169
ауылында» тақырыбын қорытындылауға сын тұрғысынан ойлау технологиясының
стратегиялары мықты білім нәтижесін көрсете білді. Оқушылар сабаққа түгел қамтылды.
Сабақ «Блум таксономиясы» бойынша жүргізілді. Оны стратегия арқылы мәтінге толық
талдау жүргізілді. Оқушылардың білімі, деңгейі, әрекет түрлері, ақпаратты толық тануы
ескерілді. Оқушылар мәтінді түсінді, әрі өз сөзімен жеткізді. Мәтінге анализ болды. Синтез
/жинақтау бойынша/ оқушылар сахналық көрініс арқылы шығарманы жинақтады. Осы сабақ
барысында біраз нәрселер қамтылды. Оқушылардың шығармашылық деңгейі қалыптасты.
«Эссе» стратегиясы бойынша «Абай ағаға хат», «Біржан ағаға хат» орындалды.
Эссе мына үлгіде жазылды: «Абай аға, сіздің құлақтан кіріп, бойды алар әніңіз бен ақиқат
үшін шырылдаған, елді бірлікке шақырған, татулыққа үндеген өлеңдеріңіз бізге қатты әсер
етті, тебірентті, толғантты. Сіз армандаған өнер құдіреті қазір шарықтауды…»
«Эссе» стратегиясы бойынша өз ойынан әр түрлі пікірлер құрастырып, оны дәлелдеуге
үйренеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы да жаңа білімді меңгертуге үлкен септігін
тигізеді. «Сауалнама-интервью» стратегиясы бойынша өтілген тақырыпқа талдау,
салыстыру, зерттеу жұмыстары бойынша оқушы білімін жинақы түрде қорытыныдылауға
болады.
Оқушыларды жеке тұлға ретінде ала отырып, олардың іс-әрекет түрлерін мақсатты
қалыптастыру, өздік, дербес ізденуге баулимыз. әрбір оқушыны өз беттерімен көркем
туындыны оқуға, талдауға, бағалауға жетелейміз. «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы
дайын білімді қайталап айту емес, оны өз белсенділіктері бойынша алуға тәрбиеленеді.
Оқушылардың өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза білуге
үйретеміз.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында проблемалық сабақтарды бөліп алу, әзірлеу,
соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-
өзі бақылау, жұмыстары балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді. Осы
салыстыру кестелерінен «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасының негізгі
қағидаларының шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталғандығын көреміз. Академик
Лернер бойынша білім-мәліметтер мен деректер, икемділіктер мен дағдылар,
шығармашылық іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылық бағдарларынан тұрады. Осыны ескерсек,
сын тұрғысынан ойлау сабақтарында осы аталған бағдарлардың іске асып, нәтижесін
беретіндігіне күмән болмайды. Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың
дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында
қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай
жүзеге асырылады. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарын «Сын тұрғысынан ойлау»
технологиясы стратегиялары негізінде құрып оқыту, яғни сыни тұрғыдан ойлау тәсілін іс-
тәжірибеме енгізу нәтижесі жеткіншектер бойында мынадай іскерліктер мен дағдыларды
қалыптастыруға болатынын байқатты.
• Әрбір оқушы өзінің жеке ойымен, өмірге деген көзқарасымен және ойлау
қабілетімен ерекшеленеді;
• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді;
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде;
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды;
• Өздеріне белгілі пайдалана алады;
• Өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе біледі, яғни
«Мен» деген сөзді ұғады
Қорыта айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сын тұрғысынан ойлау
технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай жетістіктерге жетуге болатынын білдім.
1.Оқушы өз ойын еркін білдіре алатын, шығармашылық жазу стилін табады.
2.Жаңа білім бағытында өз жобаларын, тұжырымдарын, болжамдарын тыңдап,
талқылай алады.
3.Өзіндік шешімдерінің қаншалықты ғылыми және шындыққа жақын екенін
саралайды.
170
4.Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, танымпаздық белсенділіктерін,
шығармашылық қабілетін арттырады.
5.Өз білім дәрежесінің деңгейін саралау,өзіндік анализ, синтез, бағалауының дағдысы
қалыптасады.
6.Оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай білуі,
айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде кестелі сөз өрнектерін қолдану қабілеті пайда болады,
сонымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы әрекеті біілімді игеру мен ойлау қабілетін жетілдіріп, дамытады және ол
кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ой-пікірмен, іс-тәжірибесімен бөлісуге үйренеді, бұл бағыт топпен
жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барында пікір алмасу арқылы оқушының өз ойын ашық айтуға, басқа
адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренеді.Осыған дәлел ретінде Қуандық Шаңғытбаевтың
«Сабалақ» өлеңін ұсынамын.
Сабақтың мақсаты: Қуандық Шаңғытбаевтың өмірі туралы қысқаша мәлімет алады.
«Сабалақ» өлеңінің мазмұнымен танысады. Абылай ханның өмірі жайында таным деректерін
толықтырады.
Міндеттері:
1. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
2.Сөздік қоры молайту, өлең мазмұнын ашу.
3.Бірлесіп жұмыс істеу, пікірлесеу, ортақ пікір шығарау, бағалау.
Стратегиялар: «Ассоциация», «Кубизм», «5 минуттық эссе», «Семантикалық карта»
Құрал – жабдық: ақ бет, дәптер, қалам, маркер
Көрнекілік: Қуандық Шаңғытбаевтың, Абылай ханның портреттері.
Сабақтың барысы: I Қызығушылықты ояту
1. Хан сөзіне «Ассоциация» стратегиясы бойынша сынып оқушыларының барлығы
бірдей жұмыс жүргізеді.
1.Жеке жұмыс
2.Жұппен жұмыс
3.Топпен жұмыс
4.Ортақ жауап шығарылып, спикер қорғайды
II Мағынаны ажырату
Қуандық Шаңғытбаев өмірі жайлы мәлімет.
«Сабалақ» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу.
Оқушылар өлең мазмұнымен жекелей іштей оқып танысады.
Оқушылар өлең мазмұнымен, өлеңдегі түсініксіз сөздермен таныс болғаннан кейін
«Кубизм» стратегиясы бойынша жұмыс жүргізіледі. Кубты айналдырып лақтыра отырып,
әрбір топқа берілген сұрақтың ретін анықтайды.
сұрақ беріледі
жеке жұмыс
жұппен жұмыс
топпен жұмыс
спикер қорғайды
суреттеу, сипаттау
Сұрақ. Ақын Аңырақайдағы қазақ пен қалмақ арасындағы соғысты қалай суреттейді?
Суретке қарап әңгімелеңдер. Өлең жолдарына мысал келтіріп айтып беріңдер.
Салыстыру. Сұрақ. Соғыстың әрбір сәтінен мысал келтіре отырып, Әбілмәмбет ханның
бейнесіне салыстырмалы мінездеме беріңдер.
Зерттеу. Сұрақ: Сабалақ кім? Ол неге «Абылай да Абылай» деп ұран салды?
Қажеттілігін бағалау. Сұрақ «Сабалақ » өлеңін оқи отырып, қандай жаңа мәліметтермен
таныстың?
Достарыңызбен бөлісу: |