35
Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып
табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді.
Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда кейбіреулері оқуға деген ішкі уәжі мен
қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз
еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше
белсенді
,
күрделі
,
қызықты
және
маңызды
ету арқылы қол жеткізуге болады. «Балалардың білгені,
тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты балалардың
белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан білім берік
болады. Өмірінше ұмытпайды» (Ж.Аймауытұлы, 1929).
Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде
өз тәжірибесінде
қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген
өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы
артады.
«Физика» пәні бойынша оқу бағдарламасын әзірлеуде оқушылардың өздерін
қызықтыратын мәселелер бойынша тақырыпты зерттеуіне, жұптық және топтық, бүкіл
сыныптық жұмыстарға қатысуына мүмкіндік беру қарастырылған. Бұл оқушылардың оқуға
деген шынайы қызығушылығын туғызып, ішкі уәжін арттыратын ерекшелігі болып
табылады.
Мұғалімдер оқушылардың ішкі уәжін арттыру үшін бірқатар педагогикалық әдістерді
қолдана алады:
-
сабақты белсенді оқуға, тілдік дағдыларын
дамытуға ықпал ететін және
ынталандыратындай қызықты әрі тартымды етіп құру;
-
оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері және тілек-ниеттерін ескеретін
жас ерекшеліктеріне сай ресурстарды пайдалану;
-
әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін пайдалану үшін сабақ мазмұнын өзгерте алу;
-
оқушылар өздерінің жетістіктері немесе сәтсіздіктерінің өзінің оған қанша күш
жұмсағанына байланысты екенін түсіндіре алатындай болу үшін оқушыларды дербестікке
ынталандыру;
-
жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп,
олардың алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату мақсатында
жекелеген оқушыларға арнап оқуды жетілдіруге бағытталған арнайы мақсат қою;
-
оқушыларды жаңа оқу мен оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады,
нәтижелі кері
байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді).
Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да
бір мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән беріңіз. Сабақ барысында мұғалімдер
оқушыларды ынталандыру үшін «жақсы», «жақсы бала/оқушы» деген мақтауды
қолданады, бірақ мұндай мақтаулар барлық уақытта оқушылардың танымдық ойлау
деңгейінің жақсаруына әсерін тигізбейді. Оның орнына «мәселені шешудің тиімді жолын
таңдағансың» деген сияқты оқушының жетістігін көрсету арқылы мадақтау олардың алға
ұмтылуына жақсы ықпал етеді. Мұғалімдер оқушының оқу керектігіне байланысты
«сыртқы» уәж түріндегі мақтауларды жиі қолданады. Оқушыларды мұндай жолмен
ынталандыру тәсілдерін пайдалануда аса мұқият болған жөн, себебі олар оқушының ішкі
уәжін төмендетуі мүмкін. Атап айтқанда, жалаң мадақтау, жазалау немесе тиімсіз кері
байланыс салдарынан оқушыларда төмендегідей сезімдердің
туындауына жол берілмеуі
тиіс
-
тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;
-
тапсырманы соңына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;
-
тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса
жеткілікті деп сезіну;
-
өзіне аз тапсырма берілді деп сезіну.
Оқушының бастапқы ішкі уәжі төмен болған жағдайда сыртқы марапат пайдалы болуы
36
мүмкін. Шын мәнінде, мұғалім оқушылардан жоғары нәтиже күтіп, олардың өз күшіне
деген сенімін нығайту үшін мадақтауды пайдаланғаны дұрыс. Оқушының жұмысына
құрметпен қарай отырып, оның ішкі уәжін арттыруға ықпал етуге тырысыңыз (мысалы,
оның жеке қызығушылығы, тақырыпқа қызығушылығы, жеке мақсаттарға ұмтылуы және
т.б.).
Оқушының оқуға құлықсыз болуы немесе оқудағы
сәтсіздіктері көп жағдайда
мұғалімнің оның ішкі уәжін оята алмауының салдарынан болуы мүмкін, ал сәтсіздіктердің
жалғаса беруі оқуға аса қабілетті балалардың да пәнге деген қызығушылығын жоюы
мүмкін. Оқушылардың пәнге қызығушылығы мен ынтасын қалыптастыратын көптеген
факторлар бар: оқушылардың қызығушылығын туғызатын жаттығулар, мұғалімнің
ықпалы, ата-аналардың ықпалы, мадақтау және т.б. Оқушының шынайы қызығушылығы
мен ынтасын арттырудың ең сенімді тәсілі – осы факторлардың барлығын қамту, яғни білім
алуға шынайы ынталандыратын оқу ортасын қалыптастыру. Оқушыларды оқуға
ынталандыратын факторлардың маңызын түсініп, тиімді қолдана білу мұғалімнің кәсіби
қызметінде аса маңызды рөл атқарады. Төмендегі кестеде (4-кесте) мұғалім жұмысындағы
оқушының уәжін өсіретін немесе, керісінше, өшіретін факторлар ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: