186
Математика сабағында «аз», «көп» ұғымдарын баланың зердесіне ұялату оңай нәрсе
емес. Ал оны қарапайым халық ойынының негізінде түсіндіре бастасаң, ол онша қиындық
келтірмейді. Бірінші сыныпта математиканы оқып үйрене бастағанда оқушылардың түсінігін
жеңілдету үшін «санамақ» ойынын ойнату тиімді. Ұлттық ойындарды үнемі пайдалану
арқылы оқушылардың ауызша есептерге жаттығуына логикалық ой жүйелерін жетілдіре
түсуіне толық мүмкіншілік бар. Олардың қатарына халықтың байырғы ауызша есептерін,
халық ойындарын жатқызуға болады. Атап айтқанда: «Қай қолымда», «Сөз мәнісін
байқаңыз», «Өзім де құр қалмаймын» т.б. Мысалы: «өзім де құр қалмайын» ойыны.
Жексенбі күні еді. Атамның үйіне немерелері келді. Атасы олардың алдына бір табақ алма
қойды. Немерелері атасына алманы бөліп беруді өтінді. Алманы бір – бірден берсе біреуі
ауысып қалады, екі – екіден берсе жетпейді. Сонда неше алма, неше немере болған?
Жауабы: 3 немере, 4 алма.
Бастауыш сыныпта ойынды пайдалану арқылы есептер шығарумен қатар текстті
есептеп шығару барысында құрғақ шығарумен шектелмей оның тәрбиелік мәнін ашып
түсіндіруді қажет етеді. Сонымен қатар, Тәулік жыл ғасыр тақырыбын өткенде біраз
тәрбиелік мәні бар әңгіме жүргізуге болады.
Мысалы, жылдың қазақша атауы бар екенін ескеріп былайша үйретеміз:
Тышқан жылы – тыныштық.
Сиыр жылы – сыйлық.
Қоян жылы – қашбалы.
Жылан жылы – жайлы.
Ұлу жылы – үлгілі.
Қой жылы – құтты.
Мешін жылы – мейірлі.
Тауық жылы – табысты.
Ит жылы – игілік.
Доңыз жылы – дүниелі.
Одан кейін есепті шығаруға кіріссек сабақтың тәрбиелік мақсаты ашыла түсер еді. Өзі
көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен,
қазақтың ұлттық ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу»,
«Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін
арттырады.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз,
фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-
ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Оқу үрдісінде ұлттық ойын
элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның
танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын»,
«Көкпар», «Асық» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын
емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген
пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға
алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның
тәрбиелік маңызы мынада:
ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін
сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын
ұлттық ойындар арқылы сабақтастырып түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге
ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын байыта түседі.
Көңіл аударарлық ойынның бір түрі – асық ойыны. Ол өте қарапайым көрінгенімен,
мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, бала тәрбиесінде, оны өзара әрекетке
жетелейтін қимыл түрлері қаншама. Ең бастысы, ол – баланы жастайынан салауатты өмір
салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшық еттерінің
жетілуіне, тыныс мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруіне, соның нәтижесінде
қырағылық мен мергендікке баулиды.