Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет7/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49

13 
 
 
білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы 
тиіс. Құқық қорғау органдарының, арнайы мемлекеттік органдардың және қорғаныс 
саласындағы мемлекеттік органның жоғары оқу орындарында Қазақстан Республикасының тиісті 
мемлекеттік органдарында басшы лауазымдарындағы қызмет өтілі кемінде 7 жыл немесе 
ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, соның ішінде доцент 
қызметінде кемінде 1 жыл болуы тиіс.
 
 
   Аға оқытушы 
 
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
 
 
         Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-
әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. 
 
       Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады. 
 
       Барлық жұмыс түрлерін жүргізеді. Ассистенттер мен оқытушылар жүргізетін 
сабақтардың сапасына бақылау жасайды. Оқитын пәндері бойынша жұмыс бағдарламаларын 
жасайды. Оқитын пәндері және жекелеген оқу сабақтары, оқу жұмыстары бойынша әдістемелік 
қамтамасыз ету үшін еңбектер жинақтайды және әзірлейді. 
 
       Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады. Оқитын пәндері немесе 
жекелеген оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарына басшылық жасайды. 
 
       Ассистенттер мен оқытушыларға педагогикалық шеберлік пен кәсіби дағдыларды игеру 
үшін әдістемелік көмек береді. 
 
       Әдістемелік комиссия құрамында мамандық бойынша кафедраның ғылыми-әдістемелік 
кеңесінің жұмыстарына қатысады. 
 
       Мектеп оқушыларына кафедрадағы мамандықтар бойынша кәсіби бағдар беру жұмыстарына 
қатысады. 
 
       Ғылыми-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық, экономикалық, құқықтық білімдерді 
насихаттауға қатысады. 
 
       Сабақтарды, зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер 
мен кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік 
санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. Студенттерді 
тәрбиелеу жұмыстарына қатысады. 
 
       Кафедрадағы оқулықтар, оқу құралдарын, оқу-әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар, 
жұмыс бағдарламалары және басқа да оқу-әдістемелік жұмыстардың түрлерін дайындауға 
қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады. 
 
       Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру 
жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; өз мамандығы 
бойынша оқу-ғылыми пәндерін; білім беру жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу 
жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби 
білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру 
әдістемесін; студенттерге білім беру мен тәрбиелеудің қазіргі нысандары мен әдістерін; 
экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен 
қорғау ережелері мен нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) 


14 
 
 
білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде оқытушы 
лауазымында кемінде бір жыл болуы немесе мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі 
кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс.   
 
 
   Оқытушы (ассистент) 
 
      Ескерту. Кіші бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 
2011.06.09 N 241 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң 
қолданысқа енгізіледі); 27.12.2013 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
 
 
         Лауазымдық міндеттері: Жетекшілік ететін пәндері бойынша оқу және оқу-
әдістемелік жұмыстарын ұйымдастырады және өткізеді. 
 
       Кафедрадағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір бағытына қатысады. 
 
       Профессордың, доценттің, аға оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін оқу сабақтары 
және басқа да оқу түрлері бойынша әдістемелік нұсқаулықтар дайындайды және оған 
қатысады. Студенттерді тәрбиелеу жұмыстарына қатысады. Студенттердің ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына басшылық жасауға және ұйымдастыруға қатысады. 
 
       Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарына қатысады. 
 
       Оқу үдерісінің, оқу құрылымдық бөлімшелері құралдарының, зертханалардың 
материалдық-техникалық базасының нығаюына, дамуына, қамтамасыз етілуіне, жетілдірілуіне 
байланысты шараларды дайындауға және жүзеге асыруға белсенді қатысады. 
 
       Сабақтарды, зерханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізуде студенттер мен 
кафедра оқытушыларының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, 
өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына бақылау жасайды. 
 
       Профессордың, доценттің, аға оқытушының (пән кураторы) жетекшілігімен оқу 
сабақтарының әдістемелік және техникалық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және 
жоспарлайды. Студенттердің оқулықтармен, арнайы, ғылыми әдебиеттермен, оқу құралдарымен 
жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады, өз бетінше эксперимент жүргізуге, алынған 
нәтижелерді жинақтауға үйретеді. 
 
       Кафедрадағы зерттеу тақырыбы аясында ұйымдастырылатын семинарларға, мәжілістерге, 
конференцияларға, оның ішінде кафедрадан жіберілген жағдайда халықаралық 
конференцияларға қатысады. Жеке жоспар орындау туралы есепті дайындайды және ұсынады. 
 
       Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын орындайды. 
 
        Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан 
Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдарын және басқа да білім беру 
жүйесінің қызметі мен дамуын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін; білім беру 
жүйесін басқару теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу 
жұмыстарының құжаттарын жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, 
физиологиясын, психологиясын және кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім 
беру мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдістерін; экономика негіздерін, еңбек 
заңдарын; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен 
нормаларын. 
 
        Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 
кемінде 3 жыл және/немесе магистр академиялық дәрежесі.
 
 
   Оқу зертханасының меңгерушісі  
 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау