167
талқылау,өздігінен ой қорыту, өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен санасу секілді жұмыс
түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Кейбір кезде мұғалім оқушыға тапсырма не сұрақ қойып оның
сөйлеуіне, ойын айтуына қозғау салғанымен оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай
қалады. Көбінше мұғалім оқушының ойын басқарады, яғни бағыт беруден немесе жетекшілік
етуден ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтардың пайымдауынша,
оқушылардың өз бетінше ойлауына кедергі келтіреді,еркіндіктерін шектейді. Мысалы,
дөңгелек үстел өткізуде, пікірталас жүргізуде мұғалім жоспарын өзі дайындап беріп,
оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ой-пікірін айтуда
оқушыға еркіндік бермейді, оқушы мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала
алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып,
тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды. Мәселені ашуда
жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске
ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады. Сабақта «оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан
ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде,шығармашылық қабілетін
қалыптастыруда тиімділігі зор екеніне көз жеткізуге болады Өз тәжірибемде оқыту
барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субъект ретінде оқу ісіне өз бетінше
қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін
жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын
жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі
арқылы жүзеге асады. Мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші. «Оқу мен жазу арқылы
сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана
алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы
бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға
келу, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білу, проблеманы шеше білу,
пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін :
-Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру;
-Оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдану;
-Оқушының пікірін күлкіге айналдырмау;
-Оқушылардың бір – біріне жасаған сынның дәлелді, ашық болуын талап ету.
Оқушылар осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасауға, пікірді тыңдауға,
құрметтеуге, бар ынтасымен оқуға беріледі, баланың танымдық белсенділігі артады, өз
бетінше білім алады, шығармашылығы артады және ізденеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті
1. Топқа бөліп, ой қозғайды.
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды.
3. Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі.
4. Образдылық ерекешелігін тануға бағыттайды, орнына өздерін қойып қарайды,
салыстырады.
5. Ойларын жазуды ұсынады.
6. Қорытынды жасауға бағыттайды.
Оқушының іс-әрекеті
1.Топтарда жұмыс жасайды.
2.Мәтінмен өздері танысады.
3.Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды.
4.Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді.
5.Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.
6.Тұжырымдама жасайды
Оқушыға көркем туындыны оқытуда өз тәжірибеме сүйене отырып ең тиімді әдіс«Оқу
мен жазу арқылы сын тұрғысынан дамыту», «Ой қозғау», «Негізгі идеяны суреттеу»,
«Кубизм», «5 минуттық эссе» деп айтар едім. Дәйекті түрде тақырыпты аша түсу үшін 9 «В»
сыныбына өткізілген сабақтардан мысал келтірейін: «Исатай – басшы, мен - қосшы» әдебиет
168
пәнінен өткізілген сабақ құнды ойлар мен пайымдауларға толы болды. Қызығушылығын
ояту кезеңі бойынша «Махамбет кім?» деп аталған сұрақ төңірегінде оқушылар жұппен
жұмыс және шағын топта жұмыс жасайды. Спикер оқып береді немесе ауызша айтады.
Мағынаны тану кезеңінде топ бойынша мына сұрақтар көлемінде оқушылар сұрақтарға
жауап беруге дайындалады.
Махамбет бейнесін суреттеу
Махамбет бейнесін Жәңгір ханмен салыстыру
Тарихи жағын зерттеу
Болжау жасау (Махамбет сенімі бүгінгі күнде ақталды ма?)
Махамбет көтерілісі біздің қоғамға қажет пе?
Өлеңдері күнделікті қолданыста ма, мәнін жойды ма?
Ой толғаныс кезеңі бойынша 5 минуттық эссе «Махамбет патриот ақын». Оқуға деген
қызығушылығы оянған олар өз бетінше оқып, жеке топтарда талдап, талқылай ой бөлісті.
Бұл сабақтан шығатын қорытынды - оқушылар Махамбет өлеңдері және оның мәні туралы
білім – көзқарастарын бір жүйеге келтіреді. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамытады
Бұдан шығатын қорытынды: жазу процесі арқылы оқушының ойлау қабілеті
дамитынына тағы да көз жеткіздім:
Жазу жұмысы оқушы ойын жүйелейді;
Жазу әдісі оқушының өзіндік пікірі мен көзқарасын, жазу стилін қалыптастырады;
Жазу олардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытады;
Оқушының өзін - өзі бағалауына, тануына ықпал етеді.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуда шығарма жазуды үйретудің
стратегияларын практикамен сабақтастыру тәсілінің өзіндік үлгілері бар. Соларға
тоқталайық. 7-сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен С.Мұратбековтің «Жусан исі» тақырыбын
«сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы тұрғысынан өткіздім.
І.Қызығушылықты ояту барысында оқушылыларға әңгімені талқыламастан бұрын
сөзден үй салып, мықты үйді, мықты біліммен құраймыз. Үй салу үшін ең бірінші іргетас
құрайық.
І. 1.Әңгіменің авторы туралы кім не біледі?
2.Осы автордың өткен сыныптарда оқыған шығармаларын білесіңдер ме?
3. Қандай шығармасын өттік? Мазмұны қалай еді?
ІІ.1.Әңгіме оқиғасы қай жылдарды болып еді?
2.Әңгімеде халыққа түскен ауыртпалық пен қиыншылықтар, қайғы-қасірет қалай
суреттеледі?
ІІІ.1.Аянның алғашқы ертегісі қандай оқиғаға байланысты айтылатын еді?
2. Оның «ертеде бір жетім бала болыпты» деп басталуымен қандай байланысы бар?
ІV.1. «Жылауды әркім біледі. Мықты болсаң нағыз еркектерше қиыншылыққа
жыламай бақ», – дегенің қандай, мінез қасиеттерді байқауға болады? Бұл қасиетін қай
сәттерден көруге болады?
2. Жусан исінің Аян үшін қандай маңызы бар?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырамыз.Білім арқылы үй
құраймыз. Үй – іргетас – шатыр – терезе арқылы білімнен үй құраймыз. Сабақ барысында
оқушылар «Екі түрлі түсініктеме» күнделігін пайдаланып, дәптердің бетін вертикаль
сызықпен бөледі.
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады.
Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады. (Нені еске түсіреді,себеп салдары
қандай сұрақтар бар т.б.) Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң,
жұпта, топта талқылау ұйымдастырамын. Осы стратегия арқылы көп нәтижеге жетуге
болады. Оқушылар ойланады, ізденеді, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік туады., жұппен жұмыс
істеуге үйренеді. Ой түю арқылы, керекті дәйектемені іздеп таба біледі, оны пайдалана
білуге үйренеді. 6-сыныпта М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопиясынан «Біржан сал Абай
Достарыңызбен бөлісу: |