5
– машинаның айналмалы бөліктерінің қасына қайшы және басқа
құралдарды қоюға;
– жiптерді алып тастау және басқа операцияларды орындау үшін пы
шақтың жүзін пайдалануға;
– ақауы бар дөңгелек қысқыш, үшкір қысқыш, тiстеуiктерді пайдалануға;
– қол жұмыстарына өтпейтін және тот басқан инелерді қолдануға;
– үтік сымының түйінделіп және ілмектеніп байлануына, қызып кетуiне
және құлауына;
– үтіктi электрбауына қоюға;
– дұрыс жұмыс істемейтін үтікпен жұмыс iстеуге;
– үтіктiң қызғанын саусақпен тексеруге.
3. Жұмыстың аяқталуына байланысты қойылатын талаптар
1. Құралжабдықты ажыратып, жұмыс орнын жинастыру.
2. Арнайы киiмдi шешу.
3. Қолды сабынмен жуу.
4. Апаттық жағдайлардағы қауiпсiздiк ережелері
1. Құралжабдық немесе аспаптың ақауын байқаған жағдайда жұмысты
дереу тоқтатып, мұғалiмге хабарлау қажет.
2. Шеберханада өрт шыққан жағдайда өрт сөндіру бөлiміне хабарлап,
эвакуация жоспарына сәйкес шығып кету қажет.
3. Жарақат алған жағдайда дереу мұғалiмге хабарлап, жарақат алушыға
алғашқы медициналық көмек көрсету қажет.
5. Тұрмыстық электрқыздырғыш құралдарымен жұмыс істеу ке
зіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері
1. Қосқыш сымның қауіпсіздігін тексеру.
2. Электрлік қыздырғыш құралын отқа төзімді тұғырға орнату.
3. Құралды қосқан және ажыратқан кезде құрғақ қолмен айыртық сыр
тынан (корпусынан) ұстау.
4. Жұмыс соңында құралды тоқ көзінен ажырату қажет.
6. Жарақат алған жағдайда алғашқы көмек көрсету бойынша нұс
қаулық
Әр түрлі жарақат алу кезінде алғашқы көмек дәрі қорапта болатын таңу
материалдары мен дәрідәрмектерді қолдану арқылы көрсетіледі. Алғашқы
көмек көрсетуге арналған дәрі қорабы кабинеттерде, мектеп шеберханасы,
спорт залы, мұғалімдер бөлмесі мен қабылдау бөлмесінде сақталады.
8
8. Тігін өндірісінде сақталатын қауіпсіздік ережелері
Киім өндіру барысында, тігін машинасымен, пресс машиналарымен,
үтік және қол құралдарымен жұмыс істеу барысында түрлі жарақат алу:
саусағын тесіп немесе кесіп алу, киімнің немесе шаштың машинаның ай
налмалы бөліктеріне түсуі, күйік шалу қаупі бар.
Тігін өндірісінде жиі кездесетін келеңсіз жағдайлар электр жабдық
тарынан болуы мүмкін. Арнайы және түзу тігіс тігетін машиналарда жұ
мыс істейтін адамдар ұқыпты болуы және қауіпсіздік техникасы ереже ле
рін сақтауы қажет. Жұмысқа кіріспес бұрын жұмыс орнын және тігін ма
шинасының жұмыс істеуін мұқият тексеріп шығу қажет.
Түрлі жарақат алудан сақтану үшін келесі ережелерді сақтау қа
жет:
– жұмыс барысында қолын инемен жарақаттап алмау үшін ұқыпты
болу;
– машинаның айналатын бөліктерінің жанына қайшы және басқа құ
ралдарды қоюға тыйым салынады;
– өз жұмыс орнында тазалық пен ұқыптылықты сақтау, әр құралды
өзіне тиісті орнына қою; жіптің бос орамдарын қоқыс жәшігіне тастау;
– электр машинасында резеңке төсемесіз жұмыс істеуге тыйым са
лынады;
– шашты жинап, орамал байлау;
– ыңғайлы киіммен жұмыс істеу (қимылдауға ыңғайлы болуы үшін),
жеңі қысқа болғаны дұрыс;
– жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы тиіс.
Өрт шығудың негізгі себептері – электр құралдарының дұрыс жұмыс
істемеуі, құралдарды қолдану нұсқауларының бұзылуы, тез жанатын зат
тардың дұрыс сақталмауы.
Барлық ғимарат бөлмелері ескерту сигналымен және өрт сөндіру құ
ралдарымен жабдықталған болуы тиіс. Өрт болған жағдайда, желдеткіш
терді жабу, жұмыс орындарына электр қуатын беруді тоқтату, өрт сөндір
гіш машиналарын шақыру, сабыр сақтай отырып, ғимараттың қо сымша
есігінен шығу керек.
Өрттің қауіпті факторларының әсері адамдардың жарақаттануы
мен өліміне әкеп соғуы мүмкін нысандарда өрт дабылы, өрт кезіндегі
құлақтандыру мен эвакуацияны басқару жүйелері орналастырылуы керек.
21
§ 3. Адам денебітімі – киімді модельдеу нысаны ретінде
Киім – адамның денесіне киюге арналған, жасанды жамылғы түріндегі
бұйым. Адам денебітімінсіз киім өз мәнін жоғалтып, өзіне тән қызметін
атқара алмайды.
Адамның негізгі дене құрылысы, негізгі құрылымдық түйін (иық және
мықын) арқылы қол мен аяқ жалғасқан омыртқа бағанасы болып саналады.
Адам денебітімі тік, симметриялы болып келеді.
Киімді модельдеу үлгісі ерлер және әйелдердің денебітіміне қарай
бейімделеді.
Пропорциялы қалыптасқан адам денебітімі әрқашан өзіменөзі әдемі,
оған модельдеу жеңіл, мұндай денебітімде кез келген пішіндегі киім тар
тымды әрі әдемі көрінеді. Сондықтан дәл осындай денебітімге сән өзінің
ең батыл ұсыныстарын бейімдейді.
Сымбатты тұлғалы адамдар кез келген пішіндегі сәнді – тік қонымды
және қынамалы силуэтті, композициясы бойынша динамикалы, жұмсақ
және қатты, тұрақты, ыңғайлы киімдерді кие алады. Олардың киімдері
пластикасы, фактурасы, түстері және т. б. бойынша қарамақарсы құрылуы
мүмкін.
Пропорциялылығы мен сымбаттылығын жоғалтқан толық денебітімді
адамдар көптеген шектеулермен санасуы қажет. Костюмде кейбір айқын
композициялық құралдарды қолдануға болмайды, өйткені олар денебітім
дегі кемшілікке назар аудартуы, оларды айқындап және толық адам ның
сырт келбетін көріксіз етіп көрсетуі мүмкін.
Бірақ бұл толық денебітімді адамдар сәнді және әдемі киіне алмайды де
ген сөз емес. Сәнгердің мақсаты костюм арқылы кез келген адамның сырт
келбетін әдемі көрсету. Сонымен бірге, әрине, сәнгерсуретші бір жағынан
оның денебітімінің жеке ерекшелігін ескере отырып, сән үрдісіне сәйкес
модельді ұсыну, бір жағынан тапсырыс берушінің дене құрылысының
ерекшелігін білу үшін тапсырыс берушімен жеке байланыста болуы қажет.
Бұл костюм формасын жасауды жобалау, адам денебітімін түзету, оның
түрінің өзгеруін көзбен шолып қабылдау модельдеудің тағы бір бағыты
(1сурет).
67
ә
64сурет: ә – алдыңғы және артқы бойдың пішімін жасау
Қамзолдың мойын ойындысы, сонымен бірге бұйымның төменгі жағы
мен алдыңғы бойдың ортаңғы сызығы бойындағы дөңгелектелген өңірі
таңдаған фасонына байланысты әр түрлі безендіріледі.
Иық бұйымын дайындаудың технологиялық бірізділігі
1. Бұйымды пішу.
2. Бақылау сызықтарын, бүкпелерін және т. б. көшіру.
3. Көктеу, өлшемнен өткізу; ақауларын жөндеу.
4. Бүкпелерін сырып тігу (иық, кеуде).
5. Өңір, жаға, қаттама немесе әдіптерін (мойын және қолтық ойынды
сы) қатырмалау.
6. Жаға, қаттама, жеңнің ортаңғы тігісін машинамен тігу.
7. Жағаны мойын ойындысымен; жеңді қаттамамен немесе әдіппен
уақытша қосып көктеу.
8. Бұйым етегін бүгіп көктеу.
78
Бұйымды желбірмен және желбіршекпен өңдеу
Нұсқау карта
Бұйым етегін желбіршекпен өңдеу
Құрал-жабдықтар мен материалдар: тігін жабдықтары, ЫЖӨге ар
налған жиынтық, тігін машинасы.
№
Жұмысты орындау реттілігі
Графикалық кескін
1 Желбіршектің ашық қиығын те ріс
жағына 5 мм қайырып жат қыза үтік
теу. Тігімді бүктемеден 2 мм ара лық
та жүргізу
2 Тігімге 2 мм жеткізбей тігіс қо сым
шасын қию
3 Қосымшаның бірінші тігі мі бүк теме
аралығында қалатын дай етіп, теріс
жағынан екінші рет жатқыза үтіктеу
4 Желбіршектің жоғарғы қиығы бойы
нан бүрме жасау үшін екі қа тар тігім
жүргізу (3 және 4 тігім). Бі рінші тігім
бөлшек қиы ғынан 5 мм аралықта,
екіншісі – бірінші ті гі мнен 7 мм ара
лықта (жоғарғы жі бі бос, инешан
шым ұзындығы 4–6 мм). Төменгі екі
жіпті бірге тартып, бүрмені жинау
5 Желбіршекті бұйым үстіне қиықта
рын теңестіре отырып салу (бұйым
ның өңі жағына жел бір шекті теріс
жағымен салу), қо сып көктеу және
қосып тігу (5 тігім)
135
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ................................................................................................................ 3
I бөлім. Қазақтың ұлттық костюмін конструкциялау, модельдеу
және дайындау .................................................................................................. 9
§ 1. Дизайн, оның пайда болуы және маңызы ............................................ 9
§ 2. Қазіргі кездегі киім дизайны ............................................................... 12
§ 3. Адам денебітімі – киімді модельдеу нысаны ретінде ....................... 21
§ 4. Киімді жобалау барысындағы эскиздің маңыздылығы .................... 25
§ 5. Костюмдегі стильдік шешім ................................................................ 30
§ 6. Костюм түсі ........................................................................................... 35
§ 7. Қазақтың ұлттық костюмі көркем ансамбль ретінде ....................... 39
§ 8. Қазақтың зергерлiк бұйымдары .......................................................... 53
§ 9. Ұлттық нақыштағы заманауи көйлек ................................................. 58
§ 10. Қазақтың ұлттық көйлегін және қамзолын
базалық пішім негізінде модельдеу ........................................................... 63
§ 11. Қазақтың ұлттық киімін түйіндік өңдеу ........................................... 71
§ 12. Оюөрнек түрлері, дайындау технологиясы .................................... 88
§ 13. Әйелдердің ұлттық бас киімі ............................................................. 97
§ 14. Балалардың ұлттық киімін конструкциялау,
модельдеу және дайындау ........................................................................ 103
IІ бөлім. Жобаны қорғау ............................................................................. 107
Өз біліміңді тексер ....................................................................................... 109
Түсіндірме сөздік ......................................................................................... 119
Тігін өндірісінде қолданылатын терминологиялық сөздік ................. 125
Ұсынылатын әдебиеттер ............................................................................ 134
Достарыңызбен бөлісу: |