65
-
Балам, маңыздысы - командаға кіретіндей кішкентай болуың емес, ішіңдегі
баскетболшының қаншалықты үлкен екендігі.
Анасы
осыны айтып, бӛлмеден шығып кеткеннен кейін бала орнынан тұрды.
Ӛзін бұрынғыдан күшті сезінді. Иә, бәлкім кішкентай шығар, бірақ ішіндегі
баскотболшы ӛте үлкен еді!
Ертеңіне таңертең ерте тұрып жаттығуға барды. Анасының айтқан сӛзі әрдайым
санасында жаңғырып тұрды. Күн ӛткен сайын ішіндегі баскотболшы да күшейіп,
үлкейе берді.
Келесі жылы тағы да командаға адам жиналды.
Бұл жолы кішкентай жігіттің
ішіндегі үлкен баскетболшы ӛзін жақсылап кӛрсете білді. Команданың
жаттықтырушысы оны ұнатып, командаға алды. Ол жыл сайын жетіле берді.
Кӛп ӛтпестен сырттан ұсыныстар келе бастады.
Әуелі әуесқой командаларда
ойнады. Сосын сатылап жетістіктерге жете берді.
Сӛйтіп, бүкіл әлем бір кездері мектептің командасына да кіре алмаған Майкл
Джорданды баскетбол тарихының ең табысты баскетболшыларының бірі ретінде
таныды...
Болымсыз ойлау... Еңбек ет, тырыс, жетістікке жетесің!
Болашақтағы келеңсіздіктерге шыдамау түсінігі болымсыз ойлау болып
табылады. Хақ Тағала жаратқан болмыстарының күшін біледі және күші келмейтін
нәрсені жүктемейтінін білдіреді. Мәселе - адамның ойлауында.
Бір килограмдық
салмақты «Мен мұны кӛтере алмаймын» деген адам кӛтере алмайды. Ӛйткені, ол
салмақты кӛтере алмаймын деген түсінік қалыптастырған. Адамдардың жағымсыз
жағдайларға шыдамау түсінігі сол келеңсіздіктер кезінде сарсаңға салыну мағынасына
келеді.
Болашақ күндер әлі келген жоқ. Бүгіннің уайымдары ешкімді келешектің
қиындықтарынан құтқармайды. Ал, тәуекел болса шыдамдылық күшін арттырады.
Рухани қуаныш ішіндегі адам болымсыздықтарға соншалықты қадалмайды. Ол
адамның ӛмірін қорқыныш ауымен орап алуы мүмкін. Ол жолда жүре
алмайтын,
машинаға міне алмайтын жағдайға жеткізеді адамды. Барлық шаралар қабылданса да
машинаның апатқа ұшырау,
ұшақтың құлау, кеменің бату ықтималдығы бар. Бірақ,
бұлар адамның еркінен тыс нәрселер.
Адам еркінен тыс нәрселерге қадалып, тәуекел етпесе ӛмірін тӛзгісіз жағдайға
жеткізуі мүмкін. Тіпті, осы қорқынышы оны шырмап алуы да мүмкін. Ӛйткені,
қорқыныш ӛзі шығаратын ми энергиясы арқылы бәле шақыруы мүмкін. Болмайтын бір
жағдайдан ӛлуден қорыққан адам болмайтын бір жағдайдан ӛлуі мүмкін.
Қорқыныш алдағы болатын тағдырдың бағытын ӛзгерте алмайды. Рахатқа
құмарлық осы рахаттың уақыт ӛте келе қолдан кететінінен
қорқуды да бірге алып
келеді. Бұл болымсыз ойлау адамның рахатын бұзуға онсыз да жетеді.
Сондықтан да адам ӛмірде алдынан шығатын кедергілерге сабырмен қарсы
тұрып, мойымау керек, еңбектенуі керек, себептерге соңына дейін байланып, тағдырды
Раббысына қалдыруы керек. Кейде жамандық секілді кӛрінген нәрселерде біз үшін
кӛптеген жақсылықтар жасырылған болуы мүмкін екенін ұмытпауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: