Негізгі сұрақ
|
Назар аудару керек бөлім
|
Мақаланың жарияланған жері және авторы
|
С.Т.Тажбенова, Л.С.Ермуханова, М.А.Артыкбаева, И.Т.Абдикадирова, М.Б.Курганбекова, М.К.Таушанова
«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті», КеАҚ
Ақтөбе, Қазақстан.
|
Өзектілігі
|
Бүкіл әлемде созылмалы инфекциялық емес аурулардың ішінде кең таралғаны қант диабеті.
Қант диабеті соңғы жылдары әлеуметтік маңызды ауру ретінде ғана емес, медициналық-әлеуметтік мәселе ретінде
де қарастырылуда. Қант диабетінің кең таралуы айтарлықтай асқынуларға, мерзімінен бұрын болатын өлім-жітім
мен мүгедектіктің басты себебі болуына, соның ішінде: медициналық, әлеуметтік, сондай ақ экономикалық
шығындарға әкеліп соқтырады.
|
Мақсаты
|
Қант диабетiмен ауыратын науқастарды ерте анықтау және науқастар арасында, сондай-ақ халықтың денi сау бөлiгiнiң арасында алдын алу жұмысының сапасын жақсарту мақсатымен халықты тұрақты түрде белсендi тексерудi жүзеге асыру.
Ақтөбе облысының және Ақтөбе қаласының 2015-2019 жылдар аралығындағы қант диабетінен біріншілік аурушаңдық, жастық ерекшеліктері бойынша ересектер, жасөспірімдер және балалар
арасындағы біріншілік аурушаңдық көрсеткіштеріне ретроспективті талдау жүргізілді.
|
Қойылған талаптар
|
Статистикалық өңдеу Statistica 10 бағдарламалық
қамтамасыз етуді пайдалану арқылы жүргізілді.
Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы тұрғындарының
2015-2019 жылдар аралығындағы қант диабетімен
біріншілік аурушаңдығын зерттеу үшін аурушаңдық
тренді (динамикасы) жасалды. Зерттелетін
құбылыстың өзгерісін (динамикасын) бағалау үшін ең
кіші квадраттар әдісі қолданылды.
|
Орындалған зерттеу сапасы
|
Қант диабеті аурушаңдығының ішінде ең көп
тарағаны 2 типті қант диабеті. Қант диабетінің 2
типімен көбіне ересектер ауырады. Зерттеу
барысында ересектер арасындағы біріншілік
аурушаңдық тренді анықталды. Нәтижесінде
көрсеткішті теңестіру бойынша өсу тенденциясы
R² = 0,8386 анықталды. 2015-2019 жылдары аралығында Ақтөбе
облысында ересектер арасында қант диабетімен
біріншілік аурушаңдық өсімі 8,6%-ға жоғарылады, 100
мың тұрғынға шаққанда 2015 жылы 199,8-ден, 2019
жылы 281,9-ды құрады . Ақтөбе облысының аудандары арасында 100 мың тұрғынға шаққанда қант диабеті аурушаңдығы Алға, Мәртөк және Хромтау аудандарында жоғары, ал Байғанин, Ойыл аудандарында көрсеткіш төмен
болып отыр.
|
Зерттеудің теориялық құндылығы
|
Соңғы жылдары қант диабетінің жаһандық
таралуы қарқынды өсуде, яғни сырқаттанушылық
жұқпалы емес эпидемия сипатына ие бола бастады. Халықаралық диабет федерациясының (IDF)
мәліметтері бойынша қант диабетімен ауыратындар
саны 2017 жылы 425 млн. адамға жеткен.
Қазақстанда да әлемдегі сияқты қант диабетімен
сырқаттанушылықтың күрт өсуі байқалады.
Қазақстан Орта Азияда диабеттің даму қарқыны
бойынша көш бастап тұр.
|
Қорытынды
|
Зерттеудің нәтижесінде 2015-2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласы бойынша қант диабетімен біріншілік аурушаңдық жыл сайын артып жатқаны анықталды. Қант диабетімен ауыратын науқастар
санының өсуі ауруды ерте сатысында анықтау мен
диагностиканың жақсарғанын көрсетеді, яғни
аурушаңдықтың артуы онымен байланысты қауіп
факторларының өсуіне байланысты. Қауіп
факторларының алдын алудың қазіргі кездегі тиімді
тәсілдерінің бірі созылмалы ауруларды басқару
|
Мүдделер қақтығысы
|
Бұл материал басқа басылымдарда жариялау үшін
бұрын мәлімделмеген және басқа басылымдардың
қарауына ұсынылмаған.
|
Түйін сөздер
|
Қант диабеті,біріншілік аурушаңдық,өлім себебі.
|