69
дұрыс жазу ұсынылып, қателік жасаудан қорқыту бар.
Екеуі де талапкерлердің
пайдасына.
Бұ дүние емтиханының ең маңызды ерекшелігі дұрыс талапкерлерге
жауаптардың алдын ала білдірілуінде. Солай емес пе? Нені жасап, неден сақтануды
бәріміз білмейміз бе? Басқа емтихандарға керісінше бұл емтиханда басқаларға
кӛмектесуге еркіндік берілген, тіпті сауап етілген.
Озат оқушының қасына барып,
парағына қарап біз де дұрысын жаза аламыз. Жауабымыз қабылданады. Шындықта,
туралықта, ақиқатта және әдемілікте кӛмек беруге болады. Басқаларға қате жауап
жаздыру немесе қатеге еліктеуге тыйым салынады. Кім бұл емтиханда ӛзі секілді
басқалардың да жетістікке жетуіне күш салса жақсылыққа жетеді. Үйреткен
мӛлшерінде ӛзіне де баға қосылады. Жасаған бұл ісіне үлкен пай беріледі: Жиһад!
Тек ӛзін бақылау қабылданбайтын, ұнамсыз нәрсе. Бұл жетістікке жету және
жете алмау ісі дүниелік саудаға еш ұқсамайды. Бұл емтиханда біз бәсекелес фирмалар
емеспіз. Кӛршімізді қаншалықты мақтасақ табысымыз соншалықты берекелі болады.
Ӛзімізді мақтаған сайын зиян шегеміз. Бұл саудада берушінің малы артады, сараңдық
жасағанның емес. Білгенімізді басқаларға түсіндіргенде ӛз
білімімізді де нығайтқан
болмаймыз ба?
Дүние емтиханында дұрысты жазу оңай. Қиыны - қате жазу. Ал, бұл бізге үлкен
иләһи жақсылық. Керісінше болғанда біз үшін шынымен де ауыр емтихан болар еді.
Шындықты айтудың дем алу секілді табиғи және оңай екенін бәріміз білеміз. Бір адам
күн бойы шын сӛйлесе шаршамайды, барлық сӛзіне ӛтірік қосып жарты сағат сӛйлесе
ол шаршайды. Су ішкен адам тыжырынбайды, бетін қисайтпайды, ал ішімдік ішкен
адамның бетіне қарай алмайсың. Адал табыс рухты рахаттандырады, ал харам болса
ожданды азаптайды.
Алғаш қарағанда бұл емтиханнан барша адам ӛте алады деп ойлайсың. Алайда,
келіп қара, адамдардың кӛпшілігі әлі де қате жолға түседі. Мұның
себебін ақты қара,
қараны ақ етіп кӛрсететін екі алдаушыдан іздеу керек: Нәпіс пен шайтан.
Дүниедегі бүлік пен емтихандар әртүрлі. Біреу дүние-мүлікпен сыналады, біреу
дүние-мүлікке деген дұшпандығынан сыналады. Біреу денінің саулығымен, ал біреу
аурумен. Біреу қарыз болумен, біреу алашақ болумен. Барлық адам емтиханда
болғандықтан ешкім де еркін емес. «Дүниеде рахат жоқ» деген хадис бар. Оның бір
мағынасы мынау болуы мүмкін: «Емтиханда
рахат жоқ, еңбектену мен күш салу бар,
қауіп пен үміт бар, реніш пен сабыр бар».
Бұрын бұл емтихан залына қаншама кедей-бай, жұмысшы-жұмыс беруші, еркек-
әйел, күшті-әлсіз келіп, біраз отырып, тұрып кеткен. Ендігі кезек осы ғасырдың
адамдарында
127
.
Достарыңызбен бөлісу: