Қаһарман
Қаһарман - тарихтың ең негізгі құралы. Ұлттардың тарихы батырмен кӛтеріледі.
Қаһарманы жоқ ұлттың тарихы саяз және қимылсыз кӛл секілді, үлкен болғанмен
адамға шаттық бермейді.
Грекия ӛз тарихын бірқатар мифтік қаһармандары арқылы кӛрсетті. Кӛне Рим
Цезарь және сол сияқтылармен тарихта қалды. Картаж Анибалдың насихаттары
арқылы дауысын адамзат баласына естіртті. Иран Фирдаусидің шебер, ойнақы және
ӛткір қаламымен ең бай батырлық жырларына жетті.
Ұлт бар, оның тарихы бір бағананың үстіне орнатылған белдік тәрізді, бір ғана
қаһарманның айналасында ӛріледі. Ұлт бар, оның тарихы жүздеген күмбезі бар
ғибадатхана секілді, мыңдаған бағанаға сүйеніп биіктейді. Македония кӛне тарихымен
Александрдың иығында кӛтерілген, Франция Напалеонның, Алмания Бисмарктың
немесе басқа бір түсінік бойынша Гетенің.
273
Тефаххус: Егжей-тегжейлі зерттеу
274
«Аскер» жазуына ишара
275
Серетан: Обыр
276
М.Фетхулла
һ
Г
ү
лен, Ча
ғ
у
ә
Несил,
122
Ал, біздің тарихымызда қаһармандарды санау да, аттарын атау да мүмкін емес.
Бәлкім оны тұтастай қаһармандар тарихы деп атаған жӛн шығар. Ӛйткені, бұл ұлт
жылдар бойы дұшпан әлемнің алдында орнында қорғануы арқылы соншама кӛп
қаһарман шығарған, Омар десең артынан Халидтің күркіреген дауысы естіледі. Фатих
десең Явуздың дауысы шығады. Фетих десең, Мохач десең бүкіл Анадолы ыңыранады,
Чанакалелердің гуілі естіледі.... тарихында қаһармандары осылай тізбектелген басқа
ұлтты кӛрсету қиын.
Батыстықтар бұл ұлттың қалыпты бір тарихының болмағанын айтады. Дұрыс.
Қане, Малазгирттің қанаттанған жігіттерінің хикаясы? Қане, кептер болып батысқа
ұшқандардың оқиғасы? Қане, елін жауыздарға шайнатпағандардың күмбезі мен
кесенесі?..
Басқалар ӛз тарихтарының құнсыз бір оқиғаларына, ең мағынасыз оқиғаларына
үлкен мән беріп қараса, қайда менің тарихымның әрқайсы бір басына бір тарих болып
саналатын қаһармандық дастандар? Молла Хусрев сияқтылар неліктен «Жоғарылау
кезеңінің»
277
тарихын жазбады? Неге Явуз Селим сияқтылардың әскери күші мен
даналығы, басқару қабілеті мен әлемдік шаралары ӛз дәуірінде жазылмады? Ибн Кемал
секілді данаға не болды, «Шарықтау кезеңінің» оқиғаларын хезарфен
278
жаза алмады?
Соңғы белгісіз қаһармандарымыз туралы жазған «Қирандылардың жоқтаушысы»
болған ақынның «Кел, сені тарихқа кӛмейік!» десем сыймассың» шумағын
естігенімізге дейін осы сұрақтар бізді мазалап тұрды. Ал, енді тарихы жазылмайтын
қаһармандардың да болатынын ойлап, ӛзімізді жұбатқымыз келеді.
Иә, ұлт бар, тарих деп дастан жазады. Жазбалармен тарихын жарқыратады.
Оларды тарих жазған ұлттар дей аламыз. Ұлт бар, тарих жасайды, дастанын басқаға
қалдырады. Тарихи әдебиеттеріміздің нашар жағдайының түбірінде осы жағдай бар деп
ойлаймын. Бір қаһармандық кӛрсетіп, тарих жасадық. Оның акустикасын құлдарымыз
бен күңдерімізге қалдырдық.
Гладиатор ӛзінің қаһармандық күресін кӛріп, сезе алмайды. Оны аренаның
айналасындағы кӛрермендер жақсырақ кӛріп, анықтайды. Егер біз үшін де міндетті
түрде бір қаһармандық дастаны керек болса мен ӛзім оны ынсапты бір бӛтен адамның
жазғанынан тыңдағанды жӛн кӛремін. Әсемдік деген сол, оны басқалар ұнатады, ізгілік
пен қаһармандық деген сол, оны дұшпандар мойындайды.
Сонымен қатар, ішке бағытталған және адам ішінде тереңдейтін
279
арғы
қаһармандық бар, Шығыс та, Батыс та мұндай қаһармандықты ешуақытта тани алмады.
Сол себептен тарих беттерінде кӛрініс таппаған бұл қаһармандықты тек менің елімнен
кӛруге болады.
Қаһармандықтың бұл түрін кӛру үшін міндетті түрде осы жаққа саяхат жасау
керек. Ӛйткені, нәпсіне тәкаппарлық келді деп арқасына бір қап ұн салып, халықтың
ішінде жүрген мемлекет басшысы, бір шабуылда Батыстың ең күшті әскерлерін
талқандап, сосын патшаның сарайындағы қазынасының алдында: «Кеше бір шаштараз
едің, бүгін жеңіске жеткен қолбасшы, ертең топырақ астында есепке дайын адам» деп
басы айналып, кӛзі шатаспаған қолбасшы, бір ақиқат адамының атының аяғынан
шашыраған балшық тиген шапанымен табытын орауды ӛсиет еткен үлкен әскер және
басшы адам тек осы елдің адамдарының арасынан шыққан.
Әскердің басында жаханды талқандап, тағына отырған кезде әлемді басқарған,
оңашада
280
тақуа болған нағыз қаһарманды тану үшін міндетті түрде біздің елге соғу
керек. Ӛйткені, тақтармен, тәждермен басы айналмағандар, ӛмір мен оқиғалар алдында
ӛзгермегендер тек біздің дүниемізде кездеседі.
277
Итила кезе
ң
і: Жо
ғ
арылау кезе
ң
і
278
Хезарфен: К
ӛ
п білетін, бірнеше
ӛ
нерді бір д
ә
режеден к
ӛ
п жасай алатын
279
Мавераи: ар
ғ
ы жа
ққ
а т
ә
н. Бас
қ
а
ә
лемге
қ
атысты
280
Халвет: Жал
ғ
ыз
қ
алу, о
ң
аша болу
123
Ар-намыс - біздің елде ӛсетін тұңғиық гүлі. Адал кӛңілділік - біздің елдің гүлі.
Басқаға қамқорлық
281
- біздің бақшаның лотос гүлі. Бізде бар, қол жеткізіп дәмін татпау
деген нәрсе. Біздің адамымыз біледі, қызметте алда, жалақыда артқы қатарда болуды.
Әлем сүйілмей сүйюді бізден кӛріп, бізден таныды...
Жомарттық
282
бізде қанат жайды. Ержүректік, күш-жігер бізде қаланды.
Бұл елден жеке қаһармандықты іздеу бос нәрс, іздесе де табылмайды. Бұл елде
қаһармандық тізбектелген таулар секілді жалғасып жатыр, барлық жері шың. Мұны дос
та, дұшпан да осылай айтады, осылай біледі.
Сен де «Кӛрерсің, сезерсің, бар болса ожданыңда иманың,
Қандай керемет ерлік соғады кеудесінде» отанның.
Ебна и Отанның
283
және Оған рух берген фурканның
284
.
281
Ди
ғ
ергамлык: Бас
қ
аларды ойлау
282
Ф
ү
т
ү
ввет: Жігіттік, жомартты
қ
. Достар
ғ
а кешіріммен
қ
арау
283
Ебна-и отан: Отан балалары
284
Фуркан:
Құ
ран К
ә
рім.
Қ
ате мен д
ұ
рысты, жаман мен жа
қ
сыны айыратын (Ча
ғ
уе несил, 1\165-168)
Достарыңызбен бөлісу: |