Дәрістердің қысқаша мазмұны №1 дәріс



жүктеу 0,69 Mb.
Pdf просмотр
бет21/23
Дата15.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#44320
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Дәрістеер қжт

Әдебиеттер
1.Сыздықова Р. Сөз сазы (Сөзді дұрыс айту нормалары). Көмекші оқу құралы. — Алматы: 
«Санат», 1995. — 120 бет 
2.Балақаев М. Б. Қазақ әдеби тілі және оның нормалары. — Алматы: «Ғылым», 1984. — 
184 бет 
3.Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. — Алматы: «Мектеп», 1984. — 75 бет 
№14 дәріс 
 
Тақырыбы: Сөз сазы нормаларының қолданылу жайы. 
Мақсаты: 
Сөз сазы нормалары туралы түсіндіру, мәлімет беру. 
 
Жоспар: 
1.Әдеби тіл және орфоэпия 
2.Орфоэпиялық норманың сипаты 


Сөзді дыбыстау, яғни дұрыс айту нормалары – барлық сәттерде бірдей, ешбір 
бұлжымайтын нәрсе емес. Жалпы ауызша сөйлеудің, яғни сөзді ауызша жеткізудің екі 
типі бар: бірі – сөздерді толық әуенмен (ғылымда ол «толық стиль» деп аталады) айту, 
екіншісі – әдеттегі сөйлесу әуенінде айту. Сөздерді толық әуенмен айтқанда, оларды 
нақпа-нақтап, бір-бірімен аса жымдастырмай, кейде сөз аяғын созып, әр сөзді тыңдаушыға 
мейлінше анық етіп жеткіземіз. Бұл әуен митинг сияқты аса көп жұрт жиналған жерлерде 
қолданылады, өйткені митингілерде мыңдаған адамға қарата айтылатын сөз өте маңызды 
болғандықтан, ол сөздің барша тыңдаушыға барынша түсінікті болып, мейлінше анық 
естілуі көзделеді. Сондай-ақ айтылмақ сөзді (ойды) тілі жаңа шығып келе жатқан сәбиге 
немесе сол тілді әлі әбден меңгермеген өзге ұлт өкіліне түсінікті етіп білдіру үшін де 
толық айту мәнерін қолданамыз. Бірақ өмірде сөздерді толық айту мәнерінен гөрі сөйлесу 
әуені әлдеқайда жиі қолданылады. Бұл мәнерде сөздер аса шапшаң емес, бірқыдыру 
баяулата, бірақ дауыс ырғағы жағынан топтастырыла, бір-бірімен қиюластырыла 
айтылады. Театрларда, радио мен теледидарда, топ алдына айтылатын (оқылатын) лекция-
баяндамаларда сөз айтудың осы әуені пайдаланылады. 
Сөйлесу мәнерінің өзі де біркелкі емес. Оның көтеріңкі, салтанатты үнмен және 
жай үнмен айтылуы бар. Салтанатты үнде кейбір сөздерді әдейі бөліп айту немесе созып 
айту, кейде тіпті толық әуенмен айтқандай, әрбір сөзді нақпа-нақтап дыбыстау орын 
алады. Мысалы, радио мен теледидардан берілетін мемлекеттік, халықаралық манызы аса 
зор ресми хабарлар көбінесе салтанатты әуенмен беріледі. Пьесаларда да белгілі бір 
жағдайға (ситуацияға) орай кейбір монологтер немесе тіпті бір-екі ауыз сөз де көтеріңкі 
үнмен айтылуы мүмкін. Бірақ қай-қайсысында да тыңдаушыға түсінікті болып шығатын 
айқындықпен қатар, сөздердің сөйлеу актісіндегі бір-біріне ететін әсері, дыбыстардың бір-
бірінің ыңғайына қарай үндесіп, үйлесіп айтылуы қатаң сақталуға тиіс. Бұл талап әншілер 
мен актерлерге, дикторлар мен комментаторларға, мұғалімдер мен лекторларға және 
жиын-жиналыстарда сөйлеушілерге, баяндамашыларға қойылады. 
Сөздердің бір-бірімен үндесетін дыбыстық заңдарының күші барлық жерде: 
күнделікті сөйлеу тәжірибесінде, мектеп оқушылары мен студенттердің сабақ үстіндегі 
сөйлегендерінде, беретін жауаптарында, драма, комедия, трагедия сияқты пьесаларда 
ойнағанда, тақпақ айтқанда, кинода, радио мен телехабарларда, жиналыстар мен 
митингілерде сөйлегенде бірдей болғанмен, әр жанрдың, тіпті бір жанрдағы әр шығарма 
түрінің, әр жағдайдағы сөйленген сөздің айтылу мәнерінде айырмашылықтар болады. 
Мысалы, сөз дыбыстарын «ойнатып» әрі белгілі бір өлшеммен жазылған, мақал, мәтел, 
фразеологизмдерге бай «Еңлік-Кебек», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Айман-Шолпан», 
«Қарагөз» пьесалары (бәрі де – Мұхтар Әуезовтікі), Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-
Ақтоқты», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары, Қалижан Бекхожиннің «Ұлан асуы», 
Тахауи Ахтановтың «Ант» драмасы, С. Сыматаевтың «Зар заман» пьесаларының сөздерін 
айту мен біздің күндеріміздің тақырыптарына арналған пьесалардың сөздерін айтудың 
арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Алдыңғылардың тілі дыбыстар 
гармониясын (сазын) көбірек талап етеді, сөздің музыкалығын, әуезді болуын қалайды. 
Олардағы ырғақтық-мелодикалық топтардың өзі тілімізде әбден қалыптасқан, сөздері бір-
бірімен ұйқас, өлшем дегендермен «цементтелген», яғни жымдасқан, үндескен болып 
келеді. Мысалы, «Еңлік-Кебектегі» Көбей мен Еспембеттің айтысын алайық. Мұндағы 
курсивпен теріліп көрсетілген сөздердің айтылуына назар аударыңыз (жазуда бүкіл тексті 
мүмкіндігінше транскрипциялап көрсетуге тырыстық, дегенмен сөздердің сөйлеу 
актісіндегі дыбысталуын таңбалармен білдіру өте қиын, яғни транскрипцияда сөздің 
жазылуы мен айтылуы айна-қатесіз дәлме-дәл түсе бермейді): 
Еспембет. Тобұқтұ / шайалығығыңды ғылдыңба / білегі жұуандығыңды ғылдыңба / 
алалы жылқы / ақтылы ғойұн / жосұлтұб алдың // ата ғонұсұнан / іргесін аудардың / ай дер 
ажа / қой дер қожа / болған жоқ // жетіботұрған жесірімді / бір тентегің/ат сауұрұна салыб 
әкетіб отұр // ағайын // ұзұнда өштү / қысқада кектімессің // бітім сұрап / кісі салсам / 
бақайыңнан гелтірмейсің //. 


К ө б е й. Еспембет / кеден недем болт / кедергі недем болт / деб отұрсұң ... қой 
асығын / қолұңап / қолайыңа жақса / сақа ғой // саптайаққа / ас құйұп / сабынан /қарауұл 
ғарайтын болсаң / мем бійлік айтпайым//. 
Бұл үздіктердегі тұрақты тіркестер (фразеологизмдер) мен мақал-мәтелдер 
курсивпен көрсетілді. Бұлар текстің белгілі бір өлшеммен, ырғақпен айтылуына 
жәрдемдесіп, айтысушы билер сөзін құлаққа жағымды сазбен жеткізеді. 
Тұтасынан өлеңмен, оның ішінде ақ өлеңмен де (ақ өлең дегеніміз – ұйқасты, 
ырғақты сөз орайымен берілген мәтін) жазылған пьесалар тілінің музыкалылығы тіпті 
күшті болады. Ал жай диалогтермен берілген, яғни кейіпкерлерін әдеттегі ауызекі тілмен 
сөйлеткен пьесаларда бұл кейіпкерлер, сөз жоқ, Еспембетше, Абызша, Көбейше немесе 
Ақан сері мен Ақтоқтыша сөйлемейді. Әрине, қалыптағы тұрмысқа сай сөйлегенде де, 
мақал-мәтелдер мен айшықты сөз тіркестерін қолданамыз, бұл – пьесаларда да орын 
алады. Дегенмен Еспембеттің сөзі мен қазіргі бір инженердің немесе «қаладан келген 
қылжақпастың» сөзі ішінде мақал-мәтел, ырғақты тіркестер болғанмен, олардың сөздері 
дыбысталуы мен сазы жағынан бірдей айтылмайды. 
Бұдан «өткен замандардағы кейіпкерлердің сөзін айту қиын, қазіргі адамдардың 
сөзін айту оңай» деген тұжырым шықпайды: әңгіме – кейіпкердің қай кездің адамы 
екендігінде емес, пьесаның жанрлық ерекшелігінде, қай стильде ұсынылғандығында. 
Романтикалық стиль көбінесе көтеріңкі сазбен, белгілі бір ырғақпен айтуды қалайды. Ал 
бүгінгі күнделікті өмір тақырыбына жазылған пьесалардағы кейіпкерлердің дені әдеттегі 
сөйлеу үнін ұстанады. Әрине, қазіргі сөйлеу тілімізде де белгілі нақышқа келтіре ерекше 
айтатын тұстар аз емес. 
Қысқасы, бұл айтылғандардан, актерлер сахна сөзінде өздері ойнайтын әр 
пьесаның жанрлық-стильдік сипатын, кейіпкердің образын қатты ескерулері қажет. Қай 
заманды суреттеген шығарма болмасын, қай тақырыпқа жазылған пьеса болмасын, қай 
жанрдағы өлең мен мәтін (тақпақ, терме т.т.) болмасын – барлығы да қазақ сахнасы мен 
киносынан, радиосы мен теледидарынан көркем сөздің құлаққа жағымды келіп, табиғи 
түрде айтылуы (дыбысталуы) талап етіледі. 
Сөзді дұрыс жазу (орфография) сияқты, дұрыс айту да (орфоэпия да) – әдеби тілдің 
бір қыры. Екеуінің де міндеті – тілді әркім өз қалауынша, өз білгенінше жұмсамай, оның 
көпшілікке ортақ барша заңдылықтарын сақтап пайдалану болып табылады. Ондай 
ортақтық пен ыңғайлылық үшін белгілі бір орфоэпиялық нормалардың болуы – заңды да, 
міндетті де. Ол нормаларды қатаң сақтау, жетілдіру, орнықтыру – қазақ тілінде сөйлейтін 
барша жұрттың (әр адамның) борышы. Әсіресе бұл абыройлы міндет мұғалімдер мен 
мәдениет қызметкерлерінің, сахна қайраткерлері мен әншілердің, жиналыс, жиындарда 
шығып сөйлеушілердің, дикторлар мен жалпы радиодан, теледидардан сөйлеушілердің 
алдында тұрады. Бұлар тіл мәдениетінің бір ұшы – сөзді дұрыс айту заңдылықтарын 
(ережелерін) берік ұстанып, оларды қалың жұртшылыққа жаюшылар, орфоэпиялық 
нормалардың жоқтаушылары болулары тиіс. 
Өкінішке орай, бүгінгі таңда бұл талап толық орындалып отырған жоқ. Сөзді 
(ойды) ауызша айтуда әрқилы себептерден болып жатқан қателіктер мен жайсыздықтар 
орын алып келеді. Солардың ішінде ең жиі кездесетіні – қазақ тілінің дыбыс жүйесінің 
табиғи тәртібі болып саналатын үндестік заңдарын сақтамай, сөздерді қалай жазылса, 
солай оқу (айту) немесе сөздің жеке тұрғандағы тұлғасы қандай болса, сол күйінде айту 
қателігі. Мысалы, қ, к, п сияқты қатаң дыбыстарды қажет жерінде ұяңдатпай айту жиі 
ұшырасады. Соның салдарынан күңгөрүу, негерек, аздаңгейін, құрғол, ағала болып 
айтылуға тиіс сөздерді жазылуынша күнкөру, некерек, азданкейін, құрқол, ақала түрінде 
айтушылық етек алып барады (бұл сөздер бір ырғақпен айтылатын топтар болғандықтан, 
біріктіріп жаздық, әйтпесе олардың жазылуда күн көру, не керек, аздан кейін, құр қол, ақ 
ала болып, бөлек-бөлек таңбаланатыны аян). Сондай-ақ бәлгер, сәудегер, шәй, Жәмилә 
деп дыбысталуға тиіс сөздерді жазылуынша балгер, саудагер, шай, Жәмила деп 
айтушылық та жоқ емес. 


Бұл күнде сөз сазына қатысты қиындықтың көзге түсетін және бір тұсы – о, ө, е 
дауысты дыбыстарының қазақ сөзінің басында келгендегі айтылуы. Қазақ сөздерінің 
басындағы осы дыбыстардың алдында қосамжар у, й дыбыстары айтылуы керек болса, 
бұл заңдылықты сақтамай, сөздерді «орысша» айту байқалады: отан сөзінің қазақша 
айтылуы уотан болуы керек, ел сөзі орысша айтсак, эль, қазақша дұрыс айтар болсақ, йел. 
Сол сияқты сөз басында немесе бірінші буында келген о, ө, ұ, ү еріндік дыбыстарының 
келесі буындардағы ы, і, е деген езулік дауыстыларын өздеріне ұқсатып айтқызатыны да 
ескерілмей, сөздердің жазылуынша оқылуы орын алып келеді. Мысалы, құрұқ, күлүмгөз, 
күмүс деп айтылуға тиіс сөздерді құрық, күлімкөз, күміс деп айту әсіресе жастардың 
тілінде жиі кездеседі. 
Дикторлар мен хабар, концерт жүргізушілердің, оқушы жастардың сөз сазындағы 
тағы бір қатесі – сөздердің ешбір дыбысын түсірмей, әр сөзді немесе біріккен сөз, қос 
сөздердің әр бөлігін (компонентін) бөліп-бөліп айтатын тұстарында көзге түседі (дәлірек 
айтсақ, құлаққа шалынады). Мысалы, Құрман ғазының күйі Сары арқа, Ықыластың күйі 
Кері толғау, Мұхиттың әні Кіші айдай деп, ән-күй аттарын (білдіріп тұрған екі сөздің 
әрқайсысын бөлек-бөлек айтатын конференсьелер мен дикторлар жоқ емес. Әрине, 
олардың бұл әрекеттегі ниеттері адал, өйткені бұл орайда шығарма аттарын тыңдаушыға 
анық етіп жеткізсем дегенді көздейтін болар. Бірақ сөздің түсінікті, анықтығы әр сөздің 
жеке-жеке айтылуынан шықпайды. Сондықтан жоғарғы ән-күй аттары қазақ құлағы кәнігі 
түрде қабылдайтын Сарарқа, Кертолғау, Кішайдай деген әуенде, яғни екі сөздің 
аралығындағы дауыстылардың бірінің «жұтылып» кеткен түрінде айтылуға тиіс, себебі 
Сарарқа атауы сары және арқа деген сөздердің жеке-жеке мағыналарынан хабар бермейді, 
екеуін қосып (тіркестіріп) айтудан жаңа сөз – жер атын білдіретін жалқы есім болып 
тұрғанын нысанаға алу қажет. 
Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларының бұзылуына себеп болатын 
факторлардың және бірі – сөзді ауызша айтудағы жазба тілдің, жазудың ықпалы, яғни 
сөзді жазылуынша оқу дәстүрі. 
Әдеби тілді дамытуда, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде, лексика-грамматикалық 
және орфографиялық нормаларын қалыптастырып, көпшілікке жаюда жазудың рөлі зор 
екені мәлім. Жазу – бұл күнде әдебиеттің барлық түрін таратудың басты құралы. Осындай 
орны ерекше жазудың сөзді дұрыс айту саласына келгенде, ескеретін бір жайы бар. Ол – 
сөздің жазылуы оның дыбысталуымен, әсіресе сөйлеу актісінде айтылуымен әрдайым 
сайма-сай келе бермейтіндігі. Сөзді дұрыс жазу бар да дұрыс айту бар, яғни сөздің 
орфографиялық нормалары бар да орфоэпиялық нормалары бар. Бұл екеуінің дәлме-дәл 
түсетін сәттері де аз емес. Мысалы, сөздердің қалай жазылса, солай оқылатын жерлері 
болады. Айталық, кіндігімнің жас қаны тамған жері – аулым деген өлең жолының бірер 
сөзінен (аулым – ауұлұм) басқасы осы жазылған түрінде айтылады. Мұнда дыбыстары 
бір-біріне әсер етіп, бірін-бірі сәл өзгертетін орындар жоқ. Ал көптеген жағдайда сөздер 
жазылуынша айтылмайды (оқылмайды). Мысалы, Абайдың: 
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, 
Аспанда ай мен күн шағылса да, – 
деген өлең жолдарын дәл осылай жазылғанынша оқу (айту) – өрескел қате болар 
еді, яғни «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиюдің» орнына құлақты кесіп, түрпідей тиер еді. 
Мұнда дыбыстардың айтылуда бірін-бірі өз ыңғайына көндірген сәттері бар, сондықтан: 
Жарқетпес / қарагөңүлүм/ неғылсада // 
Аспанда / айменеңгүн / шағылсада // – 
түрінде оқылып, жазылуы мен айтылуында айырмашылық болады. Бұл жерде 
сөздерді соңғы көрсетілгендей айтылуынша жазу қандай қате болса, жазылуынша оқу 
(айту) сондай қате болып шығады. 
Сөздерді жазылуынша оқудың өзі де – себепсіз емес. Оны тек жауапсыздықтан 
немесе білместіктен деуге болмас. Радио мен теледидар тыңдаушыларына, оқушылар мен 
студенттерге, жиын-жиналыстарға қатысушылар сияқты қалың көпшілікке қарата 


айтылған сөздің неғұрлым түсінікті, айқын болуын діттейміз, ал сөздерді нақпа-нақтап 
жеке-жеке айтқанда, олар анығырақ естіледі де түсініктірек болып шығады. Анығы – 
анық, бірақ бірді іздеп, екіншіні жоғалтып аламыз: анықтық бар, сөз сазы жоқ. Мұндайда 
ой болады және ол ойды білдіріп тұрған сөздер жеке-жеке түсінікті, анық болады, бірақ 
олардың бір-бірімен қиюласқан үйлесімі жоқ болып шығады. Бұл – сөздерді қазақша айту 
емес, қазақша тізбектеп өту болып шығады. Алдымызда тілдің өзі емес, фотосуреті 
көрсетілгендей әсер етеді, өйткені ғалымдардың біреуінің тауып айтқанындай, жазу – 
тілдің фотосуреті іспетті, ал нағыз тілдің өзі – оның сөйлеу барысындағы көрінісі. 
Кейбіреулер актер мен әншілердің, дикторлардың, оқушылардың және жалпы 
көпшіліктің ауызша тіліндегі жоғарыдағыдай қателіктерінің басты себебін қазақ тілінің 
жергілікті ерекшеліктеріне байланыстырып, содан іздейтін сияқты. Бұл – дұрыс емес. 
Сөз жоқ, қазақ тілінің кейбір дыбыстарының айтылуына қатысты жер-жерге қарай 
ажыратылатын айырмашылықтары бар. Мысалы, әдеби тіліміздегі сөз басында келетін ш 
дыбысын ч етіп айту (чатақ, чын, чырақ), сөз ортасында келген нд дыбыстарының орнына 
ңл дыбыстарын айту (маңлай, таңлай, аңлау), сол сияқты сөз ішіндегі л дыбысын түсіріп 
айту (болмайды деудің орнына бомайды, келген жоқ деудің орнына кеген жоқ деу), сөзге 
р дыбысын қосып жіберу (жоңыршқа, меруерт), ж дыбысының орнына й дыбысын айту 
(ойақ- бұяқ – ол жақ, бұл жақ деудің орнына) т.т. осы тәрізді құбылыстар – Қазақстанның 
белгілі бір өлкесі тұрғындарының сөйлеу тілінде кездесетін ерекшеліктері. Жергілікті 
ерекшеліктерге қарай екі түрлі дыбысталатын едәуір сөздердің әдеби варианты бұл күнде 
бірқыдыру тұрақталып, нормаға айналды. Мысалы, маңдай (маңлай емес), таңдай (таңлай 
емес), ие (еге емес). Бұл көрсетілгендердің жақша ішіндегі варианттарын жазушы өз 
кейіпкерлерінің тіліне әдейі келтіргенде ғана солай айтып, өзге жағдайда әдеби 
нормасымен айту қажет. 

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау