Павлодар облыстық мәслихатының (VI сайланған XVIII сессиясы)


Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын тал-дау



жүктеу 4,99 Mb.
бет2/12
Дата22.05.2018
өлшемі4,99 Mb.
#15655
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2.1 Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын тал-дау

2.1.1 Экономика

2.1.1.1 Өңірлік макроэкономика

Павлодар облысы Қазақстанның анағұрлым дамыған индустриялық және мәдени өңірлерінің бірі болып табыла отыра, еңбектің ішкіреспубликалық бөлінісінде маңызды орынға ие бола отыра, елдің экономикасына елеулі үлесін қосуда. Облыс Қазақстан Республикасы жұмыспен қамтудың 4,7%-ын, жалпы өнімнің 4,21%-ын және өнеркәсіптік шығарудың 7,2%-ын қамтамасыз етеді.


2014-2016 жылдар ішіндегі ЖӨӨ көлемі

Р/с



Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ), млрд. теңге










1.1

Павлодар облысы

1 746,8

1 736,2

1 975,5

1.2

Қазақстан Республикасы

39 675,8

40 884,1

46 971,2

2

өткен жылға қарағанда, %










2.1

Павлодар облысы

100,9

100,3

99,4

2.2

Қазақстан Республикасы

104,2

101,2

101,1

3

Республикалық көлемде облыс ЖӨӨ-нің үлес салмағы, %

4,4

4,25

4,21

4

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге










4.1

Павлодар облысы

2 315,8

2 293,1

2 606,9

4.2

Қазақстан Республикасы

2 294,8

2 330,4

2 639,7

5

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ өндірісі бойынша Қазақстан Республикасының өңірлері арасында алатын орны

7

6

7

Соңғы үш жыл ішінде ЖӨӨ-нің заттай тұлғалауда 2014 жылы 1 746,8 млрд. теңгеден 2016 жылы 1 975,5 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы байқалуда.

Облыстың өндірілген ЖӨӨ көлемі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда нақты өзгеруінде 0,6%-ға төмендеді.

Халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ деңгейі 2016 жылы 2 606,9 мың теңгені құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 1,2%-ға төмен.


Павлодар облысы ЖӨӨ-нің салалық құрылымы

пайызбен


Р/с



Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Павлодар облысы ЖӨӨ, барлығы

100,0

100,0

100,0




соның ішінде:










2

ауыл шаруашылығы

4,0

4,6

5,0

3

өнеркәсіп

35,5

32,0

37,9

4

құрылыс

5,1

7,9

6,7

5

сауда

14,3

13,1

10,3

6

көлік

15,9

16,8

14,7

7

байланыс

0,9

1,0

0,9

8

басқа да қызметтер

24,3

24,6

24,5

Павлодар облысының ЖӨӨ құрылымындағы ең көп үлес салмақты өнеркәсіп алады. 2016 жылдың қорытындысы бойынша оның үлесі 37,9%-ды құрады (соның ішінде: тау-кен өндіру өнеркәсібі – 4,9%, өңдеу өнеркәсібі


– 27,2%, электрмен жабдықтау – 5,4%, сумен жабдықтау – 0,4%).

Салықтық және салықтық емес түсімдер

2014-2016 жылдары салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны тұрақсыз сипатқа ие.

2014 жылғы кірістерде (116,4%) біржолғы сипаттағы түсімдер 4,3 млрд. теңгені, соның ішінде тексеру актілері бойынша 1,7 млрд. теңгені құрайды. Осылайша, салықтық және салықтық емес түсімдердің нақты өсу қарқыны – 110,0%.

Экономикада қалыптасқан теріс сыртқы ахуал өнеркәсіптің барлық салаларындағы қарқындардың төмендеуіне елеулі әсер етті. Бұл, өз кезегінде 2015 жылы облыс бюджетіне түсетін түсімдер көлемінің едәуір төмендеуіне әкелді – салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны 100,8%-ды құрады.

2016 жылғы түсімдердің өсуіне (116,2%) 2,7 млрд. теңге сомасындағы біржолғы сипаттағы қосымша түсімдер әсер етті. Сонымен, салықтық және салықтық емес түсімдердің нақты өсу қарқыны – 112,8%.


Р/с



Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер (млн. теңге), соның ішінде:

76 900,4

77 504,9

90 056,7

1.1

біржолғы түсімдер, тексеру актілері (млн. теңге)

4 260,0




2 652,1

2

Біржолғы төлемдерді ескере отыра кірістердің өсу қарқыны, %

116,4

100,8

116,2

3

Кірістердің нақты өсу

қарқыны %



110,0

100,8

112,8


2.1.1.2 Өнеркәсіп

Өнеркәсіп Павлодар облысы экономикасының негізін құрайды.

Мұнда облыстың жұмыс істейтін халқының 34%-ы қамтылған және об-лыс ЖӨӨ-нің 32,0%-ы жасалады.

2016 жылы республиканың өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі өңірдің үлесі 7,2%-ды құрады (2014 жылы – 6,0%).

Тұтас алғанда өнеркәсіп құрылымы шикізат салаларының, яғни аралық өнімдер (көмір, жер балшық, ферроқорытпалар) шығаратын кәсіпорындардың басымдығымен сипатталады. Олардың үлесі орташа алғанда 40%-ды құрайды. Электр энергетикасының үлесі жоғары (22,6%), оның өнімі шикізат пен тұты-нушылық тауар арасында аралық орында.
Павлодар облысы өнеркәсібінің құрылымы

пайызбен


Р/с



Сала атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек

1

2

3

4

5

6

1

Өнеркәсіп, барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0




соның ішінде:













2

тау-кен өнеркәсібі

10,2

11,4

14,8

19,4

3

өңдеу өнеркәсібі

63,8

64,9

66,7

63,9

4

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

25,0

22,6

17,7

16,0

5

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, суды жинау мен үлестіруді бақылау

1,0

1,0

0,8

0,7

2014-2016 жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісінің салалық құрылымында өңдеу (63,8%-дан 66,7%-ға дейін) және тау-кен өндіру саласының үлесі (10,2%-дан 14,8%-ға дейін) ұлғайды.

Электр энергетикасының үлесі керісінше 7,3 пайыздық тармаққа азайды және 17,7%-ды құрады.

Облыстың жүйе құраушы 16 кәсіпорнының өнеркәсібінде: («Богатырь Көмір» ЖШС (бұдан әрі – «БК» ЖШС») (көмір өндіру), «Майкөбе-Вест» ЖШС (көмір және лигнит өндіру), «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ (бұдан әрі – «ЕЭК» АҚ) (көмір, электр, жылу энергиясын өндіру), «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның филиалы Ақсу ферроқорытпа зауыты (бұдан әрі – «Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ) (ферроқорытпа өндіру), «Қазақстан алюминийі» АҚ (бұдан әрі – «ҚА» АҚ) (жер балшық, электр энергиясын шығару), «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (бұдан әрі – «ҚЭЗ» АҚ) (өңделмеген алюминий өндіру), «Майқайыңалтын» АҚ (түсті металлдар кенін өндіру және өңдеу), «KSP Steel» ЖШС (жіксіз құбырлар және болат өндіру), «Кастинг» ЖШС Павлодар фи-лиалы (бұдан әрі – «Кастинг» ЖШС ПФ) (болат шығару), «ERGService» «Павлодар машина жасау зауыты» АҚ (бұдан әрі – «ПМЖЗ» АҚ) (крандар және металл конструкциялар өндіру), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (бұдан әрі – «ПМХЗ» ЖШС) (мұнай өнімдерін өндіру, бумен және сумен қамтамасыз ету), «Қазэнергокәбіл» АҚ (сым өнімін шығару), «Павлодарэнерго» АҚ (электр, жылу энергиясын өндіру), «Екібастұз ГРЭС-2 станция» АҚ (электр, жылу энергиясын өндіру), «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС (электр энергиясын өндіру), «KAZ MINERALS BOZSHAKOL» ЖШС (мыс концентратын өндіру, мыс кені) өнеркәсіп өндірісінің барлық көлемінің шамамен 80%-ын қамтамасыз етеді. Өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы осы кәсіпорындардың басымдығы өңір экспортының ресурстық-шикізаттық бағытына негізделген.


Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өнімінің
нақты көлем индексі

өткен жылға қарағанда %-бен



Р/с



Сала атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек

1

2

3

4

5

6

1

Өнеркәсіп, барлығы

96,1

96,1

101,4

105,9




соның ішінде:













2

тау-кен өнеркәсібі

94,4

115,2

115,7

111,4

3

өңдеу өнеркәсібі

96,6

96,9

100,2

104,5

4

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

97,2

86,3

98,5

106,6

5

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, суды жинау мен үлестіруді бақылау

54,3

90,7

105,1

110,7

2014-2015 жылдары күрделі сыртқы экономикалық жағдайлардан


елдегі экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты өндіріс көлем-дерінің қысқаруы байқалуда. 2016 жылы өсім байқалуда: облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1 370,4 млрд. теңге сомаға тауарлы өнім өндірді, бұл 2015 жылғы деңгейден 1,4%-ға жоғары және өңірлер арасында 6 орынға сай келеді.

Павлодар облысының өнеркәсіп құрылымында едәуір үлес салмағы өң-деу өнеркәсібіне тиесілі – 2016 жылы 66,7%.

Өңдеу өнеркәсібінің жетекші салалары: металлургиялық (69,5%), мұнай өңдеу (8,3%), машина жасау (5,8%).

Салада 800-ден аса кәсіпорын жұмылдырылған. Өндірістің негізгі көлемі (97%) облыстың қалаларында жүзеге асырылады: Павлодар – 57,5%, Ақсу – 34,4%, Екібастұз – 5,1%, ауылдық аудандарда – 3,0%.

2016 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексі (бұдан әрі – НКИ) 100,2%-ды құрады, көлемі – 913,9 млрд. теңге.

2014-2016 жылдар ішінде Ақсу қаласында, Железин, Май, Успен және Шарбақты аудандарында өсудің оң қарқындары сақталды; Екібастұз қаласында төмендеді, қалған өңірлерде саланы дамыту біркелкі болмады.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде өңдеу өнеркәсібінде 818,4 млрд. теңге сомаға өнім өндірілді (өткен жылғы кезеңге қарағанда 104,5%). Өндіріс көлемінің ұлғаюы мынадай салаларда байқалуда: металлургия (103,1%), соның ішінде түсті (101,9%), қара (103,7%), дайын металл бұйымдарын өндіру (115,8%), өзге металл емес минералды өнім (130,8%), химия (117,0%), машина жасау (123,8%), мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі (119,9%), негізгі фармацевтикалық өнімдер (126,4%), қағаз және қағаз өнімі (111,1%), баспа және жазылған материалдарды көшіру (106,4%), тамақ өнімдері (109,6%).

Осы кезеңде өнеркәсіптің базалық салаларындағы өндірістің өсімі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, қолданыстағы өндірісті жаңғырту және қайта жарақтандыру, жаңа өнім түрлерін шығаруды ұйымдастыру есебінен қамтамасыз етілді (Қазақстан Республикасында теміржол осьтерін өндіру және доңғалақ жұптарын қалыптастыру бойынша зауыт («R.W.S.Wheelset» ЖШС, Екібастұз қаласы), ауыл шаруашылық техникасына арналған жоғары қысымды түтік құбыр және қосалқы бөлшектер өндірісін жаңғырту («Агромир» ЖШС, Павлодар қаласы), брикеттелген құрғақ жанармай шығару бойынша өндіріс құру («УБУНТУ» ЖШС, Павлодар қаласы).

2017 жылғы 9 ай ішінде облыста өңдеу өнеркәсібіндегі Кәсіпкерлікті қолдау картасының 3 жобасы іске қосылды:

- Ет, ет өнімдерін өндірумен және 540 га ауданда суару жүйесін салумен 2000 бас аналық мал басымен ет бағытындағы ІҚМ өсіру бойынша мал шаруашылық кешенін ұйымдастыру, «Екібастұз ет өңдеу комбинаты» ЖШС (Екібастұз қаласы);

- Тазартылған күнбағыс майын және ұн тарту өнімін өндіру, «Галицкое» ЖШС (Успен ауданы);

- Майлайтын материалдар өндірісін ұйымдастыру (Павлодар АЭА), «EvooilKazakhstan» ЖШС (Павлодар қаласы).

Облыстың металлургиялық кешені облыс экономикасында басым болып табылады, өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі үлес салмағы – 69,5%.

Сала қара және түсті металлургияның ірі кәсіпорындарымен берілген: «Қазхром» ТҰК» АҚ АФЗ, «Кастинг» ЖШС ПФ, «KSP Steel» ЖШС, «ҚА» АҚ, «ҚЭЗ» АҚ, «Майқайыңалтын» АҚ.

Павлодар қаласында (облыс металлургиялық саласының жалпы көлемінен 50,3%), Ақсу қаласында (48,9%), Екібастұз қаласында (0,3%) және Баянауыл ауданында (0,5%) металлургиялық өнеркәсіп дамуда.

2014-2016 жылдар ішінде 50,6 млрд. теңге инвестициялар көлемімен тау-кен металлургиялық кешеннің 8 жобасы іске қосылды, оның ішінен:

Екібастұз қаласында - «Бозшакөл КБК салу («KAZ MineralsBozshakol» ЖШС; «Үймелі сілтісіздендіру учаскесімен селективті экстракция және электролиз әдісімен мыс өндіру бойынша зауыт (SX-EW)» («EurasiaCopperOperating» ЖШС); «Аяқ-Қоджан» кен орнында байыту фабрикасын салу («FonetEr-TaiAKMINING» ЖШС);

Павлодар қаласында - «Қуаттылығын жылына 270,0 мың тонна құбырға дейін арттыра отырып, құбырды илектеу өндірісін дамыту», «Металлургия өнеркәсібі үшін флюстер өндірісін ұйымдастыру», «Металлургия өнеркәсібі үшін біліктер өндірісін ұйымдастыру», «KSP Steel» ЖШС-да «Диаметрі 40-100 мм шарлар шығару бойынша шар илемдеу өндірісін құру»; «Мұнай коксын қыздыру қондырғысын салу» («УПНК-ПВ» ЖШС).


Металлургия өнеркәсібінің өнім өндірісі

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

млрд.

теңге

НКИ

%

млрд.

теңге

НКИ

%

млрд.

теңге

НКИ

%

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Металлургия өнер-кәсібі, соның ішінде:

421,4

97,2

439,9

105,5

635,4

103,6

1.1

қара металлургия

268,6

102,1

252,3

104,7

354,9

102,8

1.2

негізгі асыл және түсті металлдардың өндірісі

151,9

87,3

186,3

107,3

279,1

104,7

2015 жылдан бастап саладағы өндіріс көлемдерінің өсуі байқалуда. 2016 жылы саланы қолдау бойынша қабылданған шаралар («KAZ MineralsBozshakol» ЖШС үшін теміржол тарифтеріне, электр энергиясына уақытша төмендету коэффициенттерін қолдану) нәтижесінде 2016 жылдың қорытындысы бойынша салада өндірілген өнім көлемінің өсуі байқалуда – 635,4 млрд. теңге (103,6%).

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде металлургия өнеркәсібінде 587,6 млрд. теңгеге өнім өндірілді (өткен жылғы кезеңге қарағанда 103,1%), соның ішінде қара металлургия – 103,7%, негізгі асыл және түсті металлдар өндірісі
– 101,9%.


жүктеу 4,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау