Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас
БҚО,Зеленов ауданы,
Мичурин жалпы орта білім беретін
«мектеп-балабақша кешені» КММ
Оналова Нурия Сагыновна
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Осыған орай Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың “...Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу - бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің сіздepдің eншілepіңіз”, – деп сенім артады. Сол сенімнің кілті білікті де, білімді ұстаздар қауымының қолында. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты.
Сондықтанда білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы оқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді. Қазіргі заманға сай жеке тұлға қалыптастыру үшін оған ықпал ететін басты адам ол – жаңашыл, шығармашыл ұстаз. Ұстаздың шығармашылығы мен жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылығының арқасында ғана оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, тәрбиелеу мен жетілдіру, бойындағы ерекше қасиеттерін дамытуға мүмкіндік ашылады. Сондықтан оқытушылардың алдында өмірге жан - жақты дайындалған, еңбек сүйгіш, ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуалдық және адамгершілік тұрғысынан бай, жоғары білімді жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеу қажеттігін дамыту мәселесі тұр.
Жеке тұлғаны тәрбиелеуде заман талабы мұғалімдерге жан-жақты жетілген, көпсалалы дайындық иесі болуды жүктейді. Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға өзінің білімі мен іскерлігін әртүрлі әрекеттердің айналасында қолдана білетін қабілетті мамандар қажет. Білім беру талаптарына «Құзыреттілік» ұғымы енгізілді. Құзыреттілік бірінші орынға оқушының проблеманы дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Мұғалім әр баланы қайталанбайтын жеке тұлға деп оған сеніммен мейіріммен қараса онда оқу–тәрбие процесі жақсы жүреді. Келешектің адамын қалыптастыру ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі-ізгілендіру идеясы. Қазіргі оқыту оқушыны жан-жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған. Бастауыш мектепте көбіне проблемалық оқытудың әдістері қолданылады. Осы әдістерді мен дүниетану пәнінде қолдану барысында оқушылар берілген тапсырмалар арқылы проблемаларды өздері шешіп, өз ойларын еркін және дәлелді түрде жеткізе білуін жетілдіруге бағытталғанын байқадым. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Қоғамның қазіргі кезеңінен туындап отырған сұранысқа орай анықталған мақсаттар мен міндеттер басшылыққа алынды. Аталған тапсырмаларды орындау барысында тиісті нәтижелерге жету үшін оқытудың бірнеше формалары (жеке, топтық, жұптық) мен тиімді әдіс-тәсілдері ұсынылды. Сондықтан бұл тапсырмалар оқушының білімдерін жетілдіріп, дамытуға көп көмегі бар деп есептемін.
I. Диагностикалық сұрау
1
|
Зерттеңіз
|
Табиғат адамға не береді?
|
2
|
Салыстырыңыз
|
Өлі және тірі табиғаттың айырмашылықтарын салыстыр.
|
3
|
Суреттеңіз
|
Табиғаттың адам үшін қандай пайдасы барын, адам қолымен жасалатын заттарды суреттеңіз.
|
2.
1
|
Зерттеңіз
|
Дәрілік өсімдіктердің қандай түрін өсіресіңдер? Оларды қалай көбейтеді?
|
2
|
Салыстырыңыз
|
Дәрілік өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді салыстыр.
|
3
|
Суреттеңіз
|
Дәрілік өсімдіктердің құрылысын, тіршілігін, ерекшеліктерін суретте.
|
II.Фотосуреттермен жұмыс
Атауы
|
Бұрынғы кезең
|
Қазіргі кезең
|
Әуе көлігі
|
|
+
|
Судағы көлік
|
+
|
+
|
Жер бетіндегі көлік
|
+
|
+
|
2.
Атауы
|
Бұрынғы кезең
|
Қазіргі кезең
|
Зауыт
|
|
+
|
Фабрика
|
|
+
|
Ферма
|
+
|
+
|
III. Кестелерді толтыр
Судың пайдасы
|
Судың зияны
|
Тамақ дайындайды, үй шаруасына пайдаланады, бақша суарады, үй жануарларын суарады, өрт сөндіреді.
|
Суға бату, жер бетін су басу.
|
2.Эссе жазу (еркін жазу)
«Су тіршілік көзі»
Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да, өсімдіктер де өспейді. Сондықтан суды үнемдеуіміз керек. Сусыз тіршілік жоқ.
«Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Біз елімізді әлі де көркейту үшін талмай еңбек етуіміз қажет. Барлығы еңбекпен келетін дүние. Тәуелсіздікте сондай ауыр еңбектің нәтижесінде жеттік. Осынша көп жылда біздің еліміз күннен-күнге гүлденіп, жаңару үстінде. Оның барлығы батыр аға-апаларымыздың арқасы.
Ал, біз болашақ ұрпақ тәуелсіз елдің жас та, батыл да ұланымыз. Қазақстан мәртебесін өсіретін де, көркейтетін де біз боламыз. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.
3.Суреттермен жұмыс
1. Диктор болып сурет бойынша ауа райын хабарла.
4. Сендер орманға барғанды жақсы көресіңдер, бірақ орманда өздеріңді дұрыс ұстай білесіңдер ме? Мына экологиялық белгілерге қарап, тыйым белгілерін атаңдар.
5. Жұмбақ суретті қарап менің не салғанымды айтыңдар?
Жауабы: 1.Түйе оңға қарап тұр. 2.Әтеш ку-ка-ри-кук деп айқайлап тұр.
IV.Ауызша алынған ақпарат туралы сыни ойлау.
1.Талқылау стратегиясы
1. «Күз» өлеңін оқып, талқылау стратегиясын пайдаланыңыз.
Саған күз мезгілі ұнай ма?
Иә
Маған күз мезгілі ұнайды. Өйткені айналаңнан барлық бояудың түсін көре аласың. Барлық жеміс, көкөністер пісіп, тоятын мезгіл.
Жоқ
Маған күз мезгілі ұнамайды. Жазғы демалыс бітеді. Бау-бақшада, қырманда қайнаған жұмыс.
V.Образға кіру
Мен-ағашпын. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жарық, жылу қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Мен ешкімге жамандық жасамаймын.Менің саямда адамдар дем алады.
VI.Сөйлемдер құрау
1) Мәтінде берілген ақпараттарға сүйене отырып сөйлемдердегі ойды аяқта.
1.Адамның тіршілік етуіне-_____________________________________________керек.
2.Үй салғанда-__________________________________________________пайдаланады.
3.Маңайдағы көз жететін кеңістік _______деп аталады.
4.Ауа____________________
5.Су_____________зат.
6.Топырақтың ең басты қасиеті_________________.
7.Өсімдік____________________________қурайды.
8.Олай болмау үшін______________________
9.Дәрілік өсімдіктер________________________________.
10.Мектеп -________________________________________.
VII.Топтастыр
Кептірілген шөп
Тоспа Шырын
Тұнба Қолдан өсірілген өсімдік
Жабайы өсімдік
2.
VIII.Биологиялық диктант.
1. Жақшадағы керекті сөздердің астарын сыз.
Ақбөкен (қойға, ешкіге) ұқсас жануар. Оның сирақтары (ұзын, қысқа) болады. Өте тез жүгіреді. Ол (шөппен, етпен) қоректенеді. Өздері мейлінше (сұлу, көріксіз) болады. Жаңа туған лағын (қодық, құралай) деп атайды.
2.Топографиялық диктант.
2. Шартты белгілерді біліп, бейнелей алуды тексеруге арналған.
Сенбі күні ата-аналарымызбен серуенге шықтық. Біз мектеп алдына жиналдық. Тас жолмен жүрдік. Орманға кірер жерде соқпақ жолға түстік. Біраз жүрген соң өзен кездесті. Көпірден өтіп, суға түстік. Қайта жолға шығып, жеміс бағына кездестік. Күзетші атай бізді тәтті алмамен сыйлады.
3. Шартты белгілерді қолданып сұлбаны сыз.
Оңтүстік аймақта шағын ауыл бар. Батыс жағында орман. Оңтүстік шығыс жағында егістік жер, солтүстік жағында өзен ағып жатыр. Өзен үстінде көпір және оған баратын қара жол бар.
4. Біздің мектеп оңтүстік тұста орналасқан. Ал оның батысында бақ тұр. Бақ 90 метр жерді алып жатыр. Мектептен солтүстікке қарай тау созылып жатыр, ал шығысында спорттық алаң, артында жол бар.
Қарым–қатынас бүгінгі педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың тиімді шарттары болып табылатын білім-білік, ақыл–ой, дағды, тәжірибе, мәлімет алмасуларды қажет ететін субъектілердің өзара іс-әрекеті. Ол адамды құрал емес, тұлға ретінде танып білуді, тұлғаның қалыптасуына педагогикалық жағдай туғызуын, әлеуметтік шынайылығы мен өзін-өзі дамытуын талап етеді. Келесі кезекте дүниетану сабақтарында шығармашылық тапсырмаларды қолдану арқылы, оқушылардың дүниетанымдық білімдерін қалыптастыруға байланысты жұмысымның қорытындысы өзінің тиімді нәтижесін берді. Осы бағытта жұмыстанудың нәтижесінде дүниетану пәнінен білім сапасы артты.
Сондықтан да сөзімді түйіндей келе, осы жаңа технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өмірден өз орнын таба алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстайтын, кез келген ортаға тез бейімделе алатын, білімді де білікті, өз ойы мен пікірін ұштастырып айта білетін мәдениетті тұлға тәрбиелеуге болады дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Махмутов М.И. Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдыстыру.
Айтмамбетова Б.Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері.
Әбдіғалиев Қ. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |