Дәрістердің қысқаша мазмұны №1 дәріс



жүктеу 0,69 Mb.
Pdf просмотр
бет17/23
Дата15.11.2023
өлшемі0,69 Mb.
#44320
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Дәрістеер қжт

Әдебиеттер
1. Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 445 б. 
2. Уәлиев Н., Алдашева А. Қазақ орфографиясындағы қиындықтар. – 
Алматы:Ғылым, 1988. - 113 б. 
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1996. - 341 
б. 
4. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы. - Астана: Елорда, 2000. – 527 б. 
 
№10 дәріс 
 
Тақырыбы: Емле сөздігі – тілдегі сөздердің жазылуын бір жүйеге түсіретін 
құрал 
Мақсаты: 
Емле сөздігі туралы мағлұмат беру.
 
 
Жоспар: 
1.Емле сөздіктерін түзудің негізгі ұстанымдары 
2.Емле сөздігі – әдеби тіл нормаларының басты көрсеткіші 
Тіл жүйелі, қоғамдық құбылыс болғандықтан, бәріне ортақ оның жазу ережелері 
болады. Әркім өзінше әр түрлі жаза беретін болса, ол жүйелі тіл болмайды. Кейде дұрыс 
жазу ережелерін емле деп те атайды. Орфографиялық сөздік — тілдегі сөздердің жазылу 
нормасын көрсететін сөздік. Қазақ тілінің тұңғыш орфографиялық сөздігі қазақ жазуының 
орыс графикасына көшуіне байланысты қабылданған емле ережелеріне сәйкес 1941 жылы 
түзілді. 1940 жылға дейін бас-аяғы он бес-жиырма жылдың ішінде үш түрлі: 
А.Байтұрсынұлы түзген қазақтың тұңғыш ұлттық жазуы араб таңбаларын, одан кейін он 
шақты жыл қолданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап қабылданған кириллицаны 
пайдалануға мәжбүр болған қазақ халқының әр жазудың емлесінде дәстүрі қалыптасып, 
орнығып үлгермеді, сондықтан әркім бұрынғы жазудың тәртібін сақтап, алақұлалық 
туғызуы мүмкін болғандықтан, 1941 жылы жаңа графикаға көшкен кездегі емле ережелері 
де, 1957 жылғы оның біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан 
арнаулы қаулымен бекітілген болатын. Осының нәтижесінде қазіргі жазуға ие болдық. 
Алғашында алфавитте 41 әріп болды. Алфавиттік қатар алдымен орыс тіліндегі бар 
әріптерден тұрды, содан кейін орыс графикасында жоқ, қазақ тіліне төл дыбыстарды 
таңбалайтын әріптерден тұрды. Бұл тәртіп 1957 жылы өзгеріп, алфавиттік құрамға ә әрпі 
қосылып, 42 әріп болып қазіргідей күйге келді. Бұдан 42 әріптік әліпби ең алдымен орыс 
сөзінің дұрыс жазылуы талабынан туындаған, сондықтан 33+9 принципімен құрылған. 
Мұндағы 33 әріп орыс әліпбиіне сәйкес келсе, қалған тоғыз әріп қазақ тіліне тән 
дыбыстарға сай келеді. Бұл әдіс Кеңес үкіметінің кезіндегі саясат бойынша жүздеген 
ұлттардың әліпбиі 33+N принципімен жасалған болатын. М. Балақаев 1948 ж. 
оқушыларына арналған қысқаша "Емле сөздігін" құрастырды. 1995 ж. мектеп мұғалімдері 
мен баспа қызметкерлеріне арналған "Қазақ орфографиясы жайында анықтағыш" (Р. 
Сыздықова) жарыққа шықты. Мектеп оқушыларына арналған орфографиялық сөздік 1960 


ж., біршама толық түрі 1972 ж., ал қазақ тілінің үлкен "Орфографиялық сөздігі" 1963 ж. 
жарық көрді. Осы сөздіктің толықтырылып, өңделген 2-басылымы 1978 ж. шықты. 
Жаңа графикаға көшумен байланысты 1940 жылы жасалған емле заңдары 
1957 жылы түзілген «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» 51 
параграф, 12 ескертпе енгізіліп, толықтырылып жаңадан түзілген болатын. 
1983 жылғы «толықтырулар мен түзетулерден» кейін оған 3 параграф және 3 
ескертпе қосылған. Қазақ тiлi орфографиясының негiзгi ережелерi 9 бөлiмнен 
тұрады.Олар: 
1)дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы 2)дауыссыз дыбыс әріптерінің 
қолданылуы 3)түбір сөздердің жазылуы 
4)бөлек жазылатын сөздер 
5)қос сөздердің жазылуы 
6)қосымшалардың жазылуы 
7)шылау сөздердің жазылуы 
8)бас әріптің қолданылуы 
9)сөздердің тасымалдануы 
«Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 1983 жылғы 2- 
басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар: 
1. Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы. «§ 1. а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э әріптері 
жалаң дауыстылардың ал ё, и, у, ю, я әріптері қосынды дауыстылардың да , кейде жалаң 
дауыстылардың да таңбасы ретінде жұмсалады»1 
2. Қос сөздердің жазылуы» бір-ақ параграфта айтылады: «§ 31. (§ 32). «Қос сөздің 
барлық түрі дефис (-) арқылы жазылады.»1 
3. Сөздердің тасымалдануы» біраз «толықтырулар мен түзетулерге» ұшыраған. 
Бұрын: «§ 50. Жазып келе жатқанда, жолға сыймаса, я тұтас бір буынды, я көп буынды 
тасымалдауға болады...» дейтін ереже «§ 51. Жазып келе жатқанда, жолға сыймаған сөз 
буын жігіне қарай тасымалданады...» - деп түзетілген.1 
4. «Екі, кейде үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар, негізінен, 
түбірі сақталып, бірге жазылады...»1 
Бұл орфографиялық ережелер , біріншіден, тілдегі сөздердің дұрыс 
жазылуына, олардың тілде орнығуына септігін тигізсе, екіншіден, орфографиялық 
норманың қызметін айқындайды. Осы орфографиялық ережелерге сүйене отырып,қазақ 
тілінің орфографиялық сөздіктері шығарылды. 
Осы аталған Негізгі ережелерінің жаңа редакциясына (1983) сәйкес ҚР ҒА-ның Тіл 
білімі институтының әзірлеуімен "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі 1988 жылы 45000 
данамен басып шығарылды.1988 жылғы 3-басылымы едәуір түзетулермен ұсынылып 
отырғаны оның «Алғы сөзінде» кеңінен көрсетілген болатын, атап айтқанда, сөздік 
құрамының толықтырылғаны; сұрыпталып, жүйелі тәртіпке келтірілгені,жазылатын 
сөздердің едәуір 
1 Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгi. Алматы, 1983 іріктелгендігі айтылып, 
әрқайсысы нақты мысалдармен кеңінен көрсетілген еді.2 
«Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 1988 жылғы 3-басылымындағы өзгеріс, 
жаңалықтар: 
1. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы өзге тілдерден алынып қолданып 
келген біралуан сөздердің бұл күнде әдеби норма ретінде қазақша баламасы 
пайдаланылатындықтан, олар да емле сөздігінен алынып тасталды (мысалы, архив, аптека, 
вклад, вкладшы, семья, система, программа, «көше» мағынасындағы проспект, протокол, 
самoлет, документ т.б. сияқты). Авто, авиа, агро, интер сияқты сөздермен келген 
тұлғалардан казақ сөздерімен келетіндері сөздікте қалдырылды және авиаспорт, 
авиаконструктор, автопортрет, автореферат, интернационалдық сияқты бөгде тілдік 
сөздермен келгендері де берілді.2 


2. Бұл басылымның сөзтізбесіне көптеген жаңа сөздер қосылды. Олар: а) бұрын 
қолданылып келген кірме сөздердің қазақша баламалары: әдістеме, әуежай, бaғдарламa, 
бейнетаспа, дәйексөз, зейнетақы, зейнеткер, ұшақ, күнпарақ, қазанама, медбике т.б. 
3. Белгілі бір терминдердің бағалауыш мәнді стильдік сыңарлары да сөздіктен орын 
алды: президент - Елбасы, гимн - әнұран, қала әкімі - қалабасы, астана - елорда.2 
4.Елеулі өзгерістің бірі - аң-құс, өсімдіктердің күрделі атауларының жазылуына 
байланысты. Бұрын ұсынып келген жазу тәртібіміз бойынша бірінші сыңары ақ, қара, ала 
сияқты түс атауларымен келген аң-құс, өсімдік, жан-жануарлар атаулары тіркес ретінде 
бөлек жазылатын. Сол сияқты алдыңғысы тау, тас, су, жер деген сөздер, соңғысы 
ботаникалық, зоологиялық атаулар болып келген күрделі сөздер де бөлек жазылатын. 
Бұлардың барлығы, шындығында, күрделі бір атау болып табылады, яғни бір ғана аң- құс, 
жәндік, өсімдік атын білдіреді, тіпті екінші сыңары біркелкі болып келгенде де алдыңғы 
компонент олардың түсін, қасиетін, тегін айырып көрсететін анықтауыш сөзден гөрі, 
соңғы атаумен бірігіп барып, бір ғана аңның, құстың, өсімдіктің, жәндіктің атын 
білдіретіндігі ескерілді. Сондықтан бұл аталған топтар біріккен сөз ретінде қосылып 
жазылды (бұрынғы сөздікте ұяда, мысалы, ақ, қара деген сөздердің ұясында тіркеліп 
берілген болатын): ақжалбыз, ақбаттауық, ақбидай, ақжүзген, ақсусар, ақтиін, ақшағала, 
ақши, қарабидай, қарақұр, қараләйлек, қаратұнжыр, т.б.2 
Сөйтіп, «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің» ұсынылып отыpғaн 3- басылымы 
тілімізде болып жатқан өзгеріс жаңалықтармен толықтырылды. 


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау