Павлодар облыстық мәслихатының (VI сайланған XVIII сессиясы)



жүктеу 4,99 Mb.
бет7/12
Дата22.05.2018
өлшемі4,99 Mb.
#15655
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметке түсуге және іс жүргізудің негізгі тілін талап ету ретінде қазақ тілін нығайтудың оң үрдісі байқалуда.

Жыл сайын барлық санаттағы азаматтар үшін мемлекеттік тілді оқыту курстары тегін ұйымдастырылады. Мемлекеттік тіл бағдарламасының екінші кезеңін іске асыру қорытындысы бойынша 44178 адам оқытылды. 2016 жылы 17012 адам мемлекеттік тілге оқытылды (бағдарлама шеңберінде: 214 – азаматтардың барлық санаты, 135 – мемлекеттік қызметшілер қазақ тіліне, 118 – мемлекеттік қызметші ағылшын тіліне). Сондай-ақ азаматтардың 128 барлық санатына қазақ тілін оқытудың флеш-тренингтік бағдарламасы бойынша курстар ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда 2016 жылға бағдарлама шеңберінде оқытуға 6 млн. 500 мың теңге, мемлекеттік органдарға және кәсіпорындарға – 38 млн. 762 мың теңге бөлінді.

Мемлекеттік тілді үйрену және насихаттау, сондай-ақ оны тілдердің өзара қатынастары жүйесіне енгізу мақсатында оқу уақытында 2016 жылдан бастап Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында және Шарбақты, Качир, Ертіс, Павлодар, Железин, Ақтоғай аудандарында «Тіл керуені» тілдік туристік-мәдени бағытының ерекше жобасы іске асырылды. Тұтастай тіл жобасында әр түрлі жастағы 200-ге жуық адам қамтылды.

Жыл сайын ҚАЗТЕСТ мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша мониторинг жүзеге асырылады. 2014-2016 жылдар ішінде диагностикалық және сертификатталған тестілеумен 11785 адам қамтылды, оның ішінен 5402-і мемлекеттік қызметшілер, 2458-і мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардың қызметкерлері және 3925-і бюджеттік ұйымның қызметкерлері. Тұтас алғанда В1 деңгейінде мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 21%-ды, С1 деңгейінде 1%-ды құрады.

Тіл заңнамасының орындалу барысын анықтау мақсатында облыстың қалаларындағы, аудандарындағы және мемлекеттік органдарындағы тіл ахуалы бойынша нысаналы индикаторлардың мониторингі жүргізілуде. 2017 жылғы 1 жартыжылдық ішінде Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдарында мемлекеттік тілде құжат айналымының үлесі 100%-ды құрайды (2014 жылы – 99,7%, 2015 жылы – 99,8% және 2016 жылы – 99,9%).

Павлодар облысындағы тіл жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып тұрғындардың қазақ тілін меңгерудің жоғары деңгейі табылады.


2016 жыл ішінде облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 78%-ды құрады. 80%-дан жоғары мемлекеттік тілді меңгеру пайызы Ақтоғай, Баянауыл, Железин және Май аудандарында, 65,3%-дан 77,7%-ға дейін Успен, Павлодар, Качир және Шарбақты аудандарында.

2016 жылы өткізілген әлеуметтік зерттеуге сәйкес сауалнама жүргізілген азаматтардың бір бөлігі, әсіресе Павлодар (33%), Екібастұз (25%) және Ақсу (21%) қаласы тұрғындарының ағылшын тілін жақсы меңгергені байқалады. Ағылшын тілін аз дәрежеде ауылдық аудандардың тұрғындары меңгерген, бұл жоғары және орта арнайы білімі жоқ ауылдық аудан тұрғындарының басым болуымен түсіндіріледі. Тұтастай 2016 жылы ағылшын тілін меңгерген облыстың халық үлесі 17%-ды құрайды, көптілді білетін азаматтардың үлесі 14%-ды құрайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау мақсатында «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында ақпараттық-танымдық бағ-дарламалар, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл саясаты» жарна-малық-имиджді роликтер, облыстық радиода «Мемлекеттік тіл және отбасы» бағдарламасы эфирге шығады, екі тілде «tildes.gov.kz» Web-cайты жұмыс істей-ді, ай сайын «Ертіс дидары» газеті шығарылады.

Көрнекі ақпаратты ресімдеу бойынша объектілер мониторингісі бүгінгі күні тексерілетін объектілер санын көбейтумен көрнекі ақпараттарды ресімдеуде қателер саны 36,5%-ға азайғанын көрсетті.



Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы кеңейді;

мемлекеттік тілде іс жүргізуді аудару үрдісі белсенді іске асуда;

мемлекеттік тілдің қарым-қатынас қызметі теледидар және радиода, газеттерде, көлік және байланыс, сауда және қызмет көрсету саласында нығаюда;

өңірде тұратын халық тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды;

мемлекеттік тілді меңгеретін тұрғылықты емес ұлтты азаматтар саны көбейді;

қазақ тілінде оқытатын мектептерде оқитын тұрғылықты емес ұлтты балалар саны өсуде;

деректемелерді және көрнекі ақпараттарды орналастыру бөлігінде заңнаманы қадағалау бойынша құқық бұзушылық саны азайды.



Осал жақтары:

облыс тұрғындары сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, көлік және банк қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді шамалы дәрежеде меңгереді;

әлеуметтік-тұрмыстық салада қазақ тілін қолданудың дәрежесі төмен болып қалуда;

ішкі құжаттарды, соның ішінде есептеу-статистикалық, қаржылық және техникалық құжаттаманы мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде жүргізудің төмен пайызы.



Қатерлер:

тілдер орталықтарын аккредиттеу рәсімін өткізу бойынша уәкілетті орган анықталмаған;

қоғамда тіл мәдениетінің төмендеуі;

азаматтардың лингвистикалық капиталының төмендеуі;

мемлекеттік тілді дамытуда құқықтық базаның толық еместігі;

білім беру саласында үш тілді білу деңгейін бағалау және бақылаудың әлсіз жүйесі;



Мүмкіндіктері:

өңір азаматтарына мемлекеттік тілді меңгеру үшін жағдай жасау;

қазақ тілін оқыту жүйесін құру бойынша жұмысты жетілдіру;

өңірде тұратын этностардың тілдерін үйрену және сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу;

халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді көпшілікке тарату;

мемлекеттік тілдің беделін көтеру және қолданылу талабын кеңейту бойынша қызметті жүзеге асыру;

мемлекеттік тілде теле- және радио хабарларын жасау арқылы тілдік ортаны қалыптастыру;

тілдер туралы заңнаманы қабылдауға бақылауды күшейту.

Саланың жүргізілген SWOT-талдауы негізінде өңірде саланы дамытуды тежеп тұрған негізгі проблемалар анықталды:

тілдің әр түрлілігін сақтауда әлеуметтік-қатынастық кеңістіктегі мемле-кеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі;

қоғамда мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі;

қызметшілер мен мамандардың мемлекеттік тілді үйренуінде кәсіпорын-дардың ынталандыруының болмауы;

тұрмыстық салада және жұмыс орны бойынша мемлекеттік тілдің толық емес көлемде қолданылуы.
2.1.2.8. Ішкі саясат

Облыста ішкі саясат тұрақтылығын нығайту азаматтық қоғам институт-тарымен ынтымақтастықты дамытумен байланысты.

Облыста саяси партиялардың 6 филиалы, 711-ден аса үкіметтік емес ұйым (бұдан әрі – ҮЕҰ), 24 этномәдени бірлестік және Павлодар облысы бойынша Қазақстан халқы ассамблеясының 13 филиалы, 1 392 кәсіподақ ұйымы тіркелген.

Бірлескен қызметтің негізгі бағыты – этносаралық және конфессияаралық келісім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Облыста азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қатына-сын оң бағалайтын халықтың үлесін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүр-гізілуде.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қатынасын оң бағалайтын халықтың үлесі 2014 жылы 85,4%-ды, 2015 жылы – 85,5%-ды, 2016 жылы – 85,6%-ды құрады. Этнос-аралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты оң бағалағандар – сәй-кесінше халықтың 95,0%-ы, 95,1%-ы және 95,2%-ы.

Өңірде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қойған еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси стратегиялық мақсаттарының айналасына халықты шоғырландыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

ҮЕҰ санының өсуі;

ҮЕҰ-ны мемлекеттік қолдау;

Павлодар облысы бойынша Азаматтық Альянстың болуы;

ҮЕҰ қызметтеріне жоғары сұраныс;

мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылы.



Осал жақтары:

белсенді ҮЕҰ-ның жеткіліксіз үлесі (700-ден 250);

ауылдық ҮЕҰ қызметтерінің төмен деңгейі;

ҮЕҰ-де білікті кадрлардың жетіспеушілігі.



Мүмкіндіктері:

бизнес-қоғамдастықпен байланысты дамыту;

белсенділігі жоғары жаңа ҮЕҰ, қорларды құру;

республикалық жобаларды іске асыруға қатысу.



Қатерлер:

экономикалық дағдарыстың кері әсер етуіне байланысты халық наразылығының өсуі. Билікке сенімнің жоғалуы;

жалған ҮЕҰ-ның пайда болуы;

ҮЕҰ-ның халыққа ықылассыз қызмет көрсетуі;

бағдарламаларды оңтайландыру, бюджет қаражатын қысқарту.

Азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытудың негізгі проблемасы:

жекелеген ҮЕҰ-ның кеңсе бөлмелерінің болмауынан қызмет тиімділігі деңгейінің төмендеуі;

ауылдық ҮЕҰ-ны және экологиялық бағыттағы ҮЕҰ-ды жеткіліксіз қаржыландыру болып табылады.


2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Құқықтық тәртіпті, қауіпсіздікті қорғау және қылмысқа қарсы күрес.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қоғамдық жерлерде және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу және алдын ала ескертуге, жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.

Қолданылатын шаралардың жеделдігі уақыт және дислокация бойынша жол-патрульдік қызмет бағыттарын он күн сайын маневр жасаумен болады.

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің алдын алуға бағытталған шаралар едәуір тиімді іс-шаралар болып табылады.



Көшеде жасалған қылмыс. Көшелерде жасалған қылмыстардың тал-дауы олардың деңгейінің біртіндеп төмендегенін көрсетеді. Егер 2014 жылы облыс аумағы бойынша қоғамдық орындарда 5163 қылмыс және құқық бұзушылық жасалса (үлес салмағы 35,5%), көшелерде – 2535 (үлес салмағы 17,4%), 2016 жылы қоғамдық орындарда 4480 (үлес салмағы 32,7%), көшеде – 2139 (үлес салмағы 15,6%) тіркелді.
Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

%


Р/с



Қалалар мен аудандардың атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданы

5,2

4,3

5,0

2

Баянауыл ауданы

3,8

6,7

5,1

3

Железин ауданы

8

5,0

4,6

4

Ертіс ауданы

5

1,4

2,4

5

Качир ауданы

6,7

9,2

4,3

6

Лебяжі ауданы

1,8

3,3

4,3

7

Май ауданы

0

10,5

5,0

8

Павлодар ауданы

5,6

6,9

5,2

9

Успен ауданы

6,1

3,4

3,0

10

Шарбақты ауданы

6,3

5,5

6,3

11

Ақсу қаласы

8,5

11,3

9,7

12

Екібастұз қаласы

22

19,2

18,0

13

Павлодар қаласы

19,9

18,4

18,2




Облыс бойынша барлығы

17,4

16,2

15,6

Көшеде жасалған қылмыстар деңгейінің төмендеуіне әсер еткен себептер:

едәуір зақымданған учаскелерді нысаналы жұмысты жоспарлауды есепке алумен қылмыстың жағдайына он күн сайын талдау жүргізу, бағыттарға маневр жасау және уақыт және қызмет атқару орны бойынша жол-патрульдік қыз-меттің саптық бөлімшелерін патрульдеуді алдын ала дислокациялау;

қала көшелерінде бейнебақылау жүйесін кеңейту;

қоғамдық құрылымдарға қатысушыларды құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тарту.

Жолдардағы қауіпсіздік.

2014 жылы 1057 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 86 адам қайтыс болды және 1398-і зардап шекті. 2016 жылы ЖКО санының 880 дейін (-16,7%), қайтыс болғандар – 76 дейін (-11,6%) және жараланғандар – 1217 дейін (-12,9%) төмендеуі байқалуда.


Жол-көлік оқиғаларында қайтыс болғандар санын төмендету

(100 зардап шегушіге шаққанда)

%


Р/с



Қалалар мен аудандардың атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданы

9,0

15,0

30,4

2

Баянауыл ауданы

11,4

33,3

16,7

3

Железин ауданы

23,5

33,3

20,0

4

Ертіс ауданы

14,2

40,0

20,0

5

Качир ауданы

16,7

20,0

16,7

6

Лебяжі ауданы

42,9

25,0

15,4

7

Май ауданы

11,1

33,3

33,3

8

Павлодар ауданы

9,6

10,1

15,4

9

Успен ауданы

15,4

16,6

11,1

10

Шарбақты ауданы

19

10,5

12,9

11

Ақсу қаласы

10,8

11,8

7,8

12

Екібастұз қаласы

6,1

4,2

6,4

13

Павлодар қаласы

2,8

2,1

2,2




Облыс бойынша барлығы

5,8

6,3

5,9

Талдауда көрсетілгендей, жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар санының азаюы:

«Қауіпсіз жол», «Тас жол», «Автобус» және т.б. сияқты мақсатты алдын алу іс-шаралар өткізудің тиімділігі;

Жол жүру ережелерін бұзғаны үшін заңнамалық жауапкершіліктің кү-шеюі;

көлік құралдары жүргізушілерін даярлау қызметіне талаптарды жоғары-лату;

Жол жүру ережелері бұзушылықтарын тіркеудің автоматтандырылған жүйесін кеңейту;

қызметті атқарған кезде бейнетіркегіштер мен бейнежетондар қолдану есебінен қол жеткізілді.

Жасөспірімдер қылмысы. 2016 жылы алдын алу шаралары нәтижесінде кәмелет жасқа толмағандар жасаған қылмыстардың жалпы санын 2014 жылмен салыстырғанда 30 фактіге немесе 17,8%-ға төмендетуге қол жеткізілді (169-дан 139-ға дейін).
Кәмелет жасқа толмағандар жасаған қылмыстардың үлес салмағы

%


Р/с



Қалалар мен аудандардың атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданы

2,4

0

2

2

Баянауыл ауданы

0

1,4

0

3

Железин ауданы

0,5

1,2

0

4

Ертіс ауданы

2

1,6

1,5

5

Качир ауданы

2,7

4,2

3,8

6

Лебяжі ауданы

2,2

1,5

2,0

7

Май ауданы

2,6

2,9

2,3

8

Павлодар ауданы

2,1

0,6

6,4

9

Успен ауданы

0,8

2,2

0

10

Шарбақты ауданы

2,3

2,4

2,2

11

Ақсу қаласы

3,4

1,6

0,9

12

Екібастұз қаласы

8

2,5

3,1

13

Павлодар қаласы

4,3

3,0

3




Облыс бойынша барлығы

4,1

2,5

2,5

Кәмелет жасқа толмаған тұлғалар жасаған қылмыстардың төмендеуіне келесі шараларды орындау арқылы қол жеткізілді:

кәмелет жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық, қараусыздық және панасыздықтың алдын алуға бағытталған «Түнгі қаладағы балалар», «Па-насыз балалар», «Жасөспірім», «Тұрмысы қолайсыз отбасы», «Қауіпсіз мектеп» және т.б. жедел-алдын алу іс-шаралар мен акциялар өткізуі;

бала тәрбиесінен жалтарғаны үшін ата-аналардың заңнамалық жауапкер-шілігін арттыру.



Рецидивті қылмыс. 2014 жылы 4137 ашылған қылмыстардың жалпы санынан бұрын сотталған тұлғалар жасаған қылмыс 758, үлес салмағы 18,3%-ды құрады.

2016 жылы 5663 ашылған қылмыстардың жалпы санынан бұрын сотталғандар 3223 қылмыс жасады, үлес салмағы 56,9%-ды құрады.


Бұрын қылмыс жасаған адамдар жасаған қылмыстардың үлес салмағы

%


Р/с



Қалалар мен аудандардың атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданы

8,3

32,1

55,6

2

Баянауыл ауданы

0,9

27,6

43,7

3

Железин ауданы

6,9

37,0

48,3

4

Ертіс ауданы

21,2

48,7

56,0

5

Качир ауданы

10,1

43,6

53,8

6

Лебяжі ауданы

15,6

23,1

44,1

7

Май ауданы

6,6

50,7

51,7

8

Павлодар ауданы

6,4

32,9

54,6

9

Успен ауданы

5,9

35,6

73

10

Шарбақты ауданы

14,6

26,2

51,5

11

Ақсу қаласы

23,1

39,8

72,0

12

Екібастұз қаласы

19,2

50,1

53,5

13

Павлодар қаласы

22,8

49,2

57,8




Облыс бойынша барлығы

18,3

44,5

56,9

Осы көрсеткіштің өсуі статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде құқық бұзушылықтар есебінің белгілерін өзгертуге байланысты, бұрын құқық бұзушылық жасаған адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәлімет жаңа тұрғысынан сотталғандықты өтеуден немесе алудан тәуелсіздігімен ескеріледі.



Есірткілерді өткізуге байланысты немесе өткізу мақсатында анықталған қылмыстар

2015 жылы есірткі қылмыстарын тіркеудің, соның ішінде өткізу фактілерінің 2014 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда төмендеуі байқалуда. Мысалы, 2014 жылы 105 өткізу фактісі тіркелсе, онда 2015 жылы 21 факті анықталды, аз (84).

Сонымен бірге, 2016 жылы 120 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінен 88-і өткізуге байланысты.

Есірткі заттарын өткізудің көбі облыс қалаларында тіркеледі. 2016 жылы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында өткізу фактілерінің 2014 жылмен салыстырғанда төмендеуі байқалды. Мысалы, Павлодар қаласы бойынша 9 фактіге немесе 10,5%-ға, Екібастұз қаласы бойынша 4 фактіге немесе 25%-ға төмендеу орыны бар және Ақсу қаласы бойынша өткізу фактілерін тіркеу жоқ.

Ауылдық аудандар орналасуының географиялық ерекшеліктері айырмашылықты және облыс аумағындағы жедел жағдайды құрайтын дамытуды анықтайды, онда жүргізіліп жатқан жедел-алдын алу іс-шараларына қарамастан құқық бұзушылықтардың төмен тіркелуі байқалуда.

Мысалы, 2014 жылы Железин, Ертіс, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарында және Ақсу қаласының аумағында есірткі құқық бұзушылығы тіркелді, алайда 2016 жылы құқық бұзушылықтарды тіркеу фактілері жоқ.


Есірткі қылмыстарының жалпы санынан есірткілерді өткізуге байланысты немесе өткізу мақсатында анықталған қылмыстардың үлесі
пайыздар

Р/с

Қала, аудан атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Ақтоғай ауданы

0

0

0

2

Баянауыл ауданы

0

0

0

3

Железин ауданы

0

0

0

4

Ертіс ауданы

100

0

0

5

Качир ауданы

0

0

0

6

Лебяжі ауданы

0

0

0

7

Май ауданы

0

0

0

8

Павлодар ауданы

100

100

0

9

Успен ауданы

0

0

0

10

Шарбақты ауданы

0

0

0

11

Ақсу қаласы

100

100

0

12

Екібастұз қаласы

100

94,4

79

13

Павлодар қаласы

100

77,7

74,2




Облыс бойынша барлығы

80,1

75,6

73,3


Сыртқы факторлар:

экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыс деңгейінің төмендеуі;

әлеуметтік-демографиялық өзгерістер, елді мекендер инфрақұрылымын өзгеруі;

жол жүрісі қатысушыларының көліктік тәртібінің төмендігі;

автомобиль жолдары және көше-жол желілерінің жағдайы, автокөлік құралдардың ұлғайған санын есепке алумен олардың өткізу қабілеттілігі;

қолайсыз психологиялық климат және отбасында және оқу орны бойын-ша жасөспірімдермен тәрбие жұмысының төмендігі;

құқыққа қайшы тәртібі үшін жасөспірімнің жеке жауапсыздығы;

қоғамға қарсы бағыттағы қатынас ортасы ішіндегі ересектердің ықпалы;

ішімдік сусындарын, есірткі және психотропты заттарды қолдануы;

интернетте агрессиялық ойындардың ықпалы;

ерекше ұстау тәртібі бар білім берудің арнайы ұйымдарының болмауы;

қылмыстық заңнаманы ізгілендіру;

мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы қызметін ведомствоаралық үйлестірудің жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ қоғамдық институттармен және үкіметтік емес ұйымдармен осал өзара іс-қимыл.

Ішкі факторлар:

«Әмбебап полиция» пилоттық жобасын енгізу;

есірткі заттары заңсыз айналымының жолын кесу бойынша мақсатты жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізудің тиімділігі;

жол жүру қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті бұзуды жою, есепте тұрған тұлғалардың және кәмелет жасқа толмағандардың тәртібін бақылау бойынша мақсатты жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізудің тиімділігі;

жастардың қоғамдық құрылымдарын құру;

Жол жүру ережелерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және жол жүру ережелерін бұзуды тіркеу санының болмауы және жеткіліксіздігі.



Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

Жергілікті полиция қызметін құру (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап);

есірткі заттары заңсыз айналымының жолын кесу, жол жүру қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп бұзушылығын жою, есепте тұрған тұлғалардың және кәмелет жасқа толмағандардың тәртібін бақылау бойынша мақсатты жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізудің тиімділігі;

жастар қоғамдық құрылымдарын құру;

есепте тұрған тұлғаларға бақылауды күшейту және алдын алу ықпалы.

Осал жақтары:

жол жүру ережелерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және Жол жүру ережелерін бұзуды тіркеу санының болмауы және жеткіліксіздігі;

географиялық орналасуы – облыс Ресей Федерациясының Омбы, Новосі-бір облыстарымен және Алтай өлкесімен шектеседі және есірткі заттары, психотропты заттар және прекурсорлар транзитінің жолы болып табылады;

жасөспірімдердің және жастардың есірткіге тәуелділігі.



Мүмкіндіктері:

үгіт жұмысын жүргізу арқылы жол жүрісі қатысушыларының көлік тәр-тібі деңгейін көтеру, көрнекі үгіт құралдарын шығару, жол жүру ережелерін бұзушылықтарын анықтауға азаматтарды тарту;

заманауи техникалық құралдарды бақылауды және жол жүруді реттеуді енгізу;

автомобиль жолдарын жаңғырту және кеңейту, оларды заманауи талаптар жағдайына жеткізу;

онлайн тәртібінде ақпараттық-құқықтық сабақтарды өткізу;

тегін негізде балаларға ойын-сауық өткізу;

білім беру ұйымдарында бейнекамера қолдану;

қосымша білім беру ұйымдарды, аула клубтары жүйесін кеңейту;

құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін жетілдіру;

бостандықтан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға берілетін жұ-мыс орындар квотасы көлемін кеңейту;

нашақорлықтың алдын алу және студенттер мен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Қатерлер:

автомобиль жолдары және көше-жол тораптарын дамытуға автокөліктің өсу қарқынының сәйкес келмеуі;

девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді зиянды ортадан оқшаулап ұстаудың ерекше тәртібі бар білім беру ұйымдарының болмауы;

криминогендік ахуалдың шиеленісуіне әкелетін экономикалық құлдырау, рецидивті қылмыс деңгейінің өсуі;

бостандықтан айыру орындарынан босатылған тұлғалардың әлеуметтік оңалмауы (тұрақты баспананың, жұмыстың болмауы);

синтетикалық есірткі заттары жаңа түрлерінің пайда болуы.



Проблемалар:

жол жүру ережелерін бақылаудың автоматтандырылған жүйесі және жол жүру ережелерін бұзудың тіркеу санының болмауы және жеткіліксіздігі;

орта және жоғары буындағы мектеп, сондай-ақ колледж білім алушы-ларын адамгершілік-этикалық бағыт бойынша, құқықтық тәрбие бойынша тәрбие жұмысының әлсіздігі;

айналымға тыйым салынған заттардың тізбесіне енгізілмеген есірткі заттарын, психотропты заттарды және прекурсорларды медициналық емес тұтынуды дамыту.



Азаматтық қорғау.

Павлодар облысының әр түрлі табиғи жағдайлары, оның қауіпті табиғи құбылыстарға, атап айтқанда көктемгі су тасқындары, орман және дала өрттері, дауыл желдеріне, температураның күрт төмендеуіне және т.б. құбылыстарға болуын алдын ала анықтайды Техногендік төтенше жағдайлардан - өндірістегі оқиға, өрттер, жарылыстар, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелеріндегі апаттар.

Соңғы 3 жылдың ішінде (2014-2016 жылдар) облыс аумағында
324 төтенше жағдай (2014 жылы – 93, 2015 жылы – 132, 2016 жылы – 99) тіркелді, оның нәтижесінде 329 адам зардап шекті (2014 жылы – 82 адам, 2015 жылы – 109 адам, 2016 жылы – 138 адам), олардың ішінен 171 адам (2014 жылы – 61 адам, 2015 жылы – 47 адам, 2016 жылы – 63 адам) қаза тапты.

2014-2016 жылдар бөлінісінде ТЖ және адам өлімі санының өсуі байқалады.

2017 жылғы 10 ай ішіндегі жедел деректер бойынша Павлодар облысының аумағында 84 төтенше жағдай тіркелді (2016 жылы – 78), бұл 7,6%-ға ұлғаюды құрайды. Бұл ретте, 93 адам зардап шекті (2016 жылы – 110), 15,5%-ға азайды, 44 адам қаза тапты (2016 жылы – 54), бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5%-ға азаюды құрайды, оның ішінен:

- техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар 58 (2016 жылы – 54), онда 72 адам зардап шекті (2016 жылы - 87), 23 адам қаза тапты (2016 жылы – 34).

- табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар 26 оқиға (2016 жылы – 24), бұл ретте 21 адам зардап шекті (2016 жылы – 23), 21 адам қаза тапты (2016 жылы – 20).

Ең көп таралатын қауіптердің қайталануы тұрмыстық, өндірістік және ландшафт өрттері болып табылады. 2014-2016 жылдар және 2017 жылғы 10 ай ішінде Павлодар облысында 3 мыңнан астам өрт тіркелді, 491,6 млн. теңге мөлшерінде материалдық залал тигізді (2014 жылы – 155,9 млн. теңге, 2015 жылы – 127,8 млн. теңге, 2016 жылы – 120,5 млн. теңге, 2017 жылғы 10 ай – 87,4 млн. теңге). Қаза тапқандар және зардап шеккендердің ең үлкен пайызы оқиғалар мен ТЖ-ның осы түріне келеді.

Павлодар облысы аумағына 2012 жылдан бастап ғарыштық мониторингті енгізу оң жағдай болып табылады, бұл табиғи өрттерге жедел әсер етуге, бастапқы даму сатысында өрттің әрі қарай өршуіне жол бермей, оларды жоюға мүмкіндік туғызады. Соңғы үш жылдың ішінде 656 термиялық таңбалар табылды (2014 жылы – 319, 2015 жылы – 104, 2016 жылы – 233).

Қауіптің басым факторы облыс халқы үшін қардың еруіне және Шығыс Қазақстан облысының бөгені Үстіңгі Ертіс каскадынан табиғатты қорғау су өткізумен байланысты маусымдық су тасқындары болып табылады. Соңғы жылдары су тасқыны кезеңінде адам өлімі болған жоқ.

Келеңсіз құбылыстардың болу мүмкіндігі туралы тұрғындарға уақытында хабарлау мақсатында елді мекендерде қалалар мен аудандардың бюджеттерінен 31 млн. 937 мың теңге сомаға 134 жергілікті хабарлау жүйесі орнатылды.

Көктемгі су тасқыны кезеңінде негізгі проблемалық учаскелер Баянауыл ауданының Теңдік және Қараащы ауылы, Ақтоғай ауданының Шолақсор ауылы, Ақсу қаласы. Ақтоғай ауданы Шолақсор ауылының су басу қаупі Ақмола облысы Сілеті бөгенінен су жіберумен байланысты.

Облыс аумағында 2014 жылға дейін су тасқыны кезеңінің ТЖ тіркелмеді, 2015 жылы жергілікті көлемдегі 3 ТЖ жарияланды – Баянауыл ауданында, Екібастұз өңірінде, Ақсу қаласында, 2016 жылы – жергілікті ауқымдағы 1 ТЖ – Баянауыл ауданында.

Аумақтарды су тасқынынан қорғау үшін 4 гидротехникалық имарат бар: Ақсу қаласының қала маңындағы аймақта 1 бөгет (үйілген топырақ), Лебяжі ауданының Аққу ауылында 1 қорғаныс бөгеті (үйілген топырақ), Павлодар ауданының Мичурин ауылдық округінде 1 үйілген топырақ қорғанысы, Ақтоғай ауданында 1 бөгет (үйілген топырақ).



Дала өрттеріне, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімі жоқ шалғайдағы елді мекендердегі өрттерге жедел әрекет ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар 2014-2016 жылдар ішінде 21 өрт сөндіру постын құрды. 2017 жылы жергілікті атқарушы органдар өрт сөндіру посттарын құру бойынша жұмысты жалғастыруда.

2017 жылғы 10 ай ішінде өрт сөндіру посттары өрттерді және жануларды сөндіру үшін 102 шығу жасады, оның ішінен 54 шығу дербес, «ӨСҚжАҚЖ» ММ өрт сөндіру бөлімерінің бөлімшелерімен бірлесіп 48 шығу.

Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

ғарыштық мониторингті енгізу;

орманды дала алқаптарын және шалғайдағы елді мекендерді өртке қарсы қорғау ауданаралық құрылымының пилоттық нұсқасын іске асыру;

құтқару қызметтерін жоспарлы жинақтау және заманауи техникамен және жабдықтармен көмек көрсету.



Осал жақтары:

шалғайдағы АЕМ өрт сөндіру посттарын қалыптастырудың төмен қарқы-ны;

су тасқыны сипатындағы және залал болатын ТЖ пайда болу қатерінің төмендеуіне бағытталған іс-шараларды орындаудың төмен сапасы.

Мүмкіндіктері:

жергілікті атқарушы органдардың облыстың ауылдық округтерінде өрт сөндіру посттарын одан әрі құру бойынша жұмыс жүргізуі;

Су тасқынына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын жақсартуға, адамдардың өлімін болдырмау және олардың пайда болу жағдайында залалдың төмендеуіне бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау.

Қатерлер:

өрт кезінде адам өлімінің көбеюі;

су басу және су тасқынынан адам өлімінің мүмкіндігі;

өрт, су басу және су тасқынынан залалдың көбеюі;

облыстың жекелеген АЕМ-де халықты хабарландыру жүйесінің болмауы.

Проблемалар:

АЕМ-нің тұрмыстық және табиғи өрттерден осал қорғалуы.
2.1.4 Инфрақұрылым

2.1.4.1 Байланыс және коммуникация

Павлодар облысы электр және пошта байланысының барлық түрлерімен, сондай-ақ телерадиохабар берудің кеңейтілген желісімен қамтылған.

Облыста телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін
26 кәсіпорын жұмыс істейді.

Электр байланысы, радио және телехабар тарату қызметтерін


26 байланыс операторы көрсетуде (Павлодар қаласында – 20 кәсіпорын, Екібастұз қаласында – 5, Ақсу қаласында – 1), олардың біреуі жалпы пайдаланымдағы байланыс қызметтері нарығында, ал 4 оператор ұялы радиотелефон байланысы қызметтерін көрсету нарығында жұмыс істейді.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту шеңберінде облыста үй шаруашылықтарын телефон және ұялы байланыс, теледидар және Интернет желісіне кең жолақты кіру қызметтерімен толық қамту бойынша жұмыс жүргізілуде.




Р/с



Көрсеткіш атауы

2014

жыл

2015

жыл

2016

жыл

2016 жыл 2014 жылға қарағанда

1

2

3

4

5

6

1

Телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда, бірлік

34,6

33,5

31,4

90,7

2

Интернет желісіне тіркелген кең жолақты кіретін абоненттердің тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда, бірлік

13

14

13

100

Интернет желісіне тіркелген кең жолақты кіретін абоненттердің тығыздығы 100 тұрғынға шаққанда 2016 жылы 2014 жылдың деңгейінде қалды.

2015 жылы Баянауыл-Егіндібұлақ бағытында Жаңатілек және Күркелі ауылдарына тармақталумен талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды. Осы ауылдардың тұрғындарына интернет желісіне және теледидарға кең жолақты қосылу мүмкіндігі берілді.

Сондай-ақ, Ақсу қаласында, 9 ауылда (Аққу, Ақтоғай, Баянауыл, Жетекші, Ертіс, Көктөбе, Тереңкөл, Успен, Шарбақты) және 3 кентте (Ақсу, Шідерті, Майқайың) LTE 14 базалық станциясы салынды (интернет желісіне 100 Мбит/с дейін жоғары жылдамдықты мобильді қол жеткізуімен).

2016 жылы «Қазақтелеком» АҚ ПОТД «Павлодар облыстық телекоммуникациялар дирекциясы бойынша интернет желісіне кең жолақты қолжеткізу желісін дамыту» жобасының шеңберінде облыстың 8 ауылы, соның ішінде Баянауыл ауданының Құндыкөл, Теңдік, Қараащы ауылдары, Лебяжі ауданының Малыбай және Шақа ауылдары, Павлодар ауданының Шақат және Ольгинка ауылдары жоғары жылдамдықты интернетпен және ID-TV теледидар қызметтерімен қамтылды.

2017 жылы Ақтоғай ауданында (Андрияновка, Жолболды), Павлодар ауданының Коряковка ауылында, Баянауыл ауданында (Құндыкөл, Күркелі) талшықты-оптикалық байланыс желісі салынды. Нәтижесінде тұрғындар интернет желісіне және теледидарға кең жолақты қолжеткізді.

Тіркелген телефон байланысы желілерінің тығыздық көрсеткіштерінің 2014 жылғы және 2015 жылғы деңгейге қарағанда және Интернет желісіне тіркелген кең жолақты қолжеткізу абоненттері тығыздығының 2015 жылғы деңгейге қарағанда төмендеуі жыл сайын халықтың ұялы байланысқа ауысуымен тіркелген телефон байланысынан кету қарқынына, сондай-ақ Интернетке тіркелген және ұялы қолжеткізу нарықтарының бәсекелестігіне байланысты.

Цифрлық сауаттылық – адамның өз білімі мен икемділігін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті және кәсіби қызметте пайдала-нуы. Ақпараттық технологиялармен жұмыс істеу дағдыларының деңгейін көтеру ақпараттық қоғамның баршаға ашықтығын арттырады.

6-дан 15 жасқа дейінгі балалардың цифрлық сауаттылық дағдыларына оқып-үйрету тиісті білім беру деңгейлерінің жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім беру мекемелерінде жүргізіледі.

Білім беру сапасын жақсарту мақсатында облыста мектептерді заманауи компьютерлік техникамен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл 2014 жылдан бастап оқушылардың бір компьютерге санын 2016 жылы 6,0-ден 5,7-ге дейін, ауылдық жерде 4,9-дан 4,6-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Ертеректе, 16-дан 74 жасқа дейінгі халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығын арттыру «2007-2009 жылдарға арналған ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасын іске асыру барысында жүзеге асырылды. Бағдар-лама шеңберінде білім беру ұйымдары базасында барлығы 137 мыңнан аса адам оқытылды, оқытуға 43 компьютерлік сынып сатып алынды.

2009 жылдан бастап бағдарламаны қаржыландыру тоқтатылды. Осыған байланысты 2012 жылдан бастап компьютерлік (цифрлық) сауаттылықты көтеру курстары жергілікті бюджет есебінен өткізіледі.

Аталған көрсеткіш облыс бойынша 2016 жылы 82,7%-ды, 2015 жылы 79,9%-ды, 2014 жылы 66,5%-ды құрады.

Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

дамыған телекоммуникациялық инфрақұрылым;

облыстың барлық қалалары мен аудандарында талшықты-оптикалық байланыс желісінің бар болуы;

жергілікті телефон байланысының 100% цифрлануы;

облыстың барлық елді мекендерін телефон байланысымен 100% қамту.

Осал жақтары:

облыстың елді мекендерін талшықты-оптикалық байланыс желісімен то-лық қамтамасыз етпеу;

облыстың елді мекендерін Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен кіруді толық қамтамасыз етпеу;

облыстың елді мекендерін ұялы байланыспен толық қамтымау;

ақпараттық қоғамды дамыту.

Мүмкіндіктері:

облыс телекоммуникациясының дамыған және жаңартылған желісі;

өңір тұрғындарының ақпараттық технологияларды қолдануға қызығушы-лығы.

Қатерлер:

телекоммуникациялардың заманауи және сапалы қызметтерімен одан әрі қамту және оларды ұсыну үшін ауылдардағы халықтың төмен тығыздылығы және елді мекендердің бір-бірінен шалғайлығы;

халықтың электронды мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіншілігінің жоқтығы.

Саланың проблемалары:

облыстың 1000 адамнан аз саны бар 39 елді мекені ұялы байланыспен қамтамасыз етілмеген;

6-74 жастағы халықтың жалпы санынан компьютерді пайдаланушылар-дың төмен үлесі.
2.1.4.2 Құрылыс

Құрылыс Қазақстан Республикасының белсенді дамушы салаларының бірі болып табылады, сондай-ақ экономика дамуының басты басымдықтары-ның бірі болып қалуда.


Құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштері


Р/с



Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

1

Тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар, млн. теңге

8 244,0

11 974,42

15 985,11

2

өткен жылға қарағанда, %

116,5

140,6

128,7

3

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге

113 658,6

211 874,4

169 427,8

4

өткен жылға қарағанда, %

119,8

181,2

76,9

5

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, жалпы ауданның шаршы метрі

201 133

164 601

184 489

6

өткен жылға қарағанда, %

124,3

81,8

112,1




соның ішінде:










7

жеке құрылысшылар, жалпы ауданның шаршы метрі

78 570

112 935

79 033


8

өткен жылға қарағанда, %

144,8

143,7

70,0

Облыстың ЖӨӨ құрылымында құрылыс 6,71%-ды иемденеді (2016 жыл). Тұтас республика бойынша құрылыс саласында Павлодар облысының үлесі 4,8%-ды құрайды.

Облыста мемлекеттік тұрғын үй құрылысы «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру есебінен жүзеге асырылады.

Павлодар облысында үш жыл ішінде 2014 жылдан 2016 жыл аралығында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 550,2 мың ш.м. пайдалануға енгізілді, бұл 2011-2013 жылдардың үш жылдық кезеңінің көлемдерінен 65,5%-ға жоғары (360,6 мың ш.м.).


2014-2016 жылдар ішінде Павлодар облысының қалалары мен аудандары бөлінісінде тұрғын үйді енгізу

шаршы метр



Р/с



Қала/аудан

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5



Павлодар облысы

201 133

164 601

184 489

1

Павлодар қаласы

134 601

123 314

143 478

2

Ақсу қаласы

12 478

2 557

3 759

3

Екібастұз қаласы

48 830

27 276

17 787

4

Ақтоғай ауданы

148

585

1 819

5

Баянауыл ауданы

1 578

1 362

2 405

6

Железин ауданы

552

2 992

2 951

7

Ертіс ауданы

2 509

325

1 711

8

Качир ауданы

437

2 513

2 597

9

Лебяжі ауданы

-

2 102

2 531

10

Май ауданы

-

211

721

11

Успен ауданы

-

600

1 133

12

Шарбақты ауданы

-

764

1 481

13

Павлодар ауданы

-

-

2 116

2016 жылы құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өсті және 169,427 млрд. теңгені құрады.

2016 жыл ішінде қаржыландырудың барлық көздері есебінен 184,489 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға енгізілді, бұл 2015 жылғы деңгейден 12%-ға көп. Құрылысқа салынған инвестициялардың ең көп көлемі Павлодар мен Екібастұз қалаларында және Лебяжі ауданында белгіленген, ең аз Успен, Железин және Май аудандарында.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2014-2016 жылдар кезеңі ішінде Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында жалпы ауданы 55,073 мың шаршы метр 6 ипотекалық тұрғын үй және жалпы ауданы 30,292 6 жалға берілетін үй салынды.

Коммерциялық тұрғын үй құрылысы шеңберінде 2014-2016 жылы жалпы ауданы 86,59 мың ш.м. 11 тұрғын үй енгізілді.

2015 жылы Павлодар облысының әкімдігі мен «Еуразиялық топ» ЖШС («ERG») Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумды «ERG» тобының қазақстандық кәсіпорындарының ІV тобы қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға ниет білдіру туралы жасады.

2015 жылы «ЗЖБИ ТемірТас Павлодар» ЖШС темір-бетон бұйымдары зауытының базасында темір-бетон бұйымдарын шығаратын үй салу комбинатын құру үшін оны жаңарту бойынша жобаны аяқтады.

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде облыста әлеуметтік инфрақұрылым-ның 1 257 объектісін паспорттау жүргізілді. Облыс бойынша барлығы 1 558 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі есептеледі.


Мүгедектерге қол жеткізу элементтерін құру серпіні


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016

жыл

2016 жыл 2014 жылға қарағанда

1

2

3

4

5

6

1

Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының паспортталған объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қол жеткізу қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі

81,3

95,0

95,9

14,6

2014 жылдан бастап 2016 жыл аралығында бейімдеу іс-шараларын өткізу қажет болған объектілердің облыс бойынша жалпы саны – 522 объекті.


2017 жылғы 1 қантардағы жағдай бойынша 603 объекті бейімделді (95,9%). Бейімдеу жұмыстары 2018 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының паспортталған объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қол жеткізу қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 2013 жылы 81,3%-дан 2016 жылы 95,9%-ға дейін өсті.



Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

облыс өңірлерінің тұрғын үй құрылысын дамыту үшін қажетті қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілгендігі;

құрылысты арзандатуға мүмкіндік беретін қолданыстағы үй салу комбинатының бар болуы;

мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға әлеуметтік және көлік инфрақұры-лымы, байланыс және ақпарат объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету;

әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) жүзе-ге асыру;

объектілердің құрылысын санитарлық нормалар мен ережелердің талап-тарына сәйкес жүзеге асыру.



Осал жақтары:

мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте тұрған азаматтар санының өсуі;

облыстың құрылыс материалдары өнеркәсібінің құрылыс қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қабілетсіздігі;

құрылыс салу телімдері үшін коммуникациялар салуды қаржыланды-рудың жетіспеуі;

ауа-райы – климаттық жағдайларға байланысты басқа өңірлермен салыс-тырғанда құрылыс құнының жоғары болуы;

әлеуметтік инфрақұрылым мекемелері жалға берілетін ғимараттарда орналасқан;

бейімделуге жататын ғимараттар кеңестік кезеңде салынған құрылыс-тарға жатады;

бейімделу іс-шараларын жүргізуге бюджеттік қаражаттың жете бөлінбеуі.



Мүмкіндіктері:

Өңірлерді дамыту бағдарламасын іске асыру;

құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту үшін айтарлықтай әлеуеттің бары;

«Қазақстанның тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ және «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ секілді қаржылық институттарды дамыту;

мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды қоғамға біріктіру және әлеумет-тендіру, олардың тіршілік әрекеті жағдайларын жақсарту.

Қатерлер:

саланы қаржыландыруды қысқарту және оның салдарынан халықтың баспанаға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілетсіздігі;

облысқа одан әрі көші-қон ағыны, бұл қолжетімді баспанаға мұқтаждар-дың санына әсер етеді;

құрылыс материалдарының қымбаттауы, бұл тұрғын үй құнына әсерін тигізеді;

мүгедектердің өз конституциялық құқықтарын іске асыруда шектелуі, мәдениет, спорт, сауда және т.б. әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне бару мүмкіншіліктерінің жоғы;

мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында әлеуметтік шиеленіс тудыру.



Сала проблемалары:

жеке тұрғын үй құрылысын орнықты дамыту үшін коммуникациялардың болмауы;

кезектіліктің өсуі халықтың ауылдық жерлерден қалаларға көші-қонымен байланысты.

Қол жеткізуді қамтамасыз етуде мынадай негізгі проблемалар қалуда:

мекемелер баланс ұстаушының жалға берілетін ғимараттарында орналас-қан, бейімдеу жұмыстарын жүргізуге баланс ұстаушылардың бәрі дайын емес;

бейімделуге жататын ғимараттардың көбі 60-70 жылдары салынған құры-лыстарға жатады, бұл қол жеткізу бойынша күрделі және ағымдағы жұмыстар-ды жүргізуді қиындатады.


жүктеу 4,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау