7
және олардың орындалуына бақылау жасайды.
Оқу процесінің, оқу практикумдары мен кәсіби практикалардың ұйымдастырылуын
бақылайды және реттейді.
Студенттердің өзіндік жұмыстарының, оның ішінде оқытушының басшылығымен өтетін
студенттердің өзіндік жұмыстарының, студенттердің жеке оқу жоспарларының орындалуын
бақылауды ұйымдастырады.
Студенттерді курстан курсқа көшіруге ұсыныс дайындайды. Емтихан сессияларына
жіберуге рұқсат береді. Емтихандарды мерзімінен бұрын тапсыруға, қайта тапсыруға рұқсат
береді.
Қажет жағдайда емтихандар мен сынақтарды қабылдау комиссиясын құрады.
Студенттерге мемлекеттік емтихандар тапсыруға, диплом жұмысын (жобасын) қорғауға
рұқсат береді.
Бітірушілерді қорытынды аттестаттаудан өткізетін факультеттің мемлекеттік
аттестаттау комиссиясының,
сондай-ақ, факультеттің қабылдау комиссиясының құрамына
кіреді.
Студенттерді оқуға қабылдауға, оқудан шығаруға, қайта қабылдауға ұсыныс береді.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жекелеген санаттарына мемлекеттік
стипендиялар төлеу ережесіне сәйкес факультет студенттеріне стипендия тағайындауға
ұсыныс дайындайды.
Кафедраларда, зертханаларда, студенттердің ғылыми үйірмелерде, студенттердің
ғылыми қоғамдарында өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жалпы
басшылықты жүзеге асырады.
Факультет бітірушілерімен байланысты, факультетте бітіретін мамандарды даярлау
сапасын зерделеуді жүзеге асырады.
Факультет бітірушілерін жұмысқа орналастыру жұмыстарына басшылық жасайды.
Жаңа оқыту технологияларын енгізуді және студенттердің білімін бақылауды жүзеге
асырады.
Оқыту үрдісіне оқу ұзақтығы әртүрлі және белсенді оқу бағдарламаларына
негізделген сараланған және жеке дайындық түрлерін енгізуді қамтамасыз етеді.
Факультет құрамына кіретін оқу және ғылыми құрылымдық бөлімшелердің жұмысын
үйлестіреді.
Факультеттің кадрлар саясатын айқындайды.
Кафедра меңгерушілерімен бірлесіп, профессор-оқытушыларды, ғылыми және көмекші
оқу мамандарын іріктеуді жүзеге асырады. Ректорға деканның орынбасарлығына
кандидатураларды тағайындауға ұсыныс жасайды және олардың міндеттерін өзара бөлісуге
жәрдемдеседі.
Кафедрааралық оқу-әдістемелік жиындарды, семинарларды, ғылыми және ғылыми-
әдістемелік жиналыстар мен конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді.
Жоғары оқу орнының халықаралық оқу және ғылыми жұмыстарын ұйымдастырады, бақылау
жасайды және қатысады.
Факультет кеңесінің жұмысына басшылық жасайды. Факультет жұмысы жоспарының
жобасын дайындайды, факультет кеңесі мәжілісіне дайындауға басшылық жасайды, оған
төрағалық етеді. Факультет мамандықтары бойынша білім беру саласында жұмыс істеп жүрген
жоғары білімді мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырады.
Факультет
құрамына кіретін кафедралардың пәндері бойынша оқулықтардың, оқу құралдарының, оқу-
әдістемелік құралдарының дайындалуына жалпы басшылық жасайды.
Оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік жұмыстар бойынша өзінің
жұмыстары туралы факультеттің Ғылыми кеңесінде, сонымен бірге
ЖОО Ғылыми кеңесінде есеп
береді.
Кафедралардың ғылыми-әдістемелік бағытында басқа факультеттің құрылымдық
8
бөлімшелерімен, оқу орындарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен байланыста жұмыс істеуін
ұйымдастырады.
Бір бағытта кәсіптенген білім беру ұйымдарымен, мекемелерімен студенттердің білім
алу мазмұнын, технологиясын және оқыту түрлерін жетілдіру мақсатында
байланыс орнатуын
қамтамасыз етеді.
Оқытудағы техникалық құралдарды пайдалана отырып, білім беруге инновациялық оқыту
технологияларын енгізеді және оны ұйымдастырады. Факультеттің материалдық-техникалық
базасын нығайтуға және дамытуға байланысты жұмыстарды жүргізеді.
Оқу үдерісін жетілдіруге және мамандар даярлау сапасын арттыруға байланысты
мәселелерді факультет кеңесіне шығарады.
Факультет студенттері мен кафедралардың оқытушыларының еңбекті қорғау және
техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақтауына
бақылау жасайды. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі нормаларын
орындайды.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы" , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" , "Жалпыға бірдей әскери міндеттілік
және әскери қызмет туралы" заңдарын, жоғары білім беру жүйесін дамыту және іс-әрекет
сұрақтарын реттеу басқа да
нормативтік құқықтық актілерін; білім беру жүйесін басқару
теориясы мен әдістемесін; оқу жоспарларын дайындау тәртібін; оқу жұмыстарының құжаттарын
жүргізу ережесін; кәсіби білім беру педагогикасын, физиологиясын, психологиясын және
кәсіптік білім беру әдістемесін; студенттерге білім беру мен
тәрбиелеудің қазіргі
формалары мен әдістерін, экономика негіздерін, еңбек заңдарын; еңбекті қорғау, техника
қауіпсіздігі және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе
мамандығы
бойынша еңбек өтілі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру
курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.
Деканның орынбасары
Лауазымдық міндеттері: Факультеттегі оқу-әдістемелік және басқа да құжаттарды
әзірлеу, жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады. Ағымдағы оқу-тәрбие, ғылыми жұмыстарға,
студенттердің өндірістік жұмыстары мен практикаларына жетекшілік жасайды. Оқу сабақтары
мен сынақ, емтихан кестелерін жасауға бақылау жасайды. Студенттердің сабаққа қатысуы мен
сабақ үлгерімдеріне бақылау жасайды. Инновациялық оқыту технологияларын, техникалық
оқыту құралдарын қолдануды ұйымдастырып, бақылау жасайды. Факультеттің оқытушы-профессор
құрамының оқу және оқу-әдістемелік жүктемелерін орындауларын, дәрістік, зертханалық және
практикалық
сабақтар, семинарлар мен басқа да оқу сабақтары түрлерінің, өндірістік және
оқу практикаларының өткізілуін бақылап отырады.
Барлық сабақ түрлерін жүргізеді, курстық, дипломдық жұмыстардың жобаларына,
магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына және магистранттар мен PhD
докторанттардың диссертацияларына жетекшілік жасайды.
Алдағы уақыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлауды ұйымдастырады, факультетте
жүргізілетін негізгі ғылыми бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне
басшылық жасайды. Ғылыми және ғылыми-әдістемелік мәжілістер, семинарлар мен
конференциялар өткізуді ұйымдастырады. Кафедраларда, ғылыми үйірмелер мен ғылыми
қоғамдарда өткізілетін студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық жасайды.
Факультет қызметкерлерінің оқу-әдістемелік және ғылыми мақалаларын жариялауға ұсынады.
Топтардың тәлімгерлерінің жұмыстарын ұйымдастырады және бақылау жасайды. Еңбекті қорғау