сөздер, негізінен, тұрмыстық зат, бұйым атаулары мен әкімшілік, сот, сауда,
шаруашылық салаларына қатысты атаулар болып келеді: әшмүңке
(восьмушка), барқыт, бәтеңке, бәтес, божы (вожжи), бөкебай (пуховый),
бөрене (бревно), бөшке, жәшік, кәзекей (казакин), көшір (кучер), калаш
(калач), шөген (чугун); ауылнай, болыс, поштабай, сот, кәтелешке (каталашка),
түрме, пәтерь (квартира), шіркеу (церковь), тауар, зауыт, кір (гиря), келі (килә, кило емес,
бірақ киловатт, киловольт, килограмм).
Тұлғасы өзгертіліп жазылатын орыс сөздерін емле сөздіктерінен қарап білуге
болады.
Орыс тілінен келген кірме сөздердің бірқатары соңғы дауысты а дыбысын түсіріп
қалыптасқандықтан, сол ықшамдалған түрінде жазылады: газет (газета емес), минут
(минута емес), пар (пара емес), секунд (секунда емес), гранат (граната емес), координат
(координата емес), цифр (цифра емес). Ал негізінен, а-ға аяқталатын кірме сөздер, әсіресе
терминдер соңғы дауысты дыбысын сақтап қолданылады және солай жазылады: кассета
(кассет емес), кантата (кантат емес), тирада (тирад емес), капсула (капсул емес), оптика
(оптик емес) т.б. Бұлардың барлығының жазылуын сөздіктен қарап алу керек.
Ескерту. Көркем әдебиетте белгілі бір заманды суреттегенде немесе ертеректегі
ақын-жыраулар мен жазушылардың шығармаларында осы күнгі орысша тұлғасы сақталып
жазылатын бірқатар сөздер өзгерген түрде берілуі мүмкін. Мысалы: майыр (майор), ояз
(уездный начальник), жандарал (генерал-губернатор), сияз (съезд), старшын (старшина),
бексіл (вексель) т.б.
§ 23. Араб, парсы тілдерінен, соңдай-ақ туыстас татар, өзбек т.б. тілдерден енген
сөздер қазақша айтылуынша жазылады, яғни сол тілдердегі тұлғасы сақталмайды: бұқара
(фуқара), пікір (фикр), әкім (хаким), әзір (хазир), пайда (файдә), наурыз (ноуруз), қате
(хата), мақта (пақта), жүзім (йүзүм) т.б.
§ 24. Жазу тәжірибесінде кейбір түбір сөздер екі түрлі дыбысталуына (айтылуына)
қарай екі (кейде тіпті үш) нұсқада беріліп жүр. Бұларды бөліпбөліп тану қажет. Бірқатар
түбір сөздердің екі, кейде үш вариантының да жазылуы заңды түрде орын алады. Олардың
бір тобының (сан жағынан өте шағын тобының) екі нұсқасын қатар қолдана беруге
болады: айғай – айқай, бұндай – мұндай, балуан – палуан, ертегі – ертек, пәле – бәле,
гауһар – жауһар, заңғар – зеңгір, байымдау – пайымдау – бағамдау, айдаһар – аждаһа,
сықылды – секілді, өзге – өңге, уәде – уағда, жәбір – зәбір, жаһан – жиһан, айуан – хайуан
т.б.
Сонымен қатар тек бір нұсқасын (вариантын) қабылдап, соның жазылуын
қалыптастыратын қатарлар да бар. Соңғылар көбінесе “фонетикалық дублеттер” деп
аталатын, яғни кейбір дыбыстары ғана өзгеше келетін сөздер болады. Мұндайда
орфографиялық норма болып есептелетіндері сөздікке енеді де, өзге нұсқалары жақша
ішіне “емес” деп көрсетіледі. Мысалы: қазір (кәзір, қазыр, хазір емес), міне (міні емес),
ерегіс (ерегес емес), жіті (жыты емес). Бұл күнде жазылуы едәуір орнығып қалған кейбір
сөздердің өзге қатарлары “емес” деген белгімен көрсетілмеуі де мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: