Павлодар облыстық мәслихатының (VI сайланған XVIII сессиясы)


Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру



жүктеу 4,99 Mb.
бет4/12
Дата22.05.2018
өлшемі4,99 Mb.
#15655
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Энергия үнемдеу бойынша шараларды іске асыру өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды оңтайлы іске асыру Павлодар өңірінің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесіне энергетикалық ресурстарды тұтынудың 90,2%-ы тиесілі.

Өңір экономикасының өсуімен энергетикалық ресурстарды тұтыну әдетте ішкі өңірлік өнімнің қарқынында өседі, себебі экономикалық өсу өнім өндірісі-нің, ресурстарды пайдаланудың ұлғаюымен сүйемелденеді.



Сол арқылы энергия үнемдеу Павлодар өңірінің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Облыста энергия ресурстарын өндіру және тұтыну

Р/с

Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016

жыл

1

2

3

4

5

1

Электр энергиясы












1.1

Өндірілген электр энергиясы, млрд. кВт. сағ.

40,89

34,78

34,2

1.2

Тұтынылған электр энергиясы, млрд. кВт. сағ, соның ішінде:

17,2

16,8

17,6




өнеркәсіп кәсіпорындары

15, 5

-

-




тұрғындардың мұқтаждары

0,68

-

-




көлік және қоймалау кәсіпорындары

0,32

-

-




ауыл шаруашылығы

0,18

-

-




басқа салалар

0,47

-

-

2.

Жылу энергиясы




-

-

2.1

Өндірілген жылу энергиясы, млн. Гкал

14,0

13,6

13,7

2.2

Босатылған жылу энергиясы, млн. Гкал, соның ішінде:

9,9

5,2

5,0




тұрғындарға

2,4

2,4

2,4




кәсіпорындар мен ұйымдардың

коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік мұқтаждарына



2,2

2,8

2,6

* 2015 және 2016 жылдар ішіндегі энергияны тұтыну бойынша статистикалық деректер жоқ.
Электр және жылу энергиясын тұтынудың 2014 жылмен салыстырғанда ұлғаю қарқыны коммерциялық сұраныстың өсуіне байланысты.

2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығындағы кезеңде облыстың бюджеттік ұйымдарында 20,0 мың ш.м. терезе қапсырмалары ауыстырылды, 60,0 мың ш.м. жабын қайта жаңартылды, 8,0 мың ш.м. сыртқы қабырға жылытылды, 32,0 мың энергия үнемдеу шамы орнатылды, 486 квазимемлекеттік сектор объектісінде энергоаудит өткізілді, 11,0 мың көше жарықтандыратын энергия үнемдеу шамы орнатылды, барлық ірі энергия ресурстарын тұтынушыларда энергоаудит аяқталды, облыстың


17 кәсіпорны ИСО 50001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестікке сертификаттық аудиттен өтті.

Павлодар облысында энергия үнемдеу саясатын іске асырудың және энергия тиімділігін арттырудың негізгі проблемалары: өнеркәсіптік кәсіпорындардағы жабдықтың тозуы, коммуналдық желілердің тозуы, энергия үнемдеу саласындағы мамандар біліктілігінің төмен деңгейі.

Өңірде энергия үнемдеуді бұдан әрі дамыту мақсатында Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 сәуірдегі № 48/2 қаулысымен және Павлодар облыстық мәслихатының 2015 жылғы 4 мамырдағы № 347/41 шешімімен Павлодар облысының 2015-2017 жылдарға арналған энергия үнемдеу кешендік жоспары бекітілді.

Кешендік жоспардың негізгі міндеттері:

өңірдің өнеркәсібін жаңғырту және энергия тиімділігін арттыру;

тұрғын үй-коммуналдық және бюджеттік секторлардың энергия тиімділігін арттыру;

көлік секторында отынның тұтынылуын төмендету;

тұтынушылардың жайлылық деңгейін арттыру, отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру есебінен тұтынушылардың төлемдерін төмендету болып табылады.



Сыртқы экономикалық қызмет

Павлодар облысы халықаралық, сыртқы экономикалық және өңіраралық байланыстардың қарқынды даму өңірі болып табылады.

Павлодар облысының сыртқы сауда айналымы (ҚР Статистика комитетінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша) 2015 жылы 2663,8 млн. АҚШ долларын құрады, 2014 жылға қарағанда 7%-ға және 2013 жылға қарағанда 40%-ға төмендеген.

2016 жылы сыртқы тауар айналымы 2280,6 млн. доллар сомасында қалыптасты, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңінен 14,4%-ға төмен. Бұл ретте экспорт көлемі 4,8%-ға, импорт 22,2%-ға төмендеген.



Павлодар облысының сыртқы сауда көрсеткіштерінің серпіні


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл


2016 жыл 2014 жылға

қарағанда,

%

млн. АҚШ долл.

ө.ж. қар-а %

млн. АҚШ долл.

ө.ж. қар-а %

млн. АҚШ долл.

ө.ж. қара-а %

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Сыртқы сауда айналымы, барлығы

2 864,3

65,0

2 663,8

93,0

2 280,6

85,6

79,6

2

Тауарлар импорты

1 347,2

55,4

1 467,5

108,0

1 142,1

77,8

84,8

3

Тауарлар экспорты

1 517,1

76,7

1 196,3

78,0

1 138,5

95,2

75,0




с.іш. негізгі салалар бойынша:

























тау-кен өндіру

604,9

84,9

380,8

63,0

386,1

101,4

63,8




металлургия

551,5

126,2

426,5

77,3

390,4

91,5

70,8




химия

332,6

140,9

367,8

110,6

334,4

91,0

100,5




ҚР-дағы өңір экспортының үлес салмағы, %

1,9




2,0




3,1







4

Шикізат емес тауарлар экспортының көлемі*, млн. АҚШ долл.

1215,5

73,1

958,0

78,8

778,5

82,3

64,9

5

Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлар көлемі экспортының үлесі*, %

80,1




80,1




69,7




80,0

Республикалық экспорттың жалпы көлеміндегі облыстың үлес салмағы 2014 жылы 1,9%-дан 2016 жылы 3,1%-ға дейін ұлғайды (2017 жылғы қаңтар-шілде ішінде 3,8%).

2016 жылғы экспортта негізгі үлесті мыналар алады: минералды өнімдер – 34,0%, жай металлдар және олардан жасалған бұйымдар – 34,3%, химиялық өнеркәсіп өнімі – 29,4%.

2015 жылдан бастап 2017 жыл аралығындағы кезең ішінде экспорт өнімінің жаңа номенклатурасы өндірілді: катод мысы, қыздырылған кокс, теміржол машина жасау өнімі, полипропилен қаптары. 2014 жылмен салыстырғанда Бозшакөл КБК іске қосумен мыс концентратының экспорты 4 есе ұлғайды.

Сол уақытта 2015-2016 жылдары экспорттың 2014 жылмен салыстырғанда төмендеуі байқалуда.

2016 жылы экспорт көлемі 1138,5 млн. АҚШ долларын құрады, 2014 жылғы деңгейге қарағанда 25%-ға төмендеген.

Шикізат емес тауарлар экспортының көлемі 2014 жылға қарағанда 36,0%-ға төмендеді. Өңір экспортының жалпы көлеміндегі шикізат емес тауарлардың көлемі экспортының үлесі 69,7%-ды құрады.

2016 жылы экспорттың азаюы экспорт өнімінің жеке түрлері бойынша (алюминий, жербалшық, ферроқорытпалар, кәбіл өнімі) заттай тұлғалаудағы тұрақты жеткізулер кезінде құндық көрсеткіш бойынша қалыптасты; бұл ретте, облыс экспортының жалпы көлеміндегі алюминийдің үлесі 24%-ға жетеді.

Әлемдік қаржы нарықтарындағы, соның ішінде валюта нарықтарындағы тұрақсыз жағдай экспорт құнының төмендеу себебі болып табылады (2015 жыл – 222 теңге/доллар, 2016 жыл – 342 теңге/доллар).

Қалған экспорттық орындар бойынша ұлғаю тіркелуде – бұл тұрақты экспорттық номенклатура болып табылатын құбыр өнімін, болат дайындамасын, полипропилен, катод мысын жеткізу.

2017 жылы өндірістің өзінде және облыс кәсіпорындар-экспорттаушыларының өнім экспортында оң қарқын байқалуда.

2017 жылғы 8 айдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 1864,6 млн. долларда қалыптасты, бұл 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 144,72%-ды құрады.

Осы жылы шикізат емес (өңдеу өнеркәсібінің) экспорты өткен жылға қарағанда оң серпінді көрсетуде – 2016 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 128,7%.

Кәсіпорын-экспорттаушылардың болжамдары бойынша 2017 жылы құбыр өнімі, болат дайындамалары, полипропилен бойынша экспорттық жеткізулердің құндық көлемінің өсуі күтілуде.

2019 жылға дейін алюминийден, титан диоксидінен жасалатын бұйымдардың экспорты жоспарлануда. «Гиссенхаус» неміс-ресей компаниясы 36 мың тонна қоспалы алюминий өндіру бойынша жобаны іске асыруды аяқтайды, өнімнің 100%-ы экспортқа жіберіледі. «КиК» ресейлік компаниясы 20 млн.-нан астам доллар сомаға алюминий қорытпаларынан 1 млн. автомобиль дискілерін өндіру бойынша жобаны іске асырады. Көрсетілген жобалар 110 миллионнан астам доллар экспорт әлеуетіне ие.

Дамудың сыртқы жағдайлары. Экспортқа бағдарланғандығын ескере отыра, өңірдің дамуына сыртқы факторлар едәуір әсерін тигізуде.

Факторлардың бірі – әлемдік нарықта металлдарға бағаның өзгеруіне, соның ішінде қаржы нарығындағы жағдайға жоғары тәуелділік. Облыс жербалшықтың, алюминийдің, ферроқорытпаның, көмірдің ірі экспорттаушысы болып табылады.

Келесі фактор – көмір саласының ресей тұтынушыларына тәуелділігі. 2016 жылы көмір өндірудің 2015 жылмен салыстырғанда азаюы ресейлік көмір тұтынушылар (Рефтин ГРЭС-і, Троицк ГРЭС-і, Верхнетагил ГРЭС-і, Челябинск ЖЭО, Аргаяш ЖЭО, Оңтүстік орал ГРЭС-і) сұранысының төмендеуіне байланысты.

Дамудың ішкі жағдайлары.

Индустриялық-инновациялық дамудың ішкі факторларының бірі инвес-тициялық жобаларды іске асыру болып табылады, инфляцияның табиғи моно-полия субъектілерінің қызметіне, бағаның болжамсыз өсуі, ұқсас өнімнің шетел өнімдері жүргізетін демпингтік саясат оны тежеу факторы болып табылады.

Дамудың сыртқы жағдайлары әсерін ескере отыра, 2016-2020 жылдары облыс экономикасы мынадай ішкі факторлардың әсерінен дамитын болады:

қолайлы инвестициялық климатты, шикізат салаларында жоғары эконо-микалық белсенділікті сақтау;

әртараптандырылуын және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін экономиканың басымды секторларын дамыту.

Саланың SWOT-талдауы:



Күшті жақтары:

меншікті минералды-шикізат базасының болуы;

өңірлік индустрияландыру картасының болуы;

АЭА-ны дамыту;

машина жасауда кластерлеу үшін әлеуеттің болуы;

энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілгендік;

индустрия үшін мамандарды даярлау бойынша ЖОО мен колледждердің болуы;

түсті металлургияның экспортқа бағдарланған өнім өндірісі бойынша же-текші компаниялардың болуы;

өнімнің ірі нарық-импорттаушыларына жақындық (Ресей, Қытай);

энергетикалық инфрақұрылымдармен қамтамасыздық.

Осал жақтары

шетелдік ұқсас кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірісінің жоғары ресурстық және энергия сыйымдылығы;

ішкі нарықтың салыстырмалы түрде аз көлемі;

еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

техникалық құрал-жабдық тозуының жоғарылығы (70%-ға дейін), негізгі қорлардың баяу жаңартылуы;

кәсіпорында өндірісті жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру үшін айналым қаражатының жетіспеушілігі;

станциялардағы энергия жабдықтарының тозуы;

коммерциялық сұраныстың жалпы төмендеуі.

Мүмкіндіктері:

электр энергетиканы дамыту;

электр энергиясына өңіраралық сұраныстың өсуі;

металлургия, машина жасау кластерлерін дамыту;

шикізат пен бөлшектердің экспортын және импортын жеңілдететін ЕАЭО-ға бірігуге байланысты нарықты кеңейту;

елішілік және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлемдегі ең ірі шикізат жеткізушілер және төмен қайта өңдеудің құрамдық негізі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану;

өз кезегінде шектес салалар тарапынан өңірішілік сұраныстың өсуі;

өндірілетін түсті металлдар негізінде жоғары қосылған құнымен жаңа өндірістерді құру.

Қатерлер:

минералды-шикізат базасының таусылуы;

шикізат (металл сынықтары, мұнай) тапшылығының өсуі;

шикізат ресурстарына бағаның түсуі;

шикізатты және дайын металлдарды теміржол тасымалына тарифтердің тез өсуі;

халық кетуінің артуы және білікті кадрларды жоғалту;

Ресейде, Қытайда бәсекенің өсуі;

өңірде экологиялық жағдайды нашарлататын жаңа өндірістік қуаттылық-тарды салуға қоғамның теріс көзқарасының өсуі.

Жүргізілген SWOT-талдауының нәтижесі бойынша мынадай проблемалар анықталды:

металлургиялық өнеркәсіпте шикізатты қайта өңдеудің төмен тереңдігі (болатты қайта өңдеуді қоспағанда): түпкілікті өнім өндіру жалпы шығарудан шамалы үлесті құрайды;

ресей өндірісі құрылыс өнімінің демпингі;

негізгі қорлардың баяу жаңартылуы;

еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

Қазақстан Республикасында коммерциялық сұраныстың жалпы төмен-деуі;

станциялардағы энергия жабдықтарының тозуы;

технологиялық жабдықтар тозуының жоғарылығы (70%-ға дейін), негізгі қорлардың баяу жаңартылуы.



2.1.1.3 Агроөнеркәсіптік кешен

Тұтас алғанда облыс және республика экономикасының маңызды құрам-ды бөлігі агроөнеркәсіп кешен болып табылады, себебі мұнда қоғам үшін маңызды экономикалық әлеует және ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі шоғырланған.

Облыстың ЖӨӨ-дегі ауыл шаруашылығы өндірісі өнімінің үлесі шама-мен 4%-ды құрайды.

Жалпы жер аумағы 12,5 млн. га құрайды, соның ішінде, ауыл шаруа-шылығы алқаптары – 11,2 млн. га, оның ішінен егістік – 1,4 млн. га.

Ет, сүт, жұмыртқа, астық, картоп және көкөністер ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің негізгі бағыттары болып табылады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім құрылымында мал шаруашылығы өнімі басым, орташа алғанда үлесі 50%-дан астамды құрайды.

2014-2016 жылдар ішінде жалпы өнім көлемінің өсуі бойынша мынадай тұрақсыз үрдіс қалыптасты.
Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі


Р/с



Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

4

5

5

1

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, млрд. теңге, соның ішінде:

106,8

152,4

171,5

1.1

өсімдік шаруашылығы, млрд. теңге

48,7

73,8

83,6

1.2

мал шаруашылығы, млрд. теңге

58,0

78,5

87,8

2

ҚР бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің НКИ, %

100,8

103,4

105,4

3

Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің НКИ, % соның ішінде:

90,6

109,1

105,1

3.1

Өсімдік шаруашылығының НКИ, %

77,3

116,0

111,5

3.2

Мал шаруашылығының НКИ, %

105,4

102,9

99,2

2016 жылы облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 105,1%-ды құрады, өсімдік шаруашылығы – 111,5%, мал шаруашылығы – 99,2%.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің тұрақты өндірісі мақсатында қарқынды ылғал сақтау ресурстарын және ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің топырақ қорғаныш технологияларын игеру, суармалы егін шаруашылығының аумақтарын қалпына келтіру, прогрессивті жаңбырлатқыш техникасын қолдану бойынша шаралар қабылдануда.

Талданған 3 жылдық кезеңнен өсімдік шаруашылығы саласы үшін аса қолайлысы 2016 жыл болды. 2016 жылы орташа өнімділік 10,3 ц/га болған кезде 679,2 мың тонна астық алынды.

Облыс республикада тары (48%) және қарақұмық (53%) өндірісі бойынша бірінші орын алады.

Жыл сайын суармалы егін шаруашылығының аумағы кеңеюде. Соңғы төрт жыл ішінде 28,6 мың га қалпына келтірілді, оның ішінен 2017 жылы


4,2 мың га енгізілді.

3 жыл ішінде агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) техникалық жарақтандырылуының сапалы өсуі үшін 1238 бірлік ауыл шаруашылық техни-касы сатып алынды. Павлодар облысы заманауи ылғал сақтайтын жаңбырлатқыш техникасын қолданатын аумақтар бойынша республикада жетекші орындарды алады. Облыс бойынша барлығы 376 бірлік суару машинасы қолданылады.

Мал шаруашылығында 51,2% ауыл шаруашылық өнімі өндірілді. Салада ірі қара мал (бұдан әрі – ІҚМ), жылқы, құс санының және ет, сүт, жұмыртқа өндірісі көлемдері өсуінің тұрақты үрдісі сақталады.

Ауыл шаруашылығы малдарының табындық құрылымында негізгі үлес ІҚМ-ға (55,8%), қойлар мен ешкілерге (10,3%), жылқыға (25,9%) тиесілі.

Мал шаруашылығының ет бағыты (ірі қара мал және қой өсіру) Баянауыл, Май, Лебяжі аудандарында, Екібастұз қаласының ауылдық аймағын-да, сүтті мал шаруашылығы – Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарында шоғырланған.

Қымызды жылқы шаруашылығы дамуда, Лебяжі, Май аудандарында және Павлодар қаласында қымыз өндіру және құю бойынша цех құрылды.

Жем-шөптің жоғары құнынан және шошқаға сұраныстың төмендеуінен үй шаруашылықтарында шошқа басының қысқаруы байқалуда.

Құс шаруашылығында ет және 2 жұмыртқа бағытындағы 3 құс фабрикасы жұмыс істейді.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша бірқатар жұмысты асыл тұқымды мал шаруашылығы саласы жүргізеді. 2017 жылғы 1 қаңтарға асыл тұқымды малдардың саны мынаны құрайды: ІҚМ – 43 201 бас, қой – 16 473 бас, жылқы – 9 670 бас, шошқа – 5 700 бас.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау шаралары есебінен асыл тұқымды ІҚМ басының үлес салмағы 11,4%-ға дейін ұлғайды, қой – 3,4%, жылқы – 7,4%, шошқа – 9,5%.

«Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру мал шаруашылығын дамытудың басымды бағыттарының бірі болып табылады,
2015 жылы бағдарламаны іске асыру шеңберінде Шарбақты ауданында
10 000 басқа арналған ірі мал бордақылау алаңы кеңейтілді.

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді қамтамасыз ету және нарықты жергілікті кәсіпорындардың өнімімен толтыру үшін 204 дайындау пункті және 300-ден астам қайта өңдеу объектісі жұмыс істейді.

Барлық өнім түрлерінің өндіріс көлемдері артуда. Ынталандыру факторы ретінде 2014 жылдан бастап сүтті терең қайта өңдеу өнімдері өндірісін субсидиялау әсер етті.

Қайта өңдеу кәсіпорындары жабдықтарды жаңғыртуда және қайта жаңартуда, жаңа объектілер іске қосылуда. 2016 жылы облыста 36 қайта өңдеу объектісі қосылды, оның ішінен 8-і жаңғыртылды, 140 жұмыс орны құрылды.

Өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік әлеуеті халықтың қажеттілігін жергілікті өндірістің тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие.

Былғары шикізатын «Web-blue» жартылай фабрикаттарына дейін қайта өңдеумен «Қазлидермех» ЖШС айналысады.

2015 жылғы сәуірден бастап кәсіпорын өндірістік қызметін жаңғыртты, Қытайға, Түркияға және Белоруссия Республикасына 1036 тонна жартылай фабрикат сатылды. 2016 жылы Белоруссия Республикасына, Қытайға 2692 тонна (2015 жылға қарағанда 259%) жартылай фабрикат сатылды; 2017 жылғы 9 ай ішінде Белоруссия Республикасына, Қытайға, Испанияға, Түркияға 1711 тонна (2015 жылға қарағанда 165%) өнім сатылды. Шикізат сатып алу облыста және Қазақстанның басқа өңірлерінде жүзеге асырылады.

Салынған инвестициялардың көлемі тұрақты өсуде. Ірі жобалар іске асы-рылды, соның ішінде 4 мың тонна ет өндіру бойынша, қуаттылығы жылына 62,0 млн. дана жұмыртқа өндіру бойынша құс фабрикасы, 10 000 ІҚМ басына арналған мал бордақылау алаңы, 16 000 басқа арналған шошқа кешені, 2 жылыжай.

Инвестициялардың өсуіне «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инвестициялық салымдарды өтеу әсер етті.

2017 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жал-пы өнім көлемі 127,4 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қара-ғанда 104,7%-ды құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығында – 102,8%, мал шаруашылығында – 106,1%.



Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

өндірістік әлеуеттің болуы;

су ресурстарымен қамтамасыз етілгендік;

алқаптық және жайылымдық шабындықтардың болуы;

мал шаруашылығы өнімі өндірісінің орнықты өсуі;

облыс халқының ет, сүт, картоп, көкөніс және ұн сияқты тамақ өнімде-рінің негізгі түрлерімен толық қамтамасыз етілуі.



Осал жақтары:

ұсақ тауарлы өндіріс;

ауыл шаруашылық техникасы мен құрал-жабдығының физикалық және моральдық тозуы;

асыл тұқымды малдың төмен үлесі;

жеткіліксіз жем-шөп базасы;

ауыл шаруашылығы өндірісінде заманауи инфрақұрылымның жетіл-мегендігі;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көпшілігінде негізгі және айналым құралдарының жетіспеушілігі;

ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің кредит ресурстарына төмен қол жетімділігі;

АӨК-те білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктері:

агроөнеркәсіптік кешеннің әлеуетін толық пайдалану;

өнімнің бәсекеге қабілеттілік өндірісі;

ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру;

АӨК-ті дамыту бойынша көзделген шараларды іске асыру (сүт-тауар фер-масын, мал бордақылау алаңшасын, жасанды ұрықтандыру пункттерін және т.б. салу).

Қатерлер:

құрғақшылыққа және табиғи апаттарға байланысты облыстың азық түлік қауіпсіздігінің қатерлері;

кепіл мүлігінің болмауынан инвестицияларды тартудағы қиыншылықтар;

жануарлардың аса қауіпті ауруларының жайылуы;

ауыл шаруашылығы малдарының төмен өнімділігі;

технологиялық құрал-жабдықтың жоғары моральдық және физикалық тозуы.

Ауыл шаруашылығын дамытуды тежейтін проблемалар:

ұсақ тауарлы өндіріс, мал шаруашылығы өнімі өндірісінің жеке қосалқы шаруашылықтарда шоғырлануы;

картопты және көкөністерді терең қайта өңдеу жеткілікті дамымаған;

машина-трактор паркінің тозуы;

кредиттеу үшін кепіл мүлігінің жетіспеушілігі;

білікті кадрлардың тапшылығы.


2.1.1.4 Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

Шағын және орта бизнесті дамыту облыс экономикасын дамытудың басымды бағыты болып табылады.

Кейбір көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан облыста шағын және орта бизнестің тұрақты дамуы байқалуда.

2016 жылы облыс бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектілерінің саны 51 888 бірлікті құрады, бұл


2015 жылғы деңгейден 0,7%-ға (52 279 бірлік) және 2014 жылғы деңгейден 4,8%-ға (54 546 бірлік) төмен.

Төмендеу мынадай себептер бойынша болды:

қызметін тоқтатуға байланысты тіркеу есебінен алу;

ЖК ретінде тіркелген қайтыс болған жеке тұлғалардың тіркеу деректерін сәйкестікке келтіру;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2-бабына сәйкес еріксіз тарату рәсімдерін аяқтау.

2014 жылы ШОК істеп жатқан (белсенді) субъектілерінің саны 35 348 бірлікті, 2015 жылы – 44 264 бірлікті құрады (2014 жылғы деңгейден 25,2%-ға жоғары)11. 2016 жылы ШОК істеп жатқан субъектілерінің саны 2015 жылғы деңгейге қарағанда 0,6%-ға төмендеді және 43 997 бірлікті құрады.

2016 жылы тіркелгендердің жалпы санында істеп жатқан ШОК субъектілерінің үлесі 84,8%-ды құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.

2014 жылы ШОК саласында жұмыспен қамтылғандардың саны


123 527 адамды құрады. 2015 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте
132 033 адам жұмыспен қамтылды, бұл 2014 жылғы деңгейден 6,8%-ға жоғары. 2016 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 128 086 адамды құрады. Аталған көрсеткіш 2015 жылғы деңгейден 2,9%-ға немесе 3 947 адамға және
2014 жылғы деңгейден 3,7%-ға немесе 4 559 адамға жоғары.

2016 жылы ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 524,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы деңгейден 2,6%-ға төмен (2014 жылы – 538,1 млрд. теңге). 2016 жылдың қорытындысы бойынша ШОК субъектілері шығаратын өнім көлемі 2015 жылдың көлеміне қарағанда (611,9 млрд. теңге) 14,7%-ға төмендеді.

Статистикалық деректер бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 15,1%-ды құрады. Бұл ретте ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі
2014 жылмен салыстырғанда (18,5%) 3,4 пайыздық тармаққа және
2015 жылмен салыстырғанда (19,1%) 4,6 пайыздық тармаққа төмендеді.
Өңірде ШОК-ты дамытудың жеке көрсеткіштері


Р/с



Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Тіркелген ШОК субъектілерінің саны, бірлік

54 546

52 279

51 888

2

Белсенді ШОК субъектілерінің саны, бірлік

35 348

44 264*

43 997

3

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санындағы белсенді субъектілердің үлесі, %

64,8

84,7**

84,8

4

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны, адам

123 527

132 033

128 086

5

ШОК субъектілерінің өнім шығаруы, млн. теңге

538 081

611 951

524,1

6

Облыстың ЖӨӨ-дегі ШОБ ЖҚҚ үлесі

18,5

19,7

15,1

* істеп жатқан субъектілер саны

** тіркелгендердің жалпы санындағы ШОК істеп жатқан субъектілерінің үлесі
2010 жылдан бастап ШОК-ты қолдау және дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы іске асырылуда. 2015 жылы оның негізінде «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2020) қабылданды және ойдағыдай іске асырылуда.

Павлодар облысында БЖК-2020 іске асыру үшін 2014-2016 жылдар ішінде республикалық бюджеттен 10,9 млрд. теңге бөлінді.

2014-2016 жылдар ішінде БЖК-2020 шеңберінде инвестициялардың жалпы сомасы 42,4 млрд. теңге болатын 455 жоба субсидияланды, инвестиция-лардың жалпы сомасы 1,7 млрд. теңге болатын 134 кредит бойынша ішінара кепілдендіру берілді, жалпы сомасы 124 млн. теңге болатын 44 грант берілді,

жалпы сомасы 4,0 млрд. теңге болатын 11 жоба бойынша инфрақұрылым жеткізуді қаржыландыру мақұлданды.


2014-2016 жылдар ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» шеңберінде

қолдау алған жобалардың саны

Р/с



Құралдың атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

саны

сомасы

саны

сомасы

саны

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

1

кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субси-диялау, млрд. теңге

158

12,7

106

10,0

191

19,7

2

банк кредиттері бойын-ша ішінара кепілдендіру, млн. теңге

35

432,8

39

436,0

60

841,3

3

мемлекеттік гранттар беру, млн. теңге

17

49,0

19

55,0

8

20,0

4

жетіспейтін инфрақұры-лымды жеткізу, млрд. теңге

7

2,9

0

0

4

1,1

Бағдарлама іске асырылған уақыт ішінде қатысушылардың көпшілігі Павлодар қаласы мен Ақсу және Екібастұз моноқалаларында жобаларды іске асыруда. Осыған байланысты, 2016 жылдың қорытындысы бойынша ауылдық аймақ (облыс аудандары) кәсіпкерлерінің мемлекеттік қолдау құралдарымен қамтылуы шамамен 24%-ды құрады.

Мақұлданған жобалар мен қол қойылған субсидиялау келісімшарттардың саны бойынша 2016 жылдың қорытындылары бойынша облыс республика бойынша бірінші орынға ие болды.

Сонымен қатар, БЖК-2020 «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары» төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге сервистік қызмет ұсыну, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, шетелде тәжірибеден өту сияқты қаржылық емес қолдау көрсетіледі.


Оқытылған кәсіпкерлер саны

адам


Р/с



Оқыту түрінің атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

«Бизнес-кеңесші»

1 224

825

735

2

«Бизнес-кеңесші 2»

281

-

-

3

«Іскерлік байланыстар»

18

18

26

4

«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту»

17

16

21

5

«Аға сеньорлар»

1

2

0

6

«Жас кәсіпкер мектебі»

60

-

-

2014-2016 жылдары 5 122 сервистік қызмет көрсетілді. «BAS бағ-дарламасы» жобасы шеңберінде ӨҮК грант сомасы 3,04 млн. теңге болатын


2 жобаны мақұлдады («KenesAgro» ШҚ ЖШС және «ҚазБытХим» ЖШС).

Саланың SWOT- талдауы:

Күшті жақтары:

ШОК субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштерін ұлғайту;

кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды ойда-ғыдай іске асыру;

мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын кәсіпкерлер санының өсуі;

салалық бағдарламалар шеңберінде республикалық бюджеттен қаржы-ландырудың жыл сайынғы ұлғаюы;

ауылда кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредиттер беру;

«бір терезе» қағидаты бойынша рұқсат ету құжаттарының бөлімін құру;

іске асырылатын салалық бағдарламалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру және қолданыстағыларын сақтау;

Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, екінші деңгейлі банктермен, қаржылық институттармен ШОК дамыту мәселелері бойынша нәтижелі ынтымақтастық.

Осал жақтары:

салалық бағдарламаларды іске асыру, соның ішінде облыс аудандарында іске асыру туралы кәсіпкерлердің жеткіліксіз хабардар болуы;

кәсіпкерлікті қолдау бойынша, мемлекеттік бағдарламалардың жекеле-ген құралдарының жеткіліксіз деңгейі;

аудандық әкімдіктердің кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға тарту бойынша осал жұмысы.



Мүмкіндіктері:

республикалық және жергілікті бюджеттерден жаңа инвестициялық жо-баларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар-ды қаржыландыру;

инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жаңа жұмыс орындарын құру;

жаңа бәсекеге қабілетті өндірістер құру;

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану есебінен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызмет тиімділігін дамыту және арттыру;

жаңа мемлекеттік қолдау құралдары шеңберінде өңірде ШОК-ты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.



Қатерлер:

макроэкономикалық ортадағы қолайсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме, ақша ұсынымы;

бюджеттік ресурстардың тапшылығы себебінен мемлекеттік салалық бағдарламаларды қаржыландырудың азаюы;

кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуі.

Жүргізілген SWOT-талдауының нәтижелері бойынша мынадай проблемалық мәселелер анықталды:

мемлекеттік органдарда рұқсат беру құжаттарын ұзақ рәсімдеу;

ауылдық елді мекендердің мемлекеттік қолдау құралдарымен төмен қамтылуы;

қаржылық проблемалар: кредит ресурстарына қолжеткізудің шектеулігі, жоғары пайыздық мөлшерлемелер.



Ішкі сауда. 2016 жыл ішінде облыста бөлшек тауар айналымы 2,2%-ға төмендеді (республика бойынша НКИ – 102,0%) және 322,4 млрд. теңгені құрады. 2016 жылы бөлшек сауда айналымы көлемі төмендеуінің негізгі себебі – ол жалақының өсуі болмаған кезде инфляцияның 8,3%-ға ұлғаюы (2016 жыл ішіндегі нақты жалақы индексі – 99,2%). 2017 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде бөлшек сауданың НКИ 105,2%-ды құрады.

2014-2016 жылдар ішіндегі бөлшек сауда серпіні

Р/с№

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

ҚР

2016 жыл

1

2

3

4

5

6

7

1

Бөлшек тауар айналымы

млрд. теңге

290,3

278,3

322,4

7 974,4

2

Бөлшек сауданың НКИ, өткен жылға қарағанда %

%

109,0

90,6

97,8

102,0

3

Азық-түлік тауарларын сату үлесі

%

43,8

35,1

36,9

27,6

4

Азық-түлік емес тауарларды сату үлесі

%

56,2

64,9

63,1

72,4

Аумақтар бөлінісінде қалаларда тауар айналымының шоғырлануы байқалуда: негізгі көлемі Павлодар (69,6%), Екібастұз (13,5%), Ақсу (5,2%) қалаларына; облыс аудандарына – 11,7% тиесілі.

Өңірде бөлшек сауданың 4 654 объектісі (соның ішінде – 1 595-і ауылдық жерде), 4 233 сауда орындарында 33 нарық жұмыс істейді.

Сала үшін шағын кәсіпкерліктің жоғары мәні және заманауи сату форматтарының төмен деңгейі тән: сауданың 81,7%-ы шағын кәсіпорындардың тауар айналымына тиесілі, соның ішінде 59,5% – нарықтардағы сауда, 7,9% - ірі сауда кәсіпорындары (орташа алғанда Қазақстан бойынша – 16,4%).

Облыста сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес жаңа форматтағы
10 ірі сауда объектісі ашылды, оның ішінен 2016 жылы – 2.

Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

тұтыну тауарларының бәсекеге қабілетті өндірістерін, жаңа технология-лар трансфертін қолдаудың жүйелі шараларын іске асыру;

заманауи форматтағы ірі сауда объектілерін ашуды қоса алғанда өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды іске асыру;

өңірлік Кәсіпкерлер палатасының және аудандар мен облыс әкімдіктерінің тиімді әріптестік ынтымақтастығының болуы;

ШОК үшін әкімшілік кедергілерді жою бойынша әкімдіктің жүйелі жұ-мысы;

әлеуметтік маңызы бар тауарларға бөлшек сауда бағасына қалыптасқан мониторинг жүйесі;

тауарлардың көтерме және бөлшек саудаға түсуін ұлғайту;

қалыптасқан көтерме және бөлшек сауда желілерінің болуы.



Осал жақтары:

ТМД және Кедендік одақ елдерінен тұтынушылық тауарлардың импорт-тық жеткізуіне тәуелділік;

отандық кәсіпорындар өнімі ассортиментінің біржақтылығы, оның им-порттық тауарлармен салыстырғанда осал бәсекеге қабілеттілігі;

сауда объектілері үшін инженерлік-техникалық инфрақұрылымды салу мен пайдаланудың жоғары құны;

жаңа дүкендер немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту үшін аумақтардың жетіспеушілігі;

айналым қаражатының тапшылығы және сауда кәсіпорындарының жоға-ры қарыздық жүктемесі;

көлік-логистикалық орталықтардың болмауы, сондай-ақ қалаларды ауыл-дық жермен байланыстырудағы логистикалық проблема;

ауылдық жерде сауданы дамыту бизнесі үшін жеткіліксіз тартымдылық;

бөлшек сауда нарықтарының көлеңкелі тауар айналымының болуы.

Мүмкіндіктері:

облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында республикалық және облыс-тық бағдарламаларды іске асыру есебінен еңбекақыны және басқа төлемдерді ұлғайту;

инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жұмыс орындарын құру;

қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және отандық өнім өндірісінің өсуі;

Қазақстан Республикасында қызмет көрсету саласын дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының шеңберінде бөлшек сауданы мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану есебінен сауда инфрақұрылымы қызметінің тиімділігін дамыту және арттыру;

белгілі бір талаптарға сәйкес келмейтін сауда объектілері қызметіне кезең-кезеңмен тыйым салу үшін реттейтін тетіктерді қолдану.



Қатерлер:

макроэкономикалық ортадағы қолайсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме, ақша ұсынымы;

сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауы жағдайларында жүйе құ-раушы компаниялардың өніміне сұраныстың төмендеуі шағын және орта бизнеске әсер етеді;

облыс экономикасының салаларын дамытудың болжамды параметрлері-нің орындалмауы, нәтижесінде халықтың сатып алу қабілеті төмендеді;

жекелеген өңірлік сауда кәсіпорындары мен сауда желілерінің банкрот-тығы;

өңірлік сауда объектілерінің шетелдік сауда желілері тарапынан ығысты-рылуы және жұтылуы;

ірі сауда компанияларының шағын бизнес кәсіпорындарын ығыстыруы.

Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың жеткіліксіз деңгейі, оны құру үшін инвестициялар тарту қажеттілігі мәселесі тұтынушылық тауар-лар өндірісі және сату секторында негізгі проблемалардың бірі болып көрсетіл-ген.

Сондай-ақ, делдалдық құрылымның болуы сауда саласындағы проблема болды, оның азық түлік нарығындағы қызметі, ең алдымен әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне негізделген.

2.1.1.5 Өңіраралық ынтымақтастық

Өңіраралық ынтымақтастық өнеркәсіп кәсіпорындарының және көтерме сауда өнімін жөнелту мәліметтерімен сипатталады.



2014-2016 жылдар ішінде Павлодар облысының резиденттері 1 120,0 млрд.-тан астам теңге сомаға өнеркәсіптік өнім жөнелтті, соның ішінде 2016 жылы – 427,8 млрд. теңге. Бұл республикадағы Шығыс Қазақстан облысынан (509,1 млрд. теңге) кейін екінші орын.
2014-2016 жылдар ішінде құндық нақтылауда резиденттерге өнеркәсіптік өнім жөнелтілді (басқа өңірлерге)


Р/с №

Өңірлердің атауы

2014 жыл,

млрд. теңге

2015 жыл,

млрд. теңге

2016 жыл,

млрд. теңге

1

2

3

4




1

Ақмола облысы

65,4

111,2

85,7

2

Ақтөбе облысы

8,1

12,2

13,2

3

Алматы облысы

41,7

90,4

90,0

4

Атырау облысы

1,9

2,5

0,97

5

Батыс Қазақстан облысы

0,4

0,3

0,99

6

Жамбыл облысы

15,3

15,3

15,6

7

Қарағанды облысы

18,8

67,5

62,5

8

Қостанай облысы

20,4

34,3

30,5

9

Қызылорда облысы

4,1

7,0

6,8

10

Маңғыстау облысы

0,99

12,0

8,5

11

Оңтүстік Қазақстан облысы

9,8

20,3

14,6

12

Солтүстік Қазақстан облысы

4,6

18,8

21,5

13

Шығыс Қазақстан облысы

10,1

50,1

52,9

14

Астана қаласы

27,7

18,1

10,1

15

Алматы қаласы

4,1

5,1

14,1




Барлығы

233,2

465,1

427,8

Павлодар облысы кәсіпорындарының Алматы облысына (90,0 млрд. теңге), Ақмола облысына (85,7 млрд. теңге), Қарағанды облысына (62,5 млрд. теңге), Шығыс Қазақстан облысына (52,9 млрд. теңге), Қостанай облысына (30,5 млрд. теңге) және Солтүстік Қазақстан облысына (21,5 млрд. теңге) өнімді жеткізудің едәуір көлемдері байқалады.

Бұл ретте Қазақстанның өңірлері Павлодар облысына 227,7 млрд. теңге сомаға өнеркәсіптік өнім жөнелтті, соның 68,4%-ын 3 облыс қамтамасыз етеді: Қызылорда облысы (76,5 млрд. теңге), Ақтөбе облысы (51,3 млрд. теңге) және Маңғыстау облысы (41,1 млрд. теңге).

2016 жылдың қорытындысы бойынша облыс кәсіпорындарының басқа өңірлерге жөнелтілген өнімінің көлемдеріне талдау жүргізілді. Мысалы, келесі өнім түрлері бойынша жөнелту көлемдері төмендеді: арматуралық илемдеу – 6,2%-ға, болатты илемдеу - 14%-ға, қоңыр көмір (лигнит) – 14,1%-ға, жүк көтеретін тетіктер – 49,4%-ға.

Өнімді жөнелтудің негізгі азаю себебі болып қажеттіліктің төмендеуі, тұтынушылар тапсырыстарының болмауы табылады.

Павлодар қаласында әзірленген 2016 жыл ішіндегі тауарлардың жұмыс-тар мен қызмет көрсетулердің тізбесі бар облыс тауар өндірушілерінің тізім-демесі облыс әкімдіктеріне жіберілді, облыс индустриялық-инновациялық даму басқармасының сайтында орналастырылды және 2016 жылғы қарашада өткен «Ертіс-Инвест 2016» инвестициялық форумының барлық қатысушыларына үлестірме материал ретінде ұсынылды.

Өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде 2015-2016 жылдары Павлодар және Маңғыстау, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарының кездесуі өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша 2015 жылы облыс кәсіпорындарының өнімін Маңғыстауға жеткізуге ниеттерге қол жеткізілді: өнеркәсіп


– 4 213,0 млн. теңге; ауыл шаруашылық тауар өндірушілері – 7,5 млрд. теңге сомаға (100 мың тонна картоп, 50 мың тонна сәбіз және қырыққабат). Павлодар облысының әкімдігі мен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Қазэнергокәбіл» АҚ «ALAGEUM ELECTRIC» АҚ филиалымен (Орал қаласы) 100 тонна көлемінде кәбіл-сым өнімін жеткізуге келісімшарт жасасты.

Облысаралық сауда облыстардың бірігуі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың шеңберінде жүзеге асырылады.

Өңіраралық ынтымақтастықтың серпіні республиканың өңірлерінде
(ҚР резиденттерінен), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде (ҚР резидент еместерінен) тауарларды көтерме бағамен сатып алумен айналысатын кәсіпорындардың деректері негізінде талданады.
Республиканың өңірлерінде және Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде тауарларды көтерме бағамен сатып алу


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Павлодар облысынан тыс заңды тұлғалардан барлығы сатып алынды (ҚР резиденттерінен және резидент еместерінен), млн. теңге, соның ішінде:

31 942,8

24 924,9

27 364,0

1.1

басқа өңірлерде сатып алынды (ҚР облыстарының резидент заңды тұлғаларынан), млн. теңге

19 943,2

6 546,9

19 480,5

1.2

Павлодар облысынан тыс сатып алудың жалпы көлемінде республиканың басқа өңірлерінде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы

62,43

26,3

71,2

2

Қазақстан Республикасының тыс аумақтарынан сатып алынды (ҚР резидент емес заңды тұлғаларынан), млн. теңге

11 999,6

18 378,0

7 883,5

2.1

Павлодар облысына әкелетін өнімнің жалпы көлеміндегі Қазақстан Республикасының тыс аумақтарынан сатып алынған тауарлардың үлес салмағы, %

37,57

73,7

28,9

2014 жылы Қазақстанның басқа облыстарындағы (62,4%) сатып алудың үлес салмағы республикадан тыс аумақтардан (37,57%) әкелінетін өнімнің үлесінен асты.

Алайда, 2015 жылы импорттың үлесі бірінші жартыжылдықта қалыптасқан ресей рублінің төмен бағамына байланысты Ресейден жеткізілімдердің едәуір ұлғаюы есебінен біршама өсті.

Ұлттық валютаның «құбылмалы» бағамын енгізумен отандық кәсіпорындардың бәсекелі бағалары есебінен қазақстандық өнімді сатып алу ұлғайды.

Мысалы, облысқа әкелінген өнімнің жалпы көлеміндегі қазақстандық тауарлардың үлесі 2015 жылы 26,3%-дан 2016 жылы 71,3%-ға дейін немесе 2,5 есе өсті.

2017 жылдан бастап 2020 жыл аралығы кезеңінде көрсеткіштің жыл сайынғы өсуі 2-5% деңгейінде күтілуде.

Соңғы жылы облыс әкімдері жасасқан 2013-2015 жылдарға арналған ынтымақтастық және өңіраралық байланыстар бойынша негіздемелік келісімге сәйкес Павлодар, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының өңіраралық өзара іс-қимылы біршама кеңейтілді.

Өңіраралық өзара іс-қимылды дамыту, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында меморандумдар жасалды: ынтымақтастық туралы – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен; кәсіпкерлікті дамыту саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту бойынша – Алматы және Батыс Қазақстан облыстарының салалық басқармаларымен.



Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

меншік минералды-шикізат базасының болуы;

энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілгендік;

түсті металлургияның экспортқа бағдарланған өнім өндірісі бойынша жетекші компаниялардың болуы;

өнімнің ірі нарық импорттаушыларына жақындық (Ресей, Қытай);

отандық тауар өндірушілерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру;

жыл сайынғы өңіраралық іс-шаралар өткізу («Дипломмен – ауылға» бос орын жәрмеңкесі, инвестициялық форумдар, азық түлік тауарларын және мал сату бойынша көшпелі жәрмеңкелер, ірі компаниялардың айналасында шағын және орта бизнесті дамытудың әріптестік бағдарламалары, мәдениет және спорт саласындағы жобалар).

Осал жақтары:

технологиялық жабдықтың жоғары тозуы (70%-ға дейін), негізгі қорлар-дың баяу жаңартылуы;

кәсіпорындарда өндірісті жаңғырту және техникалық қайта жарақтан-дыру үшін айналым қаражатының жетіспеушілігі;

өндірілетін өнімнің көп бөлігінің төмен бәсекеге қабілеттілігі;

республиканың өңірлері бойынша өнім қажеттілігі туралы ақпараттың болмауы.

Мүмкіндіктері:

республикалық көлік-логистикалық инфрақұрылымын құру;

өндірілетін өнімнің өткізу нарығын кеңейту, соның ішінде шикізат экс-порты мен импортын жеңілдететін ЕАЭО-мен бірігуге байланысты;

елішілік және халықаралық кооперацияларды дамыту, соның ішінде әлем-дегі ірі шикізат жеткізушілері және төмен қайта өңдеудің құрауыш негізі ретінде Ресей мен Қытайға жақындықты пайдалану;

өндірілетін түсті металлдар негізінде жоғары қосылған құны бар жаңа өндірістер құру;

бәсекеге қабілеттілікті арттыру.



Қатерлер:

машина, құрал-жабдық, механизмдер импортының жоғары көлемдері, бұл металлдар мен металл өнімдерінің негізгі тұтынушысы машина жасау және ас-пап жасау саласының дамуын тоқтатады;

Қытай және Ресейдің машина жасау саласының тарапынан бәсекелес-тіктің болуы;

минералды-шикізат базасының таусылуы;

шикізат ресурстарына бағаның түсуі;

отын мен энергия тасушыларға бағаның артуы кезінде көлік шығыстары-ның өсуі;

елдің ішкі нарығына белгілі бір әсер ететін сыртқы экономикалық жағдай-ды өзгерту (ДСҰ-ға кіру, Кедендік одақ қатысушы елдері санының өсуі).

Өңіраралық ынтымақтастықтың проблемалары мыналар:

республиканың өңірлері бойынша өнім қажеттілігі туралы ақпараттың болмауы;

көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуымен байланыстағы елдің негізгі экономикалық орталықтары арасындағы біршама арақашықтығы өңір-аралық тасымалдардың жоғары көлік шығындарына әкеледі;

дәстүрлі әріптес елдермен (Ресей, Белоруссия, Қытай, Еуропалық одақ елдері) салыстырғанда тұтынушылық тауарларды өндірушілер басым бөлігінің төмен бәсекеге қабілеттілігі тұтынушылық сұраныстың негізгі сегменттерінде импорттың басымдығын сақтайды.


жүктеу 4,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау