Дәрістердің қысқаша мазмұны №1 дәріс



жүктеу 0,69 Mb.
Pdf просмотр
бет18/23
Дата15.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#44320
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Дәрістеер қжт

Әдебиеттер
.1.Ж.Жеткізген "Қазақ тілі грамматикасы" Алматыкітап, 2007ж; 
2. «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай 
сайын шығатын Республикалық ғылыми- педагогикалық, әдістемелік журналы,2013 ж; 
3.Р.Сыздықова «Емле және тыныс белгілер» Алматы, «Рауан», 1996 ж. 
 
№11 дәріс 
 
Тақырыбы: Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі және оның қолданылу өрісі. 
Мақсаты:
Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі, оның қолданылу өрісі туралы мәлімет 
беру.
 
 
Жоспар: 
1. 
Қазақ тілінің орфоэпиялық ережесі 
2. 
Сөз мәдениеті, дұрыс сөйлеу мәдениеті 
 
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болуы әр алуан жиын, жиналыс, 
мәслихаттардың қазақ тілінде жүргізілуіне жол ашты; саясат, ғылым, өнер, шаруашылық 
т.б. тақырыптарына арналған лекция-әңгімелердің қазақ тілінде кеңірек өткізілуін күн 
тәртібіне қойды; балабақшаларда қазақ бүлдіршіндерін ана тілінде тәрбиелеуді қолға 
алуға мүмкіндік берді; қазақ мектептерінің көбейіп, оларда оқу-тәрбие жұмыстарын ана 
тілінде жүргізуге, жоғары оқу орындарының барлық факультеттерінде дерлік (әзірге тіпті 
түгел болмай, көплішілігінде-ақ болсын) қазақ бөлімдері ашылып, оларда білім-
ғылымның көптеген салаларынан қазақ тілінде лекциялар оқылып, сабақ жүргізілуіне 
кеңінен жол ашты; радио мен теледидардан қазақ тілінде берілетін хабарлар сағаты 
көбейіп, бұл каналдар бойынша қазақша сөйлейтіндердің жиірек көріне бастауын, ұлттық 
сахна өнерінің түр-түрінің дамуын қамтамасыз етті. Осылардың баршасы қазақ тілінің 
ауызша түрін, яғни ауызша қолданылуын, айтылмақ ойды ауызша түрде білдіру 
тәжірибесін жандандырды. 


Бұл орайда балабақша тәрбиесіне ұсынылатын оқу-методикалық құралдарда қазақ 
тілінің орфоэпиялық заңдылықтарына арнайы назар аударылса, тіпті бүлдіршіндерге 
арналған кейбір өлеңдердің дұрыс айтылу (оқылу) үлгісін қоса көрсетіп отырсақ, артық 
болмас еді. Мысалы, балабақшаларда оқуға арналған бір жинақта (“Оқып, ойнап ән 
шырқайық”, 1983) берілген “Бұл қалай?” деген 8 жолдық өлеңнің мәтіні мынау: 
Аппақ гүлден 
Қызыл алма 
өседі.
Қара бұлттан 
От шығады 
деседі.
Аппақ гүлден 
Ақ бұлт неге 
өнбейді?
Бұлт ішінде 
От қалайша 
сөнбейді?
Жазуда осылай берілген бұл өлеңді тәрбиеші балаларға былайша оқып беруі керек: 
Әппақ гүлден 
Қызыл алма 
өсөді.
Қара бұлттан 
От шығады деседі. 
Әппақ 
гүлдөн
Ақ бұлт неге 
өмбөйді?
Бұлт ішінде 
От қалайша 
сөмбөйді?
 
Осылайша оқығанда ғана өлең құлаққа жағымды, тілге (айтуға) жеңіл болып 
шығады. Мұны бүлдіршіндер жаттап алғанда, жазылуынша емес, осылайша оқылуынша 
жаттауға тиіс. Бұл мәтінде еріндік дыбыстардың үндесуіне және 

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау