173
Орындау әдістері мен шығарманың мазмұндық мағынасын аша отырып, музыканы
мәнерлеп орындаудың әр түрлі тәсілдерін үйрету. Аспапта орындаудың әдіс амалдары
арқылы көркем образдың сырын ашу.
Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарды пайдалана отырып белгілі бір мақсатқа жету.
Өз бетінше жұмыс жасай біліп, кез-келген қиыншылықты жеңуге ұмтылу. Оқытушылардың
маңызды мiндеттерiнiң бiрi ол студенттерге аталмыш пәннен жоғарғы дәрежедегi бiлiм
берiп, эстетикалық тәрбиенi айтарлықтай жақсарту.
Жас орындаушыларға әсемдiк сезiмiн дамытып, өнер шығармаларын, тарих пен
архитектура ескеркiштерiн, табиғаттың сұлулығы мен байлығын түсiнiп, бағалай бiлу
қасиетiн қалыптастыру.
Дарын және қабілет түсініктері жөніндегі кәзіргі замандағы психологиялық
тұжырымдар. Табиғи дарындылық негізінде қабілеттердің қалыптасуы. Орындаушылық
өнердегі көркемдік ой қызметінің өзгешелігі. Музыкалық ырғақ. Музыкалық ырғақтың адам
өмірі қызметімен тығыз байланысы. Музыкалық ырғақты сезіну негіздері. Орындаушылыққа
ықылас, назар салу және қызығушылық. Ерік мақсатқа жету бағытындағы саналы әрекеттің
пайда болуы. Студенттің өз бетінше құлшынысын қолдау.
Шәкірттің музыкалық көркемдік техникалық жетілуінің біртұтастылығы музыка
педагогикасының негізі. Оның кластағы сабақта шешімін табуы. Ұстаз бен шәкірттің
бірлескен шығармашылық жұмыстарының желісі, шығармашылық жеке тұлғаның
қалыптасуы. Жалпыға бірдей аспап қойылымы. Аспап қойылымының түпкілікті үйлесімді,
әсем тұстарын барынша пайдалану. Отырыс, қойылым әрдайым жіті байқауда болуы шарт.
Шәкірттің дене құрылымына, ой жүйесі, бұлшық еттерінің табиғи болмысына байланысты.
Аппликатура негіздері. Аппликатураның музыкалық мәнерлеушілікпен және
техникалық шеберлікке апарар жолы, оңтайлы тәсілі. Орындаушылық стиль мен
аппликатура принциптерінің өзара байланысы. Ыңғайлы аппликатура түсінігі, оны
тұрақтандыру. Музыкалық шығарманың әуендік, техникалық бөлімдері үшін, аппликатура
таңдау принципі.
Позиция және оны алмастыру. Позиция үйрету реті. Позиция ауыстыру амалдары.
Кеңейтілген болмаса қысыңқы позицияны қолдану мүмкіндіктері.
Ұлы халық орындаушылары өз халқының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, ауыз
әдебиетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ән-күй өнерін жақсы білді. Ал, дарынды композитор-
орындаушы өзі шығарған ән-күйлерін өзі елге тарататын дәстүр болды. Кезінде
халқымыздың тума талант ұл-қыздарыартына ән-күй өнерінің қайталанбас тамаша үлгілерін
қалдырды.
Көп ғасырлық күй тарту шеберлігінің арқасында небір жақсы әдіс-тәсілдер қалыптасты. Күй
тарту шеберлігінің дәстүрі деп жылдар бойы қалыптасқан, кейінгі ұрпаққа мұра болып
қалған тұрақты әдіс-тәсілдерді айтамыз:
- біріншіден, күй жанрының негіздерін көрсете алатын шеберлік;
- екіншіден, күй жанрының дәстүрлік сипатын көрсете алатын шеберлік;
- үшіншіден, күй жанрының мектептерін көрсете алатын шеберлік;
- төртіншіден, күй жанрын ұлттық өнер ретінде көрсете алатын шеберлік.
Жоғарыда аталған күй тарту шеберлігінің негіздері күй тақырыбының мазмұнын
мүмкіндігінше толық аша алатындай болуы керек. Домбыра тарту шеберлігінің дәстүрлі
әдістерін қолдан келгенше сақтап ойнауға күш салу үшін оның негізгі қағидаларын жақсы
білу керек [4].
Домбыра тарту шеберлігі – дамып жетіле беретін өнер. Әр мектептің күй тарту
шеберлігі сол мектепке тән көркемдік және суреткерлік шеберлікпен тікелей байланысты.
Сондай-ақ әр мектепке тән тақырып мазмұнын ашу үшін қолданылатын шеберлік тәсілі
болады. Қағыс атаулары және оған берілетін түсініктемелер. Алғашқы қағысты меңгеру
барысында студент екі қағыс түріне де (төкпе және шертпе қағыстарына) бірдей жаттығу
керек. Төкпе қағысты сұқ саусақ пен басбармақ, ал шертпе қағысты тек сұқ саусақпен
орындаудан бастаған жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыс түрлері:
174
- «Тентек қағыс» – Құрманғазы дәстүріндегі кейін Дина дамытқан кең шеңберлі
қағыс;
- «Төре қағыс» – Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс;
- «Сүйретпе қағыс» – Абылдан келе жатқан бұл қағыс күйлердің динамикалық
жақтарын аса жандандырады. Әсіресе ол шартты бөлуден жұпты бөлінген дыбыстарға
ауысқанда, соңғылардың үлкен айырмасын көрсетеді;
- «Шұбыртпа қағыс» – бес саусақты кезегімен жоғарылы-төмен сілтеген қағыс;
- «Сипай қағыс» – саусақтың ұшымен сипай өтетін қағыс.
Енді дәстүрлі күй қағыстары түрлерімен және оларға берілген түсініктермен таныса
өтейік: ілме қағыс, саулама қағыс, шалу қағыс, орама қағыс, тырнама қағыс, толқындама
қағыс, иілме қағыс, шашқын қағыс. Бұл қағыс түрлері М.Өскенбаев пен
С.Балмағанбетовтерден жазып алынған. Орындаушылық дәстүрлерде ең көп кездесетін
қағыстардың бірі “теріс қағыс”. Мұнда қағыстың әлді кезеңі қаққан қолдың жоғары қарай
шыққанда келеді. Сондықтан бұл күйдің ырғағында акцент табиғи түрінде болмай ауысып
келеді.
Сирек кездесетін күрделі қағыстар. Қара қағыстан кейінгі қағыстар біртіндеп
күрделене түседі. “Орама қағыстың” бір түрін домбырада тез үйреніп кетудің өзі біраз
қиындықтар туғызады. “Ілме қағыс” – білек буыны арқылы бір төмен, бір жоғары
қозғалыспен алынады, тек айырмашылығы соңғы жоғары алынатын екі қағыс бармақпен
және сұқ саусақпен алынады.
Күрделі қағыстың бірі Маңғыстау түбегінің әйгілі қағысы “Адай қағыс” – ол оң
қолдың білек буынын үш рет қозғалып жұмсартып алған төрт қағысын айтамыз. Бұл қағыс
көбінесе Атыраудың «Ақжелең» аттас күйлерінде және Маңғыстау өңірінің күйлерінің
көбінде әсерлі қолданылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Ахмедиаров Қ. Күй – ұран. – Алматы, 2001. – Б. 336
2 Балмағанбетов С. Қазанғап. – Ақтөбе: ЖШС «Ақжар - АБК», 2005. – Б.120
3 Жүсіпов Б. Жиделі Байсын күйлері: оқу құралы. – Алматы: «Ғылым», 2000. – Б. 288
4 Тоқтаған А. Құрманғазы. – Алматы: Білім, 2005. – Б. 216
5 Райымбергенов А., Аманова С. Күй қайнары. – Алматы: - Өнер, 1990. – Б. 288
6 Ермекбайұлы М. Күй маржаны. – Павлодар. – 1999. – Б. 288
7 Сахарбаева К. Атырау ән-күй мұхиты. – Алматы: «Дайк Пресс», 2001. – Б. 21
8 Сахарбаева К. Домбыра дастан. – Алматы: - Мектеп, 2002. – Б. 43
УДК 74.213
ПРОБЛЕМА РАЗВИТИЯ ИНТЕРЕСА ШКОЛЬНИКОВ К СЕРЬЕЗНОЙ МУЗЫКЕ
Куцина О.А.
Средняя школа №8 им. К.Островского, г.Талдыкорган, olia.261065@mail.ru
Будучи создана однажды своим творцом, музыка ждет того момента, когда умелый
музыкант оживит ее, заставит звучать. Но, отзвучав положенное ей время, музыка вновь
умолкает до следующего исполнения, оставаясь лишь на бумаге в символических нотных
знаках. А в таком виде музыка доступна лишь ограниченному кругу людей - музыкантам,
способным прочесть написанное, воспроизвести его своим внутренним слухом еще до того,
как символы превратятся в звуки. Однако стоит музыке зазвучать - и музыканты сразу же
перестают быть ее единоличными хозяевами. Отныне она может принадлежать всем, кто ее в
этот момент слышит. Однако, чтобы услышать особенности, понять глубину серьезной
музыки нужна специальная подготовка. Главной задачей уроков музыки является
Достарыңызбен бөлісу: |