Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет30/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61

107
Мəселен, маршрут бойынша қозғалысты бастау, ауаға көтеру, 
автомобильмен жолға шығу алдында экипаж штурманы алдағы 
маршрутты жете қарастырады. Ол маршрутты картаға түcipiп, 
қажет жылдамдықты жəне жолдың əр түрлі бұрылыстары бойын-
ша оның өзгеру графигін тұрғызады, жол ұзақтығын жəне қайту 
уакытын, жанармай қорларын есептейді. Сонымен қатар, алдыңғы 
маршруттың өзі бақылап, түзетіп отыратын ұшу, жүзу жəне жол 
жүру процесінің көптеген басқа элементтерін анықтайды.
Жоғарыда келтірілген негізгі мəселелерден басқа навигация-
лық кластын қазірri GPS-қабылдағыштары жартылай автоматты 
режимде «ұшу алдыпдағы дайындық» бойынша да, «ұшу кезінде» 
де барлық штурмандық жұмысты орындайды. Кабылдагыштың 
міндетіне байланысты оньң қондырылған компьютері кейб1р 
көлемдегі келесі сервиспк мəселелерді шешеді:
- ұшақ жəне корабль кемелеріндегі навигация жагдайы туралы 
ақпаратты əлемді теңіз портгары мен аэропорттары шектерінде 
сақтау жəне беру (жаңартылатын магнитті карталар);

əр түpлi навигациялық жəнс ақпараттық кешендер ортасын-
да жұмыс жасау;

қабылдағыш жүйелерінің жұмысын ЖЖС сигналдардың 
өзгеріп отырған жағдайда жан-жақты бақылауды қамтамасыз 
ететін операцияларды орындау;
Нысандар қозғалыс диапазоны бойынша жəне маневр қар-
қындылығы бойынша ерекшеленеді. Ал олардың штурманда-
рына сервисті мақсаттардың бipнеше жиынтығы қажет. Сол 
себептен ұшақтар мен тікұшақтар, кемелер мен жер көліктері 
үшін штурмандық GPS-қабылдағыштар дамуда жəне кеңінен 
қолданылуда. Оларды қолдану нəтижесінде қозғалыс қауіпсіздігі, 
навигациялық, мəселелерді сенімді, əрі дəл шешу дамуда (5.11-су-
рет).
Ұсақ жəне орта масштабты аймактық, түсірімдер үшін 
(1:100000, 1:50000) берілген маршрут бойынша қозғалыс жəне 
қозғалмалы нысандарды (ұшақтар, кемелер, ғарыштық аппарат-
тар, автокөліктер жəне т.б.) навигациялау режимінде пункттерді 
іздеу үшін портативті GPS-қабылдағыштарының арнайы клас-
тары бар. Мұндағы алынатын кеңістік координаттарының 
дəлдігі 100 метр шамасын құрайды, ал қозғалыссыз жағдайда - 


108
нəтижелерді ортақтаудың арнайы функциясымен өңдегенде - 30 
метрден аспайды.
Операторға тек іске косу батырмасын басу жеткілікті, экранға 
алынған жүйенің өтпелi координаттары немесе ұшу үшін қажет 
навигациялық ақпарат шығады. Осы кезде экранға азимуттар-
ды жəне оларға дейінгі қашықтықты, сонымен қатар, курстық 
ауытқулар мен eceптік келу уакытын да шығаруға болады. 
5.3.4. GPS технологиясын топографиялық түсірімдерде қолдану
GPS жүйесін 5 негізгі пунктке бөлуге болады: 
• 
жер серігінің трилатерациясы – жүйе негізі; 
• 
жер серігімен қашықтық өлшеу – жер серігіне дейінгі 
арақашықтықты өлшеу; 
• 
дəл уақытпен байланыстыру – қабылдағыш пен жер се-
рігінің сағатын сəйкестендіру; 
• 
жер серігінің орналасуы – ғарыштағы жер серіктерінің дəл 
орналасуын анықтау;
• 
қателіктерді түзету – тропосфера мен ионосфера қа-
баттарынан өтетін сигналдардың енгізілетін қателерін 
ескеру.
Жоғарыда аталып өткендей, есептеулер тікелей сағат жүрі- 
сінің дəлдігіне байланысты. Кодтар жер серігі мен қабылдағыш-
тарда бір уақытта генерациялануы қажет. Жер серігінде атом 
сағаттары орналастырыған, оның дəлдігі – 1 наносекундты құ-
     5.11-сурет. GPS-ті навигацияда қолдану


109
райды. Бірақ əрбір GPS қабылдағышына аталмыш сағатты ор-
нату өте қымбат 
қа түседі. Сондықтан қабылдағыш сағатының 
жүріс қателігін жою үшін, өлшеуді 4 жер серігінен жүргізеді. 
Бұл өлшеулерді қателіктерді жою үшін қолданады. Ол қателер 
жер серігі мен қабылдағыштағы сағаттың синхрондалмағанды- 
ғынан туындайды.
Егер жер серігіндегі жəне қабылдағыштағы сағат жүрісі-
нің дəлдігі бірдей болса, онда арақашықтықты 2 жер серігінің 
көмегімен дəл анықтауға болады. Егер өлшеулер 3 жер серігінен 
орындалса, онда барлық сағаттар дəл жүреді деген сөз.
Үшінші бағыттағы өлшемдер қажет болған жағдайда, қа-
былдағыштағы сағат жүрісінің қатесін жою үшін 4 жер серігі 
қажет. Сонымен, далада жұмыс істеген кезде, объектінің 3 ба-
ғыттағы координаталарын анықтау үшін, кемінде 4 жер серігі 
қажет.
Жергілікті жерде жерсеріктік əдістердің əртүрлі түсіру түр-
лерін кеңінен қолдануға септігін тигізетін техника-экономика- 
лық алғышарттар: жоғары дəлдік, ауа райы жағдайларына тə-
уелсіздік, пункттер арасында тіке көрінудің болуы міндетті емес. 
Негізгі шектеуші факторы – өлшеу сəтінде аспанның бақылаушы 
жер серіктері орналасқан бөлігінде, еркін шолуды қамтама-
сыз ету талаптары. Практикада мұндай талапты жерсеріктік қа-
былдағыш орнатылған пунктті қоршайтын əртүрлі экрандау-
шы обьектілердің (ағаштардың қисаюы, геодезиялық сыртқы 
белгілер, ғимарат қабырғалары, т.б.) болуынан, əрдайым орын-
дау мүмкін емес. Осыған байланысты жұмысты ұйымдастыру 
кезінде құрама əдістерге көп мəн беріледі. Олар жер серіктік 
бақылауды электрондық тахеометрлер сияқты геодезиялық құрал-
жабдықтармен өлшеуді тиімді үйлестіреді.
Құрама əдістерді қолдануда жинақталған тəжірибе жерсерік-
тік технологиялардың, көбінесе, түсірілетін жер көлемінің су-
ретке түсіру негіздемелерін құруға қолданылатынын дəлелдейді. 
Ал толық түсіру – тек ашық аумақтарда ғана немесе жердегі 
техникалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Осы 
құрылған геодезиялық негіздеме көбінесе жергілікті тораптарды 
салу арқылы іске асырылады. Оларға пункттер арасындағы ша-
малы алшақтықтар мен координаталық анықтамалар дəлдігіне 
салыстырмалы түрде талаптар аз қойылады.


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау