Педагог мамандықтарын даярлаудың инновациялық бағыттары



жүктеу 49,63 Kb.
Pdf просмотр
Дата18.12.2017
өлшемі49,63 Kb.
#4969


ПЕДАГОГ МАМАНДЫҚТАРЫН ДАЯРЛАУДЫҢ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ  

БАҒЫТТАРЫ 

Искаков Ж. 

Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақстан Республикасы, 

050009, Алматы, Тұрғыт Өзәл көшесі, 59 үй, 7 пәтер, тел.8(727)2404826,

 

e-

mail:iskakov53@mail.ru 

Елеусінов Б.Т. 

«Өрлеу» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Қазақстан Республикасы, 

120014,Қызылорда, Әйтеке би көшесі, 2 уй, тел. +7(7242)27 76 51, e-mail: 

baur_1960@mail.ru 

 

Білім  беру  реформасы  –  Қазақстан  Республикасының  бәсекеге 

қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды  бағыттардың 

бірі.  Елбасы  Н.Назарбаев  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Білім  беру 

реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез 

келген  азаматының  әлемнің  кез  келген  елінде  қажетке  жарайтын  маман 

болатындай деңгейге көтерілуі болып табылады» - деген болатын.  

Мектептегі  басты  тұлға  мұғалім  екендігі  белгілі.  Технологиялар  ерекше 

дамыған  заманның  өзінде  білім  сапасын  қамтамасыз  етудегі  мұғалімнің  ролін 

ешнәрсемен  ауыстыруға  болмайтынын  халықаралық  тәжірибелер  көрсетуде. 

Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты 

кемел  ұстаздар  ғана  тәрбиелей  алады.  Қоғамымыздың  ең  көкейтесті 

мұраттарының  бірі  сапалы  білімді  педагог  кадрларды  әзірлеу  және 

қалыптастыру. Бұл бағытта бірінші кезекте білім деңгейі жоғары талапкерлерді 

педагогикалық  мамандықтарға  тарту  қажеттігі  туындайды.  Ол  үшін  педагог 

кәсібінің мәртебесін барынша көтеріп, тартымдылығын арттыру  керек. Қазіргі 

таңда  мұғалімдердің,  олардың  біліктілік  санаттылығына  сәйкес  жалақысын 

тағайындаудың,    кәсібіне  ынталандыратын  жаңа  жүйе  қалыптасуда.  Санатына 

қарап, педагог қызметкерлердің қызметтік жалақысының көлемін есептеу үшін 

қолданылатын  сараланған  коэффициенттер  енгізіледі.  Бұл  нәтижеге 

бағытталған  еңбекақы  төлеу  тетігін  енгізуді  көздейді.  Атқарылған  шаралар 

нәтижесінде  педагог  қызметкерлердің  орташа  жалақысы  2015  жылға  қарай 

экономиканың  жеке  секторындағы  жалақыға  жақындайды.  Нәтижесінде 

біліктілігі  жоғары  және  бірінші  санатты  мұғалімдердің  пайыздық  үлесі 

барынша  артады.  Негізгі  мектепті  бітіргеннен  кейін  бейіндік  мектепте 

оқытудың  онан  әрі  жолын  анықтау  мақсатында  өткізілетін  тәуелсіз  ұлттық 

тестілеу де жоғары білім беретін педагог  мамандықтарына білім деңгейі төмен 

талапкерлердің 

түсуінен 

сақтандырады 

деген 

ойдамыз. 



Педагог 

мамандықтарын  даярлайтын  жоғары  оқу  орындары  жанында  бейіндік 

мектептердің ашылу мүмкіндігін ескерсек, онда әрбір оқу орны өздеріне түсетін 



талапкерлерді  қажетті  білім  деңгейінде  даярлай  алу  мүмкіндігіне  ие 

болатындығын 

түсінімуімізге 

болады. 


Педагогикалық 

мамандыққа 

талапкерлердің бейімділігін тексеретін шығармашылық емтихан өткізіп барып 

қабылдауды  мақұлдаймыз.  Жоғары  оқу  орындарын  сапалы  дәріс  оқитын, 

заманауи  әдістемелермен  машықтану,  зертханалық  жұмыстарын  жүргізетін 

жоғары  білікті,  терең  білімді  ғылыми  –  педагогикалық  кадрлармен 

қамтамасыздандыру  сапалы  мұғалімдерді  даярлаудың  ең  бір  қажетті 

шарттарының  бірі  десек  қателеспеген  болар  едік.  Қазіргі  кезде  ғылыми  – 

педагогикалық  кадрлар    PhD    докторантура  арқылы  даярлана  бастады.  Бұл 

докторанттардың  ғылыми-педагогикалық  зерттеулерді  жүргізу  дағдыларын 

қалыптастырып,  шет  тілін  игертіп  қана  қоймай,  ғылымы  мен  технологиясы 

озық  елдермен  әріптестік  байланыс  орнатуға,  үздік  әлемдік    тәжірибе  мен 

технологиялар бойынша   тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Соңғы кезде 

жоғары  оқу  орнының  оқытушылары  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша 

конкурстық  негізде  шет  елдерде  ғылыми  мамандықтарына  сайкесті 

тағылымдамадан  өте  бастады.  Педагогтарды  даярлау  бағдарламасы,  оның 

ішінде  жоғары  оқу  орындарында  бейіндік  мектептер  үшін  мұғалімдерді 

мақсатты  даярлауға  арналған  мемлекеттік  тапсырыс  негізінде  білім  беру 

магистрлерінің  бағдарламасы  жетілдіріледі.

 

Сонымен  бірге  білімі  сапалы 



ғылыми  –  педагогикалық  кадрларды  педагогикалық  оқу  орындарына  тартып, 

олардың  қажетті  материалдық  және  әлеуметтік  мәселелерін  шешуі  -  кадрлар 

даярлау сапасының артуына, педагог мамандықтарының имиджінің көтерілуіне 

әкелетіндігі    айтпаса  да  түсінікті.  Профессор  –  оқытушылар  қауымының 

жалақысын көтеріп,  жыл сайынғы сапа рейтингісі бойынша үстеме ақы төлеу - 

ғылыми  –  педагогикалық  кадрлардың  сапалы  мамандар  даярлаудағы  ынтасын 

және  жауапкершілігін  арттырады.  Халықаралық  талаптарға  сәйкес  әзірленген 

білім  беру  бағдарламалары    үлесі  жылдан  жылға  артады,  2020  жылы  70% 

құрайды.  Енді  білім  стандарттарында  бүкіл  жүктеменің  басым  бөлігін  таңдау 

компоненті  құрайтын  болады.  Осыған  байланысты  мамандықтардың 

стандарттарында  мамандықпен тікелей байланысты және оның игерілуіне өте 

қажет  пәндердің  ғана  қалғанын  қалар  едік.  Міндетті  компонентке  бірінші 

кезекте  мамандықтың  білімінің  негізін  құрайтын  теориялық  және  жалпы  

курстардың,  педагогика  пәндерінің  енгенін,  әдістемелік  пәндер  топтамасы  

таңдау  компонентіне  енгенін  тиімді  деп  есептейміз.  Базалық  пәндер  циклінде 

шет  тілі  бойынша  кредиттердің  көлемін  ұлғайту  арқылы  жоғары  оқу 

орындарында  көптілді  білімді  педагог  кадрларды  даярлау  жүзеге  асатын 

болады. Таңдау пәндерінің атауы және мазмұны болашақ маман жұмыс істейтін 

мектептің,  сыныптың  және  т.б.  білім  мекемелерінің  түлектерді  дайындау 

бағытына  сәйкес  құрылса  деген  ұсынысты  білдіреміз.    Әдістемелік  пәндердің 

машықтану  және  зертханалық  бөлімдері  педагогикалық  практикамен  қатар 

тіректік  орта  мектептерде  өтсе,  студенттерді  соңғы  мемлекеттік  аттестаттау 

комиссиясы құрамына орта білім беретін мекемелердің білікті кадрлары көптеп 

тартылса, мектеппен жоғары оқу орнының байланысы нығаяр еді және кадрлар 

сапасының  жұмыс  беруші  мекемелердің  талаптарына  сәйкестігі  де  артқан  

болар еді. Мұны дуалдық оғытудың бір жолы деп есептеуге де болады. Магистр 




дәрежесі  бар  және  көптілді  педагог  кадрлармен  бейіндік  мектептерді, 

Назарбаев  мектептерін  барынша  қамтамасыз  ету  мектеп  түлектері  білімінің 

дүниежүзілік  ең  жоғары  деңгейге  сәйкес  болуының  бір  кепілі  деуге  болады. 

Педагогикалық  мамандықтарды  стандарттардың  мақсаты,  міндеттері  мен 

мазмұнына  сәйкес  келетін  заманауи  оқу  –  зертханалық  кешендермен, 

электрондық  оқыту  жүйесімен,  ақпараттық  компьютерлік  технологиямен  

толық  қамтамтамасыз  ету  педагогикалық  мамандар  даярлау  сапасының 

көтерілуіне айтарлықтай әсер ететініне күмән келтірмейтіні белгілі. 

Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесі,  оқытудың  инновациялық  нысандары 

мен  әдістерін  енгізу  педагог  қызметкерлердің  тұлғасына  және  кәсіби 

құзыреттілігіне  жоғары  талаптар  қоюда.  Жоғары  оқу  орнынан  кейін  білімді 

педагог кадрларды қалыптастыру, оның ішінде мұғалімдер біліктілігін арттыру 

-  білім  беру  реформасының  өзекті  мәселесі  болып  қала  бермек  және  осы 

бағытта  республикамызда  ауқымды  жұмыстар  атқарылуда.  Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2012  жылдың  17  ақпанындағы  №232  қаулысына 

сәйкесті  құрамына  Білім  беру  жүйесінің  басшы  және  ғылыми-педагогикалық 

кадрлар  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институты,  Алматы,  Астана 

қалалары және 14 облыстық педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және 

қайта  даярлау  институттары  енген  «Өрлеу»  Біліктілікті  арттырудың  Ұлттық 

орталығы»  Акционерлік  Қоғамы  құрылды.  Бұрын  әр  қайсысы  өз  бетінше 

жұмыс  жүргізіп  жатқан  институттар  бір  жүйеге  біріктірілді,  ҚР  Білім  және 

ғылым  министрлігі  бекіткен  оқу  бағдарламалары  негізінде  біліктілік 

арттырудың  мазмұны  түбегейлі  өзгерді.  Ваучерлік-модульдік  қаржыландыру 

жүйесін  енгізумен  педагогтердің  біліктілігін  арттыру  жүйесі  жаңғыртылады.  

Оның  шеңберінде  төлем  ақысын  тікелей  педагогтің  өзіне  аудару  жолымен 

педагогке  біліктілікті  арттыру  курсын  өтудің  орнын  және  уақытын  таңдау 

мүмкіндігі  берілетін  болады.  Біліктілікті  арттыру  жүйесінің  нормативтік 

құқықтық  базасын  жетілдіру,  ұйымдастыру  моделін  реформалау,  ресурстық 

әлеуетті кадрлардың біліктілігі мен қайта даярлауды іске асыратын субектілер 

арасында  конкурстық  негізде  бөлу  көзделуде.  Біліктілікті  арттыруды  жүзеге 

асыратын  білім  беру  ұйымдарын  қашықтықтан  оқытумен  қамтамасыз  ету 

мақсатында  олар  интерактивті  жабдықтармен  жарақтандырылады.  Екінші 

жағынан  бұл  «E-learning»  электрондық  оқыту  бойынша  біліктілік  арттырудың 

материалдық-техникалық базасының негізі бола алады.  

«Өрлеу»  біліктілікті  арттырудың  ұлттық  орталығы»  Акционерлік  Қоғамы 

жыл  сайын  73,3  мың  педагог  қызметкерді  біліктілік  арттыру  курстарынан 

өткізіп  тұрады  (еліміздегі  барлық  педагогтардың  20  %  -ы).  Үздік  білім  беру 

ресурстары  мен  технологияларына  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету  мақсатында 

«Өрлеу» Акционерлік қоғамы қазір облыстық филиалдарымен біріге Кембридж 

университетінің  технологиясы  бойынша  муғалімдердің  біліктілігін  көтеру 

үдерісін  бастап  та  кетті.  2020  жылы  елімізде  жоғары  және  бірінші  санаттағы 

біліктілігі жоғары  кадрлардың үлесі 52 пайыз болады деп межеленіп отыр. 

Біліктілік  арттыру  курстары  дегеніміз  не,  соған  тоқталсақ.  Біліктілік 

арттыру дегеніміз – бұл бұрын оқығанын қайталау   емес, мұғалімнің  біліміне 

қосымша  соңғы  жылдары пайда  болған  және  мұғалімнің  күнделікті  қызметіне 



қажетті жаңа білімдер мен әдіс-технологияларды игеру. Біліктілік арттырудың 

бір  ерекшелігі,  бұл  курстар  нәтижесі  бойынша  жаңа  мамандық  берілмейді, 

білім қызметкері өз мамандығы бойынша білімі мен білігінің аясын кеңейтеді. 

2012  жылы  «Өрлеу»  біліктілікті  арттырудың  ұлттық  орталығы» 

Акционерлік Қоғамы біліктілік арттыру бағытында 79403 тыңдаушыны курстан 

өткізді: 

-  қысқа  мерзімді  курстардан  -  63299  тыңдаушы  жоспар  бойынша  (нақты 

орындалғаны 64132), оның ішінде 300 педагог қызметкер техникалық және 

кәсіптік білім беру саласынан; 

- 3 айлық курстардан – 6595; 

- ЖОО оқытушылары - 300; 

- e-learning курсынан – 8376. 

2013  жылы  «Өрлеу»  біліктілікті  арттырудың  ұлттық  орталығы» 

Акционерлік  Қоғамы  біліктілік  арттыру  бағытында  төменгі  жұмыстар 

жоспарлануда: 

-  қысқа  мерзімді  курстардан  –  49600;  оның  ішінде  300  педагог  қызметкер 

техникалық және кәсіптік білім беру саласынан; 

- 3 айлық курстардан – 9900; 

- ЖОО оқытушылары - 1200; 

- e-learning курсынан – 8000. 

Барлығы – 68700. 

2016  жылдан  бастап  педагог  кадрларды  5  жылда  бір  рет  аттестаттау, 

жұмысқа  алғаш  қабылданған  немесе  педагог  қызметінің  үзілісінен  кейін 

қабылданып жатқан педагогтердің біліктілік деңгейін растау рәсімі енгізілетін 

болады.  Білім  беру  ұйымдарына  жұмысқа  кіру  қағидалары  әзірленеді,  ол 

азаматтардың  аталған  санаттары  үшін  тестілеуден  өтуді  көздейді.  Жоғарғы 

және  бірінші  санаттарды  алуды  ынталандыратын  жағдай  жасау  мақсатында 

педагогтердің  біліктілік  деңгейіне  қойылатын  талаптар  қайта  қарастырылатын 

болады. 

Педагог  кадрларды  даярлау  сапасын  бақылауды  және  ынталандыру  үшін 

біліктілік  деңгейін  бағалауды  тәуелсіз  коммерциялық  емес  үкіметтік  емес 

агенттіктердің өткізуі сапасыз кадрлар даярлайтын және қайта даярлайтын оқу 

орындары  мен  білім  мекемелерінің  қысқаруына  не  жабылуына,  олардың 

арасында  сапалы  кадрлар  даярлау  үшін  бәсекелестіктің  қарқынды  дамуына 

әкеледі,  сонымен  бірге  орта  мектепке  білімі  мен  біліктілігі  төмен  кадрлардың 

енуінен сақтайды.  

Әдебиеттер тізімі 

1.Назарбаев 

Н.Ә.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан 

мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  – 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  жолдауы.//Егемен  Қазақстан.  – 

2012. – 15 желтоқсан. – Б.1 

2.Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011  –  2020 

жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы. – Астана, 2010. 

3.  Елеусінов  Б.,  Искаков  Ж.  Инновациялық  бағыт.  //Қазақстан  мұғалімі.  – 

2013. – 31 мамыр. – Б.5 



жүктеу 49,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау