Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет32/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61

113
Бүгінде топографиялық-геодезиялық жəне картогра 
фия-
лық өнімдердің ерекше сипаты бар. Оның шынайылығы мен 
нақтылығына жауапты басқарушылық, экономикалық, саяси, 
əскери, қорғаныс жəне технологиялық шешімдер қабылдаудың 
сапасына тəуелді, ол шешімдерге көптеген мəселе, соның 
ішінде адам өмірі де тəуелді болады. Геодезиялық жəне 
картографиялық қызметті жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік 
маңызы бар міндеттердің бірі мемлекеттік шекараны демарка-
циялауды геодезиялық жəне картографиялық қамтамасыз ету 
жəне халықаралық, қазақстандық құқық нормаларына сəйкес, 
мемлекеттік шекара туралы шартқа қоса берілетін құжаттарды 
соңғы рəсімдеу болып табылады. 
5.13-сурет. Жер бедерінің цифрлі моделі
Міне, осындай ауқымды жұмыстарды жоғары дəлдікпен 
жүргізуге мүмкіндік беретін GPS-ке негізделген аспаптар 
шығаратын компаниялар фирмалар Жер қабатының қазіргі 
заманға сай қозғалысы заңдылығын бақылайтын өз өнімдерін 
Қазақстанға да енгізді. Солардың бірі - картографиялық GPS-ке 
негізделген Trimble фирмасының GeoExplorer жаңа жүйесі. Ол 
8–246


114
карта жасауға жəне ГАЖ үшін мəлімет жинауға арналған GPS 
Pathfi nder қабылдағыштар тобының жетілген түрі.
Бір қораптағы қабылдағыш пен антеннаның орналасуы түрлі 
жалғаулар мен қосымша жинақтаулардан құтылуға мүмкіндік 
береді. Қабылдағыш кадастрлық жəне картографиялық тапсыр-
маларды шешудегі қажеттіліктерді дəл орындап, координаталар 
туралы мəліметтерді тез өңдеп сіңіре алады.
GeoExplorer стандартты кешені дифференциалды түзетіл-
ген өлшеулерден соң, координатты анықтауда 2-4 м дəлдікті 
қамтамасыз ете алады. Ал Decimeter Processor бағдарламасын 
қолданғаннан кейін орын анықтаудың субметрлік дəлдігіне қол 
жеткізуге болады.
Далалық жағдайдағы жұмыстарда GeoExplorer 1 өлшемді 1 
секундта алу жиілігінде 9000 нүктені сақтап, бойына жинай ала-
ды. Осы файлдар келесі өңдеулер үшін компьютер жадына орын 
ауыстыра алады.
Жүйенің стандартты құрамына Geo-PC атты бағдарламалық 
кешен кіреді. Ол дифференциалдық түзетулерді орындауға жəне 
өлшемдер мен ауысулар нəтижелерін ГАЖ-дың деректер қоры ның 
форматына алмастыруға мүмкіндік береді. Geo-PC қолданбалы 
бағдарламалар топтамасында далалық өлшемдерді жобалау, 
картографиялық материалдарды кез келген масштабта көре 
алу, координата жүйесінде жұмыс жасау сияқты қызмет түрлері 
кіреді. Geo-PC PFINDER кеңейтілген жүйесі GPS мəліметтері 
арқылы бақыланатын объект туралы ақпарат алуға, қасиеттерін 
қосуға мүмкін береді.
GeoExplorer класындағы жүйенің INMARSAT класындағы 
портативті жер серіктік жүйелер байланысымен қосылуы кар-
тографиялық ақпараттардың нақты уақыт жүйесінде жаңаруына 
жағдай жасады. Осы кезде түпнұсқалық шығары лым жасау ке-
зінде туындайтын түрлі өңдеу жұмыстары жоққа шығарылады. 
Объектінің координаталарын ГАЖ форматына ауыстыру кезін-
дегі түзетулер деректер қорына түсіп, барлық мəлімет танылып 
болған соң автоматты өзгертулер объект жобасына енеді.
Garmin GPSMAP 176 қабылдағыштары. Алғашқы кездері 
GARMIN GPSmap 176 қабылдағыштарын теңізге ғана арнап 
шығарған еді. Бүгінде Garmin GPSMAP 176C навигаторлары 


115
үш түрде Америка, Еуропа жəне Азия үшін енгізілген 10-мильді 
көлік жолдарының картасымен шығарылуда. Соңғы кездері 
бұл аспапқа Қазақстан аумағының картасы енгізіліп, көптеген 
тұтынушылар кеңінен қолдануда (5-14-сурет).
Аспаптың ең бір ыңғайлы жағы жаңадан енгізілетін қосымша 
картографиялық деректер GPS қабылдағышының ішкі жадына 
емес, ауыстырмалы картриджге жазылады. GPSmap 176 жəне 
176С навигаторлары арқылы 8, 16, 32, 64, 128, 256 МБ немесе одан 
да жоғары көлемдегі картаны алуға болады. Бұл жадқа көптеген 
деректері бар карталарды, аспап стандартында MapSource, теңіз 
карталары BlueChart, сонымен қатар, MapSource MetroGuide 
жəне Points of Interest дискілерінен координаталар жəне қонақ үй, 
ЖМС (АЗС), асхана, дүкен, т.б. көптеген қажет əрі қызықты деген 
объектілер деректерін (мекен-жай, телефон, т.б.) енгізуге болады. 
GPS қабылдағышына немесе ауыстырылатын MemoryStickPROD/
card қосымша карта енгізгенде, аспаптағы картографиялық де-
ректер жоғалмайды. 
 
а) GPSMAP 176: 1 - растау пернесі; 2 - маршрутты бағыттау; 3 - меню; 4 - біртүсті 
дисплей жəне маршрутты көрсету көрінісі; ə) GPSMAP 176C: 1- іске қосу жəне 
жарықтандыру пернесі; 2 - навигациялау пернесі; 3 - маршрутты бағыттау;  
4 - дисплейдегі көріністі жақындату; 5 - дисплейдегі көріністі алыстату;  
6 - антенна; 7 - көрініс беттерін парақтау; 8 - функцияны растау;  
9 - дисплей жəне ондағы карта көрінісі 
5.14-сурет. Жерсеріктік Garmin навигаторлары


116
Қазіргі кезде бұл GPS навигаторларының танымалдығы мен 
ауқымдылығы артты. Оны портативті навигатор ретінде қол-
дануға жəне қалтаға салып жүруге болады (5.8-сурет). 
Картографиялық мүмкіншілігі жоғары, жадына əлем картасы 
енгізілген 
GPS III Plus қабылдағышы да дүниеге келді. Оның құрамы 
жалпы бағыттағы ақпараттарды құрайды: өзен, көл, теңіз, 
қалалар, саяси шекаралар, негізгі жолдар. GPS III Plus жеке 
компьютерге қосқан кезде, компакт-дискіден қосымша 1,44 Мб 
көлемдегі картографиялық ақпараттарды жазуға болады. Соны-
мен, қабылдағыш құрамындағы ақпараттардың жеке бөліктері 
толықтырылып, жаңартылады. 
GPS III Plus ерекшеліктері: ақпараттарды экранда гори-
зонталь немесе вертикаль қалпында көрсету мүмкіншілігі; бір 
жинақ батареясы 36 сағат үздіксіз жұмыс істейді. Жүрілген жол-
ды көрсететін одометр мен басқа да функциялар бар. Стандарт-
ты жинаққа: 12 каналдық қабылдағыш, жадына халықаралық 
базалық картографиялық деректер енгізілген, оның құрамын 
негізгі жол, қала жəне өзен мəліметтері жəне портативті антенна, 
белбеу, бекіткіш “velcro” , World Map CD құралдары құрайды.
5.3.6. GPS технологиясын маркшейдерияда қолдану
Соңғы жылдарда бүкіл əлемде маркшейдерия саласына жер-
серіктік радионавигациялық жүйелер қарқындап енуде. Ға ламдық 
позиционирлеу жүйесін маркшейдерлік істе қолда нылуы 4 негізгі 
бағыт бойынша жүргізіледі.
Бірінші бағыт ашық кен жұмыстарының бөліктері мен жер 
бетіндегі маркшейдерлік тірек торды құру мен қайта тұрғызу 
үшін жəне жер мен фотограмметриялық əуе түсірістеріне гео-
дезиялық дайындық жүргізу мақсатында қолданылады. Жер-
серіктік геодезия тапсырмалары үшін əдіс дəстүрлі əрі негізгі 
болып табылады. Осыған қоса тау-кен кəсіпорындарындағы 
шарттарды ескеріп, келесі маңызды қажеттіліктерді іске асы-
рады: а) жер асты кен өндірудің координаттық анықтауларын 
жер бетіндегі GPS анықтаулармен байланыстыру; б) берілген 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау