Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
299
Тіпті, сол күні хазірет Зүбәйр анамызға:
– алла енді келісімге жеткізген кезде кері
қайтасыз ба?
471
– деді. Көпшіліктің біразы осы ойда
екенін білдіріп:
– Жолды жалғастырайық. алла адамдар ара-
сында келісімді нәсіп етсін
472
, – деді. негізінде бұлар
келісімнің жасалуына деген қажеттіліктің бір көрінісі
болатын әрі анамызбен бірге әрекет еткендердің ортақ
пікірі еді.
Кері қайтқан жөн екеніне көзі анық жетті. Түнді
осы
жерде өткізіп, таң ата мәдинаға қарай жолға
шықты.
Бірақ бұл жерде басқалардың да жоспары килікті.
абдулла ибн сәбә мен жолдастары олардың кеткенін
қаламай, екі жамағатты соғыстыру үшін түнде
қитұрқы жоспар құрды. Ортаның тыншуы олар
үшін пайдасыз еді. Өйткені, келісім олардың зия-
нына шешіліп, осы жағдайға жеткізу үшін жылдар
бойы төккен терлері босқа кеткелі тұр.
сондықтан
міндетті түрде бір шараға жүгіну керек еді. Әйтпесе,
енді олардың алдында төтеп бере алмай, өздерін көп
жасыра алмас еді. сөйтіп, бір шешім қабылдады.
Топтар бірігіп өздеріне қарсы жүрмей тұрғанда бір
жолын тауып оларды бір-біріне қарсы қоймақ болды.
Ибн Хиббан, сахих 15\126 (6732), Хәйсәми, мәуаридиз заман 1\453
(1831), Ибн Әби шәйба, мұсаннаф, 7\536 (37771) Табарани, әл-
мұғжамул әбсад 6\234 (2676)
471
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\97 (24698), Хаким, мүстадрак 3\129
(4613), Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 7\234
472
ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\92 (24299), Ибн Хажар, Тәһзибут
тәһзиб 8\346
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
300
солай болды да. Түннің қараңғысында екі
жаққа бірден шабуыл жасады. айша анамыз жаққа
шабуылдағандар өздерін
хазірет Әлидің әскері деп
танытып, ал, хазірет Әлиге шабуылдағандар айша
анамыздың атын ұрандады.
Үлкен әбігер басталды. Екі жақтың сарбаздары да
кенеттен шабуылдағандардан қорғану үшін ұйқыдан
тұра сала қаруға жармасты. Осы кезде жоспар бой-
ынша өздеріне қиянат жасалғанын айтып, көмек
сұраушылар да
кездеспей қалмады
473
.
мүмін берген уәдесінде тұрып, ешқашан
сатқындық жасамауы тиіс. Бірнеше сағат бұрын ғана
өзара келісім жасалмады ма? мұндай жайт орын
алмауы тиіс еді.
аласапыранда тоқтаңдар дегенге ешкімнің
тоқтайтыны байқалмады. Өйткені, екітарап та ша-
буылды бір-бірінен көрді. Ол
жерде келіп өздерінен
көмек сұрағандардың да, көпшілікке шабуыл
жасағандардың да кім екенін білген жоқ. негізінде
сәл аңдап қараса, «Османды біз өлтірдік» дегендерді
байқар еді. алайда, оны байқамады.
Кімнің кімді түреп жатқаны белгісіз. Өкінішке
орай,
бір-біріне бауыр, раббысы бір, кітабы бір,
пайғамбары бір, сенімі бір, құбыласы бір жамағат бір-
біріне қылыш сілтеп, шайқасқасып жатты.
Енді халифа хазірет Әлидің насихаттарынан да,
айша анамыз Талха мен Зүбәйрдің әрекеттерінен де
нәтиже шықпады. Бәрі не істерін білмей дал болды.
Қызу соғыс жүріп жатты. Бұл өзі ауыр сынақ еді.
473
Табари, Тарих 3\39, 40;
Ибн Кәсир, әл-Бидая 7\240