Хазірет Әли (р.а.)
нәтиже айша анамыздың күткеніндей болды.
Басын алып қашса да халифалық міндет хазірет
Әлиге тапсырылды. Жұрт келіп, оған қол бере баста-
ды. Иләһи тағдыр жүзеге асқаны күмәнсіз. Өйткені,
осыншама шиеленіскен кезеңде Хақтың туын көтеріп,
тыныштықты қамтамасыз ету үшін тек хазірет Әли
сияқты жігерлі кісі керек еді. Әрине, бұл тағдырдың
жазуы. Жаратушы ие пайғамбардың тәрбиесінде
өскен жігітке осы күндердің халифасы болуды жа-
зыпты.
мына жақта өзіне дейінгі үш халифаға үлкен
сүйеніш әрі адал дос болған хазірет Әли терең уайымға
458
Табарани, мүснадуш-шамиғин, 2\75
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
290
салынды, себебі жағдай бара-бара ауырлаған мынадай
кезеңде халифалық сияқты ауыр жүкті арқалаудың
оңай еместігін жақсы білетін. Жағдай шиеленіскен
осындай кезеңде оның өміріне қандай қауіп төнетінін
кім білен?
Халифалыққа басқа адам да іздестірілді. алайда
сол кезгі қақтығысты шешетіндей өзге ешкім табыл-
мады. Хазірет Талха да, хазірет Зүбәйр де, хазірет
сағыд ибн Әби Уаққас та, хазірет абдуллаһ ибн Омар
да бұл істен басын алып-қашып, барлығы хазірет
Әлиді жөн санады.
Бір жұма күні хазірет Әли де намаз оқу үшін
мешітке кірді. Бұл баршаның күткен сәті болса
керек. Өйткені, осыған дейін барлығы соны іздеп,
мәселелерді шешуге қадам жасалуын күткен. Хазірет
Әли үшін енді қашатын мүмкіндік табылмады. Ел-
жұрт ағылып келіп оған қол берді. Бұдан былай
халифа хазірет Әли болып сайланды. Ол ел үмітін
ақтау үшін қолынан келгенін аянбай, исламның туын
әрдайым жоғары ұстауға күш салды.
сол үшін орын алған келеңсіздікті тоқтатып,
қауіпсіздік пен сенімді қайтадан қалыптастыру үшін
хазірет Әли істі ең әуелі әкімдерден бастады. Бүлікке
қатысы барларын орнынан алып, мәселені түбегейлі
шешу үшін жаңа адамдарды әкім етіп тағайындады.
алайда, бұл оңайға соқпады. Хазірет Әли де бітпес
дау-дамайға кезікті.
ал, мына жақта айша анамыз мәдинадан
жағымсыз
хабарлар
толастамағанына
қатты
алаңдады. Бұл жайсыз хабарды естігендер келіп ай-
наласына жиналып жатты. Хазірет Осман кезеңіндегі
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
291
әкімдердің біразы да келіп қосылды. Қаншалықты
хазірет Әлидің халифалығын қабылдап, оған серт
берсе де, әсіресе соңғы оқиғаны ауыр қабылдаған
хазірет Талха
459
және хазірет Зүбәйр
460
сияқты белді
кісілер де меккеге барып айша анамыздың жанынан
орын алды.
мекке болып жатқан оқиғаларға наразылардың
орталығына айналып бара жатқандай болатын.
Бәрінің басы осында бірігіп, хазірет Османның кегін
қайтаруды қалады. Өйткені, сол күнге дейін қаншама
шейіттердің қаны төгілген жерде енді олардың жан-
дарын жаралайтын істер жасалған еді. Осындай
жағдайға жетуде еш еңбек сіңірмегендердің осын-
шама жылдық еңбекке даярға маяр болуы әрбіріне
ауыр тиіп, қайтадан бейбіт өмірге оралу үшін
ауызбіршілікпен жолға шыққан еді.
негізінде қажылық маусымы әлдеқашан өтіп, бәрі
де адамдардың меккеден кетуін күткен. алайда, олай
болмады. Олар:
Османды өлтіргендерді тауып, жазаға тартпай-
ынша бұл жерден кетпейміз, – деді.
459
Талха ибн Убайдуллаһ – жұмақпен сүйіншіленген он сахабаның
бірі. алғашқы мұсылмандардан сегізінші кісі. Бірінші халифа Әбу
Бәкірдің туысқаны. алла расулына да құдалық туыстығы болатын.
Пайғамбарымыз оған «Ухудтың батыры» деген.
460
Зүбәйір ибн аууам Хадиша анамыздың туысқан інісі. алла
расулының әпкесі хазірет сафияның баласы. Пайғамбарымыз ол
туралы «Әр пайғамбардың көмекшісі болады, менің көмекшім
Зүбәйір ибн аууам» деген. Бәни Құрайза күні пайғамбарымыз оған
«Жаным саған құрбан болсын!» деген. Өте жас кезінде әрі хазірет
Әбу Бәкірден кейін мұсылман болған. Хазірет Талха да, Зүбәйір
де хазірет Омардың өзінен кейінгі халифалыққа лайықты көрген
тұлғалардың қатарында болатын.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
292
сөйтіп, бір жерге жиналып, ақылдаса бастады.
Біразы меккеде қалуды ұсынса, біразы мәдинаға
қайтып, оқиғаға араласу керектігін жақтады. Басым
көпшілік хазірет Османның шейіт етілуіне қатысы
барлардың Басра орталығынан екенін айтып,
нысаналарының сол жер екенін білдірді. шешім де
осы бағытта қабылданды. саны минут сайын арта
түскен көпшіліктің көздегені Басра болады. мақсат
хазірет Османның кегін қайтару. Бұған қайтадан
тәртіп орнату үшін қажеттілік туды.
абтахта орда құрып, Ибн сәбә және оның
жақтастарының сазайын беретін әскер әзірленді.
Әскерге көмек берушілер біртіндеп келіп қолдау
көрсетіп жатты. Жүздеген ат, түйені садақаға бер-
гендер, қолында еш нәрсесі жоқтарға қару-сайман
ұстатқан, тіпті алтын, күмістерін әкеліп жатқандар
кездесті.
Пайғамбарымыздың әйелдері де хазірет айшаның
жанынан табылды. алайда, олар көпшіліктің бағыты
шұғыл Басраға бұрылғанда, тоқтап, оларды Зату Ирқ
деген жерге шығарып салып кері қайтты.
Бұл кездерде хазірет Әли жоғала бастаған беделді
қайтару үшін әскерімен бірге Ирак бағытына жорық
ұйымдастырды. алайда, айша анамызбен бірге
қалың топтың келе жатқан хабарын естіп кері қайтуға
мәжбүр болды. анамыздан бастап сахабалардың
алдыңғы қатарлылары да қатысқан бұл топты
көндіріп, ортаны тынышталдырғысы келді.
Бір кезде анамыздың қасына сахаба Имран Хусайн
және табиғин Әбул Әсуәд әд-Дуәли жақындады.
Оларды өздеріне қарай келе жатқан топтың мақсатын
Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
293
білу үшін Басра әкімі Осман ибни Хунәйф жіберген
екен.
– Бізді келу себептеріңізді біліп келу үшін әкім
жіберді, – деп, анамыздың жауабын күтті.
– Дәл мендей адамның жасырын іс жасап, ба-
лаларына шындықты айтпай қоюы мүмкін емес, –
деп сөзін бастаған анамыз орын алған жағдайларға
күйінгенін, ендігі қателіктерге жол бермей
жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыю міндетін
атқару үшін жолға шыққанын білдірді
461
.
Хазірет Талха мен хазірет Зүбәйр де осы жауапты
айтты. Байқағандары бәрінің ортақ ниеті хазірет Ос-
манды өлтіргендерді тауып, қақтығысты аяқтау еді.
Осы бітімге келу үшін шешендігіне салып,
жұртты шектен шықпауға шақырды. шешен тілмен
айтқан құтбалары
462
тыңдағандарға терең әсер етті.
нәтижесінде Басра халқы екіге бөлініп, маңызды
бөлігі анамызға қарсы шығудан бас тартты
463
.
461
Табари, Тарих 3\14
462
Қараңыз: «шиир уә хитабет» тақырыбы
463
Қараңыз: Табари, Тарих 3\15, нәдәуи, сирәтус сәидә айша
178, 179. алайда, ештеңеге қарамастан екінші күні саптар қарсы
тұрып, қылыштарын қынынан шығарады. Бірақ, айша анамызға
қарсы қылыш асынған саптардың арасында да оны қорғағандар
кездесті. Екі жақ та айшаны жамандауға жол бермеді. мысалы,
сол күні абди Қастан бір кісі «сен кімді жамандап тұрсың?» деп
сұрағанда, жанындағы әлдекім «айшаны» деген. Әлгі кісі ашула-
нып, «Оңбаған, мұны қалай мүминдердің анасына айтып тұрсың?»
деп тұра ұмтылады. Тоқтамағанын көргенде, қолындағы найзасын
қадап, өз сапында болса да анамызды жамандаған кісінің сазайын
берген.
Әйелдер арасында да осы сияқты оқиға болып, анамыз туралы өсек
айтқан бір әйелдің жағдайы да осылайша шешіліп, өз сапындағы
адамдар тарапынан өлтіріледі. Қараңыз: нәдәуи, сирәтус сәидә
айша 180
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
294
сол күні анамыз өзімен бірге жол алып келе
жатқандарға мәжбүрлік тумаса қылыштарын
қыннан шығармауды ескертті. Тек қорғану үшін
ғана қылыш қолдануға болатынын айтып, соғыс
ниетінде ешкімнің ешкімге зарар бермеуі керектігін
ескертті. Қақтығыста тұтқынға түскен Осман ибни
Хүнәйфті босатып, еркіне жіберу керектігін де айтуды
ұмытпады
464
.
Басра халқынан кейін куфалықтарға да хат
жолдаған анамыз шыққан қорытындыны айтып, олар-
дан да осы келісімге үлес қосуды талап етті. Тіпті,
сол күні хат жіберген кісілердің арасында маңызды
тұлғалар да болған. сөйтіп олардан бұл мәселеде
мұқияттылықты талап етті
465
.
сол күні өзіне келіп, бауыр мен бауырдың бетпе-
бет келген осындай кезеңінде қалай әрекет жасау
керектігін сұраған мұхаммед ибн Әби Бәкір немесе
мұхаммед ибн Талхаға анамыз хазірет адамның екі
баласының арасында болған қайғылы оқиғаны айтып
жауап берген. Өзін өлтірмек болып келген Қабылға
қарсы қол көтермейтініне уәде берген абылды еске
түсіріп, былай насихат айтады:
– Балам, егер адамның екі баласынан ең ізгісінің
жасағанын жасауға күшің жетсе соны жаса!
466
Достарыңызбен бөлісу: |