302
4.Тортайдың ертегісі
(Осы топта бір бала Алтайдың сұлу табиғатын әңгіме желісі бойынша сурет салып
жатады.)
II топқа: Қолына түскен кітапты талғамсыз оқи берген Тортай жалғыздығын,
жетімдігін ұмытып, бойын жазушы болсам деген арман билейді.
Тапсырма: 1.Әкемде, шешем де-сен.
2.Жайлауда.
3.Тортайдың арманы.
4. «Ақ боз атымды саған сыйлаймын»
(Кең далада шауып бара жатқан ақ боз аттың суретін салады.)
III топқа: Тортай армадаған ақ боз атты Ораш мініп кетті.
Тортай-малды,жанды ауылдағы қарапайым адам.
Тортайдың Орашқа деген жүректі тебірентер ой түйін жеткізеді.
Тапсырма: 1.Үйді,малды болған Тортай
2.Тортай неге Орашпен тілдеспеді? Жеке тұлғадағы кім?
3.« Баяғыда бір жетім бала болыпты....»
4.Автор-Ораштың ой түйіні.
(Ақ боз атты қайтаруға неге кеш болды?)
Міне, осы тапсырмаларды орындай келе, оқушылар Тортай мен Орашқа хат жазды:
Раушан: Тортай сен арманыңа жету үшін күресе алмадың. Сен қорқақсың, -дейді. Әсем:
Тортай сен армандаған ақ боз атқа Ораш мініп кетті. Сен өзіңе сенімсіз болғандықтан ақ боз
аттан айрылдың. Сенің өзіңе сенбегенің, кітап оқығанда да таңдамай оқи бердің. Тек қиялға
берілдің. Сенің қатең осы, енді бәрі кеш, -дейді. Әсет: Ораш сен досыңды неге ауылда тастап
кеттің? Екеуің бірге кеткенде Тортайдың «жазушы болсам», деген арманы орындалар ма
еді?, - дейді. Азамат: Тортай сенің арманыңның орындалмауына Ұлы Отан соғысы кінәлі.
Соғыс болмаса, сен де арманыңа жетер едің. Бір қуанарым, ауылдағы бір үйдің әкесі,
отбасының тірегі болғаныңа қуанамын, - дейді. Берілген тапсырмаларды шығармашылықпен
орындауға, топ намысын қорғауға, дәлелдермен сөйлеуге үйрету баланың ықыласын,
қызығушылығын арттырады. Сабақ мазмұнына сәйкес бірде «жазушылар», бірде «ақындар»,
бірде «суретшілер», бірде «тапқырлар» бірде «ойшылдар» болып шығуына ықпал еткен ұстаз
еңбегі маңызды еңбек. «Дүниеге теңіз терең емес, адамның жаны терең» деп М.Жұмабаев
айтқандай бала жанын түсіну, анықтау үшін тұңғиық тереңге бойлау қиын да күрделі іс.
Сондықтан мұғалімге білім мен тәрбие беру ісінде жаңа заман технологиясын жетік меңгеру,
заман талабын жан тәнімен сезіне білу, бала жанының құпиясын ашуда мың құбылып, мың
түрлене білу шеберлігін меңгерумен қарулану өте қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының «Білім» туралы заңы. 2007 жылғы шілденің 27-сі.
//ҚР-сы Парламент жаршысы.-2007.-№ 20.-3-68 б.
2. Әбдірахманова Ә. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар // Қазақ тілі мен
әдебиеті орыс мектебінде.-2014.-№ 1.-15-19 б.
3. Дәулетиярқызы А. Оқытудың әлемдік деңгейдегі инновациялық әдіс-тәсілдері //
Қазақ тілі мен әдебиеті.-2013.-№ 12.-18-25 б.
4. Керейбаева Қ. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі // Қазақ тілі
мен әдебиеті орыс мектебінде. -2014. -№ 1. -26-34 б.
5. Төлеуова А. Жаңа технологиялар негізінде оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті. -2013,
-№ 8. -15-17 б.
303
ӘОК37.013.02
ОҚУШЫЛАРДЫ ДІНИ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ, ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ
РАДИКАЛИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Тортаева Ү.Б.
«Ескелді ауданы әкімдігінің Сейфуллин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын
орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Seifullin@list.ru
Мен сөзімді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -
2050» стратегиясы: Бейбітшілік, Руханият және Келісім мәдениеті» атты тақырыпта
Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында сөйлеген сөзімен бастамақпын.
Елбасымыз өз сөзінде «Ислам діні әу баста Жаратушыдан біздің ата-бабаларымызға қалай
түссе, бүгінгі Қазақстанға дәл солай жетуін тарихтың өзі камтамасыз етті. Қасиетті қазақ
жерінде әсіредіншілдер ешқашан болмаған. Қазақ халқының рухани болмысы әрдайым
гуманизммен және ішкі тұтастығымен ерекшеленеді. Ата-бабалардан мирас болған осынау
ұлы қасиеттен айырылуға бүгінгі буынның ешбір хақы жоқ. Сондықтан, мен қазақ
зиялыларын, рухани жетекшілерін, барлық және әрбір қазақты
ұстаздардың ұлағатын
ұмытпауға шақырамын. Біз ұрпағымызды жат ықпалдардан қорғауға, адасқандарды ақылға
шақырып, оларды оқыс қадамдардан сақтандыруға тиіспіз.» дейді. Әкстремизм деген не?
Радикализм деген не? Грек жұрнағымен аяқталатын «әкстремизм» деген латын сөзі -
«шеттеу», яғни, орталықтан ауытқу, жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-
әрекет жасаушы дегенді білдіреді. « Әкстремизм» сөзінің ең жақын синонимі «радикализм»
сөзі. Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс
деп қабылданған деңгейден ауытқу. Әкстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті
мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген
адамдарды білдіреді. Әкстремизмнің негізгі белгілері:
1. Мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни, бұл дегеніміз - елдегі
азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту.
2. Елдегі конституциялық құрылымды үзілді-кесілді мойындамайды, оны зорлық-
зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды.
3. Заңсыз қарулы жасақтар құрады.
4. Елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады. Сонымен
қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді.
5. Елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға
ұмтылады. Жалпы әкстремизмнің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық
қауіпсіздігіне, елдің тұтастығына, азаматтардың құкығына және бостандығына үлкен қауіп
төндіреді. Әкстремизмнің шығу себептері:
1. Адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің
орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен
ақиқат жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олардың түсінігінде тек олар ғана
тура, басқаның барлығы да адасушылар. Сондықтан да олар басқаларды әділетсіз, әрі
қатыгез деп айыптауды өзіне міндет санайды.
2. Олардың ешбір кажеті болмаса да, әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы.
Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде, адамдар арасындағы қалыпты қарым-
қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік
толқулардың тууына себеп болады. 3. Сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен
сенімсіздіктен туады. «Күдікшіл адамдардың басқалар туралы жаман ойлайтын себебі, оның
санасы басқаларды өзіне жау көрді»,-дейді психотерапевт мамандары. Яғни, бір адам екінші
адам жайында бір нәрсе айтқан болса, онда ол өзі жайында не жақсы, не жаман нәрсе айтқан
Достарыңызбен бөлісу: |