі оқу бағдарламаларын оқытушылардың орындауы
бойынша жұмысын үйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасын қамтамасыз ету үшін
қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады, оны ұйымдастыруда жаңа
тәсілдерді қамтамасыз етеді.
Оқу процесінің сапасын бақылауды, оқу жоспары мен бағдарламалардың орындалуын
жүзеге асырады. Білім алушылардың
ағымдағы бақылауын, аралық және қорытынды
аттестаттауын өткізу және дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Педагогтік кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады. Педагог кадрларды
18
аттестаттаудан өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады.
Оқу кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың жаңа
құралдарымен жарақтау жұмыстарын үйлестіреді. Практикаға оқытудың инновациялық
технологияларын енгізуді зерделейді және таратады.
Еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы ережелер мен нормаларының
талаптарын орындауды қамтамасыз етеді. Оқу жұмысы жөніндегі есептілік құжаттарды
уақытылы жасауды, олардың дұрыстығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодексін , Қазақстан Республикасының Салық Кодексін ,
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" , "Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын,
білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие
беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін; педагогика және
психология негіздерін, қазіргі заманғы педагогтік ғылым мен тәжірибе жетістіктерін;
оқыту әдістерін және озық технологияларды; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика
негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке
қарсы ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, басшы педагог лауазымындағы
немесе оқу орнының бейініне сәйкес ұйымдарда еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.
Басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Білім беру ұйымдарында тәрбие процесін ұйымдастыруды
жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жөнінде жоспарлар мен іс-шаралардың әзірленуін, кәсіби
бағдар беру жұмыстарының ағымдағы және стратегиялық жоспарлануын қамтамасыз етеді,
олардың орындалуына бақылау жасайды.
Сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің,
кітапханашылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік
эстетикалық бағыттағы қосымша білім беру оқытушыларының қызметтерін үйлестіреді.
Тәрбие жұмысына талдау жасайды. Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбиелік іс-шараларды
дайындау мен өткізу бойынша әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастырады; тәрбие процесінің сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие
жұмысының басқа да түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке
тәрбие жұмысына жүйелі түрде бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысының мазмұнын, нысанын және әдістерін жетілдіреді. Білім алушыларға
салауатты өмір салтын енгізу бойынша дене тәрбие процесін, спорттық-сауықтыру және
әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды үйлестіру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Білім алушылардың патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және
имандылық сезімін қалыптастыру, жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға
бағытталған жұмысты жүзеге асырады.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен,
тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты
ұйымдастырады. Оқу-материалдық базаны нығайту жөнінде жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге
асырады.
Жұртшылық және құқық қорғау органдары өкілдерімен, ата-аналармен және ата-аналар
комитеттерімен тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарының кызметтері мен
құрылымдарының, әкімшілік өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Білім беру
ұйымындағы моральды-психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау,