Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет152/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   176

306 
 
ақуал жайлы және діни экстремизмді алдын алу жұмыстары жайлы ақпарат берді.  Алматы 
облысының дін істер басқармасынан келген Т.Н.Нүсіпханов сөз алып Экстремизмнің шығу 
себептері, негізгі белгілері,  жастарымызды экстремизмнен сақтап қалу жайлы айтып кетті. 
Оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, сұрақтарына дұрыс жауап алды.  
    Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан  -  2050»  Стратегиясы:  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саясм  бағыты»  атты  Жолдауында  елдің  дәстүрлері  мен  мәдени 
нормаларына  сәйкес  келетін  діни  сана  қалыптастыруымыз  керек  деп  атай  отырып,  ХХІ 
ғасырдағы Қазақстандағы дінге ерекше көңіл бөлді.  
Шындығында,  дін  зайырлы  қоғамымыздың  ажырамас  бөлігі  болып  табылады, 
сондықтан құзырлы мемлекеттік мекемелер еліміздегі діни қатынастарды одан әрі дамытуға 
әрқашанда мүдделік танытады. 
Негізгі  жалпы  көріністе,  экстремизм  қоғамдағы  өмір  сүріп  түрған  ережелер  мен 
нормаларды радикалды түрде теріске шығаратын өрескел әрекеттер мен көзқарастар жолын 
ұстаушылар  болып  сипатталады.  Қоғамның  саяси  саласында  көрініс  табатын  экстремизм, 
саяси  экстремизм  деп  аталады,  діни  салада  орын  алған  экстремизм  діни  экстремизм  деген 
атауға ие болған. 
Біз  діни  экстремизмнің  алдын  алу  бағыттарының  бірі  ретінде  Қазақстан  қоғамында 
діни  сауаттылықты  арттыруға  ерекше  мән  береміз.  Қазақстандықтар  діни  көзқарасының 
әркелкілігіне  қарамастан,  зайырлы  елімізде  имансыздық,  діни  ой-пікірлердің  радикалдануы 
секілді шектен шығушылықтардың таралуына жол бермеу жолында бірігуі керек. 
Діни  экстремизм  өзінің  мәні  жағынан,  қазіргі  дәуірге  тән  діни  мен  зайырлылықтың 
бөлінуіне  радикалды  өштіктен  басқа  түк  те  емес.  Бұқаралық  деңгейде  дінді  тек  рухани, 
сондай-ақ  саяси  қатынастарда  да,  адамнан  үстем  терминдермен  түсіндіруге  ұмтылу  туралы 
әңгімелер  жүргізілуде.  Абсолютті  бірегей  деп,  саяси  экстремизмнің  түрлері  болып 
табылатын, этникалық халықтық экстремизмді, діни-саяси экстремизмді айтуға болады. 
Қорыта  келгенде  халқымыз  «Ағаш  түзу  өсу  үшін  оған  көшет  кезінде  көмектесуге 
болады,  ал  үлкен  ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтпаған.  Сондықтан  да 
баланың  бойына  жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік 
сияқты құнды қасиеттерді сіңіртуде, тәрбиелеуде отбасы үлкен рөл атқарады. 
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған.  «Үлкенді сыйла», 
«Сәлем  бер,  жолын  кесіп  өтпе»  деген  секілді  ұлағатты  сөздердің  мәні  өте  зор. 
Адамгершілікті,  ар-_ұяты  бар  адамның  бет-бейнесі  иманжүзді,  жарқын,  биязы,  парасатты 
болады.  Ондай  адамды  халық  «Иман  жүзді  кісі»  деп  қүрметтеп  сыйлаған.  Балаларымызды 
имандылықка  тәрбиелеу  үшін  олардың  ар-ұятын,  намысын  оятып,  мейірімділік, 
қайырымдылық,  кішіпейілдік,  қамқорлық  көрсету,  адалдық,  ізеттілік  сияқты  қасиеттерді 
бойына  сіңірту  керек.  Баланы  үлкенді  сыйлауға,  кішіге  ізет  көрсетуге,  иманды  болуға, 
адамгершілікке баулуға үйрету қажет. 
Діни  сайттардың  жұмысын  қадағалауды  күшейтумен  қатар  балабақшаларда  тұлға 
ретінде қалыптастыру,  мектеп қабырғасында тілімізді, мәдениетімізді қастерлеуге, жоғарғы 
оқу орындарында ұлттық құндылықтарымызды тереңдете игеру жолдарын қарастыру керек. 
Тек  осы  қағидаларды  бойымызға  сіңірген  жағдайда  ғана  осындай  теріс  пиғылды  діни 
ағымдарға жэне діни экстремизмге тосқауыл қоя аламыз. Халқымыздың мақсаты - ынтымақ 
пен бірлік және бейбіт өмір кешу. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.   Діни экстремизм мен террозизмге жол жоқ! 3-4 бет.   Талдықорған, 2014жыл. 
2.  Дін саласындағы өзекті мәселелер бойынша 20 сұрақ-жауап «Дін және қоғам». 
5 бет. Талдықорған, 2014жыл. 
3.  Қоғамның заманаи даму жағдайының өзекті мәселелері. Талдықорған, 2014жыл. 
4.  Діни экстремиз ғасыр індеті. Мақала 2014жыл. 
5.  Қазақстан жастарының діндік мәдениеті. Жетісу газеті 2014жыл. 
 


307 
 
ӘОК 613.95  
 
ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Тулепова С.И., аға оқытушы, магистр, Мамекова А.Т., аға оқытушы, магистр 
Абуханова А.Б., аға оқытушы, магистр 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
tuliepova.saltanat@mail.ru 
 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан  халкына  Жолдауында:  «Ұлттық  бәсекелестікке 
қабілеттілік  бірінші  кезекте  оның  біліктілік  деңгейімен  айқындалады.  Әлемдік  білім 
кеңістігіне  толығымен  кіруге  білім  беру  жүйесін  халықаралық  деңгейге  көтеруді  талап 
ететіні  сөзсіз»,  -  деп  көрсеткендей,  қазіргі  кезде  мұғалімдердің  біліктілігін  неғұрлым  сапалы 
деңгейге  көтеруде  білім  беру  жүйесінін  қызметкерлерін  кайта  даярлау  жөніндегі 
республикалық  және  аймақтық  институттарда  әлемдік  деңгейдегі  жаңа  технологияларды 
кеңінен қолдануды қажет етеді. Жаңа формация педагогін даярлауда жоғары педагогикалық 
оқу  орының  ескөрсек,  оқытудың  жаңа  технологияларын  педагогикалық  процеске  енгізудің 
әдістемелік нұсқауын даярлау - өмір талабы. 
Қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  міндеттеріне  сай  өскелен  ұрпақты  өмірге 
бейімдеудің жаңа талаптары туындайды. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім 
беруде мұғалімдер тиімді оқытудың түрлерін меңгеруге тиісті. 
Қазіргі  кезеңдегі  оқыту  мен  тәрбиелеудің  жаңашыл  әдіс-тәсілдерін,  педагогикалық 
технологияларын игерген, өзіндік даңғыл жол салуды білетін, икемді, шығармашыл педагог-
зерттеуші мұғалімді мектеп қажететеді. 
Жаңа  технологияларды  қолданатың  мұғалімдер  үнемі  ізденісте  болады.  Ізденіс 
барысында мұғалім оқыту міндеттерін шешудің жолдарын айқындайды. 
Ол үшін мұғалім: 
-  оқушының  білімді  терең  меңгеруіне  ықпал  ететін  әдіс-тәсілдерді сараптайды
-  әр түрлі оқулықтарды талдайды; 
-  сабақтың тақырыбына қажетті оқу-әдістемелік құралдарды қарастырады
-  қосымша  әдебиеттерден  оқушылардың  қызығушылығын  арттыратың  мәтіндерді 
іріктейді; 
-  іріктелініп  алынган  материалдың  мазмұның  сабақтың  мақсатына  сай  болуын 
қадағалайды; 
-  оқушылардың  жаңа  материалды  меңгеруіне  бағытталған  тапсырмалар  жүйесін 
қарастырады. 
Мектеп  мұғалімдері  оқушыларға  тиімді  білім  беруде  жаңаша  әдіс-тәсілдерді, 
сабақты  ұйымдастырудың  жаңа  түрлерін  ізденіп,  талпынуда.  Олай  болса,  бастауыш  сынып 
оқушыларына  сапалы  білім  беру  үшін  жаңа  оқыту  технологияларын  қолдану  қажеттілігі 
туындап отыр.  
Білім  алушының  (оқушы)  жеке  тұлғасының  жан-жақты  дамуы  үшін  қолайлы 
жағдайлар  жасау,  даралық  қасиетін,  шығармашылық  мүмкіндіктерін  ашу  —  бұл 
интерактивті оқытуға бағытталған педагогикалық процестің белгілері. Осыған орай, мектеп 
ғылыми негіздегі жаңа бағыттарды қажет етеді. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім жүйесінің басты міндеті - 
ұлттық  және  жалпы  адамдық  құндылықтар,  ғылым  мен  практиканың  жетістіктері  негізінде 
тұлғаның  жан-жақты  қалыптасуы  мен  дамуына  бағытталған  білімді  алу  үшін  қолайлы 
жағдайлар жасау» - делінген. [1]. Қойылған міндетті шешудің жолдарын іздеу педагогикалық 
зерттеулердің әр түрлі бағыттарында жүріп жатыр. 
Бастауыш сынып оқушылары өмірде теориялық және практикалық маңыздылығы бар 
саналы білім алуға ұмтылады. Осыған орай, ата-аналар, педагогтар оларға тек осындай білім 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау