Қабылдау бөліміндегі санитарлық – эпидемиялық тәртіп және қауіпсіздік шаралары



жүктеу 24,7 Kb.
бет1/2
Дата26.04.2020
өлшемі24,7 Kb.
#29980
  1   2
Қабылдау бөліміндегі санитарлық – эпидемиялық тәртіп және қауіпсіздік шаралары.


Қабылдау бөліміндегі санитарлық – эпидемиялық тәртіп және қауіпсіздік шаралары.

Науқасты санитарлық-гиниеналық өңдеуді мейірбике басқарады. Бұл өңдеу қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгішінде жүргізіледі және мына төмендегілерден тұрады:

1) дезинсекция - науқасты қарағанда анықталған зиянды жәндіктерді (биттерді) кұрту;

2) гигиеналық булау, душ немесе науқастың денесін сүрту;

3) науқасқа таза ауруханалық киімдерді кигізу.

Қабылдау бөлімінің санитарлық өткізгіші қарау, шешіну, булау-душ және киіну бөлмелерінен тұрады. Санитарлық тазалау кезінде науқастар қозғалуының бағытын қатал сақтаған жөн: қарау бөлмесінен науқастар киінетін «таза» бөлмеге қарай, яғни гигиеналық булау немесе душтан кейін науқас шешінетін жерге қайтадан бармауы керек.

Санитарлық өткізгіш науқасы санитарлық-гшиеналық өңдеуді жүргізуге қажетті заттармен жабдықталған. Бұл жерде кушеткалар, таза және кір киімдерге арналған шкафтар мен бөшкелер, санитарлық өңдеуге арналған заттар қойылған шкаф немесе үстел: клеенка, монша сабыны, "таза жөкелер" деген жазуы бар белгіленген ыдыстағы жеке жуынуға арналған жөкелкер, шашты алатын машинкалар, қырынатын кұралдар, қайшылар, сондай-ақ, судың, ауаның жылуын өлшейтін термометрлер, ваннаны санитарлық тазалауға арналған арнайы жөкелер мен щеткалар, санитарлық өткізгіштің бөлмелерін зарарсыздандыруға және жууға арналған шелек және т.б. заттар.

Қабылдау бөлімінің мейірбикесі санитарлық-гигиеналық өңдеуді бастамас бұрын педикулезді анықтау үшін науқастың шаш жабындыларын тиянақты қарауы қажет. Бит табылған жағдайда (басқа жұқпалы аурулар табылғандағыдай) науқасты толық (науқасты моншада немесе ағын судың астында сабын және жөкемен жуындырады, науқастың үстіндегі іш киімдеріндегі, сырт киімдеріндегі, аяқ киімдеріндегі және тұрғылықты жеріндегі төсек жабдықтарындағы микроорганизмдерді жою керек, яғни дезинфекция мен дезинсекция) өңдеу немесе жартылай өңдеу (тек науқасты жуындырады және киімдерін зарарсыздандырады) жүргізеді.

Бас шашындағы биттерді жою үшін бұрындары жиі қолданатын әдіс -керосин мен өсімдік майы бірдей мөлшерде алып араластырып баска жақса шашты қырықпай аман алып қалуға болады. Бұрындары қолданылатын әдістердің бірі 20% бензилбензоат суспензиясынан дайындалған сабынды ерітінді, 5% бор майы, бутадион, метилацетофос, ниттифор, карбофос және т.б. Қазіргі кезде дезинсекциялық шараларды жеңілдететін арнайы су сабындар мен лосьондар («Педикулин», «Рид», «Элко-инсект» және т.б.) бар.

Ауруханаға түскенде егер керек болса науқастар гигиеналық тұрғыдан моншада немесе ағын судың астында жуынады. Ол кезде монша алдын ала 1 % хлорамин ерітіндісімен өңделеді, сабынмен және ысқышпен жуылып ыстық сумен шайылуы керек. Судың температурасы шамамен 42 градустай болуы керек. Науқасты жуындыру реті: басы, денесі, колдары, шап аймағы, бел тұсы, іші және аяқтары. Жуындыру ұзақтыш 30 минуттан аспауы керек, Гигиеналық монша мен ағын суда жуындыруды шындығына келгенде барлық науқастарға бірдей қолдана бермейді, онын себептері түрліше. Жоспарлы түрде жатқызылатын науқастар жеке басының тазалығын үйлерінде реттеп келеді. Аурухананың арнайы киім кешектері қазіргі кезде нашар және көбіне жарамсыз болып жатады, сондықтан науқастар ауруханада үйлерінен әкелген киімдерін киіп жүреді.

Ауыз, жұтқыншақ, мұрын шырышты қабығынан жағынды алу қабылдау бөлімінде жүргізіледі. Бұл үшін залалсыз металл жаққыш (залалсыз пробирканың тығыны аркылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) колданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.

Қабылдау бөліміне науқастар мынандай тәсілдермен әкелінуі мүмкін:

1) жедел жәрдем көлігімен (сәтсіздік жағдайларда, мертігулерде, жедел ауруларда және созылмалы аурулар өршігенде);

2) бөлімшелік дәрігердің жолдамасымен (үйде емдеу нәтижесіз болғанда) - жоспарлы жатқызу;

3) басқа емдеу-профилактикалық мекемелерден ауыстыр ақылы (әкімшіліктің келісімімен);

4) «Өздігінен» (ауруханаға жақын жерде жағдайының нашарлауына байланысты науқастың өз бетімен келуі).

Ауруханаға жатқызылмаған науқасты қабылдау бөлімінің дәрігері амбулаторлық ем немесе басқа емдеу мекемесіне жолдауды және апаруды анықтайды немесе қабылдау бөлімінде бақылауға қалдырады немесе үйіне қайтуға рұқсат береді.

Қабылдау бөлімі (сырқатты қабылдайтын жер) аурухананың бір бөлімі, ол сырқаттарды қабылдауға, тіркеуге, тексеруге және санитарлық гигиеналық жуып шаюға арналған. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы диагноз, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Қабылдау бөлімшесі аурухананың жоспары мен құрылысына қарай орналасады. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі болады.

Орталықтандырылған қабылдау бөлімідегеніміз аурухананың барлық бөлімшелерінің бір қабылдау бөлімі болады.

Орталықтандырылмаған қабылдау бөлімібөлек орналасады және әрбір бөлімнің дербес бөлімшелері болады. Қабылдау бөлімшесі аурухана территориясына кіруге жақын және сырқаттарды тасымалдауға ыңғайлы жерде болуы тиіс. Ол үшін ыңғайлы төселген немесе асфальтталған жолдар, зембілдер мен оларды тасымалдау үшін кең баспалдақтар мен есіктер қажет.

Науқастар ауруханаға жоспарлы және жедел түрде түсуі мүмкін:


  • жоспарлы түрде келген науқастар – жолдамамен келгендер.

  • Жедел түрде түскендер– жедел жәрдем машинасымен, өздігінен келгендер.

Қабылдау бөлімі аурухананың ең маңызды бөлімі болып табылады.

Қабылдау бөліміндегі санитарлық – эпидемиялық тәртіп:



  • Әрбір ауруханаға түскен науқастың терісін, тамағын, дене температурасын мейірбике міндетті түрде жұқпалы аурулар белгілеріне тексеру керек. Тамағын көруге шпательді қолдану керек, қолданған шпательді 1% лизоформин ерітіндісіне бір сағатқа салып қойып, термометрді 1% лизоформин ерітіндісіне 15 минутқа салып, науқасты жатқызған кушетканы 1% лизоформин ерітіндісімен екі қайтара 15 минут үзілісімен сүртіп алу қажет. Тексеріп болғаннан соң қолды сабындап жуып, жеке сүлгімен сүртіп, сүлгіні тәулігіне бір рет ауыстырып отыру.

  • Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу мақсатында науқастарды санитарлық тазалаудан өткізу керек. Арнайы санитарлық тазалауды өз бөлмесінде жүргізу керек, оның бірнеше түрі болуы мүмкін: толық ванна, жартылай ванна, жекелеген мүшелерді жуу.

Дәрігерлік алдын ала тексеру бөлмелері әр науқастан кейін ауыстырып тұруға арналған жаймалармен қамтамасыз етіледі. Жедел дәрігерлік жәрдем көрсетуге арналған қажетті аспаптар болуы тиіс.

Қабылдау бөлімшесінің барлық бөлмесінде тікелей табиғи жарық болуы қажет. Сырқат киініп - шешінгенде тоңып қалмау үшін бөлменің температурасы 25˚С-тан төмен болмауы керек. Сырқаттың киімдерін сақтайтын бөлме қабылдау бөлімшесіне жақын орналасуы қажет.

Түскен науқастардытіркеу және қажетті құжаттарды толтыру қабылдау бөлімшесінде жүргізіледі. Қабылдау бөлімінің мейірбикесі барлық медициналық құжаттарды толтырады.

Егер сырқат ауыр күйде немесе ессіз жағдайда түссе, мағлұматтарды оны әкелген адамнан алады. Қабылдау бөлімшесіне ауыр күйде түскен сырқатты тез арада арнайы бөлімшеге жібереді, онда мамандандырылған жәрдем көрсетіледі. Сырқаттардың көпшілігі медициналық құжат толтыруға, алғашқы дәрігерлік алдын ала тексеру мен санитарлық жуып-шаюға жағдайы көтеретін күйде түседі. Түскен сырқаттардың құжаттары мен құнды заттары өртенбейтін шкафта сақталады, заттар қабылдау бөлімшесінің қамбашысының немесе аға мейірбикенің жауапкершілігінде болады.

Егер сырқаттың жай - күйі орташа дәрежеде болса, мейірбике оның денесін, әсіресе шап терісінің қыртыстарын, қолтық астын, әйелдердің емшек бездерінің астын дезинфекциялайтын ерітінділердің (камфора спирті, иіс суы) біріне батырылған дымқылданған сүлгімен сүртеді.

Ауруханалардың қабылдау бөлімшесінде сырқатты жуып-шаюдан өткізу үшін қажетті құрал-жабдықтар, зарарсыздауға арналған құралдар болуы тиіс. Олар арнайы осы мақсатта бөлінген шкафтарда немесе жәшіктерде сақталуы керек.

Науқас қабылдау бөлімшесінде барынша аз уақыт болуы тиіс. Жұқпалы ауруы бар деп сезіктенген сырқаттардың диагнозын тездетіп қойып, эпидемияға қарсы емдеу шараларын қабылдау үшін бактериологиялық сынамаларды алу қажет.

Науқасты санитарлық жуып-шаюдан кейін, оны ауруына сәйкес аурухананың арнайы бөлімшесіне жібереді.

Қабылдау бөлімшесінің қызметкерлері науқасты аурухананың күн режимі мен ішкі тәртібімен таныстыруға, туысқандарымен кездесетін күндері мен сағаттары туралы айтуға, сырқаттың аурухана режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны жөнінде сыпайы түрде ескертуге міндетті.


жүктеу 24,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау