Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


  ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет28/48
Дата29.03.2023
өлшемі0,52 Mb.
#41899
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Физика Мұғалімге арналған нұсқаулық

 


38 
ОҚУ ҮДЕРІСІН ЖОСПАРЛАУ 
 
Өз жұмысында мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламаларын басшылыққа алады. 
Оқу бағдарламасы ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді 
жоспарда белгілі бір бөлім/бөлімше аясында қамтылуға тиісті тақырыптар мен оқу 
мақсаттары көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды 
әзірлеуге негіз болып табылады. 
Орта мерзімді жоспарда оқу бағдарламасында ұсынылған оқу мақсаттары, сондай-ақ 
осы мақсаттарға қол жеткізу үшін мұғалім мен оқушыларға ұсынылатын жаттығу түрлері, 
ресурс үлгілері ұсынылады. Оқу бағдарламасымен салыстырғанда, орта мерзімді 
жоспарлар ұсынымдық сипаттағы құжат. Сондықтан мұғалім жаттығу түрлерін бейімдеп, 
оқушының қызығушылығына, деңгейіне, қажеттіліктері мен жас ерекшеліктеріне сәйкес 
келетін өзінің балама ресурстарын таңдай алады. 
Оқу бағдарламасының элементі ретінде ұзақ мерзімді жоспарда бір жылда өтілетін 
бөлімдер/ортақ тақырыптар белгіленеді. Орта мерзімді жоспарларда мұғалімдерге 
тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақ өткізу, сабақта оқушыларды ұйымдастыру 
туралы ұсыныстар берілген, сондай-ақ сабақта қолдануға болатын ресурстар ұсынылған 
(интернет, мәтіндер, жаттығулар, бейне- және дыбысматериалдар және т.б.) Ұзақ мерзімді 
жоспарда оқу бағдарламасының элементі ретінде оқу жылына арналған тақырыптар мен 
бөлімдер анықталған. Орта мерзімді жоспарлау үдерісі ұзақ мерзімді жоспарда анықталған 
бағдарларды нақтылай отырып, анағұрлым қысқа мерзім ішінде жүзеге асырылады. Орта 
мерзімді жоспарлау барысында нақты бір кезеңге арналған негізгі міндеттер 
тұжырымдалады. Онда әрбір тоқсанға немесе бөлімге арналған оқу тақырыптары 
көрсетіледі (Ұлттық білім академиясы, 2016). 
Оқу жоспары көптеген бөлімдерден тұрады, олардың әрқайсысы оқу кезеңінің 
бірнеше аптасына дейін қамтуы мүмкін. Осылайша бірнеше аптаны топтастырып бірден 
жоспарлаған тиімді болмақ. Бұл мұғалімге оқушылардың осы уақыт ішінде, яғни тақырып 
немесе белгілі бір жағдай арқылы байланыстырылған тізбектелген сабақтар топтамасы 
аясында қалыптастырып, дамытуы тиісті білім мен түсінік, дағдыларды толық қамтуға 
мүмкіндік береді. 
Оқу жоспарының алғашқы парағында осы бөлімді бастардың алдында оқушылар 
біледі деп күтілетін алдыңғы білімі, бөлімнің мәнмәтіні және бөлімнің қысқаша 
сипаттамасы жазылады. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес 
келетін, сабақ кезінде қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығулармен бірге беріледі. Белгілі 
бір тақырып үшін ұсынылған барлық жаттығуларды бірден алдын ала зерделеп шығу 
пайдалы болмақ. Бұл ретте мұғалім өз оқушыларының қажеттіліктерін қанағаттандыру 
мақсатында кез келген жаттығуды өзгертуге болатынын естен шығармау қажет (айталық, 
жаттығуды өзінің жағдайына анағұрлым сәйкес келетін немесе лайықты басқа жаттығумен 
ауыстыра алады). Сонымен қатар, оқушыларға орындау оңай немесе қиын болатынын 
ескере отырып, белгілі бір жаттығуларды орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне 
аз уақыт беру мәселесін де алдын ала шешіп алған дұрыс. Оқу жоспарына орындау міндетті 
болып табылатын бұйрық нысанындағы құжат ретінде емес, бағыт-бағдар көрсететін 
көмекші ретінде қараған маңызды, оқушылардың қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық 
қанағаттандыру мақсатында жоспарға өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін. 

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау